Қолдану көрсеткіштері
Препарат 18 жастан асқан ересектерде қолдануға арналған.
Физиотенз® артериялық гипертензияны емдеуге арналған
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық
- синустық түйіннің әлсіздік синдромы
- брадикардия (тыныштықта жүректің жиырылу жиілігі минутына 50 кем)
- ІІ немесе ІІІ дәрежедегі атриовентрикулярлық блокада
- жүрек жеткіліксіздігі
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
- жүктілік және лактация кезеңі
- бүйрек функциясының ауыр бұзылуы (ШСЖ <30 мл/мин, қан сарысуындағы креатинин концентрациясы әйелдер үшін > 160 мкмоль/л және ерлер үшін >200 мкмоль/л).
- тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылығы, Lapp (ЛАПП)–лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар тұлғалар
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
Физиотенз® препаратымен ем алып жүрген пациенттерде АV блокадасы дәрежесінің өзгергені жөнінде хабарлар болған. АV блокадасының дамуына бейімділігі бар пациенттерді емдеу кезінде сақ болу керек. Физиотенз® препаратын жүректің ауыр ишемиялық ауруы немесе тұрақсыз стенокардиясы бар пациенттерге қолданған кезде ерекше сақтық таныту керек.
Физиотенз® бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарға тағайындағанда сақтық шараларын қадағалау ұсынылады.
Моксонидиннің бастапқы дозасы тәуілігіне 0.2 мг құрауы тиіс, клиникалық көрсетілімдері және жақсы көтере алушылық жағдайында орташа бүйрек жеткіліксіздігі бар (ШСЖ > 30 мл/мин, бірақ < 60 мл/мин) пациенттерде ең көп дегенде тәулігіне 0.4 мг дейін арттыруға болады. Егер Физиотенз® бета-адреноблокаторлар тобындағы препаратпен біріктіріліп қабылданса, онда екі препаратты да тоқтату қажет болған кезде алдымен бета-адреноблокаторды және бірнеше күннен кейін ғана Физиотенз® препаратын тоқтатады. Туа біткен галактозаны көтере алмаушылықта, Лапп лактазасы тапшылығымен немесе глюкоза-галактозаның сіңуі бұзылған пациенттерге Физиотенз® қабылдауға болмайды.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Физиотенз® препаратын басқа гипотензиялық дәрілермен бірге қолданған кезде өзара әсерлерінің күшеюі жүреді.
Трициклді антидепрессанттар орталыққа әсер ететін антигипертензиялық дәрілердің тиімділігін төмендетуі мүмкін болғандықтан, аталған топтағы препараттармен Физиотенз® препаратын бір мезгілде қабылдауға болмайды.
Физиотенз® трициклді антидепрессанттар (оларды бірге тағайындаудан аулақ болу керек), транквилизаторлар, алкоголь, седативті және ұйықтататын дәрілердің седативті әсерін күшейтеді.
Физиотенз® лоразепам қабылдайтын пациенттердің төмендеген когнитивті қабілетін аздап жақсартады. Физиотенз® бензодиазепиндермен бірге қабылдау кезінде олардың тыныштандыратын әсерін күшейтеді.
Физиотенз® тубулярлы экскреция арқылы шығарылады. Осындай жолмен шығарылатын препараттармен өзара әрекеттесуі жоққа шығарылмайды.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде Физиотенз® препаратын қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректердің болмауына байланысты ұсынылмайды.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Физиотенз® препаратын жүкті әйелдерде қолдану туралы деректер жоқ. Ықтимал қауіп белгісіз.
Моксонидин емшек сүтіне бөлінеді, сондықтан оны лактация кезінде қолдануға болмайды. Егер Физиотенз® препаратымен емдеу өте қажет деп саналса, лактацияны тоқтату керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралын немесе механизмді басқару қабілетіне әсер етуді зерттеу жүргізілген жоқ. Ұйқышылдық және бас айналу туралы хабарлар болған. Мұндай тапсырмаларды орындау кезінде оны ескеру керек.