daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы Достинекс Таблеткалары 0,5 Мг №2 | Пфайзер Италия С.р.л.

Астане қаласындағы Достинекс Таблеткалары 0,5 Мг №2 | Пфайзер Италия С.р.л.

Халықаралық атауы:

Каберголин Дәрілік түрі, дозалануы 0,5 мг таблеткалар Фармакотерапиялық тобы Несеп-жыныс жүйесі және жыныс гормондары. Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа препараттар. Пролактин секрециясының тежегіштері. Каберголин АТХ коды: G02CB03

Өндіруші:

Пфайзер Италия С.р.л.

Өндіруші ел:

Итальянская Республика

Белсенді заттың дозасы:

0.5 мг

Дәрілік түрі:

0,5 мг таблеткалар Фармакотерапиялық тобы Несеп-жыныс жүйесі және жыныс гормондары. Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа препараттар. Пролактин секрециясының тежегіштері. Каберголин АТХ коды: G02CB03

Қаптамадағы саны:

2 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

босанғаннан кейінгі физиологиялық лактацияны болдырмау үшін

және босанғаннан кейін басталып кеткен лактацияны бәсеңдету үшін:

босанулардан кейін анасы емшек емізгісі келмеген жағдайда, немесе егер, анасына немесе баласына медициналық көрсетілімдер бойынша емшек емізу қарсы көрсетілімді болса;

шарана өлі туғаннан немесе аборттан кейін

Достинекс® пролактин секрециясын басу арқылы физиологиялық лактацияны болдырмайды.

аменорея, олигоменорея, ановуляция, галакторея сияқты, гиперпролактинемиямен байланысты бұзылуларды емдеу үшін

- гипофиздің пролактин секрециялайтын аденомаларында (микро - және макропролактиномаларда); идиопатиялық гиперпролактинемияда немесе гиперпролактинемиямен астасқан "бос" түрік ертоқымы синдромында, бұлар жоғарыда аталған клиникалық жай-күйлерде шешуші патологиялар болып табылады.

Қарсы көрсеткіштер

каберголинге, қастауыш алкалоидтары деп аталатын ұқсас дәрілік заттарға, немесе «Қосымша мәліметтер» бөлімінде атап көрсетілген осы дәрілік заттың кез келген басқа компоненттеріне аллергия бар болса;

өкпедегі, жүректегі немесе құрсақ қуысындағы фиброзданумен (тыртығы бар тіннің түзілуі) байланысты бастан өткерген аурулар;

бұрын болған жүрек клапанының зақымдану ауруы немесе қазір де ұзақ уақыттан бері бар жүрек клапанының ауруы, жүрек клапандарының зақымдануымен фиброздану (тыртығы бар тіннің түзілуі) жағдайларын қоса;

галактозаны көтере алмаушылық, Лапп лактазасы жеткіліксіздігі, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы;

жүктілік аясында дамыған артериялық гипертензия, мысалы, преэклампсия немесе босанғаннан кейінгі артериялық гипертензия;

16 жасқа дейінгі балаларға.

Сақтық шаралары

Жалпы ақпарат.

Қастауыш алкалоидтарының басқа туындылары сияқты, каберголинді келесі жағдайларда және/немесе аурулар кезінде сақтықпен тағайындау керек: жүрек-қантамыр жүйесінің ауыр аурулары, Рейно синдромы, пептидтік ойық жара, асқазан-ішектен қан кетулер, анамнезде ауыр психикалық аурулардың, әсіресе, психоздардың, ментальді бұзылыстардың болуы.

Галактозаны көтере алмаушылық, Лапп лактазасы жеткіліксіздігі немесе глюкоза мен галактозаның мальабсорбциясы сияқты сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттер Достинексті қабылдамауы керек.

Босанудан кейін лактацияны болдырмау үшін каберголинмен ем қабылдаған әйелдерде гипертензия, миокард инфарктісі, құрысулар, инсульт немесе психикалық бұзылыстар сияқиы күрделі жағымсыз құбылыстар туралы хабарланды. Кейбір пациенттерде құрысулардың немесе инсульттің дамуы алдында бастың қатты ауыруы және/немесе көрудің өткінші бұзылулары болды. Емдеу кезінде артериялық қысымды мұқият бақылау қажет. Артериялық гипертензия, кеуде қуысындағы күмәнді ауыру, ауыр, үдемелі немесе тұрақты бас ауыруы (көрудің бұзылуымен немесе онсыз) немесе орталық жүйке жүйесіне уыттылық әсерінің белгілері дамыған жағдайда каберголинмен емдеуді тоқтату және пациентті дереу тексеру қажет.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі (Чайлд-Пью жіктеуі бойынша С класы) бар, Достинекс препаратымен ұзақ уақыт емдеу көрсетілген пациенттерге препаратты төменірек дозаларда қабылдау мүмкіндігін қарастыру керек, препаратты 1 мг дозада бір рет қабылдаудан кейін AUC мәні дені сау еріктілерге және бауыр функциясы азырақ бұзылған тұлғаларға қарағанда жоғары болды.

Ортостатикалық гипотензия

Каберголинді қабылдағаннан кейін ортостатикалық гипотензия дамуы мүмкін. Гипотензиялық әсер беретін препараттармен емдеу аясында каберголинді сақтықпен қолдану керек.

Фиброз және жүрек вальвулопатиясы, сондай-ақ онымен байланысты деп болжанатын тектес клиникалық феномендер

5HT2B рецепторларының агонистері болып табылатын қастауыш алкалоидтары туындыларын, мысалы каберголинді ұзақ уақыт қолданғаннан кейін, плеврит, экссудативті плеврит, плеврофиброз, өкпе фиброзы, перикардит, экссудативті перикардит, жүректің бір немесе бірнеше клапанының (қолқаның, митральді және үшайқармалы клапанының) фиброзы немесе ретроперитонеальді фиброз сияқты, тіндердің фиброзымен және серозды қабықтардың қабынуымен жүретін жағдайлар байқалған. Кей жағдайларда, каберголинді тоқтатқаннан кейін жүрек вальвулопатиясы симптомдарының немесе көріністерінің қарқындылығы азайған.

Экссудативті плеврит/плеврофиброз дамыған жағдайда, эритроциттердің шөгу жылдамдығының (СОЭ) қалыптан жоғарылап артқаны тіркелген. ЭШЖ патологиялық тұрғыдан түсініксіз артуы жағдайында, кеуде қуысы ағзаларына рентгенография жүргізу ұсынылады.

Каберголиннің дозасы жинақталған жағдайда, вальвулопатия жағдайлары байқалған, соған байланысты, емдеу үшін препараттың ең аз тиімді дозасын пайдалану керек. Дәрігер пациентті әр тексерген сайын, каберголинді қолдануды әрі қарай жалғастыру қажеттілігін анықтау мақсатында, қолданудың ықтимал қаупі мен пайдасына баға беріп отыруға тиіс.

Препаратпен ұзақ уақыт бойы емдеуді бастағанға дейін

Жүрек клапандарының болуы мүмкін симптомсыз патологиясын анықтау үшін, барлық пациенттерге эхокардиографияны қоса, жүрек-қантамыр жүйесіне тексеру жүргізу қажет.

Сонымен қатар, емдеу басталғанға дейін эритроциттердің шөгу жылдамдығын (ЭШЖ) немесе басқа қабыну маркерлерінің деңгейін анықтау, өкпе функциясына баға беру, кеуде қуысы ағзаларына рентгенография жүргізу және бүйрек функциясын бағалау талапқа сай болады.

Клапандық регургитациясы бар пациенттерде негізгі ауру ағымының нашарлауы мүмкіндігі туралы мәліметтер жоқ. Жүрек клапандарының фиброзы анықталған жағдайда, каберголинді тағайындамау керек (4.3 бөлімін қараңыз).

Ұзақ уақыт емдеу үдерісінде

Фиброздық өзгерістер симптомсыз өрбуі мүмкін, сондықтан, үдемелі фиброз көріністерін анықтау мақсатында, пациенттерді жүйелі түрде қадағалап отыру қажет.

Сәйкесінше, емдеу кезінде келесі белгілер мен симптомдарға көңіл бөлу қажет:

диспноэмен, ентігумен, қатты жөтелмен немесе кеуде қуысының ауыруымен көрініс беруі мүмкін плевра-өкпе аурулары;

бүйрек жеткіліксіздігі, несепағарлардың немесе құрсақ қуысы қантамырларының обструкциясы, ол бел аумағының немесе бүйірдің ауыруымен және аяқтардың ісінуімен көрініс беруі мүмкін, сондай-ақ, кез келген көлемді түзілімдер немесе ретроперитонеальді фиброзды білдіруі мүмкін құрсақ қуысындағы ауырсынулар;

жүрек жеткіліксіздігі, өйткені клапандық немесе перикард фиброзы көбінесе жүрек жеткіліксіздігімен көрініс береді. Сол себепті, аталған симптомдар пайда болған жағдайда, клапандар фиброзының (және констриктивтік перикардиттің) бар-жоқтығын анықтау қажет.

Фиброздық өзгерістерді анықтау мақсатында тиісінше клиникалық-диагностикалық мониторинг жүргізу ұсынылады. Емдеуді бастағаннан кейін алғашқы эхокардиографиялық тексеруді 3–6 ай ішінде жүргізу қажет; кейіннен эхокардиографиялық тексеру қажеттілігі әр нақты жағдайда, жоғарыда аталған белгілер мен симптомдарға айрықша көңіл бөле отырып, тиісінше клиникалық тексерудің нәтижелерінен анықталуы тиіс, бірақ ол 6–12 айда бір реттен сирек жүргізілмеуге тиіс.

Эхокардиография жүргізгенде және клапандық регургитация, клапан айқармаларының қозғалғыштығының шектелуі немесе олардың жуандауы анықталған жағдайда, сондай-ақ, аталған жағдайлар ағымының ауырлау белгілері анықталған жағдайда, каберголинмен емдеу тоқтатылуға тиіс (4.3 бөлімін қараңыз).

Тексерудің басқа әдістерін (мысалы, жүрек аускультациясын қоса, клиникалық тексеруді, рентгенологиялық зерттеулерді және компьютерлік томографияны) пайдалану қажеттілігі жекелей анықталуы тиіс.

Фиброздық өзгерістерді растау қажет болған жағдайда, қосымша зертханалық тексеру, мысалы эритроциттердің шөгу жылдамдығын (ЭШЖ) және сарысудағы креатинин мөлшерін анықтауды жүргізу керек.

Ұйқышылдық немесе кенеттен ұйықтап кету

Каберголинді қолдану ұйқышылдықтың дамуымен қатар жүрген. Дофамин агонистерін қолдану Паркинсон ауруы бар пациенттерде кенеттен ұйықтап кету көріністерімен қатар жүруі мүмкін. Ондай жағдайларда Достинекс дозасын азайту немесе емдеуді тоқтату ұсынылады (4.7 «Көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсері» бөлімін қараңыз).

Физиологиялық лактацияны болдырмау және бәсеңдету

Қастауыш алкалоидтарының басқа туындылары сияқты, каберголинді препаратты қолданудың ықтимал пайдасы емдеумен байланысты болуы мүмкін қауіптен асып түсетін жағдайларда болмаса, жүктілік түрткі болған артериялық гипертензиясы, мысалы преэклампсиясы немесе босанғаннан кейінгі гипертензиясы бар әйелдерге тағайындамау керек.

Баласын емізетін, лактацияны бәсеңдету үшін каберголинді қабылдап жүрген аналарда постуральді гипотензияның туындауын болдырмау үшін оның бір реттік дозасы 0,25 мг-ден аспауға.

Гиперпролактинемия түрткі болған бұзылуларды емдеу

Аменореямен немесе галактореямен және бедеулікпен жүретін гиперпролактинемия гипофиз ісіктері кезінде байқалуы мүмкіндігіне байланысты, каберголинмен емдеуді бастағанға дейін аталған бездің функциясы жан-жақты зерттелуі тиіс.

Каберголин гиперпролактинемиялық гипогонадизмі бар әйелдерде овуляция мен фертильділікті қалпына келтіреді.

Каберголинмен емдеуді бастағанға дейін жүктіліктің бар-жоқтығын анықтау керек. Каберголиннің клиникада қолданылу тәжірибесінің әлі де жеткіліксіздігіне және оның жартылай шығарылу кезеңінің ұзақтығына байланысты, жүктілікті қалайтын әйелдерге овуляция циклдары пайда болғаннан кейінгі сақтық шарасы ретінде каберголинді қабылдауды болжамды ұрықтануға дейін бір ай бұрын тоқтату ұсынылады.

Жүктілік етеккір қалпына келгенге дейін басталып кетуі мүмкін болғандықтан, жүктілікті анықтауға арналған тестіні аменорея кезеңі ішінде 4 аптада бір реттен сиретпей, ал етеккір қалпына келгеннен кейін - етеккірдің 3 күннен артық кідіруі байқалған сайын жүргізу ұсынылады. Жүктіліктен сақтанғысы келетін әйелдерге, каберголинмен емделу кезінде, сондай-ақ, препаратты тоқтатқаннан кейін және ановуляция қайталанғанға дейін контрацепцияның бөгеттік әдістерін пайдалану керек.

Жүктілігі басталып кеткен әйелдер гипофиз ұлғаюының симптомдарын дер кезінде анықтау үшін дәрігердің қадағалауында болуы тиіс, өйткені, жүктілік кезінде гипофиздің бұрыннан бар ісіктерінің өлшемдері ұлғаюы мүмкін.

Психикалық бұзылыстар

Қозудың бақылануы бұзылыстарының белгілерін анықтау мақсатында пациенттерді жүйелі түрде қадағалап отыру керек. Пациенттер және оларға күтім жасайтын адамдар, дофамин агонистерімен, соның ішінде Достинекспен емделу кезінде мінез-құлықтарында құмар ойындарға патологиялық құмартуды, либидо жоғарылауын, гиперсексуалдылықты, компульсивтік шығынданулар немесе сатып алуларды, импульсивтік ашқарақтық пен компульсивтік артық тамақтануды қоса, қозудың бақылануы бұзылыстарының симптомдары туындауы мүмкіндігінен хабардар болуға тиіс. Ондай симптомдар туындаған жағдайда, дозасын азайту және препаратты біртіндеп тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалану режимі

Пациент препаратты әрқашанда дәрігердің ұсынымдарына сәйкес қабылдауы қажет. Егер препаратты қабылдауға қатысты күмәндар пайда болса, емдеуші дәрігерден кеңес алу қажет.

Препараттың ұсынылатын дозалары төмнде көрсетілген.

Сүт өндірілуін (лактацияны) болдырмау үшін: босанудан кейінгі алғашқы күндері Достинекс® препаратының 0,5 мг 2 таблеткасы.

Емшек емізуді бастағаннан кейін сүт өндірілуін тоқтату үшін: Достинекс® 0,5 мг таблеткасының жартысын екі күн бойы әр 12 сағат сайын.

Басқа аурулар кезінде (гиперпролактинемия) пролактиннің деңгейін төмендету үшін: әуелі 0,5 мг бір таблетканы тұтастай қабылдау немесе оны бір аптаның ішінде екі дозаға бөлу қажет (мысалы, жарты таблеткасын дүйсенбіде, ал екінші жарты таблетканы бейсенбіде). Содан соң дәрігер пациенттің симптомдарын бақылауға қажетті дозаны анықтау үшін дозаны бірте-бірте арттыруы мүмкін, ол аптасына 4,5 мг (Достинекс® 0,5 мг 9 таблеткасы) дейін жетуі мүмкін.

Күніне 3 мг-ден (Достинекс® 0,5 мг 6 таблеткасы) артық қабылдамау керек.

Енгізу әдісі және жолы

Жағымсыз әсерлерінің айқындығын азайту үшін, Достинекс® таблеткаларын ішке, дұрысы тамақтан кейін қабылдаңыз. Таблетканы тұтастай, стақан сумен ішу арқылы жұтыңыз.

Балалар мен жасөспірімдерде қолданылуы

Достинексті® 16 жасқа дейінгі балалардың қабылдауы ұсынылмайды.

Егде жастағы пациенттер

Препаратты егде жастағы пациенттерде қолдану туралы деректер өте шектеулі. Қазіргі уақытта спецификалық қауіптері белгісіз.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Достинекс® препаратын көп мөлшерде абайсызда қабылдаған жағдайда жүрек айну, құсу, асқазанның бұзылуы, отырған немесе жатқан күйден тік тұрған күйге ауысқан кезде артериялық қысымның төмендеуі, сананың шатасуы, психоз (мысалы, шынайылықты қабылдаудың өзгеруі, ойлаудың өзгеруі, эмоционалдық жай-күйлер, оғаш мінез-құлық), елестеулер сияқты симптомдар туындауы мүмкін. Мұндай жағдайда дереу дәрігерге немесе ең жақын ауруханадағы шұғыл көмек бөліміне жүгіну керек.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозаларын өткізіп алғанда қажет болатын шаралар

Препаратты қабылдауды өткізіп алмау маңызды. Егер препаратты әдтеттегі уақытта қабылдау өткізіп алынса, оны пациент есіне түсіре салысымен қабылдауы қажет, ал содан кейін әдеттегідей қабылдауы керек. Өткізіп алған дозаның орнын толтыру үшін екі есе дозаны қабылдауға болмайды.

Тоқтату симптомдарының бар екенін көрсету

Дәрігер Достинексті® қанша уақыт бойы қабылдау керектігі туралы кеңес беруге тиіс. Дәрігердің өзі айтпайынша, препаратты қабылдауды тоқтатуға болмайды. Егер пациент әйел Достинекс® препаратын қабылдауды тоқтатқысы келсе, алдымен мұны дәрігерге хабарлауы қажет, өйткені оның ауруы нашарлауы немесе қайтадан пайда болуы мүмкін.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар

Егер осы дәрілік препаратты қолдану жөнінде қосымша сұрақтар туындаса, емдеуші дәрігерден немесе фармацевтен кеңес алу қажет.

Артық дозалану

Достинекс® препаратын көп мөлшерде абайсызда қабылдаған жағдайда жүрек айну, құсу, асқазанның бұзылуы, отырған немесе жатқан күйден тік тұрған күйге ауысқан кезде артериялық қысымның төмендеуі, сананың шатасуы, психоз (мысалы, шынайылықты қабылдаудың өзгеруі, ойлаудың өзгеруі, эмоционалдық жай-күйлер, оғаш мінез-құлық), елестеулер сияқты симптомдар туындауы мүмкін. Мұндай жағдайда дереу дәрігерге немесе ең жақын ауруханадағы шұғыл көмек бөліміне жүгіну керек.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозаларын өткізіп алғанда қажет болатын шаралар

Препаратты қабылдауды өткізіп алмау маңызды. Егер препаратты әдтеттегі уақытта қабылдау өткізіп алынса, оны пациент есіне түсіре салысымен қабылдауы қажет, ал содан кейін әдеттегідей қабылдауы керек. Өткізіп алған дозаның орнын толтыру үшін екі есе дозаны қабылдауға болмайды.

Тоқтату симптомдарының бар екенін көрсету

Дәрігер Достинексті® қанша уақыт бойы қабылдау керектігі туралы кеңес беруге тиіс. Дәрігердің өзі айтпайынша, препаратты қабылдауды тоқтатуға болмайды. Егер пациент әйел Достинекс® препаратын қабылдауды тоқтатқысы келсе, алдымен мұны дәрігерге хабарлауы қажет, өйткені оның ауруы нашарлауы немесе қайтадан пайда болуы мүмкін.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар

Егер осы дәрілік препаратты қолдану жөнінде қосымша сұрақтар туындаса, емдеуші дәрігерден немесе фармацевтен кеңес алу қажет.

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынадыДостинекс таблеткалары 0,5 мг №2дәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube