daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы Fangiflu Капсулалары 150 Мг №1 | Эдж Фарма Прайвет Лимитед

Сипаттама:

Ақ түсті корпустан және қызғылт түсті қақпақшадан тұратын № 2 қатты желатинді капсула. Капсуланың ішінде – ақ немесе ақ дерлік түсті ұнтақ.

Халықаралық атауы:

Флуконазол

Өндіруші:

Эдж Фарма Прайвет Лимитед

Өндіруші ел:

Республика Индия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: лактоза, жүгері крахмалы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий лаурилсульфаты, магний стеараты капсула құрамының қабығы: флоксин В, күн батар түстес сары (Е110), титанның қостотығы (Е 171), желатин. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Ақ түсті корпустан және қызғылт түсті қақпақшадан тұратын № 2 қатты желатинді капсула. Капсуланың ішінде – ақ немесе ақ дерлік түсті ұнтақ.

Белсенді заттың дозасы:

150 мг

Қаптамадағы саны:

1 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Фангифлю ересектерге келесі зеңдік инфекцияны емдеу үшін тағайындалады:

- криптококкты менингит

- кокцидиоидомикоз

- инвазиялық кандидоз

- шырышты қабықтың кандидозы (соның ішінде орофарингеальді кандидоз, өңеш кандидозы, кандидурия және созылмалы тері-шырышты кандидоз)

- ауыз қуысының созылмалы атрофиялық кандидозы (тіс протездерін пайдаланумен байланысты), ауыз қуысының гигиенасын сақтау немесе жергілікті емдеу жеткіліксіз болғанда

- қынаптық кандидоз, жедел немесе қайталанатын, жергілікті ем тиімсіз болғанда

- кандидоздық баланит, жергілікті ем тиімсіз болғанда

- табан микозы, дене микозын қоса дерматомикоз, tinea versicolor және тері кандидоздық инфекциялары, жүйелік ем көрсетілгенде

- tinea unguinium (онихомикоз), басқа препараттар тиімсіз болған кезде.

Қарсы көрсеткіштер

- флуконазолға, азолдық зат тектестерге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- флуконазолды тәулігіне 400 мг немесе одан көп дозада көп рет қолданғанда терфенадинді бір мезгілде қабылдау;

- QT аралығын ұзартатын және Р450 (CYP3) 3A4 цитохромы арқылы метаболизденетін, цизаприд, астемизол, пимозид, хинидин және эритромицин сияқты басқа дәрілік препараттарды флуконазол қабылдайтын пациенттерге бір мезгілде қолдануға болмайды

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (препараттың құрамында балаларға қолдануға тыйым салынған күн батар түстес сары (Е110) бар)

-тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға

Сақтық шаралары

Бастың шашты бөлігінің микозы (tinea capitis)

Флуконазол балалардағы tinea capitis емдеу үшін зерттелді. Оның гризеофульвиннен басым еместігі, ал тиімділігінің жалпы көрсеткіші 20%-дан азды құрайтыны дәлелденді. Сондықтан Фангифлюді tinea capitis емдеу үшін пайдаланбаған жөн.

Криптококкоз

Басқа бөлікте орналасқан криптококкозды (мысалы, өкпенің және терінің криптококкозы) емдеу үшін флуконазолдың тиімділігіне дәлелдер шектеулі, бұл дозалануы бойынша нұсқауларды жоққа шығарады.

Терең эндемиялық микоздар

Эндемиялық микоздардың паракокцидиоидомикоз, лимфа түйіндік споротрихоз және гистоплазмоз сияқты басқа түрлерін емдеу үшін флуконазолдың тиімділігіне дәлелдер жеткіліксіз, бұл дозалануы бойынша нақты нұсқауларды жоққа шығарады.

Несеп шығару жүйесі

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге Фангифлюді сақтықпен тағайындаған жөн.

Бүйрекүсті безі жеткіліксіздігі

Кетоконазол бүйрекүсті безі жеткіліксіздігін туындататыны белгілі, және бұл флуконазолға да қатысты болуы мүмкін. Бүйрекүсті безі жеткіліксіздігі преднизонмен қатарлас емдеуге байланысты.

Гепатобилиарлы жүйе

Бауыр функциясы бұзылған пациенттерге Фангифлюді сақтықпен тағайындау керек.

