daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы Famciclovir Viva Farm Таблеткалары 250 Мг №21 | ТОО Вива Фарм

Астане қаласындағы Famciclovir Viva Farm Таблеткалары 250 Мг №21 | ТОО Вива Фарм
Сипаттама:

Дөңгелек екі жағы дөңес, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Халықаралық атауы:

Фамцикловир

Өндіруші:

ТОО Вива Фарм

Өндіруші ел:

Казахстан

Белсенді заттың дозасы:

250 мг

Дәрілік түрі:

Қабықпен қапталған таблеткалар, 125 мг және 250 мг

Қаптамадағы саны:

21 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Varicella zoster вирусынан туындаған инфекциялар:

иммундық статусы қалыпты ересек пациенттердегі офтальмогерпесті қоса, белдемелі теміреткіні емдеуде

иммундық статусы төмендеген ересек пациенттердегі белдемелі теміреткіні емдеуде

Herpes simplex вирусынан туындаған инфекциялар:

иммундық статусы қалыпты ересек пациенттердегі генитальді герпестің бірінші білінулерін және қайталануларын емдеуде

иммундық статусы төмендеген ересек пациенттердегі генитальді герпестің қайталануларын емдеуде

иммундық статусы қалыпты ересек пациенттердегі және иммундық статусы төмендеген ересек пациенттердегі қайталанатын генитальді герпестің супрессиясында

Қарсы көрсеткіштер

фамцикловирге, пенцикловирге немесе препараттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

жүктілік және лактация кезеңі

туа біткен тұлғалардың галактоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Бүйрек функциясы бұзылуы бар, дозасын реттеу керек пациенттерге ерекше назар аудару қажет.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолданылуы

Ауыр бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде фамцикловир әсері зерттелмеген. Фамцикловирдің пенцикловир белсенді метаболитіне қайта айналуы бұндай пациенттерде бұзылуы мүмкін, бұл қан плазмасындағы пенцикловир концентрациясының төмендеуіне әкелуі мүмкін және соның салдары сынды фамцикловир әсерінің төмендеуі бақылануы мүмкін.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Өзара әрекеттесуінің қандай да бір елеулі клиникалық түрі анықталмады.

Пробенецидпен бір мезгілде қолдану элиминациясындағы бәсекелестік есебінен қан плазмасындағы пенцикловирдің концентрациясын (фамцикловирдің белсенді метаболиті) ұлғайтуы мүмкін. Демек, фамцикловирді 500 мг дозада тәулігіне 3 рет пробеницидпен бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде уыттылығы бақылануы тиіс. Егер пациенттер қатты бас айналуы, ұйқышылдық, сананың шатасуы немесе орталық жүйке жүйесінің тарапынан басқа бұзылуларды бастан өткерсе, Фамцикловир Вива Фарм дозасын тәулігіне 3 рет 250 мг дейінгі дозада төмендету мүмкіндігін қарастыру керек.

Белсенді емес метаболит - 6-деоксипенцикловирдің пенцикловирге айналуы альдегидоксидаза ферментімен катализденеді. Фамцикловирді альдегидоксидазаның күшті тежегіші - ралоксифенмен бірге in vitro қабылдағанда фамцикловирден пенцикловир түзілуінің төмендеуі, осының салдарынан, фамцикловирдің тиімділігі төмендеуі ықтимал. Фамцикловир мен ралоксифен бір мезгілде қолданылғанда вирусқа қарсы емнің клиникалық тиімділігін бақылау қажет.

Арнайы ескертулер

Белдемелі теміреткіні емдеуге қолданылуы

Клиникалық жауапты, атап айтқанда иммунитеті төмен пациенттерде мұқият қадағалау керек. Егер ішу арқылы қабылданатын емге жауап жеткіліксіз деп саналса, венаішілік вирусқа қарсы емді қолдану мүмкіндігін қарастыру керек.

Асқынған белдемелі теміреткісі бар, мысалы ішкі ағзаларының зақымдануы бар, диссеминацияланған белдемелі теміреткісі, моторлы нейропатиясы, энцефалит және цереброваскулярлық асқынулары бар пациенттер вена ішіне вирусқа қарсы емді қолдануы тиіс.

Иммунитеті әлсіз және офтальмологиялық түрдегі белдемелі теміреткісі бар немесе ауру таралуы қаупі жоғары пациенттер және ішкі ағзалар зақымдануы бар пациенттер венаішілік вирусқа қарсы емді қолдануы керек.

Генитальді герпестің берілуі

Пациенттерге егер симптомдары болса, тіпті егер вирусқа қарсы емді бастап қойса да, жыныстық қатынастан аулақ болу ұсынылады. Вирусқа қарсы дәрілермен супрессиялық ем барысында вирустың бөліну жиілігі елеулі төмендейді. Алайда берілу қаупі теориялық тұрғыда мүмкін болып қала береді, сондықтан пациенттер тиісінше контрацепциялық заттарды қолдануы керек.

Фертильдік

Фамцикловир тәулігіне екі рет 250 мг дозада пероральді түрде қабылдағанда ұзақ емдеуден кейін ерлердің фертильділігіне әсер етпейді.

Дәрілік заттың автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қолданған кезде бас ауыру, бас айналу, сананың шатасуы немесе елестеулер пайда болғанда автокөлікті немесе басқа аса қауіпті механизмдер басқару ұсынылмайды.

Өзара әрекеттесуі

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Иммундық статусы қалыпты ересек пациенттердегі белдемелі теміреткі және офтальмогерпес

Тәулігіне 3 рет 500 мг 7 күн бойы.

Белдемелі теміреткі немесе офтальмогерпес диагнозы анықталғаннан кейін емді мүмкін болғанша тезірек бастаған жөн.

Иммундық статусы төмен ересек пациенттердегі белдемелі теміреткі

10 күн бойы тәулігіне 3 рет 500 мг. Белдемелі теміреткі диагнозы анықталғаннан кейін емді мүмкін болғанша тезірек бастаған жөн.

Иммундық статусы қалыпты ересек пациенттердегі генитальдік герпес

Алғашқы генитальді герпесте ұсынылатын препарат дозасы 5 күн бойы тәулігіне 3 рет 250 мг құрайды.

Генитальді герпес эпизодының диагнозы анықталғаннан кейін емді мүмкін болғанша тезірек бастаған жөн.

Қайталанатын генитальді герпесте препаратты 5 күн бойы тәулігіне 2 рет 125 мг тағайындалады. Емдеуді қайталанудың алғашқы симптомдарында (шаншу, қышыну, ашыту, ауыру немесе бөрту) мүмкін болғанша тезірек бастаған жөн.

Иммундық статусы төмедеген ересек пациенттердегі қайталанатын генитальді герпес

Қайталанатын генитальді герпес кезінде препаратты 7 күн бойы тәулігіне 2 рет 500 мг дозасы ұсынылады. Емдеуді қайталанудың алғашқы симптомдарында (шаншу, қышыну, ашыту, ауыру немесе бөрту) мүмкін болғанша тезірек бастаған жөн.

Иммундық статусы қалыпты ересек пациенттердегі қайталанатын генитальді герпесті супрессиялық емдеу

250 мг препараттан тәулігіне 2 рет. Қайталанулардың жиілігі мен ауырлығын анықтау үшін үздіксіз емнің ең көп дегенде 12 айы өткен соң супрессиялық емге бағалауды жүргізу ұсынылады. Ең аз баға беру мерзімі екі қайталануды қамтуы тиіс. Елеулі ауруы сақталған пациенттерде супрессиялық емді жаңартуға болады.

Иммундық статусы төмендеген ересек пациенттердегі генитальді герпесті супрессиялық емдеу

500 мг препараттан тәулігіне 2 рет.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер

Бүйрек функциясы бұзылуы бар пациенттерде фамцикловирдің белсенді метаболиті пенцикловир клиренсінің азаюы білінеді. Дозалау режимін креатинин клиренсіне (Cl) қарай түзету 1 кестеде берілген.

1 кесте

Бүйрек жеткіліксіздігі бар ересек пациенттер үшін дозалау режимі

Шығарылу түрі

10 таблеткадан (125 мг доза үшін) немесе 7 таблеткадан (250 мг доза үшін) поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

1 (125 мг доза үшін) немесе 3 (250 мг доза үшін) пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынадыFamciclovir Viva Farm таблеткалары 250 мг №21дәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube