Қолдану көрсеткіштері
Ересектердегі, жасөспірімдердегі және 14 жас пен одан асқан балалардағы ауырсынуды, қабынуды және ісінуді жергілікті емдеу:
- сіңірлердің, байламдардың, бұлшықеттер мен буындардың жарақаттық (оның ішінде спорттық) зақымдануы (соғылу, созылу, шығып кетулер), арқаның ауыруы;
- ревматизмнің оқшауланған түрлері: тендинит («теннистік шынтақ» деп аталатын), қолдың альгодистрофиялық синдромы («иық-қол» синдромы), бурситтер, периартриттер;
- шеткері буындардың остеоартрозы (мысалы, тізе немесе саусақтар).