Фангифлю, ең алдымен күрделі аурулары бар пациенттерде бауырдың күрделі уыттылығының, оның ішінде өліммен аяқталудың сирек жағдайларымен астасады. Флуконазолға байланысты гепатоуыттылық жағдайларында жалпы тәуліктік дозамен, емдеу ұзақтығымен, пациенттің жынысымен және жасымен айқын тәуелділік байқалған жоқ. Флуконазолдың гепатоуыттылығы әдетте емді тоқтатқан кезде қайтымды болады. Препаратпен емдеу кезінде бауыр функциясының көрсеткіштері бұзылған пациенттер бауырдың неғұрлым ауыр зақымдану белгілерін анықтау мақсатында бақылауда болуы тиіс.

Флуконазолды қолданумен байланысты болуы мүмкін бауыр зақымдануының клиникалық белгілері немесе симптомдары (елеулі астения, анорексия, жүректің тұрақты айнуы, құсу және сарғаю) пайда болған жағдайда препаратты қабылдауды тоқтату керек.

Жүрек-қантамыр жүйесі

Флуконазолды қоса, кейбір азолдар электрокардиограммада QT аралығының ұзаруымен байланысты болды. Флуконазол QT аралығының ұзаруын калий ағынының түзелуін тежеу арқылы туындатады. Басқа дәрілік заттардан болған (амиодарон сияқты) QT аралығының ұзаруы P450 (CYP) цитохромы 3A4 изоферменті тежегіштері арқылы күшеюі мүмкін. Постмаркетингтік бақылау кезінде Фангифлю қабылдап жүрген пациенттерде QT аралығы ұзаруының және екі бағытты тахикардия жағдайлары өте сирек байқалды. Есепке сондай-ақ жүректің құрылымдық жеткіліксіздігі, электролиттік аномалиялар және қатарлас емдеу сияқты, осы жай-күйлерге түрткі болуы мүмкін көптеген аралас қауіп факторлары бар ауыр науқасты пациенттер де қамтылды. Гипокалиемиясы және үдемелі жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде өмірге қауіпті қарыншалық аритмия мен екі бағытты тахикардияның туындау қаупі жоғарылайды.

Осындай әлеуетті проаритмогендік жағдайлары бар пациенттерге Фангифлюді сақтықпен тағайындаған жөн.

Препаратты QT аралығын ұзартатын және Р450 (CYP) 3A4 цитохромы арқылы метаболизденетін басқа дәрілік препараттармен бір мезгілде енгізуге болмайды.

Галофантрин

Галофантриннің ұсынылған емдік дозада QTс аралығын ұзартатыны және CYP3A4 субстраты болып табылатыны көрсетілді. Сондықтан флуконазол мен галофантрин бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Дерматологиялық реакциялар

Флуконазолмен емдеу кезінде пациенттерде сирек жағдайларда Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермалық некролиз сияқты эксфолиативтік тері реакциялары дамыды. Флуконазолды қолданған кезде эозинофилиямен және жүйелік көріністермен (DRESS-синдромы) дәрілік реакцияның дамуы туралы хабарланды. ЖИТС-пен ауыратын пациенттер көптеген дәрілік заттарға ауыр тері реакцияларының дамуына өте бейім. Беткейлік зеңдік инфекциясы бар пациентті емдеу кезінде флуконазолды қолданумен байланысты деп саналатын бөртпелер пайда болса, бұл дәрілік затпен әрі қарай емдеуді тоқтатқан жөн. Егер инвазиялық/жүйелі зеңдік инфекциялары бар пациенттерде бөртпелер пайда болса, оларды мұқият бақылау және буллезді зақымдар немесе мультиформалы эритема пайда болғанда, флуконазол енгізуді тоқтату керек.

Жоғары сезімталдық (аса жоғары сезімталдық)

Сирек жағдайларда анафилаксия туралы хабарланды.

Цитохром P450

Флуконазол CYP2C9 күшті тежегіші және CYP3A4 орташа тежегіші болып табылады. Флуконазол сондай-ақ CYP2C19 тежегіші болып табылады. Фангифлюмен емдегенде, CYP2C9, CYP2C19 және CYP3A4 арқылы метаболизденетін емдік аясы тар дәрілік заттарды бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерді мұқият бақылау қажет.

Терфенадин

Тәулігіне 400 мг-ден төмен дозадағы флуконазолды терфенадинмен бір мезгілде енгізгенде мұқият бақылау қажет.

Қосымша заттар

Лактоза

Капсула құрамында 27.80 мг мөлшерде лактоза бар. Сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер бұл дәріні қабылдамауы тиіс. Қант диабетімен ауыратын пациенттерге сақтықпен тағайындаңыз.

Натрий

Препараттың құрамында натрий лаурилсульфаты бір реттік дозада 0,25 мг мөлшерде бар, препарат натрийден бос болып есептелінеді.

Күн батар түстес сары (Е110)

Препараттың құрамында күн батар түстес сары (E110) 0.021 мг мөлшерде бар, аллергиялық реакциялар туындауы мүмкін, 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге препаратты қолдануға болмайды.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Келесі дәрілік заттарды бірге қолдануға болмайды

Цизаприд: флуконазол мен цизаприд тағайындалған пациенттерде екі бағытты тахикардияны қоса, жүрек тарапынан жағымсыз реакциялар туралы хабарламалар келіп түскен. Бақыланатын зерттеуде күніне бір рет 200 мг флуконазолды және күніне төрт рет 20 мг цизапридті үйлестіріп қолдану цизапридтің плазмадағы деңгейлерінің едәуір жоғарылауына және QTс аралығының ұзаруына әкелетіні анықталды. Флуконазол мен цизапридті бір мезгілде қолдануға болмайды.

Терфенадин: зеңге қарсы азольді дәрілерді терфенадинмен бірге қабылдаған пациенттерде, QТс аралығының ұзаруы нәтижесінде күрделі жүрек аритмиялары пайда болуы салдарынан, өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілді. Бір зерттеуде флуконазолдың 200 мг дозасымен QT аралығының ұзарғанын көріністеу мүмкін болған жоқ. Флуконазолды 400 мг және 800 мг дозаларда қолданған басқа зерттеуде күніне 400 мг және одан жоғары дозаларда бір мезгілде қабылданған флуконазол плазмада терфенадин деңгейін едәуір арттыратынын көрсетті. Флуконазолды 400 мг және одан көбірек дозаларда терфенадинмен бірге пайдалануға болмайды. Күніне 400 мг-ден төмен дозалардағы флуконазолды терфенадинмен бірге енгізуді мұқият бақылау керек.

Астемизол: флуконазолды астемизолмен бір мезгілде қолдану астемизолдың клиренсін төмендетуі мүмкін. Астемизолдың плазмадағы концентрациясының ұлғаюы нәтижесінде QT аралығының ұзаруы және екі бағытты тахикардияның сирек пайда болуы мүмкін. Флуконазол мен астемизолды бірге қолдануға болмайды.

Пимозид: іn vitro немесе in vivo зерттеулерінің жоқтығына қарамастан, флуконазол мен пимозидті қатар қолдану пимозидтің метаболизмінің тежелуіне әкеліп соғуы мүмкін. Пимозидтің плазмадағы концентрациясының ұлғаюы QT аралығының ұзаруына және екі бағытты тахикардияның сирек пайда болуына әкелуі мүмкін. Флуконазол мен пимозидті бірге енгізуге болмайды.

Хинидин: іn vitro немесе in vivo зерттеулерінің жоқтығына қарамастан, флуконазол мен хинидинді қатар енгізу хинидин метаболизмінің тежелуіне әкеліп соғуы мүмкін. Хинидинді пайдалану QT аралығының ұзаруымен және екі бағытты тахикардияның сирек пайда болуымен байланысты. Флуконазол мен хинидинді бірге енгізуге болмайды.

Эритромицин: флуконазол мен эритромицинді бірге қолдану кардиоуыттылық қаупін (QT аралығының ұзаруы, екі бағытты тахикардия) арттыруы және осының салдарынан, жүректің кенет тоқтап қалуы мүмкін. Флуконазол мен эритромицинді бірге енгізуге болмайды.

Келесі дәрілік заттарды бірге қолдану ұсынылмайды

Галофантрин: флуконазол CYP3A4 тежеу әсерінен плазмада галофантриннің концентрациясын арттыруы мүмкін. Флуконазол мен галофантринді бірге қолдану кардиоуыттылықтың қаупін арттыруы (QT аралығының ұзаруы, екі бағытты тахикардия), және осының салдарынан, жүрек кенет тоқтап қалуы мүмкін. Мұндай біріктірілімнен аулақ болу керек.

Бірге қолданғанда, сақтық таныту керек

Амиодарон: флуконазолды амиодаронмен қатарлас енгізу QT аралығының ұзаруына алып келуі мүмкін. Егер флуконазол мен амиодаронды, әсіресе флуконазолдың жоғары дозасында (800 мг) қолдану қажет болған жағдайда, сақтық таныту керек.

Сақтық шараларын және дозаны түзетуді талап ететін дәрілік заттарды біріктіріп қолдану

Басқа дәрілік заттардың флуконазолға әсері

Рифампицин: флуконазол мен рифампицинді бірге тағайындау флуконазолдың AUC мәнінің 25%-ға азаюына және жартылай шығарылу кезеңінің 20%-ға төмендеуіне әкеледі. Рифампицинді қатар қабылдап жүрген пациенттерде флуконазол дозасын арттыруды ескеру керек.

Өзара әрекеттесуге жүргізілген зерттеулер флуконазолды тамақпен, циметидинмен, антацидтермен пероральді қабылдағанда, немесе сүйек кемігін ауыстыру кезінде бүкіл денені толық сәулелендіруден кейін флуконазолдың сіңірілуінің клиникалық тұрғыдан маңызды нашарлауы болмайтынын көрсетті.

Гидрохлоротиазид

Флуконазол қабылдаған пациенттерде гидрохлортиазидтің бірнеше дозаларын бірге енгізу плазмада флуконазолдың концентрациясын 40%-ға арттырды. Мұндай әсер диуретиктерді қатарлас қабылдап жүрген субъектілерде флуконазолды қабылдау режимін өзгертуге әкелуі тиіс емес.

Флуконазолдың басқа дәрілік заттарға әсері

Флуконазол Р450 (СYР) цитохромының 2С9 изоферментінің күшті тежегіші және СYР3А4 орташа тежегіші болып табылады. Флуконазол сондай-ақ CYP2C19 изоферментінің де тежегіші болып табылады. Төменде аталған бақыланған/құжатталған өзара әрекеттесулерге қосымша, флуконазолмен үйлестірілген СYР2С9, CYP2C19 және СYР3А4 метаболизденетін басқа да қосылыстардың плазмадағы концентрацияларының жоғарылау қаупі бар. Сондықтан осы біріктірілімдерді пайдаланғанда сақтық танытқан жөн, және пациенттерді мұқият бақылау керек. Флуконазолдың ферментке тежегіш әсері, оның жартылай шығарылу кезеңінің ұзақ болуымен байланысты, флуконазолмен емдеуді тоқтатқаннан кейін 4-5 күн бойы сақталады.

Альфентанил: флуконазолмен (400 мг) және венаішілік альфентанилмен (20 мкг/кг) бір мезгілде емдегенде, дені сау еріктілерде альфентанилдің AUC 10 мәні CYP3A4 тежеу арқылы болуы мүмкін, 2 есе өсті. Альфентанил дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Амитриптилин, нортриптилин: флуконазол амитриптилин мен нортриптилиннің әсерін күшейтеді. 5-нортриптилинді және/немесе S-амитриптилинді біріктірілген емді бастаған кезде және бір аптадан соң өлшеуге болады. Қажет болған кезде амитриптилин/нортриптилин дозасын түзеткен жөн.

B амфотерицин: флуконазолды және В амфотерицинді қалыпты және иммуносупрессияланған тышқандарда бір мезгілде енгізу мынадай нәтижелерді көрсетті: жүйелі C. аlbicans инфекциясында зеңге қарсы аздаған әсер, бассүйекішілік Cryptococcus neoformans инфекциясында өзара әрекеттесудің болмауы және жүйелі Aspergillus fumigatus инфекциясында екі дәрілік препараттың антагонизмі. Осы зерттеулер барысында алынған нәтижелердің клиникалық мәні белгісіз.

Антикоагулянттар: постмаркетингтік зерттеуде, зеңге қарсы басқа азольді дәрілерді қолданған кездегідей, флуконазол мен варфаринді бір мезгілде қабылдаған пациенттерде протромбиндік уақыттың ұзаруымен байланысты қан кету жағдайлары (қанталау, мұрыннан қан кету, асқазан-ішектен қан кету, гематурия және мелена) туралы хабарланды. Флуконазолмен және варфаринмен бір мезгілде емдегенде, CYP2С9 арқылы варфарин метаболизмінің тежелуі салдарынан болуы мүмкін, протромбиндік уақыт 2 есе жоғарылады. Кумарин типтес антикоагулянттарды немесе индандионды флуконазолмен бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерде протромбиндік уақытты мұқият бақылау керек. Антикоагулянттың дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Бензодиазепиндер (қысқа әсерлі), яғни мидазолам, триазолам: мидазоламды пероральді енгізгеннен кейін, флуконазол мидазолам концентрациясының және психомоторлық әсерлердің едәуір жоғарылауына әкелді. 200 мг флуконазолды және 7.5 мг мидазоламды пероральді қатарлас қолдану мидазоламның AUC және жартылай ыдырау кезеңін, сәйкесінше, 3,7 есе және 2,2 есе арттырды. Күніне 200 мг флуконазол 0,25 мг триазоламды пероральді бір мезгілде қолданғанда триазоламның AUC және жартылай ыдырау кезеңін, сәйкесінше, 4,4 есе және 2,3 есе жоғарылатты. Флуконазолмен бір мезгілде емдегенде триазоламның әсерінің потенциялануы және ұзаққа созылуы байқалды. Егер флуконазолды қабылдайтын пациенттерге бензодиазепинмен қатар емдеу қажет болса, бензодиазепин дозасын азайтуды қарастырған жөн және пациенттерді тиісті түрде бақылау керек.

Карбамазепин: флуконазол карбамазепиннің метаболизмін тежейді және сарысудағы карбамазепиннің мөлшері 30%-ға артқаны байқалады. Карбамазепиннің уыттылығының даму қаупі бар. Концентрацияға/әсерге байланысты карбамазепин дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Кальций каналының блокаторлары: кальций каналының кейбір антагонистері (нифедипин, исрадипин, амлодипин, верапамил және фелодипин) CYP3A4 арқылы метаболизденеді. Флуконазолдың кальций өзекшелері антагонистерінің жүйелі әсерін арттыратын әлеуеті бар. Жағымсыз құбылыстарды жиі бақылау ұсынылады.

Целекоксиб: флуконазолмен (күніне 200 мг) және целекоксибпен (200 мг) бір мезгілде емдегенде целекоксибтің Cmax және AUC мәндері, сәйкесінше, 68%-ға және 134%-ға артады. Бұл біріктірілімде целекоксиб дозасын екі есе азайтуға болады.

Циклофосфамид: циклофосфамид пен флуконазолдың біріктірілген емі сарысудағы билирубин мен креатинин мөлшерінің жоғарылауына әкеледі. Бұл біріктірілімге билирубин мен креатинин концентрациясының жоғарылау қаупін ескере отырып рұқсат етіледі.

Фентанил: фентанилдің флуконазолмен ықтимал өзара әрекеттесуі салдарынан фентанилмен уыттануының өліммен аяқталған бір жағдайы жөнінде хабарланды. Бұдан басқа, флуконазол дені сау еріктілерде фентанилдің шығарылуын едәуір баяулататыны байқалды. Фентанилдің жоғары концентрациясы тыныстың тарылуына әкелуі мүмкін. Пациенттер тыныс тарылуының әлеуетті қаупін мұқият бақылауы керек. Фентанил дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

HMG-КоА-редуктаза тежегіштері: флуконазолды аторвастатин мен симвастатин сияқты CYP3A4 көмегімен, немесе флувастатин сияқты CYP2C9 көмегімен метаболизденетін HMG-КoA-редуктаза тежегіштерімен бір мезгілде енгізгенде миопатияның және рабдомиолиздің даму қаупі жоғарылайды. Қатар жүретін ем қажет болған жағдайда пациентте миопатия мен рабдомиолиз симптомдарының бар-жоқтығын тексеру, сондай-ақ креатининкиназаны бақылау қажет. Креатининкиназа деңгейі едәуір жоғарылағаны байқалғанда немесе миопатия/рабдомиолиз диагностикаланғанда немесе оған күмәнданғанда HMG-КоА-редуктаза тежегіштерін енгізуді тоқтатқан жөн.

Ибрутиниб: флуконазол сияқты орташа CYP3A4 тежегіштері плазмадағы Ибрутиниб концентрациясын арттырады және уыттылық қаупін арттыруы мүмкін. Егер препараттарды біріктіріп қолдануды болдырмау мүмкін болмаса, тежегіштерді қолдану кезеңінде тәулігіне бір рет (2 капсула) 280 мг-ға дейін ибрутиниб дозасын азайту және мұқият клиникалық мониторингті қамтамасыз ету қажет.

Ивакафтор: ивакафтормен, кистоздық фиброздың трансжарғақшалық реттегішінің потенциометрімен (CFTR) бір мезгілде енгізу ивафактордың әсер ету деңгейін 3 есе, ал гидроксиметил-ивакафтордыкін (М1) - 1,9 есе арттырды. Флуконазол және эритромицин сияқты CYP3A орташа тежегіштерін қатарлас қабылдап жүрген пациенттерде ивакафтордың дозасын күніне бір рет 150 мг-ге дейін төмендету ұсынылады.

Олапариб: флуконазол сияқты орташа CYP3A4 тежегіштер қан плазмасындағы олапариб концентрациясының жоғарылауына әкеледі. Бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Иммунодепрессанттар (мысалы, циклоспорин, эверолимус, сиролимус және такролимус)

Циклоспорин: флуконазол циклоспориннің концентрациясын және AUC мәнін едәуір арттырады. Тәулігіне 200 мг доза флуконазолмен және циклоспоринмен (күніне 2.7 мг/кг) бір мезгілде емдегенде циклоспориннің AUC мәнінің 2,8 есе артқаны байқалды. Мұндай біріктірілімді циклоспориннің дозасын оның концентрациясына байланысты төмендеткен жағдайда қолдануға болады.

Эверолимус: іn vitro және in vivo зерттеулерінің жоқтығына қарамастан, флуконазол сарысуда эверолимустың концентрациясын CYP3А4 тежеу арқылы арттыруы мүмкін.

Сиролимус: флуконазол плазмада сиролимустың концентрациясын сиролимустың метаболизмін CYP3A4 және P-гликопротеинді тежеу арқылы арттыруы мүмкін. Мұндай біріктірілімді әсерін/концентрацияларын өлшеуге байланысты сиролимустың дозасын түзете отырып пайдалануға болады.

Такролимус: флуконазол пероральді енгізгенде ішектегі CYP3A4 арқылы такролимус метаболизмін тежеуіне байланысты сарысуда такролимустың концентрациясын 5 есеге дейін арттыруы мүмкін. Такролимусты вена ішіне енгізген кезде фармакокинетикасында ешқандай елеулі өзгерулер байқалған жоқ. Такролимустың жоғары деңгейлері нефроуыттылықпен байланысты болды. Пероральді енгізілетін такролимустың дозасын такролимус концентрациясына байланысты азайтқан жөн.

Лозартан: флуконазол лозартанның метаболизмін оның белсенді метаболитіне (E-31 74) тежейді, ол лозартанмен емдеу кезінде пайда болатын ангиотензин II рецепторлары антагонизмінің үлкен бөлігіне жауап береді. Пациенттер өздерінің артериялық қысымын ұдайы бақылап отыруы тиіс.

Метадон: флуконазол сарысуда метадонның концентрациясын арттыруы мүмкін. Метадонның дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП): флуконазолмен бір мезгілде қолданғанда флурбипрофеннің Cmax және AUC мәндері, тек флурбипрофенді енгізумен салыстырғанда, сәйкесінше, 23%-ға және 81%-ға жоғарылады. Осыған ұқсас, флуконазолды рацемиялық ибупрофенмен (400 мг) бір мезгілде қолданғанда фармакологиялық тұрғыдан белсенді изомердің [S-(+)- ибупрофен] Cmax және AUC мәндері, тек рацемиялық ибупрофенді енгізумен салыстырғанда, сәйкесінше, 15%-ға және 82%-ға жоғарылады.

Флуконазол арнайы зерттелмегенімен, ол CYP2C9 арқылы метаболизденетін басқа ҚҚСП (мысалы, напроксен, лорноксикам, мелоксикам, диклофенак) жүйелі әсерлерін арттыруға әлеуеті бар. ҚҚСП-пен байланысты жағымсыз құбылыстарды және уыттылықты жиі-жиі бақылау ұсынылады. ҚҚСП дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Фенитоин: флуконазол бауырда фенитоинның метаболизмін тежейді. 200 мг флуконазолды және 250 мг фенитоинды қатарлас вена ішіне қайталап енгізу фенитоинның AUC 24 мәнінің 75%-ға және Cmin мәнінің 128%-ға жоғарылауына әкелді. Оларды бірге тағайындағанда фенитоинның уыттылығын болдырмау үшін сарысудағы фенитоин концентрациясын бақылау қажет.

Преднизон: преднизонды қабылдаған, бауыры ауыстырып салынған пациентте флуконазолмен емдеудің үш айлық курсын тоқтатқан соң бүйрекүсті безі қыртысының жедел жеткіліксіздігі дамығаны жөнінде хабарланды. Флуконазолды қолдануды тоқтату CYP3A4 белсенділігінің күшеюін туындатуы мүмкін, ол преднизон метаболизмінің ұлғаюына әкелді. Флуконазол қабылдауды тоқтатқан кезде флуконазол мен преднизонды ұзақ уақыт қабылдап жүрген пациенттерді, бүйрекүсті безі қыртысы жеткіліксіздігіне мұқият бақылау қажет.

Рифабутин: флуконазол сарысуда рифабутиннің концентрациясын арттырады, ол рифабутиннің AUC мәнінің 80%-ға дейін артуына әкеледі. Флуконазол мен рифабутин тағайындалған пациенттерде увеит туралы хабарламалар болды. Біріктірілген емде рифабутиннің уытты әсерінің симптомдарын ескеру қажет.

Саквинавир: флуконазол саквинавирдің AUC және Cmax мәндерін, бауырда саквинавир метаболизмін CYP3A4 арқылы тежеуіне және P-гликопротеинді тежеуіне байланысты, сәйкесінше, шамамен 50%-ға және 55%-ға арттырады. Саквинавирмен/ритонавирмен өзара әрекеттесулер зерттелген жоқ, олар айқынырақ болуы мүмкін. Саквинавирдің дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Сульфонилмочевина: флуконазол, бір мезгілде қолданғанда, пероральді сульфонилмочевина препараттарының жартылай шығарылу кезеңінің ұлғаюына әкеледі (мысалы, хлорпропамид, глибенкламид, глипизид, толбутамид). Қандағы глюкоза деңгейіне жиі бақылау және бір мезгілде тағайындағанда сульфонилмочевина дозасын сәйкесінше төмендету ұсынылады.

Теофиллин: 14 күн ішінде 200 мг флуконазолды енгізу теофиллиннің орташа клиренсінің 18%-ға төмендеуіне әкелді. Теофиллинді жоғары дозаларда қабылдап жүрген немесе теофиллиннің уыттылық қаупі жоғары пациенттер флуконазолды қабылдау кезінде теофиллиннің уыттылық әсерінің белгілеріне қатысты бақылануы тиіс. Уыттылық белгілері пайда болғанда емді өзгерту қажет.

Тофацитиниб: тофацитинибті CYP3A4 орташа басылуына және CYP2C19 (мысалы, флуконазол) күшті басылуына әкелетін препараттармен бірге қолданған кезде тофацитиниб әсері жоғарылайды, сондықтан осы препараттармен біріктіргенде тофацитиниб дозасын күніне бір рет 5 мг-ға азайту ұсынылады.

Қызғылт қабыршөп алкалоидтары: зерттеулер болмаса да, флуконазол плазмада қызғылт қабыршөп алкалоидтарының (мысалы, винкристиннің және винбластиннің) деңгейін арттыруы және CYP3A4-ті тежейтін әсерімен байланысты болуы мүмкін нейроуыттылыққа әкелуі мүмкін.

А дәрумені: толық трансретиной қышқылымен және флуконазолды бір мезгілде қолданғанда қатерсіз бассүйекішілік ісік түрінде дамыған орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) тарапынан жағымсыз реакциялар дамыған, ол флуконазолмен емді тоқтатқаннан кейін жоғалғандығы туралы хабарланған бір жағдай бар. Мұндай біріктірілімді қолдануға болады, бірақ ОЖЖ тарапынан жағымсыз әсерлердің жиілігін ескеру қажет.

Вориконазол: (CYP2C9, CYP2C19 және CYP3A4 тежегіші): вориконазолды (1 күн бойы әрбір 12 сағат сайын 400 мг, содан кейін 2,5 күн бойы әрбір 12 сағат сайын 200 мг) және флуконазолды ішке (1-ші күні 400 мг, содан кейін 4 күн бойы әрбір 24 сағат сайын 200 мг) бірге енгізу вориконазолдың Cmax және AUC мәндерінің, сәйкесінше орта есеппен 57%-ға (90% CI: 20; 107%) және 79%-ға (90% CI: 40%, 128%) артуына әкелді. Бұл әсерді жоятын вориконазол мен флуконазолдың азайтылған дозасы және/немесе жиілігі анықталмаған. Егер вориконазол флуконазолдан кейін қолданылса, вориконазолмен байланысты жағымсыз әсерлердің мониторингі ұсынылады.

Зидовудин: флуконазол зидовудиннің Cmax және AUC мәндерін, сәйкесінше, 84 және 74%-ға арттырды, бұл пероральді зидовудин клиренсінің шамамен 45%-ға төмендеуіне байланысты. Зидовудиннің жартылай шығарылу кезеңі де флуконазолмен біріктіріп емдегеннен кейін шамамен 128%-ға артты. Осындай біріктірілімді қабылдап жүрген пациенттерді зидовудиннің жағымсыз әсерлерін анықтау үшін бақылау қажет. Зидовудиннің дозасын төмендетуді қарастыруға болады.

Азитромицин: 800 мг бір реттік дозадағы флуконазолды бір реттік 1200 мг дозадағы азитромицинмен бір мезгілде қабылдағанда, екі препарат арасында да айқын фармакокинетикалық өзара әрекеттестік байқалмады.

Оральді контрацептивтер: флуконазолдың бірнеше дозасын пайдаланып біріктірілген оральді контрацептивпен екі фармакокинетикалық зерттеу жүргізілді. 50 мг дозадағы флуконазолға жүргізілген зерттеулерде гормондардың деңгейіне елеулі ықпалы байқалған жоқ, ал күніне 200 мг қолданғанда этинилэстрадиолдың және левоноргестрелдің AUC мәні сәйкесінше 40%-ға және 24%-ға артты. Осылайша, флуконазолды аталған дозаларда көп реттік қолдану оральді контрацептив біріктірілімінің тиімділігіне ықпалын тигізуі екіталай.

Арнайы сақтандырулар

Педиатрияда қолданылуы

Препаратты 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдануға болмайды.

Жүктілік немесе лактация кезеңі

Бақылау әдісімен зерттеу, бірінші триместрде флуконазолмен емделген әйелдерде өздігінен түсік тастау қаупінің жоғарылағанын көрсетті.

Анасы кемінде үш немесе одан ұзағырақ ай бойы кокцидиоидомикозға байланысты флуконазолдың жоғары (күніне 400 - 800 мг) дозаларымен ем қабылдаған емшек еметін нәрестелерде туа біткен көптеген ауытқулар (брахицефалияны, құлақ дисплазиясын, алып маңдай еңбегін, ортан жіліктің қисаюын және иық-кәрі жілік синостозын қоса) туралы хабарланды. Флуконазолды қолдану мен осы жағдайлар арасындағы өзара байланыс белгісіз. Репродуктивті уыттылық жайлы деректер бар.

Флуконазолды стандартты дозада және қысқа мерзімді емдеуде жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Флуконазолды жоғары дозада және/немесе ұзақ мерзімді емдеу кезінде өмірге қауіп төндіретін инфекциялардан басқа, жүктілік кезінде қолдануға болмайды.

Флуконазол емшек сүтіне еніп, қан плазмасындағы концентрацияға ұқсас концентрацияға жетеді. Бала емізуді 150 мг флуконазолдың стандартты дозасын бір рет қолданғаннан кейін жалғастыруға болады. Көп рет қолданғаннан кейін немесе флуконазолды жоғары дозада қолданғаннан кейін бала емізу ұсынылмайды. Қауіпті инфекциялар кезінде флуконазолды қолданғанда анаға тигізер пайда мен балаға ықтимал қауіпті бағалау керек.

Препараттың көлік құралын немесе ықтимал қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Фангифлю препаратының көлік құралын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсері туралы зерттеулер жүргізілген жоқ.

Пациенттерге Фангифлю препаратын қабылдаған кезде бас айналу немесе құрысулар болуы мүмкін екендігі туралы ескерту керек және осы симптомдардың кез келгені пайда болған кезде көлік құралын басқармауға немесе механизмдермен жұмыс жасамауға кеңес беру керек.

Өзара әрекеттесуі

Арнайы нұсқаулар

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Доза зеңдік инфекцияның сипаты мен ауырлығына негізделуі керек. Препаратты қайта қабылдауды қажет ететін инфекциялар кезінде емдеуді белсенді зеңдік инфекциясының клиникалық немесе зертханалық белгілері жойылғанға дейін жалғастыру керек. Емдеу кезеңінің жеткіліксіздігі белсенді инфекцияның қайталануына әкелуі мүмкін.

Ересек пациенттердегі дозалануы

Артық дозалану

Симптомдары

Фангифлю препаратының артық дозалануы, елестеулер және параноидтық мінез-құлық туралы хабарланды.

Емі

Артық дозаланған жағдайда симптоматикалық емдеу (демеуші шаралар және қажет болса асқазанды шаю) ұсынылады.

Флуконазол негізінен несеппен шығарылады; диурездің мәжбүрлі көлемі элиминация жылдамдығын арттыруы ықтимал. Үш сағаттық гемодиализ сессиясы қан плазмасындағы Фангифлю препаратының деңгейін шамамен 50% төмендетеді.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну жөніндегі ұсынымдар

Егер сізде осы дәрілік препаратты қолдану туралы қосымша сұрақтар туындаса, өз дәрігеріңізге жүгініңіз.

Шығарылу түрі

1 капсуладан алюминий фольгадан және поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

1 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөнінде қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынадыFangiflu капсулалары 150 мг №1дәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube