daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы Флуимуцил 200 Мг №20 Ерітінді Дайындауға Арналған Түйіршіктер | Zambon Switzerland Ltd.

Астане қаласындағы Флуимуцил 200 Мг №20 Ерітінді Дайындауға Арналған Түйіршіктер | Zambon Switzerland Ltd.

Халықаралық атауы:

Ацетилцистеин

Өндіруші:

Zambon Switzerland Ltd.

Өндіруші ел:

Швейцарская Конфедерация

Белсенді ингредиент:

Ацетилцистеинді әсіресе, ем басында қабылдау бронхиальді бөліністі сұйылтуға және бір уақытта оның көлемін көбейтуге әкелуі мүмкін. Егер пациент қақырықты өз бетінше тиімді түсіре алмаса, постуральді дренажды немесе секреттің іркілісін болдырмау үшін бронхиальді аспирацияны қолдануға болады. Ацетилцистеин гистамин метоболизміне ықпал етуі мүмкін. Аса жоғары сезімталдық симптомдарының даму ықтималдығына байланысты гистамин көтере алмаушылығы бар пациенттерге Флуимуцил препаратын тағайындағанда сақ болу керек. Педиатрияда қолдану Муколитикалық препараттар 2 жасқа толмаған балаларда бронхиальді обструкцияны туындатуы мүмкін. Осы жас тобындағы балалардың тыныс алу жолдарының физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты тыныс алу жолдарының секрециясын тазарту қабілеті шектеулі. Сондықтан 2 жасқа толмаған балаларда муколитикалық дәрі қолданылмауы тиіс. Осы Флуимуцил дәрілік заты, 200 мг дозадағы ішке қабылдау үшін ерітінді дайындауға арналған түйіршіктер, 6 жасқа дейінгі балаларда қолданылмауы тиіс. Кейбір қосымша заттар туралы маңызды ақпарат Флуимуцил құрамында фенилаланиннің көзі - аспартам (Е951) бар, препарат фенилкетонуриясы бар пациенттерге қарсы көрсетілімді. Флуимуцил құрамында фруктозаның көзі - сорбитол (Е420) бар, тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылығы бар пациенттерге қарсы көрсетілімді. Жүктілік немесе лактация кезінде Жануарларға жасалған тератологиялық зерттеулерде Флуимуцил препаратының қандай да бір тератогендік әсері анықтаған жоқ, бірақ басқа да дәрілік препараттар секілді осы дәрілік затты жүктілік кезінде шұғыл қажеттілік жағдайында ғана тағайындауға болады. Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері Ацетилцистеин көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Белсенді заттың дозасы:

200 мг

Қаптамадағы саны:

20 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Қою, тұтқыр қақырықтың пайда болуымен қатар жүретін респираторлық инфекцияларда.

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- 6 жасқа дейінгі балалар

- жүктілік және бала емізу кезеңі

- фенилкетонурия

- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы

Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары

Флуимуцил препаратын қабылдау алдында дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз, Егер:

Сізде асқазан-ішек жолдарының проблемалары болса

Сізде бронх демікпесі немесе бронхиальді аса жоғары белсенділік болса

Сізде гистаминді көтере алмаушылық болса

Сіз жөтелге қарсы препараттарды қабылдап жүрсеңіз

Сізде фенилкетонурия немесе тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы болса (препаратты қабылдау қарсы көрсетілімді)

Егер Сіз жоғарыда аталғандардың Сізге қатысты екеніне сенімді болмасаңыз, Флуимуцил препаратын қабылдамас бұрын дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Жөтелге қарсы препараттар мен ацетилцистеин секілді муколитиктер бір мезгілде қабылданбауы тиіс, жөтел рефлексінің төмендеуі бронхиальді секреттің жиналуына әкелуі мүмкін.

Белсендірілген көмір ацетилцистеин тиімділігін төмендетуі мүмкін.

Басқа препараттарды Флуимуцил препараты ерітіндісімен араластыру ұсынылмайды.

In vitro зерттеулер антибиотиктер мен ацетилцистеинді араластырған кезде антибиотик белсенділігінің төмендегенін көрсетті. Сақтандыру шарасы ретінде лоракарбефті қоспағанда, антибиотиктер мен ацетилцистеинді пероральді қабылдау арасындағы аралық кемінде 2 сағат болуы тиіс.

Нитроглицерин мен ацетилцистеинді бір мезгілде қолдану айқын гипотензияны тудырып, бас ауруының ықтимал туындауымен самай тамырының кеңеюіне алып келеді. Нитроглицерин мен ацетилцистеинді бір мезгілде қолдану қажеттігі кезінде пациенттер (ауыр болуы мүмкін) гипотензияның дамуын бақылап, бас ауруының пайда болу ықтималдығын ескеруі тиіс.

Педиатриялық популяциясы

Өзара әрекеттесулерді зерттеулер тек ересектерде жүргізіледі.

Зертханалық тесттер

Ацетилцистеин салицилаттардың колориметриялық талдауына әсер етуі мүмкін.

Ацетилцистеин несептегі кетонды денелерді анықтау нәтижелеріне әсер етуі мүмкін.

Арнайы ескертулер

Терапия кезінде бронх демікпесі бар пациенттер қатаң бақылауда болуы тиіс. Бронх түйілу туындаған жағдайда препаратты қолдануды дереу тоқтату және қажет болған жағдайда сәйкес емдік шараларды қолдану қажет.

Дәрілік затты анамнезінде немесе белсенді түрде асқазанның және он екі елі ішектің ойық жарасы бар пациенттерде, әсіресе асқазан-ішек жолына белгілі тітіркендіргіш әсері бар басқа дәрілік заттармен бір мезгілде қолданғанда ерекше сақ болу керек.

Қаптаманы ашқанда немесе ерітіндіні дайындаған кезде пайда болатын күкірт иісі Флуимуцил препаратының белсенді затының тән иісі болып табылады. Күкірт иісінің болуы препарат бұзылғанының көрсеткіші емес.

Ацетилцистеинді әсіресе, ем басында қабылдау бронхиальді бөліністі сұйылтуға және бір уақытта оның көлемін көбейтуге әкелуі мүмкін. Егер пациент қақырықты өз бетінше тиімді түсіре алмаса, постуральді дренажды немесе секреттің іркілісін болдырмау үшін бронхиальді аспирацияны қолдануға болады.

Ацетилцистеин гистамин метоболизміне ықпал етуі мүмкін. Аса жоғары сезімталдық симптомдарының даму ықтималдығына байланысты гистамин көтере алмаушылығы бар пациенттерге Флуимуцил препаратын тағайындағанда сақ болу керек.

Педиатрияда қолдану

Муколитикалық препараттар 2 жасқа толмаған балаларда бронхиальді обструкцияны туындатуы мүмкін. Осы жас тобындағы балалардың тыныс алу жолдарының физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты тыныс алу жолдарының секрециясын тазарту қабілеті шектеулі. Сондықтан 2 жасқа толмаған балаларда муколитикалық дәрі қолданылмауы тиіс.

Осы Флуимуцил дәрілік заты, 200 мг дозадағы ішке қабылдау үшін ерітінді дайындауға арналған түйіршіктер, 6 жасқа дейінгі балаларда қолданылмауы тиіс.

Кейбір қосымша заттар туралы маңызды ақпарат

Флуимуцил құрамында фенилаланиннің көзі - аспартам (Е951) бар, препарат фенилкетонуриясы бар пациенттерге қарсы көрсетілімді.

Флуимуцил құрамында фруктозаның көзі - сорбитол (Е420) бар, тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылығы бар пациенттерге қарсы көрсетілімді.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жануарларға жасалған тератологиялық зерттеулерде Флуимуцил препаратының қандай да бір тератогендік әсері анықтаған жоқ, бірақ басқа да дәрілік препараттар секілді осы дәрілік затты жүктілік кезінде шұғыл қажеттілік жағдайында ғана тағайындауға болады.

Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Ацетилцистеин көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

12 жастан асқан балалар мен ересектерге: күніне 2-3 рет 200 мг (1 пакет).

6-дан 12 жасқа дейінгі балаларға: күніне 2 рет 200 мг (1 пакет).

Енгізу әдісі мен жолы

Ішке қабылдауға арналған. Пакеттің ішіндегісін аз мөлшерде суы бар стақанда ерітеді. Ерітіндіні дайындағаннан кейін бірден қабылдау керек.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу курсының ұзақтығы 5-тен 10 күнге дейінді құрайды.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Препаратты пероральді қолданғанда ацетилцистеиннің артық дозалану жағдайлары туралы хабарланған жоқ.

Үш ай бойы күн сайын ацетилцистеиннің 11,6 г дозасын қабылдаған сау еріктілерде елеулі жағымсыз әсерлер болған жоқ. Ацетилцистеин күніне 500 мг / кг дозада пероральді қабылдағанда артық дозалану синдромдарын тудырмайды.

Симптомдары: жүрек айнуы, құсу және диарея.

Емі: Спецификалық антидот жоқ. Емдеу симптоматикалық.

Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіну үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгініңіз

Егер Сізге дәрілік препаратты қолдану әдісі түсініксіз болса, медициналық қызметкерден кеңес алуды ұсынамыз.

Шығарылу түрі

1 г препараттан үш қабатты ламинацияланған пакеттерге салынады.

20 пакеттен медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынадыФлуимуцил 200 мг №20 ерітінді дайындауға арналған түйіршіктердәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube