daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы Флемоксин Солютаб Таблеткалары 125 Мг №20 | Астеллас Фарма Юроп

Астане қаласындағы Флемоксин Солютаб Таблеткалары 125 Мг №20 | Астеллас Фарма Юроп
Сипаттама:

Сопақша пішінді, бір жағында фирма логотипі мен сандық белгісі (125 мг – «231», 250 мг – «232», 500 мг – «234», 1000 мг – «236») және екінші жағында сызығы бар, ақтан түстен ақшыл сары түске дейінгі таблеткалар.

Халықаралық атауы:

Амоксициллин

Өндіруші:

Астеллас Фарма Юроп

Өндіруші ел:

Королевство Нидерландов

Белсенді заттың дозасы:

120 мг

Қаптамадағы саны:

20 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Флемоксин Солютаб® ересектер мен балаларда келесі инфекцияларды емдеу үшін қолданылады:

- жедел бактериялық синусит, жедел ортаңғы отит, жедел стрептококты тонзиллит және фарингит, созылмалы бронхиттің асқынуы, ауруханадан тыс пневмония

- жедел цистит, жүктілік кезіндегі симптомсыз бактериурия, жедел пиелонефрит

- іш сүзегі және паратиф

- эндокардит профилактикасы

- флегмонаның таралуымен тістің абсцессі

- протезделген буындардың инфекциялары

- Helicobacter pylori эрадикациясы

- Лайм ауруы

Бактерияға қарсы құралдарды дұрыс қолдану жөніндегі ресми нұсқауларды орындау қажет.

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші затқа, басқа пенициллиндерге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- анамнезінде басқа бета-лактамды антибиотиктерге (мысалы, цефалоспориндерге, карбапенемдерге немесе монобактамдарға) аса жоғары сезімталдықтың жедел түрдегі ауыр реакциясының (мысалы, анафилаксия) болуы.

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Аса жоғары сезімталдық реакциялары

Амоксициллинмен емдеуді тағайындамас бұрын пациентте бұған дейін пенициллиндерге, цефалоспориндерге немесе басқа бета-лактамды антибиотиктерге аса жоғары сезімталдық реакцияларының болған-болмағанын егжей-тегжейлі анықтап алған жөн.

Пенициллинмен ем қабылдаған пациенттерде ауыр және кейде өліммен аяқталған аса жоғары сезімталдық реакциялары (анафилаксиялық реакциялар мен теріге зақым келтіретін ауыр жағымсыз құбылыстарды қоса алғанда) болғандығы сипатталған. Бұл реакциялардың даму ықтималдығы анамнезінде пенициллинге аса жоғары сезімталдық реакциялары болған адамдарда, сондай-ақ атопиясы бар адамдарда жоғары болады. Аллергиялық реакция туындаған жағдайда, амоксициллинмен емдеуді тоқтатып, қолдануға келетін баламалы емді бастау қажет.

Аса жоғары сезімталдықпен байланысты жіті коронарлық синдром (Коунис синдромы)
Сирек жағдайларда амоксициллинмен емдеу кезінде аса жоғары сезімталдық реакциялары туралы хабарланған (аса жоғары сезімталдықпен байланысты жіті коронарлық синдром). Мұндай жағдайларда тиісті емді тағайындау қажет.

Сезімтал емес микроорганизмдер

Патогенді бактерияның сезімталдығы құжат түрінде расталған немесе патогеннің амоксициллинмен емдеуге сезімталдық ықтималдығы жоғары болатын жағдайлардан басқасында, амоксициллин кейбір инфекцияларды емдеу үшін қолдануға келмейді. Бұл, ең алдымен, зәр шығару жолдарының инфекцияларына және құлақтың, тамақтың, мұрынның ауыр инфекцияларына күдігі бар пациенттерге қатысты.

Құрысулар

Бүйрек функциясы төмендеген пациенттерде, жоғары дозаларды қабылдайтын немесе бейімділік факторлары бар (мысалы, анамнезінде эпилепсиялық талмалары, бақыланатын эпилепсиясы немесе менингеалдық аурулары бар) пациенттерде құрысулар болуы мүмкін.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек функциясы төмендеген пациенттерде препараттың дозасын бүйрек жеткіліксіздігінің ауырлық дәрежесіне байланысты түзетеді.

Тері реакциялары

Емдеудің басында қалтыраумен және іріңді бөртпелермен қатар жүретін жайылған эритеманың пайда болуы жайылған жіті экзантематозды пустулездің (ЖЖЭП) симптомы болуы мүмкін. Мұндай жағдайда Флемоксин Солютаб® қабылдау тоқтатылып, препаратты одан әрі қабылдауға тыйым салынады.

