Показания к применению
Жергілікті бета-блокатормен монотерапия жеткіліксіз болғанда ашық бұрышты глаукомасы немесе жалған эксфолиативті глаукомасы бар пациенттерде көзішілік жоғары қысымды емдеуде.
Жергілікті бета-блокатормен монотерапия жеткіліксіз болғанда ашық бұрышты глаукомасы немесе жалған эксфолиативті глаукомасы бар пациенттерде көзішілік жоғары қысымды емдеуде.
- әсер етуші затқа (заттарға) немесе препараттың қосымша компоненттеріне аса жоғары сезімталдық;
- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі (КК) <30 мл/мин кем);
- гиперхлоремиялық ацидоз;
- синустық брадикардия;
- синустық түйіннің әлсіздігі синдромы;
- синоатриальды блокада;
- кардиостимулятормен бақыланбайтын, II және III дәрежелі атриовентрикулярлық блокада;
- айқын жүрек жеткіліксіздігі;
- кардиогенді шок;
- бронх демікпесін қоса алғанда, тыныс алу жолдарының реактивті аурулары (оның ішінде анамнезінде);
- өкпенің ауыр созылмалы обструктивті ауруы;
- 8 жасқа дейінгі балалар.
Жоғарыда аталған әсерлер препараттың компоненттеріне байланысты және біріктірілім үшін спецификалық болып табылмайды.
Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары
- Дорзасопт препаратын басқа бета-адреноблокаторлармен бірге қолдану ұсынылмайды.
- дорзоламид пен карбоангидразаның пероральді тежегіштерін бірге қолдану ұсынылмайды.
Дорзоламид + тимолол біріктірілімінің басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуіне спецификалық зерттеулер жүргізілген жоқ.
Клиникалық зерттеулерде препарат препараттың жағымсыз өзара әрекеттесу белгілерінсіз, жүйелі әсер ететін мынадай дәрілік заттармен бір мезгілде қолданылды: ангиотензинөзгертетін фермент тежегіштері, кальций өзекшелерінің блокаторлары, несеп айдатқыштар (диуретиктер), қабынуға қарсы стероидты емес препараттар, оның ішінде аспирин және гормондар (мысалы, эстроген, инсулин, тироксин).
Дегенмен, тимолол малеатының офтальмологиялық ерітіндісін және кальций өзекшелерінің жүйелік блокаторларын, катехоламин-жұқартатын дәрілерді, бета-адреноблокаторларды, аритмияға қарсы дәрілерді (амиодаронды қоса), оймақгүл гликозидтерін, парасимпатомиметиктерді, апиынды анальгетиктерді және моноаминоксидаза (МАО) тежегіштерін бірге қолданған кезде гипотензивті әсерді және/немесе айқын брадикардияны күшейту мүмкіндігі болады.
Тимололды және CYP2D6 изоферментінің тежегіштерін (мысалы, хинидин, флуоксетин, пароксетин) бірге қолданғанда бета-адренорецепторлардың жүйелік блокадасының (мысалы, жүрек жиырылу жиілігінің төмендеуі, депрессия) ықтимал әсері туралы хабарланды.
Дорзасопт препаратымен монотерапия кезінде қарашыққа әсері аз немесе жоқ болғанына қарамастан, тимолол малеаты мен адреналинді (эпинефрин) бірге қолданғанда мидриаз дамуының жекелеген сипаттамалары болды.
Жүйелік бета-адреноблокаторлар диабетке қарсы препараттардың гипогликемиялық әсерін және клонидинді тоқтату әсері болып табылатын гипертензияны күшейте алады.
Жүрек-қантамырлық/респираторлық реакциялар
Жергілікті қолдануға арналған басқа офтальмологиялық препараттар сияқты, Дорзасопт жүйелі қан ағымына енуі мүмкін. Жергілікті қолданылатын бета-блокаторлар (тимолол) бета-адреноблокаторларды жүйелі қолдану кезіндегідей, жүрек-қантамыр, тыныс алу және басқа да жүйелер тарапынан жағымсыз реакциялардың дамуын туындатады. Көзге тамызатын дәрілерді қолданғаннан кейін жүйелік жағымсыз реакциялардың даму жиілігі бета-блокаторларды жүйелі қолданғанға қарағанда төмен.
Жүректің тарапынан бұзылулар
Жүрек-қантамыр аурулары (мысалы, жүректің ишемиялық ауруы, Принцметал стенокардиясы, жүрек жеткіліксіздігі) және гипотониясы бар пациенттерде бета-адреноблокаторлармен емдеуді сыни бағалау және басқа белсенді заттармен ем жүргізу мүмкіндігін қарастыру керек.
Жүрек-қантамыр аурулары бар пациенттер осы аурулардың нашарлау белгілерінің пайда болуына және жағымсыз реакциялардың туындауына мұқият бақылауда болуы тиіс.
І дәрежелі жүрек блокадасы бар пациенттерге импульсті жүргізу уақытына олардың жағымсыз әсерінің салдарынан бета-адреноблокаторларды сақтықпен тағайындау керек.
Қантамырлар тарапынан бұзылулар
Препарат шеткері қан айналымының ауыр бұзылулары (Рейно ауруының немесе Рейно синдромының ауыр түрлері) бар пациенттерге сақтықпен тағайындалуы тиіс.
Тыныс алу жүйесінің тарапынан бұзылулар
Кейбір офтальмологиялық бета-адреноблокаторларды қолдану аясында бронх демікпесі бар пациенттерде өліммен аяқталған бронх түйілуін қоса алғанда, респираторлық реакциялар туралы хабарламалар тіркелген.
Жеңіл және ауырлығы орташа дәрежедегі өкпенің созылмалы обструктивті ауруына шалдыққан пациенттерге Дорзасопт препараты сақтықпен және егер емдеудің болжамды пайдасы әлеуетті қауіптен асқан жағдайда ғана тағайындалуы тиіс.
Бауыр функциясының бұзылуы
Дорзасопт препаратын бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдануға зерттеулер жүргізілген жоқ, осыған байланысты мұндай пациенттердегі препарат сақтықпен қолданылуы тиіс.
Аллергия және аса жоғары сезімталдық
Жергілікті қолдануға арналған басқа офтальмологиялық препараттар сияқты, Дорзасопт жүйелі қан ағымына енуі мүмкін. Дорзоламид, сульфонамидтер сияқты құрамында сульфонамидтер тобы бар. Осылайша, сульфонамидтерді жүйелі қолдану кезінде анықталған жағымсыз реакциялар (Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз) препаратты жергілікті қолдану кезінде байқалуы мүмкін.
Ауыр жағымсыз реакциялардың немесе аса жоғары сезімталдық реакцияларының белгілері пайда болған кезде препаратты қабылдауды тоқтату керек.
Дорзоламид + тимолол біріктірілімін қолданған кезде дорзоламид гидрохлориді бар көзге тамызатын дәріні қолданған кездегі реакцияларға ұқсас көру мүшесінің тарапынан жергілікті жағымсыз реакциялар байқалды. Мұндай реакциялар туындаған жағдайда Дорзасопт препаратын қолдануды тоқтату туралы мәселені қарау керек.
Атопиясы немесе әртүрлі аллергендерге ауыр анафилаксиялық реакциясы бар пациенттерде бета-адреноблокаторлармен емдеу кезінде анамнезінде осы аллергендермен қайта байланыста болған кезде жауаптың күшеюі мүмкін. Пациенттердің осы тобында аллергиялық реакцияларды тоқтату үшін қолданылатын стандартты емдік дозада эпинефринді қабылдау тиімсіз болуы мүмкін.
Қатарлас жүретін ем
Жүйелі бета-адреноблокаторларды қабылдайтын пациенттер тимололды қолданған кезде бета-адреноблокаторлардың белгілі жүйелік әсеріне қатысты да, көзішілік қысымның төмендеуіне қатысты да препараттардың фармакологиялық әсерінің өзара күшеюін ескеру қажет. Мұндай пациенттерде емдеуге жауапты мұқият қадағалау керек.
Емдеуді тоқтату
Жүйелі бета-адреноблокаторлар жағдайындағыдай, тимололды жергілікті қолдануды тоқтату қажет болған кезде жүректің ишемиялық ауруы бар пациенттерде емдеуді тоқтатуды біртіндеп жүргізген жөн.
Бета-адреноблокаторларудың қосымша әсерлері
Гипогликемия/қант диабеті
Бета-адреноблокаторларды кездейсоқ гипогликемияға бейім пациенттерге немесе қант диабеті бар пациенттерге (әсіресе құбылмалы ағымды қант диабеті) сақтықпен тағайындау керек, себебі бета-адреноблокаторлар жедел гипогликемияның белгілері мен симптомдарын бүркемелеуі мүмкін.
Бета-блокаторлар гипертиреоздың белгілерін бүркемелеуі мүмкін. Бета-блокаторлармен емдеуді күрт тоқтату хал-жағдайдың нашарлауын жылдамдатуы мүмкін.
Мөлдір қабықтың тарапынан бұзылулар
Офтальмологияда қолданылатын бета-адреноблокаторлар көздің құрғауын туындатуы мүмкін. Мөлдір қабық тарапынан бұзылулары бар пациенттерге препаратты сақтықпен тағайындау керек.
Хирургиядағы анестезия
Бета-адреноблокаторлық офтальмологиялық препараттар бета-агонистердің, мысалы, адреналиннің жүйелік әсерлерін бөгей алады. Егер пациент Дорзасоптты қолданса, анестезиолог хабардар болуы керек.
Бета-адреноблокаторларды қолдану гравис миастениясының симптомдарын туындатуы мүмкін.
Несеп-тас ауруы
Жүйелік карбоангидраза тежегіштерін қолдану қышқыл-негіз тепе-теңдігінің бұзылуына әкелуі мүмкін және әсіресе анамнезінде несеп-тас ауруы бар пациенттерде уролитиазбен қатарлас жүруі мүмкін. Дорзоламид + тимолол біріктірілімін қолдану кезінде мұндай бұзылулар байқалмады, уролитиаз туралы хабарламалар сирек болды. Препараттың құрамына карбоангидраза тежегіші кіреді, ол жергілікті қолданғанда сіңіп, жүйелі қан ағымына енуі мүмкін, сондықтан анамнезінде несеп-тас ауруы бар пациенттерде уролитиаздың даму қаупі Дорзасопт препаратымен емдеу кезінде артуы мүмкін.
Басқа әсерлер
Жедел жабық бұрышты глаукомасы бар пациенттерге көзішілік қысымды төмендететін дәрілерді тағайындаудан басқа, басқа емдік іс-шараларды жүргізу талап етіледі. Жедел жабық бұрышты глаукомасы бар пациенттерде Дорзасопт препаратының әсеріне зерттеу жүргізілген жоқ.
Дорзоламидті қолдану кезінде созылмалы ақаулары бар және/немесе көзішілік операциялық араласымдарға ұшыраған пациенттерде мөлдір қабықтың ісінуі және мөлдір қабық эндотелийінің қайтымсыз декомпенсациясы байқалуы мүмкін. Пациенттердің осы топтарында Дорзасоптарды сақтықпен қолдану керек.
Сүзу араласымдардан кейін сулы ылғалдың пайда болуына жол бермейтін препараттармен (мысалы, тимолол, ацетазоламид) емдеу кезінде көздің тамыр қабығының ажырауы туралы деректер бар.
Глаукоманы емдеуге арналған басқа препараттар сияқты кейбір пациенттерде ұзақ емдеуден кейін офтальмологиялық тимолол малеатына жауаптың төмендеуі байқалды.
Жанаспалы линзаларды пайдалану
Дорзасопт препаратының құрамына көздің тітіркенуіне себеп болуы мүмкін бензалконий хлориді консерванты кіреді. Препаратты қолданар алдында линзаларды шешіп қойып, препаратты қолданғаннан кейін 15 минуттан кейін қайта кию керек. Бензалконий хлориді жұмсақ жанаспалы линзалардың түсін өзгерте алады.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Дорзасопт препаратын жүктілік кезінде қолдануға болмайды.
Дорзоламидтің емшек сүтіне енетіні белгісіз. Дорзасопт препаратын қолдану қажет болған жағдайда бала емізуден бас тарту керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың көлік құралын басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсері жөнінде қандай да бір зерттеулер жүргізілген жоқ. Көру айқындығының бұзылуы сияқты ықтимал жағымсыз реакциялар кейбір пациенттердің автокөлікті басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне теріс әсер етуі мүмкін.
5 мл препараттан тамшылатқыш-тығыны және бұралатын қорғаныш қалпақшасы бар, сақтандыратын сақинамен жабдықталған пластик құтыға құйылған.
1 құтыдан медициналық қолдану жөнінде қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.
Жарықтан қорғалған жерде, 25ºC-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
4 жыл
Құтыны ашқаннан кейін препаратты 4 апта ішінде пайдалану керек.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Наш сайт предлагает Вам возможность приобрести “дорзасопт көз тамшылары 5 мл” в аптеках городв . по доступным ценам. Удобное сопоставление стоимости, а также проверка доступности в аптеках. Информация о товаре включает в себя детальные инструкции и рекомендации по применению.
от
Ваша выгода до: 606₸
Выгода за счет лучшего поиска:
Средняя цена в Астане:
При заказе на Daribar от:
Ваша выгода до:
6196₸
5590₸
606₸