daribar logo
Каталог
search-icon
Город
Қаз
Аптекам
Консультация

Корзина

Астане қаласындағы Цефазолин Бөтелкесі 1 Г №1 | Красфарма ОАО

Другие сервисы или самому

disadvantage

Не гарантируют цену и наличие товара

disadvantage

Товар могут раскупить

disadvantage

Нет бонусов от Daribar

disadvantage
Бесплатно

С заказом в Daribar

disadvantage

Проверим наличие и цену за 5-15 минут

disadvantage

Доставка или бронь на 24 часа

disadvantage

Бонусы от Daribar

disadvantage
Описание:

Ақ немесе сарғыш реңдес ақ түсті ұнтақ.

Производитель:

Красфарма ОАО

Страна производитель:

Российская Федерация

Действующее вещество:

Натрий цефазолині цефазолинге шаққанда – 1.0 г. қосымша заттар – жоқ.

Дозировка активного вещества:

1 г

Количество в упаковке:

1 шт

Аналоги

Инструкция

Показания к применению

Цефазолинге сезімтал микроорганизмдер тудырған бактериялық инфекциялар:

- тыныс жолдарының инфекциялары

- несеп шығару және жыныс жолдарының инфекциялары

- өт шығару жолдарының инфекциялары

- терінің, жұмсақ тіндердің, сүйектер мен буындардың инфекциялары, остеомиелитті қоса

- бактериялық эндокардит

- сепсис

- инфекциялар дамуының периоперациялық профилактикасы (цефазолинді профилактикалық қолдану операциядан кейінгі кезеңде инфекцияның даму ықтималдығын төмендетуі мүмкін).

Антибиотиктерге микроорганизмдердің in vitro сезімталдығы географиялық аймаққа байланысты және уақыт өтуімен өзгереді. Сондықтан бактерияға қарсы емді таңдағанда қоздырғыштардың төзімділігі туралы жергілікті деректерді ескеру қажет. Емді антибиотиктерге сезімталдық тестісінің нәтижелерін алуға дейін эмпирикалық түрде бастауға болады, бірақ мүмкіндік болса, бөлінген қоздырғыштың бактерияға қарсы препараттарға сезімталдығын анықтап алу керек.

Противопоказания

- цефазолинге және басқа цефалоспориндерге аса жоғары сезімталдық

- кез келген басқа бета-лактамды антибиотиктерге (пенициллиндер, монобактамдар, карбапенемдер) ауыр аса жоғары сезімталдық реакцияларының (мысалы, анафилактоидты реакциялардың) анамнезде болуы

- 1 айға дейінгі жаңа туған нәрестелік кезеңі, оның ішінде шала туған нәрестелер.

Лидокаин ерітіндісін еріткіш ретінде пайдаланғанда – лидокаинді қолдану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз.

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Цефазолинді басқа нефроуытты препараттармен бірге қабылдау кезінде; анамнезінде пенициллиндерге ауыр емес жоғары сезімталдық реакцияларында; бүйректің созылмалы жеткіліксіздігінде; анамнездегі ішек ауруларында (оның ішінде колит); 1-ден 12 айға дейінгі жастағы балаларда сақтықпен қолдану керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Цефазолин пероральді контрацептивтер тиімділігін төмендетуге қабілетті. Сол себепті препаратпен емдеу кезінде контрацепцияның қосымша шараларын қолдану керек.

Цефазолинді бактериостатикалық әсері бар бактерияға қарсы басқа препараттармен (мысалы, тетрациклиндер, сульфаниламидтер, эритромицин, хлорамфеникол) бірге қолдануға болмайды, өйткені in vitro зерттеулерінде осы препараттар арасындағы антагонизм анықталды.

Цефазолинмен бірге қолданғанда бактерияға қарсы басқа препараттар (мысалы, аминогликозидтер, колистин, полимиксин В); құрамында йод бар контрастылы препараттар; метотрексаттың жоғары дозалары; кейбір вирусқа қарсы препараттар (мысалы, ацикловир, фоскарнет); пентамидин; циклоспорин; такролимус; құрамында платина бар препараттар және диуретиктердің (мысалы, фуросемид) нефроуытты қасиеттері күшеюі мүмкін. Оларды цефазолинмен бірге қолдану қажет болса, бүйрек функциясын мұқият бақылап отыру керек.

«Ілмекті» диуретиктермен (мысалы, фуросемидпен) бір мезгілде қолданғанда цефазолиннің өзекшелік секрециясының блокадасы болады, бұл оның қан плазмасындағы концентрациясының жоғарылауына әкеледі. Сол себепті, аталған препараттарды бірге қолданудан аулақ болу керек.

Цефазолин мен пробенецидті бір мезгілде қолданғанда цефазолиннің бүйректік клиренсі төмендейді, бұл цефазолиннің шығарылу уақытының ұзаруына және оның плазмалық концентрациясының жоғарылауына әкеледі.

Сирек жағдайларда цефалоспориндер қан ұюының бұзылуын туындатуға қабілетті. Пероральді антикоагулянттармен, әсіресе, жоғары дозаларда бірге қолдану қажет болса, коагулограмма көрсеткіштерін бақылап отыру керек.

Кейбір цефалоспориндік антибиотиктер, мысалы, цефамандол, цефотетан және цефазолин ішек микрофлорасын бәсеңдете отырып, К дәруменінің метаболизмін бұзуға қабілетті, әсіресе, бұл бастапқы тапшылығы бар пациенттерде оның организмде түзілуін төмендетеді. К дәруменінің препараттарын тағайындау қажет болады, тромбоциттер агрегациясын төмендететін препараттармен (мысалы, қабынуға қарсы стероидты емес препараттар) бір мезгілде қолданғанда қан кетудің даму қаупі артады.

Цефазолин этанолмен бір мезгілде қолдану кезінде дисульфирам тәрізді реакцияларды тудыруы мүмкін.

Цефазолин фармацевтикалық тұрғыда амикацин, канамицин; окситетрациклин, тетрациклин, натрий колистиметаты, полимиксин В, эритромицин (глюкогептонат тұзы ретінде), барбитур туындылары (амобарбитал, пентобарбитал), блеомицин, кальций глюкогептонаты, кальций глюконаты, циметидин, аскорбин қышқылымен үйлесімсіз.

Арнайы сақтандырулар

Аса жоғары сезімталдық реакциялары. Цефазолинді қолдану басталғанша цефалоспориндер мен басқа бета-лактамды антибиотиктер арасында айқаспалы аса жоғары сезімталдықтың даму мүмкіндігіне байланысты пациенттің аллергологиялық анамнезін жинау керек. Цефазолинмен ем аясында ауыр, оның ішінде өліммен аяқталатын аллергиялық реакциялардың дамуы сипатталған. Аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциясы дамыған жағдайда цефазолинді тоқтату, тиісті симптоматикалық ем тағайындау қажет. Препарат анамнезінде цефалоспориндерге немесе кез келген басқа бета-лактамды антибиотиктерге жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары бар пациенттерге қарсы көрсетілімді. Аллергиялық реакцияларға (аллергиялық ринит, бронх демікпесі) бейімділігі бар пациенттерді ерекше мұқият қадағалау қажет, өйткені осындай жай-күйлердің болуы аясында аса жоғары сезімталдық реакцияларының қаупі арта түседі.

Бактерияға қарсы препараттарды қолданумен астасқан диарея. Емдеу кезінде және ем аяқталуынан кейінгі алғашқы апталарда ауыр және персистирлеуші диареяның дамуы Clostridium difficile тудырған жалған жарғақшалы колит көрінісі болуы мүмкін. Осы жай-күй өмірге қатерлі екендіктен, цефазолинді дереу тоқтату және спецификалық бактерияға қарсы емді (мысалы, ванкомицин немесе метронидазол) тағайындау керек.

Су-электролит теңгерімін, алиментарлық бұзылуларын түзетуді қоса, симптоматикалық демеуші ем жүргізу көрсетілген. Ішек перистальтикасын тежейтін препараттарды қолдану қарсы көрсетілімді. Ерекше ауыр жағдайларда, инфекцияның жүргізілетін бактерияға қарсы емге төзімділігінде колэктомия жасау қажет болуы мүмкін. Пациент анамнезін мұқият жинауға ерекше көңіл бөлу керек, өйткені бактерияға қарсы ем жүргізілген сәттен бастап екі ай ішінде жалған жарғақшалы колиттің даму жағдайлары сипатталған.

Бүйрек функциясының бұзылуы. Препараттың организмде жинақталуы салдарынан, бүйрек функциясы төмендеген пациенттерде препарат дозасын бүйректің айқын жеткіліксіздігіне сәйкес таңдау керек. Цефазолинді қолдану бүйрек функциясының бұзылуын және бүйрек жеткіліксіздігінің дамуын сирек тудырса да, препаратты қолдану аясында, әсіресе, ауыр күйде жүрген пациенттерде препараттың жоғары дозаларын және/немесе басқа нефроуытты препараттарды (мысалы, аминогликозидтер, «ілмекті» диуретиктер) қолданғанда бүйрек функциясын бағалау ұсынылады.

Бактериялық төзімділіктің және асқын инфекцияның дамуы. Цефазолинді ұзақ уақыт қолдану бактериялардың төзімді штаммдарының туындауына түрткі болуы мүмкін. Пациенттердің жай-күйін асқын инфекция тұрғысынан мұқият бақылап отыру және ол дамыған жағдайда тиісті шараларды қабылдау керек.

Қан ұюының төмендеуі. Сирек жағдайларда цефазолинді қолдану аясында қан ұюы төмендеуі мүмкін. Қауіп факторларына К дәруменінің тапшылығы, парентеральді қоректену, тамақтану тапшылығы, бүйрек және/немесе бауыр жеткіліксіздігі, тромбоцитопения, антикоагулянттармен ем жатады. Бұдан бөлек, гемофилия, асқазан және/немесе он екі елі ішек шырышты қабығының ойық жаралануы сияқты аурулар қан кетудің дамуына немесе айқындылығының күшеюіне себеп болуы мүмкін. Демек, осы аурулардың бар екені белгілі пациенттерде коагулограмма көрсеткіштерін бақылап отыру қажет. Егер қан ұюының төмендеуі анықталған жағдайда К дәруменін (10 мг/апта) тағайындау керек.

Интратекальді енгізу. Цефазолинді орталық жүйке жүйесінің ауыр уытты зақымдану (құрысулардың дамуын қоса) мүмкіндігіне орай интратекальді енгізуге болмайды.

Емдеу кезінде этанол қабылдау. Цефазолинді қолдану кезеңінде дисульфирам тәрізді реакциялардың даму қаупіне орай, пациенттер алкоголь тұтынудан бас тарту керек.

Зертханалық көрсеткіштерге әсері. Цефазолинді қолдану аясында Бенедикт немесе Фелинг реактивін пайдаланғанда несептегі глюкоза концентрациясын анықтаудың жалған-оң реакциялары, сондай-ақ тікелей және жанама Кумбс сынамасының жалған-оң нәтижелері болуы мүмкін. Препаратты ұзақ уақыт қолданғанда шеткері қан көрінісін бақылау қажет.

Балаларда қолдану. Цефазолинді шала туған және жаңа туған нәрестелерге өмірінің 1 айы ішінде тағайындауға болмайды, өйткені қазіргі таңда оны пациенттердің осы қауымында қолдану қауіпсіздігін айғақтайтын деректер ұсынылмаған.

Препарат құрамында натрий бар. 1 г цефазолин құрамында 2,2 ммоль (50,6 мг) натрий бар, ол натрийді тұтыну шектелген диета ұстанып жүрген пациенттерге препаратты қолдану кезінде ескерілу керек.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Цефазолин плацента арқылы өтеді. Цефазолинді қолдану қауіпсіздігі жөнінде деректер жеткіліксіз, жүктілік кезінде ана үшін күтілетін пайдасы шарана үшін ықтималды қауіптен асып кеткен жағдайда ғана қолдануға болады.

Цефазолин емшек сүтіне тым аздаған мөлшерде өтеді, цефазолинді емдік дозаларда қолданғанда жаңа туған нәрестеге әсер ету ықтималдығы аз. Алайда, диарея немесе кандидоз симптомдары дамиды, бала емізуді тоқтату немесе препаратты тоқтату мәселесін шешу керек.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қолдану кезінде автокөлікті басқару және жоғары зейін қою мен психомоторлық реакциялар шапшаңдығын талап ететін басқа аса қауіпті қызмет түрлерімен шұғылдану кезінде сақтық шарасын қадағалау керек.

Взаимодействие

Специальные указания

Рекомендации по применению

Дозалау режимі

Препарат дозалары және емдеу курсының ұзақтығы инфекция ағымының ауырлығы мен орналасуын, сондай-ақ қоздырғыштың ықтимал сезімталдығын ескере отырып, әркімге жеке белгіленеді.

Ересектерде қолдану

*сирек жағдайларда тәулігіне 12 г дейінгі дозалар қолданылады.

Периоперациялық профилактика

Бірінші доза – 1 г цефазолин вена ішіне (в/і) немесе бұлшықет ішіне (б/і) хирургиялық операция басталуына дейін 30 минут – 1 сағат бұрын енгізілу керек. Ұзаққа созылатын хирургиялық операцияларда (2 сағат және одан көп) операция кезінде тікелей 0,5-1 г препарат қосымша енгізіледі. Қажет болса, операциядан кейін 24 сағат ішінде 0,5-1 г препаратты 6-8 сағат аралықпен в/і немесе б/і енгізеді.

Егер ықтималды инфекция пациентке елеулі қатер төндірсе (мысалы, жүрекке операциядан кейін немесе буынды толық ауыстыру сияқты күрделі ортопедиялық операциядан кейін), араласудан кейін 3-5 күн ішінде цефазолин енгізуді жалғастыру ұсынылады.

Хирургиялық тілік жасау кезінде қан сарысуында және тіндерде антибиотиктің жеткілікті концентрациялары болу үшін жоғарыда көрсетілген цефазолиннің бірінші дозасын енгізу уақытын қадағалау маңызды. Анаэробты инфекцияның жоғары даму қаупі жағдайында (мысалы, жуан ішекке операциялық араласудан кейін) анаэробтарға қатысты белсенді препаратты қосымша қолдану ұсынылады.

Бүйрек функциясының бұзылуы бар ересек пациенттерде дозаны түзету

Барлық ұсынылған дозалар инфекция көрсетілімі мен ауырлығына сәйкес келетін бастапқы дозадан кейін енгізіледі. Гемодиализде жүрген пациенттерде дозалау сызбасы қолданылатын диализ режиміне байланысты.

Егде жастағы пациенттер

Дозаны түзету қажет емес.

1 айдан 18 жасқа дейінгі балаларда қолдану

Ауырлығы жеңіл немесе орташа дәрежедегі инфекциялардың көпшілігін емдеу үшін 3-4 енгізуге бөлінген 25-50 мг/кг тәуліктік доза жеткілікті.

Ауыр инфекциялар жағдайында тәуліктік дозаны ең жоғары ұсынылатын 100 мг/кг дозаға дейін арттыруға болады. Жаңа туған нәрестелерде препаратты қолдану қауіпсіздігі анықталмаған.

Бүйрек функциясының бұзылуы бар балаларда дозаны түзету

КК 70-40 мл/мин/1,73 м2 құрайтын балаларға 12 сағат өткен соң цефазолиннің орташа тәуліктік дозасынан 60% енгізіледі. КК 39-20 мл/мин/1,73 м2 балаларға 12 сағат өткен соң препараттың орташа тәуліктік дозасынан 25% енгізіледі.

КК 19-5 мл/мин/1,73 м2 кезінде цефазолиннің орташа тәуліктік дозасының 10%-ы 24 сағат аралықпен енгізіледі. Барлық ұсынылған дозалар инфекцияның ауырлығына сәйкес келетін бастапқы дозадан кейін енгізіледі.

Енгізу әдісі және жолы

Цефазолин тек парентеральді енгізуге арналған – препаратты в/і (сорғалатып немесе тамшылатып) немесе терең б/і енгізу керек.

Дәрілік препарат ерітінділерін дайындау

Бұлшықет ішіне енгізу үшін: 1 г препаратты 4 мл инъекцияға арналған суда немесе 0,5% лидокаин ерітіндісінде ерітеді.

Б/і енгізуге арналған ең жоғары бір реттік доза 1 г құрайды, препаратты тек ірі бұлшықеттерге енгізу керек.

1 г дейінгі дозаларды баяу в/і инъекция арқылы енгізуге болады, препараттың үлкен дозаларын в/і инфузия арқылы енгізу керек.

В/і сорғалатып енгізу үшін 1 г препарат 10 мл инъекцияға арналған суда ерітіледі. 3-5 минут ішінде вена ішіне баяу енгізіледі.

В/і ішіне тамшылатып енгізу үшін 1 г препаратты 50-100 мл 5% декстроза ерітіндісінде немесе 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде сұйылтады.

Ерітінді инфузиясы 20-30 минут ішінде жүргізіледі (енгізу жылдамдығы -минутына 60-80 тамшы).

Инфузиялық ерітіндіні дайындау үшін келесі еріткіштер пайдаланылады: 0,9% натрий хлориді ерітіндісі, 5% немесе 10% декстроза ерітіндісі, 0,9% натрий хлориді ерітіндісіндегі 5% декстроза ерітіндісі, Рингер ерітіндісі, Рингер ерітіндісіндегі 5% немесе 10% декстроза ерітіндісі, Рингер ерітіндісі 0,9% натрий хлориді ерітіндісімен, инъекцияға арналған стерильді судағы 5% немесе 10% фруктоза ерітіндісі, 5% натрий гидрокарбонат ерітіндісі.

Сұйылту кезінде құтыларды ұнтақ толық ерігенше қатты сілку керек.

Ұнтақты ерітуден кейін пайда болуы мүмкін сарғыш рең дәрілік препарат қасиеттерінің қандай да бір өзгерісін немесе оның емдік тиімділігіндегі ерекшелікті айғақтамайды.

Дайындалған ерітіндіні сақтау

Вена ішіне және бұлшықет ішіне енгізуге арналған препараттың қалпына келтірілген ерітіндісін дайындаудан кейін бірден қолдану керек.

Үйлесімді еріткіштерді: 0,9% натрий хлориді ерітіндісін, 5% немесе 10% декстроза ерітіндісін, Рингер ерітіндісімен 5% декстроза ерітіндісін, 0,9% натрий хлориді ерітіндісімен 5% декстроза ерітіндісін, инъекцияға арналған Рингер ерітіндісін пайдалана отырып дайындалған инфузияға арналған препарат ерітіндісінің химиялық және физикалық тұрақтылығы бөлме температурасында 24 сағатқа дейін (25° C дейін) немесе тоңазытқышта 48 сағат бойы (2 - 8 °C) сақталады.

Инъекцияға арналған стерильді судағы 10% фруктоза ерітіндісі, инъекцияға арналған 5% натрий бикарбонаты ерітіндісі еріткіштерін пайдалана отырып дайындалған инфузияға арналған препарат ерітіндісін дайындаудан кейін бірден қолдану керек.

Микробиологиялық тұрғыдан, препараттың алынған ерітіндісін дереу пайдалану керек. Егер дереу пайдаланылмаса, қолдану алдында сақтау ұзақтығы мен шарттары үшін жауапкершілік пайдаланушыға жүктеледі.

Қабылдау уақытының көрсетілуімен қолдану жиілігі

Ересектер үшін орташа тәуліктік доза 1-4 г; енгізу жиілігі тәулігіне 3-4 рет. Ең жоғары тәуліктік доза - 6 г.

Емдеу ұзақтығы

Емдеудің орташа ұзақтығы 7-10 күнге созылады. Бактерияға қарсы ем қағидаттарына сәйкес, емдеу курсын қызба басылған соң немесе қоздырғыш эрадикациясының растауын алуға дейін, кем дегенде, 2-3 күн бойы жалғастыру керек.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Симптомдары: бас ауыру, вертиго, парестезия, ажитация, миоклония, құрысулар. Зертханалық белгілер: қан плазмасындағы креатинин мен мочевина концентрациясының жоғарылауы, «бауыр» трансаминазалары белсенділігінің және билирубин концентрациясының жоғарылауы, оң Кумбс реакциясы, тромбоцитопения немесе тромбоцитоз, эозинофилия, лейкопения және протромбин уақытының ұзаруы.

Емдеу: құрысулардың дамуы жағдайында цефазолин қолдануды дереу тоқтату, өмірлік маңызды ағзалар функциясының көрсеткіштеріне мұқият бақылау жүргізу, қажет болса - құрысуға қарсы препараттарды енгізуді қоса, симптоматикалық ем жүргізу керек. Артық дозаланудың ауыр жағдайларында және басқа емдеу әдістерінің тиімсіздігінде гемодиализ жүргізуге болады. Перитонеальді диализ тиімсіз.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар

Өткізіп алған дозаны, егер тек келесі әдеттегі дозаға дейінгі уақыт жеткілікті көп болса ғана, келесі әдеттегі дозаның алдында енгізу керек. Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі нұсқаулар

Цефазолин дозасын, енгізу тәсілі мен ұзақтығын аурудың типіне, ауырлығына және ағымына қарай емдеуші дәрігер белгілейді.

Передозировка

Форма выпуска

1.0 г белсенді заттан резеңке тығындармен герметикалық тығындалған, алюминий немесе біріктірілген қалпақшалармен қаусырылған сыйымдылығы 10 мл құтыларда.

1 құты қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

Стационарлар үшін: 50 құты және қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі 5 нұсқаулық картон қорапта.

Условия хранения

Жарықтан қорғалған жерде, 25 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Срок годности

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Вес

Детали покупки

Оплата

При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.

Доставка

Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.

Возврат

В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.

График изменения цены на «Цефазолин бөтелкесі 1 г №1» в Астане

01400280042005600700012-0217-0222-0227-0204-0309-0314-0319-0324-0329-033-048-0413-0418-0423-0428-043-058-0513-0518-0523-0528-052-067-0612-0617-0622-0627-062-077-0712-0717-0722-0727-071-086-0811-0816-0821-0826-0831-085-0910-0915-0920-0925-0930-095-1010-1015-1020-1025-1030-104-11
Средняя цена
Минимальная цена

Уникальные возможности покупки на Daribar.kz

Наш сайт предлагает Вам возможность приобрестиЦефазолин бөтелкесі 1 г №1в аптеках городв . по доступным ценам. Удобное сопоставление стоимости, а также проверка доступности в аптеках. Информация о товаре включает в себя детальные инструкции и рекомендации по применению.

Проверено

Провизор

Каражанова Айгерим

Стаж: 6 лет
ОбразованиеКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Метод проверкиПроверено на соответствие официальной информации NDDA
Действителен до: Май 2025
Не является врачебной рекомедацией, служит как справочная информация

Приложение

Следите за нами

Instagram

TikTok

YouTube