Показания к применению
- инсульт, жедел фазасы және оның неврологиялық асқынулары
- мидың жарақаттық зақымдануы және оның неврологиялық асқынулары
- инсульт, жедел фазасы және оның неврологиялық асқынулары
- мидың жарақаттық зақымдануы және оның неврологиялық асқынулары
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- парасимпатикалық жүйке жүйесінің жоғары тонусты жағдайы (ваготония)
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Бассүйекішілік қан құйылуы жағдайында тәуліктік дозаны 1000 мг-дан асырмау керек, оны вена ішіне минутына 30 тамшы жылдамдықпен енгізу керек.
Ампуладағы ерітінді тек бір рет қана пайдалануға арналған. Ампуланы ашқаннан кейін ол дереу қолданылуы тиіс.
Препарат вена ішіне изотониялық ерітінділердің барлық түрлерімен және декстроза ерітінділерімен үйлеседі.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Дифосфоцин леводопаның әсерін күшейтеді. Препаратты құрамында меклофеноксат бар дәрілік заттармен бір мезгілде тағайындамаған дұрыс.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Балаларда қолдану тәжірибесі шектеулі. Осының салдарынан препаратты балаларда күтілетін емдік пайда ықтимал қауіптен артқан жағдайда ғана қолдану ұсынылады. Бұл препаратты балаларға аса қажет болған жағдайда, дәрігердің тікелей бақылауымен қолдану керек.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктілік
Цитиколинді жүкті әйелдерге қолдану туралы жеткілікті деректер жоқ.
Жүктілік кезінде препарат тек ана үшін күтілген пайда шарана немесе бала үшін қауіп артқан жағдайда ғана тағайындалады.
Емшек емізу
Бала емізу кезеңінде препаратты аса қажет болған жағдайда, дәрігердің тікелей бақылауымен тағайындау керек.
Натрий
Дифосфоцин 500 мг/4 мл бір реттік дозасы құрамында 1 ммольден аз (23 мг) натрий болады және натрийден «бос» препарат болып саналады.
Дифосфоцин 1000 мг/4 мл бір реттік дозасы құрамында 45 мг натрий (негізгі компоненті ас тұзы) бар. Бұл ересек адам үшін ұсынылатын натрийдің ең жоғары тәуліктік дозасының 2,25% - на баламалы.
Мұны бүйрек функциясы төмендеген пациенттерге немесе натрий мөлшері төмен диетадағы пациенттерге ескеру керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралдарын басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.

Дозалау режимі
Вена ішіне баяу инъекция (5 минут бойы) немесе вена ішіне тамшылатып құю (минутына 40-60 тамшы) түрінде вена ішіне тағайындайды.
Инсульттың өткір кезеңінде және бас сүйек-мидың жарақатында емдеуді препараттың 1000-2000 мг дозасын вена ішіне енгізуден бастайды, аурудың ауырлығына байланысты екі апта бойы күн сайын кейіннен күніне 1-2 инъекциядан (500-2000 мг) бұлшықет ішіне енгізуге немесе 45-90 күнге дейінгі курспен ішке қабылдауға ауысады.
Препаратты қабылдау дозасы мен курсы емдеуші дәрігердің ұсынысы бойынша өзгеруі мүмкін.
Пациенттердің ерекше тобы
Балалар
Балаларда қолдану тәжірибесі шектеулі. Осының салдарынан препаратты балаларда күтілетін емдік пайдасы болуы мүмкін қаупінен астам жағдайда ғана қолдану ұсынылады. Бұл препаратты балаларға аса қажет болған жағдайда, дәрігердің тікелей бақылауымен қолдану керек.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде доза түзету талап етілмейді.
Енгізу әдісі және жолы
Вена ішіне енгізуге арналған.
Артық дозаланған жағдайда қолданылуы қажет шаралар
Симптомдары: препараттың жағымсыз әсерлерінің күшеюі.
Препаратты ұзақ тағайындау енгізу тәсіліне байланыссыз уытты әсерлермен қатар жүрмейді.
Емі: симптоматикалық.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер
Осы дәрілік препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда кеңес алу үшін дәрігерге немесе фармацевтке жүгіну керек.
Өте сирек (< 1/10000)
аллергиялық реакциялар, есекжем, экзантема, терінің қанқызыл түске боялуға дейін қызаруы, терінің қышынуы, ісінулер, анафилаксиялық шоктың дамуы мүмкін
- бас ауыруы, бас айналуы, елестеулер, қозу, ұйқысыздық, температураның көтерілуі, ысыну сезіну, тремор
- диспноэ
- жүрек айнуы, құсу, диарея
- артериялық қысымның жоғарылауы немесе қысқа мерзімді төмендеуі
Препарат 4 мл-ден бейтарап шыныдан жасалған (гидролитикалық І типті) түссіз ампулада.
5 ампуладан (500 мг) полистиролдан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
3 ампуладан (1000 мг) полистиролдан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөнінде қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Наш сайт предлагает Вам возможность приобрести “дифосфоцин ампуласы 1000 мг/4 мл №3” в аптеках городв . по доступным ценам. Удобное сопоставление стоимости, а также проверка доступности в аптеках. Информация о товаре включает в себя детальные инструкции и рекомендации по применению.
от
Ваша выгода до: 48₸
Выгода за счет лучшего поиска:
Средняя цена в Астане:
При заказе на Daribar от:
Ваша выгода до:
4013₸
3965₸
48₸