Қолдану көрсеткіштері
Цефекон® Д 100 мг ректальді суппозиторийлер 3 айдан 3 жасқа дейінгі балаларда қолданылады (дене салмағы 7-ден 16 кг дейін).
Цефекон® Д 250 мг ректальді суппозиторийлер 3 жастан 12-ге дейінгі балаларда қолданылады (дене салмағы 17-ден 35 кг дейін).
Дәрілік препарат келесі жағдайларда қолдануға арналған:
жедел респираторлы-вирустық аурулар кезіндегі қызбада, тұмауда, балалар инфекциясында, екпеден кейінгі реакцияларда және дене қызуының көтерілуімен қатар жүретін басқа да жағдайларда
әртүрлі генездегі әлсіз және орташа қарқындылықтағы ауыру синдромында (оның ішінде бас ауыруы, тіс ауыруы, невралгия, миалгия, жарақат пен күйік кездегі ауыру)