daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы Флуконазол Капсулалары 50 Мг №7 | Борисовский ЗМП

Астане қаласындағы Флуконазол Капсулалары 50 Мг №7 | Борисовский ЗМП
Сипаттама:

Ақ түсті, ұштары жартылай сфера сияқты цилиндр пішінді қатты желатин капсулалар. Капсула ішіндегісі – ақ немесе сарғыш реңді ақ түсті түйіршік пен ұнтақ қоспасы.

Халықаралық атауы:

Флуконазол

Өндіруші:

Борисовский ЗМП

Өндіруші ел:

Республика Беларусь

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: лактоза моногидраты, магний стеараты, натрий лаурилсульфаты, повидон К-17, картоп крахмалы; капсуланың құрамы: желатин, титанның қостотығы Е 171, метилпарагидроксибензоат Е 218, пропилпарагидроксибензоат Е 216.

Белсенді заттың дозасы:

50 мг

Қаптамадағы саны:

7 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Флуконазол ересектердегі келесі ауруларды емдеу үшін қолданылады:

– криптококкты менингит

– кокцидиоидомикоз

– инвазиялық кандидоз

– шырышты қабық кандидозы, оның ішінде орофарингиальді кандидоз, өңеш кандидозы, кандидурия және созылмалы тері-шырышты кандидоз

– ауыз қуысының гигиенасын сақтау немесе жергілікті емдеу жеткіліксіз болған кезде ауыз қуысының созылмалы атрофиялық кандидозы (тіс протездерін салуға байланысты)

– жедел немесе қайталанатын формадағы қынап кандидозы, егер жергілікті ем қолданылмаса

– кандидозды баланит, егер жергілікті ем қолданылмаса

– дерматомикоздар, соның ішінде табан дерматофитиясы, дене дерматофитиясы, шап дерматофитиясы, түрлі-түсті теміреткі және терінің кандидоздық инфекциялары (жүйелі емдеу көрсетілген кезде)

– тырнақ дерматофитиясы (онихомикоз) (басқа препараттармен емдеуге болмайтын кезде)

Флуконазол ересектердегі келесі аурулардың профилактикасы үшін қолданылады:

– қайталану қаупі жоғары пациенттерде криптококкты менингиттің қайталануы

– қайталану қаупі жоғары АИТВ жұқтырған пациенттерде орофарингеальді кандидоз және өңеш кандидозының қайталануы

– қынаптық кандидоздың қайталану жиілігін төмендету үшін (жылына 4 немесе одан да көп эпизодтар)

– ұзаққа созылатын нейтропениясы бар пациенттердегі (мысалы, химиялық емнен өтетін қатерлі гематологиялық аурулары бар пациенттер немесе сүйек кемігінің трансплантациясы жасалған пациенттер) кандидоздық инфекциялар профилактикасы

6 жастан бастап балаларға және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге:

– шырышты қабықтар кандидозын (орофарингеальді кандидоз, өңеш кандидозы), инвазиялық кандидозды, криптококкты менингитті емдеу және иммунитеті әлсіреген пациенттерде кандидоздық инфекциялардың профилактикасы

– қайталану қаупі жоғары балаларда криптококкты менингиттің қайталануын болдырмау үшін демеуші ем ретінде қолдану.

Емді өсірінділік және басқа зертханалық зерттеулердің нәтижелерін алғанға дейін бастауға болады, алайда осы нәтижелер алынғаннан кейін зеңге қарсы емдеуді тиісті түрде түзету керек.

Зеңге қарсы дәрілерді дұрыс пайдалану жөніндегі ресми нұсқаулықтарды ескеру керек.

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші затқа және құрылымы жағынан азольді қосылыстарға жақын, сондай-ақ қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық

- егер флуконазолдың дозасы тәулігіне 400 мг асқан жағдайда терфенадинмен бірге қолдану

- флуконазол мен цизапридті, астемизолды, эритромицинді, пимозидті, хинидинді, галофантринді, сондай-ақ  ЭКГ-де QT аралығын ұзартатын және CYP3A4 цитохромы жүйесі арқылы метаболизденетін басқа да дәрілерді бірге қабылдау

- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға қолданылмайды

- 6 жасқа дейінгі балалар

Өзара әрекеттесуі

Бауыр мен өт шығару жолдары функциясының бұзылуы

Флуконазолды бауыр функциясы бұзылған пациенттерге сақтықпен тағайындау керек.

Сирек жағдайларда флуконазолды қолдану ауыр гепатоуыттылықпен, оның ішінде өліммен аяқталумен, негізінен күрделі қатар жүретін аурулары бар пациенттерде жүреді. Флуконазолмен байланысты гепатоуыттылық жағдайларында жалпы тәуліктік дозамен, емдеу ұзақтығымен, пациенттердің жынысымен немесе жасымен қандай да бір айқын өзара байланыс байқалған жоқ. Флуконазолдың гепатоуыттылығы әдетте қайтымды сипатта болды және емдеу тоқтатылғаннан кейін өтті.

Флуконазолмен емдеу кезінде бауыр функциясының зертханалық көрсеткіштерінің ауытқулары бар пациенттер бауырдың анағұрлым ауыр зақымдануының алдын алу мақсатында тұрақты бақылауда болуы тиіс.

Емдеуші дәрігер пациенттерге бауыр үшін ауыр зардаптардың тән симптомдары (астения, анорексия, тұрақты жүрек айнуы, құсу және сарғаю) туралы хабарлауы тиіс. Флуконазолды қабылдауды дереу тоқтату керек, ал пациент дәрігермен кеңесу керек.

Жүрек-қантамыр жүйесі

Кейбір азолдарды, оның ішінде флуконазолды қолданғанда электрокардиограммада QT аралығының ұзаруы жағдайлары орын алды. Флуконазол түзеткіш калий өзекшелері (Ikr) арқылы ион ағынын тежеу арқылы QT аралығын ұзартады. Басқа препараттармен (мысалы, амиодарон) туындаған QT аралығының ұзаруы P-450 CYP3A4 цитохромының тежелуімен күшейтілуі мүмкін. Тіркеуден кейінгі бақылау барысында Флуконазолды қабылдаған пациенттерде QT аралығы ұзаруының және полиморфты қарыншалық тахикардияның (torsades de pointe)өте сирек жағдайлары тіркелді. Осы жағдайлардың ішінде көптеген қауіпті факторлары бар ауыр пациенттер туралы хабарламалар болды, мысалы, құрылымдық жүрек ауруы, электролиттердің бұзылуы және жағдайға әсер етуі мүмкін қатарлас препараттар. Гипокалиемиясы және ауыр жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде өмірге қауіп төндіретін қарыншалық аритмия және полиморфты қарыншалық тахикардия қаупі жоғары.

Флуконазолды потенциалды проаритмиялық жағдайлары бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. QT аралығын ұлғайтатыны және P-450 CYP3A4 цитохромының көмегімен метаболизденетіні белгілі басқа дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдануға болмайды.

Галофантрин

Галофантрин ұсынылған емдік дозада QT аралығын ұлғайтады және CYP3A4 субстраты болып табылады. Сондықтан флуконазол мен галофантринді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Тері реакциялары

Флуконазолмен емдеу кезінде сирек жағдайларда пациенттерде Стивенс - Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз сияқты эксфолиативті тері реакциялары дамиды. Эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен дәрілік реакция (DRESS-синдром) жағдайлары туралы хабарланды. ЖИТС ауыратын пациенттер көптеген дәрілік препараттарға ауыр тері реакцияларының дамуына бейім. Егер беткейлік зеңдік инфекциясынан емделіп жатқан пациентте флуконазолдың әсеріне жатқызуға болатын бөртпе пайда болса, осы дәрілік препаратпен емдеуді тоқтату керек. Инвазиялық/жүйелі зеңдік инфекциялары бар пациенттерде бөртпе туындаған кезде буллезді зақымданулар немесе көп формалы эритема дамыған жағдайда оларға мұқият бақылау жүргізу және флуконазолды тоқтату керек.

Аса жоғары сезімталдық

Анафилаксиялық реакцияның сирек жағдайлары тіркелді.

Цитохром P - 450

Флуконазол CYP2C9 изоферменті мен CYP3A4 изоферментінің орташа тежегіші, сондай-ақ CYP2C19 изоферментінің күшті тежегіші болып табылады. Флуконазолды CYP2C9, CYP2C19 және CYP3A4 изоферменттерімен метаболизденетін терапиялық диапазоны тар дәрілік препараттармен бір мезгілде қабылдайтын пациенттерге бақылау жүргізген жөн.

Терфенадин

Флуконазолды тәулігіне 400 мг-ден аз дозада және терфенадинді бір мезгілде қолдануды емдеуші дәрігердің мұқият қадағалауымен жүргізген жөн.

Кандидоз

Зерттеулер C. albicans-тен ерекшеленетін Candida түрлері тудыратын инфекциялардың үдемелі таралғыштығын көрсетті. Олар шығу тегі бойынша көбіне төзімді (мысалы, C. krusei және C. auris) немесе флуконазолға төмен сезімталдықты (C. glabrata) көрсетеді. Мұндай инфекциялар емдеудің тиімсіздігіне байланысты альтернативті зеңге қарсы терапияны қажет етуі мүмкін. Сондықтан дәрігерлерге Candida әр түрлерінде флуконазолға төзімділіктің таралуын ескеру ұсынылады.

Қосымша заттар

Флуконазол капсулаларында лактоза бар. Сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Лапп лактазаның жалпы тапшылығы немесе глюкоза мен галактоза мальабсорбциясы синдромы бар пациенттерге осы дәрілік препаратты қабылдауға болмайды.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Тәуліктік дозасы зеңдік инфекцияның табиғатына және ауырлығына байланысты және әр адамға жекелей анықталады. Емдеу ұзақтығы клиникалық және микологиялық әсеріне байланысты болады.

Емдеу ұзақтығы дұрыс таңдап алынбаса инфекцияның қайталануына әкелуі мүмкін.

Ересектер

Егде жастағы пациенттер

Препараттың дозасы пациенттің бүйрек функциясын ескере отырып түзетілуі тиіс.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бір реттік қолдану жағдайында дозаны түзету талап етілмейді. Флуконазолды көп рет қабылдайтын емді жоспарлаған бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде (оның ішінде бала жастағы пациентерде) препараттың нақты көрсетілім үшін ұсынылған тәуліктік дозаға негізделген бастапқы дозасы 50 мг-ден 400 мг дейін болуы тиіс. Бастапқы жүктеме дозасынан кейін күндізгі дозасы (көрсетілімдері бойынша) төмендегі кестеде келтірілген ақпарат негізінде есептелуі тиіс:

Шығарылу түрі

1 капсуладан (150 мг доза үшін) немесе 7 капсуладан (50 мг доза үшін) поливинилхлоридті үлбірден немесе пластиктелмеген ПВХ үлбірден және алюминий фольга немесе алюминий фольга немесе біріктірілген материал негізіндегі иілгіш қаптамадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынадыФлуконазол капсулалары 50 мг №7дәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube