Құрамы
Бір суппозиторийдің құрамында
белсенді зат - 400 мг кетоконазол,
қосымша заттар: бутилгидроксианизол, қатты май (Ovucire® WL 3264).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ немесе сарғыш реңді ақ түсті, пішіні торпеда тәрізді суппозиторийлер.
Шығарылу түрі және қаптамасы
5 суппозиторийден ПВХ/ПЭ жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамада.
2 пішінді ұяшықсыз қаптамадан қазақ және орыс тілдеріндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада
сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Мұздатып қатыруға болмайды!