daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы Фенадол Гелі 40 Г | ABDI IBRAHIM

Астане қаласындағы Фенадол Гелі 40 Г | ABDI IBRAHIM
Сипаттама:

Мөлдір, хош иісі бар ашық-сары түсті гель Шығарылу түрі және қаптамасы Бұрандалы полиэтилен қақпағы бар алюминий сықпаға 40 г препараттан салынған. 1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Халықаралық атауы:

Этофенамат

Өндіруші:

ABDI IBRAHIM

Өндіруші ел:

Турецкая Республика

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: қарағай эссенциясы, эвкалипт майы 773791, эмульгин М-8, полиэтиленгликоль 400, карбопол 980, триэтаноламин, изопропил спирті, тазартылған су. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Мөлдір, хош иісі бар ашық-сары түсті гель Шығарылу түрі және қаптамасы Бұрандалы полиэтилен қақпағы бар алюминий сықпаға 40 г препараттан салынған. 1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Қаптамадағы саны:

1 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Ересектерде сыртқы ауыру симптомдарын емдеу үшін:

- сіңірлердің, байламдардың созылуы кезіндегі қатты ауыруларда немесе аяқ-қолдардағы жарақаттан кейінгі (спорттық жарақат) гематомаларда

- гонартроз кезіндегі буындардың жұмсақ тіндеріне (бурситте, сіңірлердің, буын капсуласының ауыруында)

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

- ашық жаралар, қабынулар, тері инфекциялары, сондай-ақ, терідегі немесе шырышты қабықтардағы экзема

- жүктіліктің соңғы триместрі

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Фенадол® препаратын тек белгілі бір шараларды сақтай отырып және мұқият медициналық қадағалаумен пайдалану қажет.

- Демікпесі, тыныс мүшелерінің созылмалы обструкциялық аурулары, пішен қызбасы, мұрынның шырышты қабығының созылмалы ісінуі (мұрын полипі), пішен қызбасын еске салатын клиникалық симптомдармен қатар жүретін тыныс мүшелерінің созылмалы обструкциялық аурулары, немесе тыныс жолдарының созылмалы инфекциясы бар пациенттер.

- Қабынуға қарсы стероидты емес / ауырғанды басатын басқа дәрілерге сезімталдығы жоғары пациенттер.

Демікпені еске салатын симптомдары бар (анальгетиктердің жақпаушылығы/анальгетиктік демікпе), тері мен шырышты қабықтардың жергілікті ісінуі немесе есекжем бар пациенттердегіге қарағанда, аталған пациенттердеде қауіп жоғарырақ.

- Тері реакциялары, терінің қышынуы немесе есекжем сияқты, және басқа заттарға аллергиялық реакцияларға бейім пациенттер.

Гельді қолданған кезде, сондай-ақ, қолданғаннан кейін екі апта бойы терінің өңделген беткейін күннің және/немесе солярийдің әсеріне ұшыратпау ұсынылады.

Егер препарат ұзақ уақыт бойы пайдаланылса және/немесе дененің ауқымды бөліктеріне жаққан кезде препараттың жүйелі сіңірілуі арта түседі. Сондықтан бұған жол бермеу керек.

Фенадол® гелінің көзге тиіп кетуінен сақтаныңыз. Көзге тиіп кеткен жағдайда, дереу мол сумен жуып тастау қажет.

Фенадол® жиһаздың немесе пластик беткейлердің зақымдануын немесе жылтыратылған түсінің өзгеруін туғызуы мүмкін. Сондықтан өнімді жаққаннан кейін қолды жуу және жоғарыда аталған материалдарға тигізбеу керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесулері

Анықталмаған

Арнайы ескертулер

Балалар

Балаларда пайдаланылу тәжірибесі шектеулі. Фенадол® препаратын балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қолдану ұсынылмайды.

Егде жастағы пациенттер

Дозасын түзету қажет емес.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Дозасын түзету қажет емес.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Дозасын түзету қажет емес.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Ұрпақ өрбітетін жастағы әйелдер Фенадол препаратымен емделу кезінде жүкті болудан сақтануы немесе тиімді контрацепцияны пайдалануы керек. Фенадолды жүктіліктің бірінші және екінші триместрінде сақтықпен, пайдасы қаупінен асып түсетін жағдайда ғана қолдану керек. Ең жоғарғы тәуліктік дозасын арттырмаған дұрыс.

Жүктілік және лактация кезеңінде қолдану ұсынылмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Фенадол® көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Зақымданған бөліктің ауданына байланысты, 5-10 см гельді (1,7-3,3 г гельге және 75-150 мг этофенаматқа баламалы) сығып шығару керек.

Жарақаттарды емдеу үшін ең жоғарғы тәуліктік дозасы 9 г гельді (450 мг этофенаматқа баламалы) құрайды.

Енгізу әдісі және жолы

Жергілікті қолдануға арналған.

Фенадол® гелі зақымданған беткейлерге жұқа қабаттап, теріге жаймен ысқылай отырып жағылады.

Гельді жаққаннан кейін ол теріде кебуі үшін бірнеше минут күте тұру керек.

Таңғышпен немесе бандажбен жабу ұсынылмайды.

Қабылдау уақыты көрсетілген қолданылу жиілігі

Фенадол тәулігіне 3 рет қолданылады.

Емдеу ұзақтығы

Сырқырап ауыратын (мысалы, спорттық) жарақаттарда әдетте, бір апталық ем жеткілікті. Ұзағырақ пайдаланудың емдік әсері расталмаған.

Көпшілік жағдайларда, ревматизм кезінде 3 аптадан 4 аптаға дейін емдеу жеткілікті. Егер симптомдары жойылмаса, ұзағырақ емдеудің қажет-қажет еместігін анықтау үшін дәрігерге жүгіну керек.

Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар

а) Фенадол® гелінің ішіндегісін қысқа уақыт мерзімі ішінде тері беткейіне түгел жаққан жағдайда, бас ауыруы, бас айналуы және/немесе эпигастрий аймағында жайсыздық туындауы мүмкін.

Емі: гельді тері беткейінен сумен дереу жуып тастау қажет.

б) Фенадол® гелі байқаусызда ішке кетіп қалған жағдайда, асқазанды шаю немесе құстыру және белсендірілген көмір беру қажет.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар

Егер Сізде осы препаратты қолдану жөнінде қосымша сұрақтарыңыз туындаса, дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.

Шығарылу түрі

Бұрандалы полиэтилен қақпағы бар алюминий сықпаға 40 г препараттан салынған.

1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Салмағы

40 г

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынадыФенадол гелі 40 гдәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube