Өзара әрекеттесуі
Дәрігерге қазіргі уақытта немесе бертінде қабылданған немесе қандай да бір басқа дәрілік препараттарды қабылдау мүмкіндігі туралы хабарлаңыз.
Бұл препарат құрамында доксиламин, гистаминге қарсы заттар қамтылған.
Басқа дәрілік заттардың құрамында бұл зат болуы мүмкін. Ұсынылған ең жоғары дозадан аспау үшін мұндай препараттарды бір мезгілде қабылдамаңыз.
Бұл препаратты натрий оксибатын немесе құрамында спиртті қамтитын препараттармен бірге қабылдамаңыз.
Донормил препаратын келесі дәрілік заттармен бірге қабылдаған кезде абай болыңыз:
• антихолинестеразды заттар,
• басқа атропин тәрізді препараттар,
• басқа жайбарақаттандыратын заттар,
• басқа ұйықтататын дәрілер
• морфин тобының препараттары.
Арнайы ескертулер
Донормил таблеткасында 563 мг натрий қамтылған (ас тұзының негізгі компоненті). Бұл мөлшер ересек адамға азық-түлікпен ұсынылатын ең жоғары тәуліктік тұтынудың 28,15% - на тең. Егер сізге ұзақ уақыт бойы күніне бір немесе бірнеше көпіршитін таблеткалар қажет болса, дәрігеріңізбен немесе фармацевтіңізбен кеңесіңіз, әсіресе егер сізге аз тұзды (натрий) диета ұсынылса.
Бұл препараттың бір көпіршитін таблеткасында 75 мг натрий бензоаты қамтылған.
Егде жастағы пациенттер және бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі бар адамдар
Плазмадағы концентрацияның жоғарылауымен және плазмалық клиренстің төмендеуімен дозаны азайту ұсынылады.
Педиатрияда қолдану
15 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.
Жүктілік және лактация кезінде
Егер сіз жүкті болсаңыз немесе емшекпен емізетін болсаңыз, жүктімін деп ойласаңыз немесе жүкті болуды жоспарласаңыз, осы препаратты қабылдамас бұрын дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
Дұрыс қабылданған кезде бұл препаратты жүктілік кезінде қолдануға болады. Алайда, қабылдауды бастамас бұрын дәрігермен кеңесу керек. Ұсынылған дозаны асыруға тыйым салынады.
Бұл препарат емшек сүтіне енеді. Емшекпен емізу кезінде бұл дәрілік затты қабылдау ұсынылмайды, өйткені ол жайбарақаттандыру әсеріне (летаргия, әлсіреп қалу) немесе керісінше — қоздырғыш әсеріне ие (ұйқысыздық), бұл нәтижесінде сіздің балаңызға әсер етуі мүмкін.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты қабылдау кезінде көлік құралын басқаратын және механизмдермен жұмыс істейтін адамдарда күндізгі ұйқышылдық пайда болу қаупіне назар аудару керек.
Басқа жайбарақаттандыратын заттармен, натрий оксибатымен, алкогольді ішімдіктермен немесе құрамында алкоголь бар дәрілік заттармен ұштастыру ұсынылмайды немесе көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару жағдайында назарға алынуға тиіс.
Егер ұйқының ұзақтығы жеткіліксіз болса, қырағылықтың бұзылу қаупі бар.