Қолдану көрсеткіштері
-бір препаратпен (бета-блокатормен) жергілікті емдеу тиімді болмаған кезде глаукомасы (ашық бұрышты немесе жалған эксфолиативті) бар пациенттерде жоғары көзішілік қысымды емдеу үшін.

- препараттың белсенді / қосымша заттарына жоғары сезімталдық
- бронх демікпесін (оның ішінде бұрын) қоса, тыныс алу жолдарының реактивті аурулары, тыныс алу жолдарының қабынуы мен тарылуы бар өкпенің ауыр созылмалы аурулары
- жүректің сирек жиырылуы, электрокардиостимулятор болмаған кезде жүрек ырғағының бұзылуы (ІІ-ІІІ дәрежелі атриовентрикулярлық блокада), клиникалық айқын жүрек жеткіліксіздігі, ауыр жүрек ауруынан туындаған шок
- бүйректің ауыр ауруы немесе қанның су-тұз құрамының бұзылуы (гиперхлоремиялық ацидоз)
- 8 жастан кіші балалар
- жүктілік және бала емізу кезеңі
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
Балалар: 8 жастан кіші балалар үшін препараттың қауіпсіздігі анықталмаған.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Төменде көрсетілген келесі препараттармен бір мезгілде қолданғанда жағымсыз өзара әрекеттесулер байқалмады: жүрек, бүйрек ауруларын емдеуге және алдын алуға, сонымен қатар қан қысымын төмендетуге арналған препараттар, несеп айдайтын, қабынуға қарсы стероидты емес препараттар, аспирин және гормондар (мысалы, эстроген, инсулин, тироксин).
Жүрек ауруларын емдеуге және алдын алуға арналған препараттармен (кальций өзекшелерінің пероральді блокаторлары, бета-адреноблокаторлар, аритмияға қарсы препараттармен қоса амиодарон, оймақгүл гликозидтері), парасимпатомиметиктер, қан қысымын төмендетуге арналған препараттармен (гуанетидин), наркозға арналған дәрілер және антидепрессанттармен (МАО тежегіштері) бір мезгілде қолданғанда қан қысымының едәуір төмендеуі және/немесе жүрек ырғағы сиреуі мүмкін.
Тимолол мен хинидинді, флуоксетинді немесе пароксетинді бір мезгілде қолданғанда сирек жүрек ырғағы немесе депрессия дамуы мүмкін.
Адреналинмен бір мезгілде қолданған кезде қарашық мөлшері едәуір ұлғаюы мүмкін.
Диабетке қарсы препараттармен бір мезгілде қолданғанда қандағы глюкоза деңгейі айтарлықтай төмендеуі мүмкін.
Клонидинді тоқтатқаннан кейін қан қысымы күрт жоғарылауы мүмкін.
Арнайы ескертулер
Жүрек-қантамыр/тыныс алу жүйесінің реакциялары: Дорсоб-Т препаратына кіретін тимолол қанға сіңіп, жүрек-қантамыр, өкпе және басқа да жағымсыз реакциялардың дамуына әкелуі мүмкін, бірақ жергілікті қолданғанда олардың даму жиілігі айтарлықтай төмен. Сіңуін азайту үшін препаратты қолдану тәсілі бойынша ұсынымдарды сақтау қажет.
Жүрек аурулары: жүрек-қантамыр аурулары (жүректің ишемиялық ауруы, Принцметалл стенокардиясы, жүрек жеткіліксіздігі, қан қысымының төмендеуі) бар пациенттерде Дорсоб-Т қолданған кезде аурудың нашарлауы немесе жағымсыз реакциялар байқалуы мүмкін.
Жүрекішілік өткізгіштікке ықтималды әсер етуіне байланысты препаратты бірінші дәрежелі жүрек блокадасы кезінде сақтықпен қолдану қажет.
Тамыр аурулары: аяқ-қолдардағы шеткері қан айналымының ауыр бұзылуларында (яғни, Рейно ауруының ауыр түрінде немесе Рейно синдромында) препаратты сақтықпен қолдану керек.
Тыныс алу бұзылыстары: бронх демікпесі бар пациенттерде, бронхтардың түйілуіне байланысты тыныс алу бұзылулары дамуы мен қатар өлім жағдайлары да болуы мүмкін. Өкпенің жеңіл/орташа айқын созылмалы обструктивті ауруы (ӨСОА) бар пациенттерде препаратты сақтықпен қолдану қажет.
Бауыр жеткіліксіздігі: бауыр функциясы бұзылған пациенттерде осы дәрілік препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген, сондықтан мұндай пациенттерде оны сақтықпен қолдану керек.
Терінің ауыр аллергиялық реакциялары: сульфаниламидтерге тән жағымсыз реакциялар дамуы мүмкін, мысалы, терідегі және шырышты қабаттардағы бөртпелері бар жедел токсикалық-аллергиялық ауру немесе сұйықтыққа толы күлдіреуіктердің түзілуімен терінің ауыр аллергиялық зақымдануы байқалуы мүмкін. Мұндай жағдайларда тез арада препаратты қолдануды тоқтатып, дәрігерге көріну қажет.
Дорсоб Т препаратын қолданған кезде, көз тарапынан жергілікті жағымсыз реакциялар дамуы мүмкін. Мұндай жағдайларда тез арада препаратты қолдануды тоқтатып, дәрігерге көрінген жөн.
Егер, бұрын соңды әртүрлі аллергендерге аллергиялық немесе ауыр анафилактикалық реакциялар байқалған болса, онда осы препаратты қолданған кезде, едәуір қайталанбалы түрде жүретін, ауыр аллергиялық реакциялар байқалуы мүмкіндігін және әдетте адреналин дозаларына байқалған анафилактикалық реакцияларды емдеу үшін қолданылатын препараттарға сезімталдық байқалмауы мүмкіндігін ескерген жөн.
Бір мезгілде қолдану: көзішілік қысымға әсерінің ықтималды күшеюіне және жағымсыз реакциялардың дамуына байланысты екі жергілікті бета-адреноблокаторды бір мезгілде қолдану немесе Дорсоб-Т препаратын және дорзоламид (карбоангидраза тежегіштері) тобына жататын пероральді препаратты қолдануға ұсынылмайды.
Емдеуді тоқтату: жүректің ишемиялық ауруы кезінде Дорсоб-Т препаратын біртіндеп тоқтату керек.
Басқа да қосымша әсерлер
Қандағы қанттың төмендеуі / диабет: қандағы глюкозаның күрт төмендеу эпизодтары бар пациенттерде немесе тұрақсыз диабет кезінде Дорсоб-Т қандағы глюкозаның күрт төмендеу симптомдарын бүркемелеуі мүмкін.
Дорсоб-Т гипертиреоз белгілерін бүркемелеуі мүмкін, ал оны күрт тоқтату аурудың нашарлауына әкелуі мүмкін, сондықтан Дорсоб-Т препаратын біртіндеп тоқтатуы қажет.
Мөлдір қабық аурулары: препарат көздің құрғап кетуін шақыруы мүмкін.
Хирургиялық араласулар кезіндегі ауырсынуды басу: Дорсоб-Т препараты адреналиннің әсерін бөгеуі мүмкін, сондықтан операция жүргізу кезінде анестезиологқа құрамында тимолол бар препаратты қолданатыны туралы хабарлау қажет.
Дорсоб-Т препараты көлденең жолақты бұлшықеттердің ауыр, жалған салданулық, патологиялық тез шаршау симптомдарын одан бетер нашарлата түсуі мүмкін.
Карбоангидраза бәсеңдеуінің қосымша әсерлері
Несептас ауруының дамуы: егерде бұл ауру бұрын соңды байқалған болса, несептас ауруының даму қаупі жоғарылай түседі.
Басқа да сақтандырулар
Бұл препаратмен қолдану тәжірибесінің болмауына байланысты, жедел жабық бұрышты глаукомасын Дорсоб-Т препаратымен емдеу барысында, дәрігердің қосымша бақылауында болу қажеттілігін ескеру қажет.
Бұрын-соңды жасалынған көзішілік хирургиялық операциялар және/немесе көздің алдыңғы мөлдір қабығының созылмалы ақаулары кезінде ісіну және алдыңғы мөлдір қабығының қайтымсыз өзгерістері байқалған (эндотелий жасушаларының саны аз болғанда).
Тор қабықтың ажырауы: көзішілік қысымның жоғарылауына байланысты жасалынған операциядан кейін, тимололдың, ацетазоламидтің сулы ерітінділерін жергілікті енгізу кезінде, сирек жағдайларда тор қабығының ажырауы мүмкін.
Ұзақ емдеуден кейін препараттың тиімділігі төмендеуі мүмкін.
Жанаспалы линзаларды қолдану: бұл дәрілік препарат құрамында консервант - бензалконий хлориді бар, ол көздің тітіркенуін тудыруы мүмкін. Препаратты қолданар алдында жанаспалы линзаларды алып тастап, Дорсоб Т тамызғаннан кейін, 15 минуттан кейін қайта тағу керек. Бензалконий хлориді жұмсақ жанаспалы линзаларды түссіздендіре алатындығын ескеру қажет.
Балаларда қолдану: сегіз жасқа дейінгі балаларда препаратты қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Адамдар үшін болуы мүмкін қауіптер әлі де белгісіз, алайда жатырішілік шарананың дамуының кешеуілдеуі мүмкін. Егер препаратты анасы босанғанға дейін қолданса, жүрек қағысының сиреюі, қан қысымының төмендеуі, айқын ентігу және қандағы глюкозаның төмендеуі мүмкіндігі салдарынан, босанғаннан кейінгі алғашқы күндерде баланың жағдайын мұқият бақылау керектігін есекеру қажет. Препараттың емшек сүтімен шығарылуы мүмкіндігі белгісіз. Қауіпсіздік жөнінде деректердің болмауына байланысты, препаратты қолдану кезінде бала емізетін аналарға емшек емізуді тоқтату қажет.
Қауіпсіздік жөнінде деректердің жеткіліксіздігіне байланысты? Дорсоб-Т препаратын жүктілік және бала емізу кезінде қолдануға болмайтынын ескеру қажет.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік жүргізу және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсерін зерттейтін зерттеулер жүргізілген жоқ. Көзге тамызатын дәріні қолдану көру қабілетінің өтпелі нашарлауын (анық көрмеу) туындатуы мүмкін. Бұл әсер жойылғанша пациенттер көлік құралын немесе қауіптілігі зор қозғалыстағы механизмдерді жүргізбеуі қажет.

Дозалау режимі
Ересектер (соның ішінде қарттар): зақымдалған көздің конъюнктивалық қалтасына тәулігіне 2 рет 1 тамшыдан тамызады.
Егер пациент бір мезгілде көзге арналған басқа дәрілік препараттарды қолданса, оларды кемінде 10 минут аралықпен қолдану қажет. Егер пациент бір мезгілде көзге арналған жақпамайын қолданса, онда оны соңғы кезекте жағу керек. Көзге тамызатын дәріні тамызар алдында жанаспалы линзаларды алу қажет, оларды тамызғаннан кейін 15 минуттан соң қайтадан тағуға болады.
Препаратты қолданар алдында қолды жуып, пипетканы көзге және оны қоршаған тіндерге тікелей тигізбеу керек. Дұрыс қолданылмаған жағдайда, көзге тамызатын дәрі бактериялармен инфекцияланып, көздің күрделі қабыну аурулары дамиды, бұл өз алдына көру қабілеттілігінің жоғалуына алып келуі мүмкін.
Көзге тамызатын дәріге арналған контейнерді сақтау және пайдалану ережелерін білген жөн.
Қолдану жөніндегі нұсқаулық
1. Препаратты бірінші рет қолданар алдында құтының мойнындағы қорғаныс қабатын алу қажет. Жабық құты үшін құты мен қақпақ арасында шағын кеңістіктің болуына жол беріледі.
2. Құтының қақпағын да алып тастау керек.
3. Пациенттің басын артқа шалқайтып, көз бен қабақ арасында «қалта» түзілгенше астыңғы қабақты абайлап төмен тартыңыз
4. Құтыны төңкеріп, тамшы пайда болғанға дейін оған жеңіл басу және оны көзге тамызу қажет. Пипетканың таратқыш ұшы көзге немесе қабаққа тиіп кетпеуі керек.
5. Тамшыларды конъюнктивалық қалтаға тамызады, сонымен қатар препараттың мұрынның шырышты қабаты арқылы жүйелі сіңуіне жол бермеу және жергілікті әсерді күшейту үшін мұрын-көз арнасын саусақпен басу немесе тамызғаннан кейін 2-3 минутқа көзді жұму керек. Бұл ішкі ағзалар тарапынан жағымсыз әсерлердің даму ықтималдығын азайтуға және препараттың жергілікті әсерін күшейтуге ықпал етеді.
6. Қажет болса, бұл процедураны екінші көзге де қайталаңыз.
7. Құтыны қолданғаннан кейін оны дереу қақпақпен жабу керек.
Енгізу әдісі мен жолы
Тек жергілікті қолдануға арналған, зақымдалған көздің конъюнктивалық қалтасына тамызыңыз.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Симптомдары: тимололмен көзге тамызатын дәрінің байқаусызда артық дозалануы бас айналу, бас ауру, ентігу, жүрек жиырылуының азаюы, бронхтардың түйілуі және жүректің тоқтап қалуы сияқты күрделі жағымсыз әсерлерге әкеледі.
Дорзоламид бар көзге тамызатын дәрінің адамдарда артық дозалануы туралы шектеулі мәліметтер бар. Ішке қабылдаған кезде ұйқышылдық туралы хабарланды. Жергілікті қолданған кезде жүрек айну, бас айналу, бас ауру, шаршағыштық, ұйқының бұзылуы, жұтудың бұзылуы байқалды. Дорзоламидтің артық дозалануымен қанның су-тұз құрамының бұзылуы және жүйке жүйесіне әсер етуі мүмкін.
Емі: симптоматикалық және демеуші, қанның тұз құрамын бақылау ұсынылады.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алуға хабарласу бойынша ұсынымдар
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алу ұсынылады.
5 мл препараттан тамшылатқыш - тығынмен және алғашқы ашылуы бақыланатын, орташа қысымды мөлдір емес полиэтиленнен жасалған бұралатын ақ қақпақпен тығындалған полиэтилен құтыларға құйылады.
1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Құтыны алғаш ашқаннан кейінгі қолдану кезеңі -28 күн
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Түпнұсқалық қаптамасында 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл
Құтыны алғаш ашқаннан кейінгі қолдану кезеңі -28 күн
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынады “Дорсоб-Т көз тамшылары 5 мл” дәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.