Қолдану көрсеткіштері
веналық-лимфалық жеткіліксіздікті (аяқтағы ауырлық, ауыру, ісіну және құрысулар) симптоматикалық емдеуде
геморройдың жедел ұстамаларымен байланысты функционалдық симптомдарда
Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- «Қосымша мәліметтер» бөлімінде тізбеленген белсенді компоненттерге немесе қосымша заттарға жоғары сезімталдық
- лактация кезеңі
- 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер және балалар
Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары
Детралекс® препаратын қабылдау алдында дәрігермен кеңесу ұсынылады.
Геморрой асқынған кезде Детралекс® препаратын тағайындау басқа анальді бұзылыстардағы спецификалық емнің орнын алмастыра алмайды. Егер симптомдар емнің ұсынылған курсынан кейін басылмаса, бұл жағдайда кейінгі емді тағайындау үшін проктологқа қаралу керек.
Веналық қанайналымының бұзылуы кезінде емнің ең жоғары әсері емді салауатты (теңгерімді) өмір салтымен үйлестіргенде қамтамасыз етіледі: дұрысы күннің астында көп жүрмеу, көп уақыт жүру, сондай-ақ дененің артық салмағын төмендету ұсынылады. Жаяу серуендеу және кейбір жағдайларда арнайы шұлықтар кию қан айналымының жақсаруына ықпал етеді.
Егер емдеу үдерісінде жағдайыңыз нашарласа немесе жақсармаса дереу дәрігерге жүгіну ұсынылады.
Препарат құрамында 1 ммоль аз натрий бар, яғни іс жүзінде натрий жоқ.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Қазіргі уақытта тіркеуден кейінгі кезеңде клиникалық маңызды дәрілік өзара әрекеттесулер туралы хабарланған жоқ.
Арнайы ескертулер
Жүктілік
Жүкті әйелдерде тазартылған микрондалған флавоноидты фракцияны қолдану туралы деректер шектеулі немесе жоқ.
Сақтық шаралары мақсатында жүктілік кезінде Детралексті қабылдамау керек.
Бала емізу
Белсенді зат немесе оның метаболиттерінің емшек сүтіне өтетін-өтпейтіні белгісіз.
Жаңа туған нәрестелер мен сәбилер үшін қаупін жоққа шығаруға болмайды.
Бала емізуді тоқтату немесе Детралекспен емді тоқтату/бастамау туралы шешімді, бала үшін емізудің пайдасы мен әйел үшін емдеудің пайдасын негізге ала отырып қабылдаған жөн.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.