Инфекциялық мононуклеозға күдік болған жағдайда, амоксициллинді қолданудан аулақ болған жөн, өйткені бұл ауру кезінде амоксициллинді қолдану қызылша тәрізді бөртпенің пайда болуымен байланыстырылады.

Яриш-Герксгеймер реакциясы

Яриш-Герксгеймер реакциясы Лайм ауруын амоксициллинмен емдеуден кейін байқалған. Ол толығымен амоксициллиннің Лайм ауруын тудыратын бактерияға, Borrelia burgdorferi спирохетасына бактерицидтік әсерімен байланысты. Пациенттерге бұл реакцияның Лайм ауруын антибиотиктермен емдеу кезінде кең таралған әсер болып табылатындығын және әдетте емделусіз жазылатындығын түсіндіру қажет.

Сезімтал емес микроорганизмдердің шамадан тыс көбеюі

Препаратты ұзақ уақыт қолдану кейбір жағдайларда сезімтал емес микроорганизмдердің шамадан тыс көбеюіне алып келуі мүмкін.

Антибиотикпен байланысты колит барлық дерлік бактерияға қарсы препараттарды қолдану кезінде байқалады. Ауырлық дәрежесі жеңілден өмірге қауіп төндіретін дәрежеге дейін түрленуі мүмкін. Осылайша, кез келген антибиотиктермен емделу кезінде немесе ол аяқталғаннан кейін көп ұзамай диарея белгілері бар пациенттерде бұл күйдің болу мүмкіндігін қарастыру маңызды. Антибиотикпен байланысты колит болған жағдайда, амоксициллинмен емдеуді тоқтатып, дәрігерге жүгіну және қолдануға келетін емді бастау қажет. Бұл жағдайда перистальтикаға қарсы препараттарды қолдануға болмайды.

Ұзақ уақыттық емдеу

Ұзақ уақыттық емдеу кезінде мүшелер мен жүйелердің функцияларын, соның ішінде бүйрек, бауыр және қан түзу функцияларын мерзімді түрде бағалап отыру ұсынылады. Бауыр ферменттері құрамының жоғарылауы және қан талдауының өзгерулері сипатталған.

Антикоагулянттар

Амоксициллин қабылдаған пациенттерде қанның ұю уақыты ұзарған сирек жағдайлар болған. Антикоагулянттармен бір мезгілде тағайындалғанда, тиісті бақылау жүргізу қажет. Антикоагулянттар тиімділігінің қажетті деңгейін ұстап тұру үшін пероральді антикоагулянттардың дозаларын түзету қажет болуы мүмкін.

Кристаллурия

Кристаллурия жағдайлары өте сирек және несеп шығаруы төмендеген пациенттерде, негізінен парентералды енгізу кезінде байқалған. Амоксициллинді қолданудан болатын кристаллурияның ықтималдығын азайту үшін амоксициллиннің жоғары дозаларын қабылдау кезінде жеткілікті мөлшерде сұйықтық ішіп, несеп бөлуді барабар деңгейде ұстау ұсынылады. Қуығына катетер қойылған пациенттерде катетердің бітеліп қалмауы үнемі тексеріліп отыруы тиіс.

Диагностикалық зерттеулердің нәтижелеріне әсері

Амоксициллиннің сарысу мен несептегі концентрациясының жоғары мәндері кейбір зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне әсер етуі мүмкін. Амоксициллиннің несептегі жоғары концентрациясына байланысты химиялық зерттеулердің нәтижелері көбінесе жалған оң болады.

Амоксициллинмен емдеу кезінде несептегі глюкозаны анықтау үшін глюкоза-оксидаза негізіндегі ферменттік әдістерді қолдану ұсынылады.

Амоксициллиннің болуы жүкті әйелдерде эстриолды зерттеу нәтижелеріне әсер етуі мүмкін.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Пробенецид

Пробенецидті бір мезгілде қолдануға кеңес берілмейді. Пробенецид бүйрек түтікшелерінен амоксициллиннің бөлінуін төмендетеді. Пробенецидті бір мезгілде қолдану амоксициллиннің қандағы концентрациясының ұзақ уақытқа артуына алып келуі мүмкін.

Аллопуринол

Аллопуринолды амоксициллинмен бірге бір мезгілде қолданғанда, терінің аллергиялық реакцияларының туындау ықтималдығы артуы мүмкін.

Тетрациклиндер

Тетрациклиндер мен басқа да бактериостатикалық антибиотиктер амоксициллиннің бактерицидтік әсеріне әсер етуі мүмкін.

