daribar logo
Каталог
search-icon
Город
Қаз
Аптекам
Консультация

Корзина

Астане қаласындағы Цефтазидим Бөтелкесі 1 Г | Красфарма ОАО

Астане қаласындағы Цефтазидим Бөтелкесі 1 Г | Красфарма ОАО

Другие сервисы или самому

disadvantage

Не гарантируют цену и наличие товара

disadvantage

Товар могут раскупить

disadvantage

Нет бонусов от Daribar

disadvantage
Бесплатно

С заказом в Daribar

disadvantage

Проверим наличие и цену за 5-15 минут

disadvantage

Доставка или бронь на 24 часа

disadvantage

Бонусы от Daribar

disadvantage

Международное наименование:

Цефтазидим

Производитель:

Красфарма ОАО

Страна производитель:

Российская Федерация

Действующее вещество:

қосымша зат - натрий карбонаты - 0.118 г. Сыртқы түрінің иісінің, дәмінің сипаттамасы Ақтан сарғыш реңді ақ түске дейінгі ұнтақ.

Дозировка активного вещества:

1,0 г

Количество в упаковке:

1 шт
...loading

Инструкция

Показания к применению

Моноинфекциялар немесе цефтазидимге сезімтал микроорганизмдермен туындаған аралас инфекциялар:

- септицемия, бактериемия секілді ауыр инфекциялар, иммунтапшылығы бар пациенттердегі инфекциялар

- бактериялық менингит

- бактериялық инфекция салдарынан фебрильді нейтропения

- нозокомиальді пневмония

- муковисцидоз кезіндегі бронх-өкпелік бактериялық инфекция

- ЛOP-ағзалар инфекциясы, оның ішінде созылмалы іріңді ортаңғы отит, қатерлі сыртқы отит

- несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары

- тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары

- асқазан-ішек жолының, өт шығару жолдарының инфекциялары

- асқынған интраабдоминальді инфекциялар

- сүйек және буын инфекциялары

- гемо- және перитонеальді диализ және үздіксіз амбулаториялық перитонеальді диализді жүргізуге байланысты перитониттер

- қуық асты безіне операциялар (трансуретральді резекция) кезіндегі инфекциялық асқынулардың профилактикасы.

Цефтазидим бактериологиялық сезімталдыққа нәтижелерді алғанға дейін таңдау препараты ретінде тағайындалуы мүмкін. Цефтазидим басқа бета-лактамды антибиотиктердің көпшілігімен де, сондай-ақ аминогликозидтермен біріктірілімде де пайдаланылуы мүмкін.

Бактериялардың цефтазидимге сезімталдығы аймақ бойынша және уақыт өтуімен ауытқып тұрады. Мүмкіндігінше, сезімталдық бойынша жергілікті деректер назарға алынуы тиіс.

Противопоказания

- цефтазидимге немесе препараттың кез келген басқа компонентіне аса жоғары сезімталдық

- анамнездегі басқа цефалоспориндік антибиотиктерге аса жоғары сезімталдық

- анамнездегі басқа бета-лактамды бактерияларға қарсы препараттарға аса жоғары сезімталдықтың айқын ауыр реакциялары (мысалы, анафилаксиялық реакциялар).

Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары

Цефтазидимді бүйрек функциясы бұзылған, анамнезінде ойықжаралы колиті бар пациенттерде, нәрестелік кезеңде, «ілмектік» диуретиктермен және аминогликозидтермен бір уақытта қолданғанда сақтықпен қолдану керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Цефтазидим эстрогендер реабсорбциясының төмендеуіне және біріктірілген пероральді гормондық контрацептивтер тиімділігінің төмендеуіне әкелуіне ықтимал басқа антибиотиктер секілді ішек микрофлорасын бұзуы мүмкін.

Цефтазидим вена ішіне енгізетін көптеген ерітінділермен үйлеседі, натрий бикарбонаты ерітіндісінде тұрақтылығы төмен, сондықтан оны еріткіш ретінде пайдалану ұсынылмайды.

Концентрациясы 0,05 мг/мл-ден 0,25 мг/мл-ге дейінгі цефтазидим ерітіндісі интраперитонеальді диализге арналған ерітіндімен (лактат) үйлеседі.

4 мг/мл концентрациядағы цефтазидим ерітінділері келесі препараттардың ерітінділерімен фармацевтикалық тұрғыдан үйлесімді: 0,9 % натрий хлоридінің ерітіндісіндегі немесе 5 % декстроза ерітіндісіндегі гидрокортизон 1 мг/мл; 0,9 % натрий хлоридінің ерітіндісіндегі цефуроксим 3 мг/мл; 0,9 % натрий хлоридінің ерітіндісіндегі клоксациллин 4 мг/мл; 0,9 % натрий хлоридінің ерітіндісіндегі гепарин 10 ХБ/мл немесе 50 ХБ/мл; 0,9 % натрий хлоридінің ерітіндісіндегі калий хлориді 10 мЭк/л немесе 40 мЭк/л. Цефтазидим ерітіндісі (инъекцияға арналған 1,5 мл 500 мг судағы) метронидазол ерітіндісімен (100 мл-де 500 мг) фармацевтикалық тұрғыдан үйлесімді.

Фармацевтикалық үйлесімсіздік

Аминогликозидтермен, ванкомицинмен, хлорамфениколмен фармацевтикалық тұрғыдан үйлеспейді. Цефтазидимді және аминогликозидтерді бір инфузиялық жүйеде немесе шприцте араластыруға болмайды. Хлорамфеникол in-vitro цефтазидимнің және басқа да цефалоспориндердің антагонисі ретінде әсер етеді. Осы құбылыстың клиникалық маңызы белгісіз, алайда бір уақытта енгізгенде ықтимал әсер ету антагонизмін ескеру қажет. Ванкомицинді цефтазидимге қосу кезінде шөгінді түсуі байқалады, сондықтан бұл препараттарды енгізулер арасында инфузиялық жүйені жуып-шаю ұсынылады.

Арнайы ескертулер

Аса жоғары сезімталдық реакциялары

Емді бастар алдында цефтазидимге, цефалоспориндерге, пенициллиндерге немесе басқа дәрілік препараттарға жоғары сезімталдықтың алдыңғы реакцияларына қатысты толық анамнезді жинау қажет. Алдында асқынусыз өткен аллергиялық реакциясы бар пациенттерге пенициллиндерге немесе басқа бета-лактамдық антибиотиктерге ерекше назар аудару керек.

Емдеу кезінде аллергиялық реакция дамыса препарат қолдануды дереу тоқтату керек, ауыр жағдайларда эпинефринді, гидрокортизонды, антигистаминдік препараттарды қолдану немесе басқа да шұғыл шараларды жүргізу талап етілуі мүмкін.

Нефроуытты әсері бар дәрілік препараттар

Цефалоспориндерді жоғарғы дозаларда аминогликозидтер немесе әсер етуі айқын диуретиктер (мысалы, фуросемид) секілді нефроуытты препараттармен бір уақытта қолдану бүйрек функциясына кері ықпал тигізуі мүмкін.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер

Цефтазидим бүйрек арқылы шығарылатын болғандықтан бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде оның дозасы бүйрек функциясының бұзылу дәрежесіне сәйкес төмендетілуі тиіс. Доза төмендетілмеген жағдайларда бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде неврологиялық бұзылыстар туралы хабарланды.

Жалған жарғақшалы колит

Антибиотиктерді қолданғанда ауырлық дәрежесі жеңілден өмірге қауіп төндіретінге дейін ауытқитын жалған жарғақшалы колиттің туындау жағдайлары сипатталған. Сондықтан диареясы бар пациенттерде антибиотиктерді қолдану кезінде немесе одан кейін жалған жарғақшалы колиттің даму ықтималдығын есте сақтау маңызды. Егер диарея ұзақ немесе айқын сипатта болса немесе пациенттің іші түйіліп жүрсе антибиотиктермен емдеу дереу тоқтатылуы және пациент тексерілуі тиіс. Ішек перистальтикасын тежейтін препараттарды қолдануға болмайды.

Суперинфекция

Антибиотиктерді, оның ішінде цефтазидимді ұзақ уақыт қолдану сезімтал емес микроорганизмдер (көбіне Candida және Enterococcus тұқымдастары) өсімінің ұлғюына әкелуі мүмкін, бұл ретте емді тоқтату немесе тиісті ем жүргізу талап етілуі мүмкін.

Микробқа төзімділік

Басқа цефалоспориндермен және әсер ету ауқымы кең пенициллиндермен емдеу кезіндегідей, цефтазидимді пайдаланғанда кейбір бастапқыдан сезімтал Enterobacter spp. және Serratia spp. штаммдарында резистенттілік дамуы мүмкін, сондықтан микроорганизмдер туындатқан инфекцияларды емдеу кезінде антибиотиктерге қатысты сезімталдықты мезгіл-мезгілімен зерттеген жөн.

Препарат құрамында натрий бар

1 г цефтазидим құрамында 52 мг натрий немесе ДДҰ ұсынған 2 г тең ересектерге арналған натрийдің тәуліктік максималды дозасының 2,6% - ы бар. Бұл натрийді тұтынуды шектейтін диетасы бар пациенттерде препаратты қолдану кезінде ескерілуі керек.

Зертханалық талдаулар

Цефтазидим ферменттік әдістер арқылы несептегі глюкозаны анықтау нәтижелеріне әсер етпейді, бірақ мыс (Бенедикт Фелинга, Клинитест) тотығуына негізделген талдаулау нәтижелерінің аздап бұрмалануына әкелуі мүмкін. Цефтазидим креатининді сілтілі пикрат әдісімен сандық анықтауға әсер етпейді.

Жүктілік және лактация кезеңінде

Цефтазидимнің эмбриоуытты немесе тератогенді әсерін растайтын деректер жоқ, алайда препаратты жүктіліктің бірінші айында сақтықпен қолдану керек. Цефтазидимді жүктілік кезінде қолдану қажет болғанда ана үшін күтілетін пайда мен шарана үшін төнетін қауіпті салыстыру керек. Цефтазидим аздаған мөлшерде емшек сүтімен бөлініп шығады, сондықтан препаратты бала емізетін әйелдерге қолданғанда сақ болу керек. Емшек еметін балаларда жағымсыз әсерлер туындаған жағдайда цефтазидимді қолдану кезеңінде емізуді тоқтату қажет.

Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат бас айналуын туындатуы мүмкін болғандықтан, пациенттерге көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезінде сақтық шаралары туралы ескерту қажет.

Рекомендации по применению

Дозалау режимі

Препараттың дозасы аурудың ауырлығына, жергілікті орналасуына, қоздырғыштың түріне және оның цефтазидимге сезімталдығына, сондай-ақ пациенттің жасына және бүйрек функциясы жағдайына қарай жеке белгіленеді.

Ересектер мен дене салмағы 40 кг және одан жоғары балалар

2 немесе 3 вена ішіне (в/і) немесе бұлшықет ішіне (б/і) енгізгенде тәулігіне 1-6 г.

Муковисцидозы бар пациенттерде бронх-өкпелік бактериялық инфекция кезінде 3 енгізумен (ең жоғарғы тәуліктік доза - 9 г)1 тәулігіне 100-150 мг/кг.

Бактериялық инфекция салдарынан фебрильді нейтропенияда, нозокомиальді пневмонияда, бактериялық менингитте, бактериемияда – 8 сағат сайын 2 г.

Сүйек және буын инфекцияларында, асқынған тері және жұмсақ тіндер инфекцияларында, ЛOP-ағзалар инфекцияларында, асқынған интраабдоминальді инфекцияларда, гемо- және перитонеальді диализ және үздіксіз амбулаториялық перитонеальді диализ жүргізуге байланысты перитониттерде - 8 сағат сайын 1-2 г.

Асқазан-ішек жолы мен өт шығару жолдарының инфекцияларында - 8 сағат сайын 1 г немесе 12 сағат сайын 2 г.

Ауыр инфекцияларда, әсіресе иммунитеті төмен пациенттерде (нейтропениясы бар пациенттерді қоса) – 8 немесе 12 сағат сайын 2 г немесе 12 сағат сайын 3 г.

Несеп шығару жолдарының асқынған инфекцияларда 8 немесе 12 сағат сайын 1-2 г енгізу ұсынылады.

Қуық асты безіне операциялар (трансуретральді резекция) кезінде профилактика мақсатында цефтазидимді - кіріспе наркоз уақытында 1 г дозада тағайындайды; екінші дозаны катетерді алу кезінде енгізеді.

Ұзақ инфузия режимі.

Бактериялық инфекция салдарынан фебрильді нейтропенияда, муковисцидоз кезіндегі бронх-өкпелік бактериялық инфекцияда, нозокомиальді пневмонияда, бактериялық менингитте, бактериемияда, сүйек және буын инфекцияларында, асқынған тері және жұмсақ тіндер инфекцияларында, асқынған интраабдоминальді инфекцияларда, гемо- және перитонеальді диализ және үздіксіз амбулаториялық перитонеальді диализ жүргізуге байланысты перитониттерде Цефтазидимді 24 сағат сайын 4-тен 6 г дейінгі дозаларда ұзақ инфузия режимінде препаратты артынша енгізумен жүктеме 2 г доза түрінде енгізеді1.

1 Бүйрек функциясы қалыпты ересек пациенттерде препаратты тәулігіне 9г дейінгі дозада енгізгенде жағымсыз әсерлер байқалмады.

Дене массасы 40 кг төмен 2 айдан асқан балалар.

Асқазан-ішек жолы мен өт шығару жолдарының инфекцияларында тәулігіне 30-100 мг/кг 2 немесе 3 енгізу.

ЛOP-ағзалар инфекцияларында (созылмалы іріңді ортаңғы отит, қатерлі сыртқы отит), асқынған сүйек және буын инфекцияларында, асқынған тері және жұмсақ тіндер инфекцияларында, асқынған интраабдоминальді инфекцияларда, гемо- және перитонеальді диализ және үздіксіз амбулаториялық перитонеальді диализ жүргізуге байланысты перитониттерде – тәулігіне 100-150 мг/кг үш енгізу, ең жоғарғы доза – тәулігіне 6 г.

Фебрильді нейтропенияда, муковисцидоз кезіндегі бронх-өкпелік бактериялық инфекцияда, бактериялық менингитте, септицемия, бактериемия секілді ауыр инфекцияларда, иммунтапшылығы бар пациенттердегі инфекциялар – тәулігіне 150 мг/кг үш енгізу, ең жоғарғы доза – тәулігіне 6 г.

Ұзақ инфузия режимі.

Бактериялық инфекция салдарынан фебрильді нейтропенияда, муковисцидоз кезіндегі бронх-өкпелік бактериялық инфекцияда, нозокомиальді пневмонияда, бактериялық менингитте, бактериемияда, сүйек және буын инфекцияларында, асқынған тері және жұмсақ тіндер инфекцияларында, асқынған интраабдоминальді инфекцияларда, гемо- және перитонеальді диализ және үздіксіз амбулаториялық перитонеальді диализ жүргізуге байланысты перитониттерде Цефтазидимді тәулігіне 100-200 мг/кг дейінгі дозада ұзақ инфузия режимінде препаратты артынша енгізумен жүктеме 60-100 мг/кг доза түрінде енгізеді, ең жоғарғы доза – тәулігіне 6 г.

0-28 күндік нәрестелерде және 28 күн мен 2 ай аралығы жасындағы балаларда: тәулігіне

25-60 мг/кг 2 енгізу.

0-28 күндік нәрестелерде және 28 күн мен 2 ай аралығы жасындағы балаларда ұзақ инфузия режимінде цефтазидимнің қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеді.

Егде жастағы пациенттер

Цефтазидимнің ұсынылған дозасы әсіресе 80 жастан асқан пациенттерде тәулігіне 3 г аспауы тиіс.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер

Цефтазидим дозасын төмендету ұсынылады. Бастапқы доза ересектер мен дене салмағы 40 кг және одан ауыр балалар үшін 1 г немесе дене салмағы 40 кг төмен балалар үшін 25 мг/кг құрайды. Креатинин клиренсінің мәндеріне байланысты таңдалатын демеуші дозалар төменде кестеде көрсетілген.

Ересектер мен дене салмағы 40 кг және одан ауыр балалар

Ауыр инфекциялары бар пациенттерде ұсынылған бір реттік доза 50 % дейін көбейтілуі немесе препаратты енгізу жиілігі ұлғайтылуы тиіс. Мұндай пациенттерде қан плазмасындағы цефтазидим концентрациясын бақылау керек; цефтазидим концентрациясы 40 мг/л аспауы тиіс.

Балалар үшін креатинин клиренсі майсыз дене салмағына немесе дене беткейінің ауданына сәйкес есептеледі.

Ұзақ инфузия режимі:

Дозаны таңдағанда сақ болу керек. Жүргізілетін емнің қауіпсіздігі мен тиімділігіне мұқият клиникалық мониторинг жүргізу ұсынылады.

Дене салмағы 40 кг төмен балалар:

Бүйрек функцияы бұзылған балаларда креатинин клиренсі майсыз дене салмағына немесе дене беткейінің ауданына сәйкес есептеледі. Жүргізілетін емнің қауіпсіздігі мен тиімділігіне мұқият клиникалық мониторинг жүргізу ұсынылады.

Бүйрек функциясы бұзылған және дене салмағы 40 кг төмен балаларда ұзақ инфузия режимінде цефтазидимді енгізу тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттелмеді. Егер ұзақ инфузия режимі бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде пайдаланылса креатинин клиренсі майсыз дене салмағына немесе дене беткейінің ауданына сәйкес есептелуі тиіс.

Гемодиализ

Гемодиализдегі пациенттерде цефтазидимнің жартылай шығарылу кезеңі 3-5 сағатты құрайды. Гемодиализдің әрбір сеансынан кейін жоғарыдағы кестеге сәйкес цефтазидимнің демеуші дозаларын енгізеді.

Перитонеальді диализ

Цефтазидимді перитонеальді диализ және үздіксіз амбулаториялық перитонеальді диализ уақытында қолдануға болады. Вена ішіне енгізуге қосымша ретінде цефтазидимді диализге арналған ерітіндіге қосуға болады (әдетте диализге арналған ерітіндіге 2 литріне 125-250 мг доза). Артерия-веналық шунт пайдалану арқылы үздіксіз гемодиализдегі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін немесе қарқынды емдеу бөлімшесінде жатқан жылдамдығы жоғары гемофильтрациядағы пациенттер үшін ұсынылған доза – күнделікті тәулігіне 1 г (бір немесе бірнеше енгізу). Жылдамдығы төмен гемофильтрациядағы пациенттер үшін тура бүйрек функциясы бұзылғандағыдай препарат дозалары ұсынылады. Артерия-веналық шунт пайдаланылатын гемодиализдегі немесе гемофильтрациядағы пациенттерге кестелерде келтірілген дозалар ұсынылады:

Артерия-веналық шунт қолданылатын гемофильтрацияда

* Демеуші доза 12 сағат сайын тағайындалады.

Форма выпуска

1.0 г белсенді заттан резеңке тығынмен тығындалған, алюминий қалпақшамен қапсырылған сыйымдылығы 10 мл шыны құтыларда.

1 құты медициналық қолдану жөнінде қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапта.

50 құты және картон қораптағы қазақ және орыс тілдерінде қолдануға арналған 5 нұсқаулық.

Условия хранения

Жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Срок годности

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Детали покупки

Оплата

При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.

Доставка

Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.

Возврат

В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.

Уникальные возможности покупки на Daribar.kz

Наш сайт предлагает Вам возможность приобрестицефтазидим бөтелкесі 1 гв аптеках городв . по доступным ценам. Удобное сопоставление стоимости, а также проверка доступности в аптеках. Информация о товаре включает в себя детальные инструкции и рекомендации по применению.

Проверено

Провизор

Каражанова Айгерим

Стаж: 6 лет
ОбразованиеКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Метод проверкиПроверено на соответствие официальной информации NDDA
Действителен до: Май 2025
Не является врачебной рекомедацией, служит как справочная информация

Приложение

Следите за нами

Instagram

TikTok

YouTube