Пероральді антикоагулянттар

Клиникалық тәжірибеде пероральді антикоагулянттар мен пенициллин тобындағы антибиотиктерді кеңінен қолдану кезінде бұл дәрілік препараттар өзара әрекеттеспейді. Алайда әдебиетте аценокумарол немесе варфарин қабылдайтын пациенттерге амоксициллин курсын тағайындаған кезде халықаралық нормаланған қатынастың жоғарылау жағдайлары сипатталған. Препараттарды бір мезгілде қолдану қажет болған жағдайда, амоксициллинді қосу немесе қабылдауды тоқтату кезінде халықаралық нормаланған қатынас көрсеткіштерін мұқият қадағалау қажет. Оның үстіне, пероральді антикоагулянттардың дозаларын түзету қажет болуы мүмкін.

Метотрексат

Пенициллиндер метотрексаттың шығарылуын төмендетіп, бұл метотрексаттың уыттылығын арттыруы мүмкін.

Арнайы ескертулер

Жүктілік немесе емізу кезінде

Жануарларға жүргізілген зерттеулерде ұрпақ өрбітуге уыттылығы тұрғысынан тікелей немесе жанама жағымсыз әсерлері анықталған жоқ. Адамдарда жүктілік кезінде амоксициллинді қолдану туралы шектеулі деректерге сәйкес, туа біткен даму ақауларының жоғары қаупі анықталған жоқ. Препараттың ықтимал пайдалы әсері оны қабылдағаннан болуы мүмкін қауіптен асып түсетін болса, амоксициллинді жүктілік кезінде қолдануға болады.

Амоксициллин емшек сүтіне аз мөлшерде шығарылады, бұл ықтимал сенсибилизация қаупін тудырады. Нәтижесінде емшек еметін сәбилерде диарея немесе шырышты қабықтың саңырауқұлақты инфекциясы пайда болуы және сол себепті емізуді тоқтату қажет болуы мүмкін. Бала емізу кезінде амоксициллинді емдеуші дәрігер «пайда-қауіп» арақатынасын бағалағаннан кейін ғана қолдануға болады.

Репродуктивті функция

Амоксициллиннің адамның ұрықтылығына әсері туралы деректер жоқ. Жануарларға жүргізілген ұрпақ өрбіту функциясын зерттеулер ұрықтылыққа жағымсыз әсерлерді көрсеткен жоқ.

Препараттың көлік құралын немесе қауіпті болуы мүмкін механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың автокөлікті жүргізу және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсерін зерттеулер жүргізілген жоқ. Алайда көлікті жүргізу және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етуі мүмкін жағымсыз әсерлер (мысалы, аллергиялық реакциялар, бас айналуы, құрысулар) болуы мүмкін.

Өзара әрекеттесуі

Қолдану бойынша ұсыныстар

Белгілі бір инфекцияны емдеу үшін Флемоксин Солютаб® препаратының дозасын таңдағанда мыналарды ескеру қажет:

- Болжалды инфекция қоздырғыштарын және олардың бактерияға қарсы препараттарға ықтимал сезімталдығын

- Инфекцияның ауырлық дәрежесі мен орналасуын

- Төмендегі ұсынымдарға сәйкес, пациенттің жас мөлшерін, дене салмағын және бүйрек функциясын

Дозалау режимі

Ересектер мен балалар ≥ 40 кг

˂ 40 кг балалар

Флемоксин Солютаб® таблеткаларымен балаларды емдеуге рұқсат етілген.

40 кг-ден асқан дене салмағымен балаларға ересектерге ұсынылатын дозаны қабылдау қажет.

<40 кг дене салмағымен балаларға ұсынылатын доза:

Енгізу әдісі мен жолы

Флемоксин Солютаб® ішке қабылдауға арналған.

Тамақтану Флемоксин Cолютабынің® сіңуіне әсер етпейді.

Емдеуді вена ішіне енгізу үшін дозалау жөніндегі нұсқауларға сәйкес парентералды енгізуден бастап, препаратты ішке қабылдаумен жалғастыруға болады.

Таблетканы стақан суда ерітіңіз, біртекті қоспа алынғанша араластырыңыз. Қоспаны дайындағаннан кейін бірден ішке қабылдау қажет.

Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі

Емдеу ұзақтығы инфекцияның түріне және пациенттің реакциясына байланысты және әдетте мүмкіндігінше азырақ болуы тиіс.

Емдеу ұзақтығы

Кейбір инфекциялар ұзағырақ емдеуді қажет етеді.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолданылуы

Шығарылу түрі

5 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. 4 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынадыФлемоксин Солютаб таблеткалары 125 мг №20дәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube