daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы Флуконазол-капсула Денсаулығы 100 Мг №10 | Здоровье ФК ООО

Астане қаласындағы Флуконазол-капсула Денсаулығы 100 Мг №10 | Здоровье ФК ООО

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Мөлдір емес сары түсті корпусы және қақпағы бар № 2 қатты желатинді капсулалар. Капсулаға кәсіпорынның тауарлық белгісін жапсыруға рұқсат етіледі. Капсуланың ішіндегісі – сарғыш реңді ақ түсті ұнтақ. Ұнтақ бөлшектерінің агломераттарының болуына жол беріледі.

Халықаралық атауы:

Флуконазол

Өндіруші:

Здоровье ФК ООО

Өндіруші ел:

Украина

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: лактоза моногидраты, 87.0 мг, картоп крахмалы, төмен молекулярлы медициналық поливинилпирролидон, кальций стеараты; қабықтың құрамы: титанның қостотығы Е171, желатин, күн батар түстес сары Е110, хинолинді сары Е104. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Мөлдір емес сары түсті корпусы және қақпағы бар № 2 қатты желатинді капсулалар. Капсулаға кәсіпорынның тауарлық белгісін жапсыруға рұқсат етіледі. Капсуланың ішіндегісі – сарғыш реңді ақ түсті ұнтақ. Ұнтақ бөлшектерінің агломераттарының болуына жол беріледі.

Белсенді заттың дозасы:

100 мг

Дәрілік түрі:

Капсулалар, 100 мг

Қаптамадағы саны:

10 шт.

Аналогтары

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Ересек пациенттерде мыналарды емдеу мақсатында қолданылады:

криптококкты менингит

кокцидиоидомикоз

инвазивті кандидоз

шырышты кандидоз, оның ішінде ауыз жұтқыншақ, өңеш кандидозы; кандидурия, созылмалы тері-шырыш кандидозы

ауыз қуысының жеткіліксіз гигиенасында немесе жергілікті емдеу жеткіліксіз болғандағы тіс протезін пайдалануға байланысты ауыз қуысының созылмалы атрофиялық кандидозы

жедел немесе қайталанған қынаптық кандидоз, жергілікті емдеу мүмкін болмағанда

кандидоздық баланит, жергілікті ем қолданылмайтын болғанда

дерматомикоздар, табан, аяқ, дене микоздарын қоса, түрлі-түсті теміреткі және тері кандидоздары, жүйелі емдеу көрсетілген кезде

тырнақ дерматофитиясы (онихомикоз), басқа препараттарды қолдануға болмайтын кезде

Ересек пациенттерде профилактика мақсатында қолданылады:

қайталанулар қаупі жоғары пациенттерде криптококкты менингит қайталанулары

қайталану қаупі жоғары АИТВ инфекцияланған пациенттерде ауыз жұтқыншақ және өңеш кандидозының қайталанулары

қынаптық кандидоздың қайталану жиілігін (жылына 4 немесе одан көп эпизодтар) азайту

ұзаққа созылатын нейтропениясы бар пациенттердегі кандидоздық инфекциялар профилактикасы (мысалы, химиялық емнен өтетін гематологиялық қатерлі жаңа түзілімдері бар пациенттерде немесе гемопоэздік діңді жасушалар трансплантациясы жасалған пациенттерде).

Емдеу бактериологиялық және басқа зертханалық зерттеулердің нәтижелерін алғанға дейін тағайындалуы мүмкін, алайда, бұл нәтижелер белгілі бола салысымен, инфекцияға қарсы емді алынған нәтижелерге сәйкес түзету керек.

Қарсы көрсеткіштер

флуконазолға, препараттың басқа компоненттеріне, құрылымы флуконазолға ұқсас азольді заттарға жоғары сезімталдық

тәулігіне 400 мг және одан көбірек дозада ұзақ қолдану аясында терфенадинді бір мезгілде қабылдау

QT аралығын ұзартатын немесе Р450 цитохромының (CYP3A4 изоферменті) қатысуымен метаболизденетін цизаприд, астемизол, эритромицин, пимозид, амиодарон, хинидин сияқты дәрілік препараттарды бір мезгілде қабылдау

жүктілік және лактация кезеңі

18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің жеткіліксіздігі, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Деректер жоқ.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Флуконазолды келесі дәрілік заттармен бір мезгілде қолдануға болмайды:

цизаприд – флуконазол қанда цизаприд концентрациясын арттырып, QT аралығын ұзартады, жүрек ырғағының бұзылуын, соның ішінде «пируэт» типті аритмияны дамытады;

терфенадин - флуконазол қанда терфенадин концентрациясын арттырып, жағымсыз әсерлердің, соның ішінде QT аралығының ұзару, жүрек ырғағының бұзылу, «пируэт» типті аритмияның даму қаупін арттырады;

астемизол – флуконазол астемизолдың клиренсін төмендетіп, оның қандағы концентрациясын арттырады, QT аралығын ұзартады, жүрек ырғағының бұзылуын, соның ішінде «пируэт» типті аритмияны дамытады;

пимозид – флуконазол пимозидтің метаболизмін тежейді, соның нәтижесінде пимозидтің қандағы концентрациясы жоғарылайды, бұл QT аралығының ұзаруына және «пируэт» типті аритмияның дамуына әкеледі;

хинидин – флуконазол хинидиннің метаболизмін тежейді, нәтижесінде қанда хинидиннің концентрациясы жоғарылайды, бұл QT аралығының ұзаруына және «пируэт» типті аритмияның дамуына әкеледі;

эритромицин – флуконазолмен бір мезгілде қолдану кардиоуытты әсерлердің (QT аралығының ұзаруы, «пируэт» типті аритмия) жүректің тоқтап қалуына дейін даму қаупін арттырады;

амиодарон - флуконазол амиодаронның метаболизмін тежейді, бұл QT аралығының ұзарып, амиодаронның кардиоуыттылық әсерлерінің жоғарылауына әкеледі.

Келесі дәрілік заттарды флуконазолмен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды:

галофантрин - флуконазол галофантриннің метаболизмін тежеуі мүмкін,

бұл соңғысының қандағы концентрациясының жоғарылауына және кардиоуыттылық әсерлердің (QT аралығының ұзаруы, «пируэт» типті аритмия) жүректің тоқтап қалуына дейін жоғарылауына әкеледі.

Келесі дәрілік заттармен бір мезгілде тағайындағанда флуконазолмен емдеу дәрілік емнің дозасын түзетуді қажет етуі мүмкін:

Дәрілік заттардың флуконазолға ықпалы:

рифампицин – флуконазолдың жартылай шығарылу кезеңін орта есеппен 20 %-ға және фармакокинетикалық қисық астындағы ауданын 25 %-ға азайтады;

гидрохлоротиазид – дені сау еріктілерде қан плазмасындағы флуконазолдың концентрациясын 40 %-ға арттырды.

Флуконазолдың басқа дәрілік заттарға ықпалы:

Флуконазол Р450 цитохромының CYP2C9 изоферментінің күшті тежегіші және CYP3A4 және CYP2C19 изоферменттерінің орташа тежегіші болып табылады, оған флуконазолмен бір мезгілде қабылдағанда қан плазмасында CYP2C9, CYP2C19 және CYP3A4 изоферменттерінің қатысуымен метаболизденетін басқа дәрілік заттар концентрацияларының жоғарылау қаупі себеп болады. Флуконазолдың тежегіш әсері, жартылай шығарылу кезеңінің ұзақ болуымен байланысты, препаратты тоқтатқаннан кейін 4-5 күн бойы сақталады.

Алфентанил – флуконазолды 400 мг дозада пероральді түрде қабылдау және алфентанилді 20 мкг/кг дозада вена ішіне енгізу дені сау еріктілерде алфентанилдің фармакокинетикалық қисық астындағы ауданының 2 есе артуын және клиренсінің төмендеуін туындатты.

Амитриптилин және нортриптилин – флуконазолмен бір мезгілде қолданғанда аталған трициклді антидепрессанттардың қандағы концентрациясын арттырып, олардың уыттылық әсерлерін ұлғайтуы мүмкін.

Амфотерицин В - эксперименттік зерттеуде флуконазол мен амфотерицин В-ны бір мезгілде қолдану мынадай нәтижелерге әкелді: С. аlbiсаns жүйелі инфекциясы кезінде аздаған аддитивтік зеңге қарсы әсер, Сryрtососсus пеоfоrтаns бассүйекішілік инфекциясы кезінде өзара әрекеттесудің болмауы және A. fumigatus жүйелі инфекциясы кезінде екі препараттың антагонизмі. Бұл зерттеулердің барысында алынған нәтижелердің клиникалық мәні белгісіз.

Антикоагулянттар - флуконазол, триазолдың зеңге қарсы басқа да туындылары сияқты, кумаринді антикоагулянттардың тиімділігін (протромбин уақытын, мысалы, варфаринде 2 есе арттырады) және ішкі қан кетулердің даму қаупін арттырады. Кумаринді антикоагулянттарды қабылдап жүрген пациенттерде емдеу кезінде және бір мезгілде қолданудан кейін 8 күн бойы протромбин уақытын үнемі бақылап отыру қажет.

Әсері қысқа бензодиазепиндер (мидазолам, триазолам) – флуконазол мидазоламның және триазоламның қандағы концентрацияларын арттырып, олардың психомоторлы әсерлерін күшейтеді. 200 мг доза флуконазолды және 7,5 мг доза мидазоламды бір мезгілде қабылдау мидазоламның фармакокинетикалық қисық астындағы ауданын 3,7 есе және жартылай шығарылу кезеңін 2,2 есе арттырды. 200 мг доза флуконазолды және 0,25 мг доза триазоламды бір мезгілде қабылдау триазоламның фармакокинетикалық қисық астындағы ауданын 4,4 есе және жартылай шығарылу кезеңін 2,3 есе арттырды.

Карбамазепин - флуконазол карбамазепиннің метаболизмін тежеп, оның қан плазмасындағы концентрациясын 30 %-ға дейін арттырды және жағымсыз әсерлерін күшейтті.

Кальций өзектерінің блокаторлары – флуконазол CYP3A4 изоферментінің қатысуымен метаболизденетін кальций өзектерінің бірқатар блокаторларының (нифедипин, исрадипин, амлодипин, верапамил, фелодипин) потенциальді тежегіші болып табылады, олардың қандағы концентрацияларын және емдік әсерін арттырады.

Целекоксиб – тәулігіне 200 мг доза флуконазолды және 200 мг доза целекоксибті бір мезгілде қолданғанда целекоксибтің қандағы ең жоғары концентрациясы және фармакокинетикалық қисық астындағы ауданы, сәйкесінше, 68 %-ға және 134 %-ға жоғарылады. Флуконазол мен целекоксибті бір мезгілде тағайындау қажет болғанда целекоксибтің дозасын 2 есе төмендету ұсынылады.

Циклофосфамид – флуконазолмен бір мезгілде қолданғанда қандағы билирубиннің және креатининнің концентрациясы жоғарылайды.

Фентанил – флуконазол фентанилдің элиминациясын бәсеңдетіп, оны жағымсыз әсерлері тыныстың тоқтап қалуына дейін күшейтеді.

ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері – флуконазол қанда CYP3A4 изоферментінің (аторвастатин, симвастатин) және CYP2C9 қатысуымен (флувастатин) метаболизденетін ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерінің концентрациясын арттырып, олардың жағымсыз әсерлерін күшейтеді. Флуконазолды және ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерін бір мезгілде тағайындау қажет болғанда миопатия немесе рабдомиолиз симптомдарының пайда болуын, қандағы креатинкиназаның белсенділігін бақылаған жөн. Пациенттерге флуконазол мен лозартанды бір мезгілде тағайындағанда артериялық қысымға мониторинг жүргізу қажет.

Ибрутиниб - орташа CYP3A4 тежегіштері, мысалы, флуконазол, қан плазмасындағы ибрутиниб концентрациясын жоғарылатады және уыттылық қаупін арттыруы мүмкін. Егер дәрі-дәрмектерді біріктіріп қолданудан аулақ болу мүмкін болмаса, ингибиторды қолдану кезеңінде ибрутиниб дозасын тәулігіне бір рет (2 капсула) 280 мг-ға дейін азайту және мұқият клиникалық бақылауды қамтамасыз ету қажет.

Иммуносупрессорлар (мысалы, циклоспорин, эверолимус, сиролимус және такролимус).

Циклоспорин - флуконазол циклоспориннің концентрациясы мен АUС елеулі түрде жоғарылатады. Флуконазолды тәулігіне 200 мг дозада және циклоспоринді тәулігіне 2,7 мг/кг дозада бір мезгілде қолданған кезде циклоспориннің АUС 1,8 есе ұлғайғаны байқалған. Бұл препараттарды циклоспориннің дозасын оның концентрациясына байланысты азайтқан жағдайда ғана бір мезгілде қолдануға болады.

Эверолимус - in vitro және in vivo зерттеулері жүргізілмегенмен флуконазол қан плазмасындағы эверолимустың концентрациясын CYP3А4 бәсеңдетуге байланысты жоғарылатуы мүмкін.

Сиролимус - флуконазол сиролимус метаболизмін, сірә, СYР3А4 ферментімен және Р-гликопротеинмен бәсеңдету арқылы, қан плазмасындағы сиролимустың концентрациясын жоғарылатуы ықтимал. Бұл препараттарды сиролимустың дозасын концентрация деңгейіне және препараттың әсерлеріне байланысты түзеткен жағдайда ғана бір мезгілде қолдануға болады.

Такролимус - флуконазол такролимусты ішу арқылы қабылдаған кезде такролимустың метаболизмін СYР3А4 ферментімен ішекте бәсеңдету арқылы оның қан плазмасындағы концентрациясын 5 есе жоғарылатуы мүмкін. Такролимусты в/і қолданған кезде фармакокинетиканың мардымды өзгерістері байқалған жоқ. Такролимус деңгейлерінің жоғарылығы нефроуыттылықпен астасады. Ішуге арналған такролимус дозасын такролимустың концентрациясына байланысты төмендету керек.

Лозартан - флуконазол лозартанның метаболизмін оның белсенді метаболитіне дейін (Е-3174) бәсеңдетеді, бұл лозартанды қолданған кездегі ангиотензин II рецепторларына антагонизмнің үлкен бөлігінен туындайды. Пациенттердің АҚ ұдайы мониторинг жүргізу ұсынылады.

Метадон - флуконазол метадонның қан сарысуындағы концентрациясын жоғарылатуы мүмкін.

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП)

Флуконазолмен бір мезгілде қолданғанда флурбипрофеннің Cmax және AUC мәндері, тек флурбипрофенді ғана қолданған кездегі осындай көрсеткіштермен салыстырғанда, сәйкесінше, 23 %-ға және 81 %-ға жоғарылады. Осыған ұқсас, флуконазолды рацемиялық ибупрофенмен (400 мг) бір мезгілде қолданғанда фармакологиялық тұрғыдан белсенді изомердің S-(+)- ибупрофен Cmax және AUC мәндері, тек рацемиялық ибупрофенді ғана қолданған кездегі көрсеткіштермен салыстырғанда, сәйкесінше, 15 %-ға және 82 %-ға жоғарылады.

Флуконазол CYP2C9 метаболизденетін басқа ҚҚСП (мысалы, напроксен, лорноксикам, мелоксикам, диклофенак) жүйелі экспозициясын арттыруға потенциальді түрде қабілетті. ҚҚСП-пен байланысты жағымсыз реакцияларға және уыттылық көріністерге мезгіл-мезгіл мониторинг жасау ұсынылады. ҚҚСП дозасын түзету қажет етілуі мүмкін.

Фенитоин – флуконазол қанда фенитоинның концентрациясын арттырып, жағымсыз әсерлердің даму қаупін ұлғайтады. 200 мг доза флуконазолды және вена ішіне енгізілетін 250 мг доза фенитоинды бір мезгілде қабылдау қанда фенитоинның ең жоғары концентрациясының және фармакокинетикалық қисық астындағы ауданының, сәйкесінше, 128 %-ға және 75 %-ға артуына әкелді.

Преднизон - бауыр трансплантациясынан кейін преднизон қабылдаған пациентте флуконазолмен емдеуді аяқтағаннан кейін 3 айдан соң бүйрекүсті безі қыртысының жедел жеткіліксіздігінің дамығаны жөнінде мәлімдеме бар. Флуконазолмен және преднизонмен ұзақ емделіп жүрген пациенттерде флуконазолмен емдеуді аяқтағаннан кейін бүйрекүсті безі қыртысының функциясына мұқият мониторинг жүргізген жөн.

Рифабутин - флуконазол қанда рифабутиннің концентрациясын жоғарылатып, оның фармакокинетикалық қисық астындағы ауданын 80 %-ға арттырады және жағымсыз әсерлерінің даму қаупін ұлғайтады (бір мезгілде қолданғанда увеит жағдайларының болғаны сипатталған).

Саквинавир - флуконазол қанда саквинавирдің ең жоғары концентрациясын және фармакокинетикалық қисық астындағы ауданын, сәйкесінше, 50 %-ға және 55 %-ға арттырады.

Сульфонилмочевина туындылары – флуконазол дені сау еріктілерде сульфонилмочевина туындыларының (хлорпропамид, глибенкламид, глипизид және толбутамид) жартылай шығарылу кезеңін ұзартады, бұл қандағы глюкоза концентрациясына мониторинг жүргізуді және қажет болғанда гипогликемиялық дәрілердің дозасын түзетуді қажет етеді.

Теофиллин – 14 күн бойы 200 мг доза қабылдаған кезде флуконазол теофиллиннің клиренсін 18 %-ға төмендетті, бұл теофиллиннің жағымсыз әсерлерінің күшею қаупін арттыруы мүмкін.

Қабіршөп алкалоидтары – флуконазолды қабылдау аясында қандағы винкристин және винбластин концентрациялары жоғарылауының потенциальді қаупі бар.

А дәрумені - трансретин қышқылы (А дәруменінің қышқылдық түрі) және флуконазолды бір мезгілде қолданған пациентте ОЖЖ тарапынан мидың жалған туморы түріндегі жағымсыз реакциялар байқалғаны хабарланған, ол флуконазолды тоқтатқаннан кейін жойылған. Бұл дәрілік заттарды бір мезгілде қолдануға болады, бірақ ОЖЖ тарапынан жағымсыз реакциялардың пайда болу қаупін есте ұстау керек.

Вориконазол (CYP2C9, CYP2C19, CYP3A4 изоферменттерінің тежегіші) - вориконазолды (1 күн 400 мг, кейінгі күндері әрбір 12 сағат сайын 200 мг) және флуконазолды (1 күн 400 мг, содан кейін 4 күн бойы 200 мг 2,5 күн) бір мезгілде пероральді түрде қабылдау дені сау еріктілерде қандағы вориконазолдың концентрациясын орта есеппен 57 %-ға арттырды. Бірге қолдану қажет болған кезде вориконазолды флуконазолдан кейін тағайындау ұсынылады.

Зидовудин - флуконазол қандағы зидовудиннің концентрациясын арттырып, жағымсыз әсерлердің даму қаупін ұлғайтады. Флуконазолды зидовудинмен бір мезгілде қабылдау зидовудиннің ең жоғары концентрациясын және фармакокинетикалық қисық астындағы ауданын, сәйкесінше, 84 %-ға және 74 %-ға арттырды, оның клиренсін 45 %-ға төмендетті, жартылай шығарылу кезеңін 128 %-ға ұзартты.

Азитромицин - азитромицин мен флуконазолдың бір-бірінің фармакокинетикасына ықпалына 18 дені сау еріктіде баға берген кезде оларды 1200 мг және 800 мг дозаларда бір мезгілде бір рет пероральді қолданғанда маңызды фармакокинетикалық әрекеттесулер анықталмады.

Ішуге арналған контрацептивтер - 200 мг-ге дейінгі дозадағы флуконазол пероральді түрде қолданылатын, ұрықтануға қарсы біріктірілген дәрілердің тиімділігіне елеулі ықпалын тигізген жоқ, ал 200 мг флуконазолды күн сайын қабылдағанда этинилэстрадиолдың және левоноргестрелдің фармакокинетикалық қисық астандағы ауданы, сәйкесінше, 40 %-ға және 24 %-ға артты. 300 мг флуконазолды аптасына 1 рет қабылдағанда этинилэстрадиолдың және норэтиндронның фармакокинетикалық қисық астандағы ауданы, сәйкесінше, 24 %-ға және 13 %-ға артты.

Ивакафтор – флуконазол қанда ивакафтордың CFTR-потенциаторының концентрациясын 3 есеге дейін, сондай-ақ оның метаболиті гидроксиметил-ивакафтордың концентрациясын арттырады.

Арнайы сақтандырулар

Дерматофитиялар. Балалардағы дерматофитияны емдеген кезде флуконазол тиімділігі жағынан гризеофульвиннен асқан жоқ. Сондықтан флуконазолды балалардағы дерматофитияны емдеуге қолдану ұсынылмайды.

Криптококкоз. Флуконазолдың басқалай орналасқан криптококкозды (мысалы, өкпе криптококкозын және тері криптококкозын) емдеудегі тиімділігіне дәлелдер жеткіліксіз, сондықтан мұндай ауруларды емдеу үшін дозалау режимдері жөніндегі ұсыныстар жоқ.

Терең эндемиялық микоздар. Флуконазолдың паракокцидиоидомикоз, гистоплазмоз және тері-лимфалық споротрихоз сияқты эндемиялық микоздардың басқа түрлерін емдеуге тиімділігінің дәлелдері жеткіліксіз, сондықтан мұндай ауруларды емдеу үшін дозалау режимдері жөніндегі ұсыныстар жоқ.

Кандидоз. Зерттеулер Candida штамдарының инфекцияларының C. albicans-тен өзгеше екенін көрсетті. Олар көбінесе тұрақтылықты көрсетеді (мысалы, C. krusei және C. auris) немесе флуконазолға сезімталдықтың төмендеуі (C. glabrata). Мұндай инфекциялар флуконазолмен тиімсіз емдеу кезінде балама антифункционалды терапияны қажет етуі мүмкін. Дәрігерлерге әр түрлі Candida түрлерінің флуконазолға төзімділігінің таралуын ескеру ұсынылады.

Бүйрек жүйесі. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде препаратты сақтықпен қолдану керек.

Гепатобилиарлық жүйе. Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде препаратты сақтықпен тағайындау керек. Флуконазолды қолдану сирек жағдайларда әсіресе негізгі аурулары ауыр күйдегі пациенттерде өлімге ұшыратуды қоса, ауыр гепатоуыттылықтың дамуымен байланысты. Гепатоуыттылықтың дамуы флуконазолды қолданумен байланысты болған жағдайларда, оның препараттың жалпы тәуліктік дозасына, емнің ұзақтығына, пациенттің жасына және жынысына байланыстылығы белгіленбеген. Әдетте флуконазолдан туындаған гепатоуыттылық қайтымды болады, ал оның көріністері емді тоқтатқаннан кейін жойылады.

Флуконазолды қолданған кезде бауырдың функционалдық сынамаларының нәтижесінде ауытқулар байқалған пациенттерді бауырдың бұдан да ауыр зақымдалуының дамуына қатысты мұқият бақылауға алу керек.

Бауырға күрделі ықпалын білдіретін сиптомдар (айқын астения, анорексия, тәбеттің болмауы, ұдайы жүрек айнуы, құсу және сарғаю) туралы пациентке мәлімделуі тиіс. Мұндай жағдайда флуконазолды қолдануды дереу тоқтатып, дәрігермен кеңесу қажет.

Жүрек-қантамыр жүйесі. Кейбір азолдар, оның ішінде флуконазол, ЭКГ-де аралығының ұзаруымен астасады. Флуконазолды қолданған кезде аралығы ұзаруының және «пируэт» типті пароксизмальді қарыншалық тахикардияның өте сирек жағдайлары туралы хабарланған. Мұндай хабарламалар жүректің құрылымдық аурулары, электролиттік алмасудың бұзылуы және аралығына ықпал ететін басқа дәрілік заттарды бір мезгілде қолдану сияқты көптеген факторлардың бірігуі кезінде ауыр науқасты пациенттерге қатысты болды.

Флуконазолды аритмияның даму қаупі бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек. аралығын ұзартатын және Р450 цитохромының СYР3А4 ферментінің көмегімен метаболизденетін дәрілік заттармен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Дерматологиялық реакциялар. Флуконазолды қолдану кезінде эозинофилиямен және жүйелік көріністермен (DRESS) дәрілік реакцияның дамуы туралы хабарланды. Флуконазолды қолдану аясында Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермалық некролиз сияқты эксфолиативтік тері реакцияларының дамуы туралы сирек хабарлар бар. АИТВ-инфекцияланған пациенттер көптеген дәрілік заттарды қолданған кезде ауыр тері реакцияларының дамуына неғұрлым бейім болады. Егер беткейлік зеңдік инфекциясы бар пациентте флуконазолды қолданумен байланыстыруға болатын бөртпелер пайда болса, препаратты әрі қарай қабылдауды тоқтату керек. Егер инвазиялық/жүйелі зеңдік инфекциялы пациентте терідегі бөртпелер пайда болса, оның жай-күйін мұқият бақылау керек, ал буллездік бөртпелер немесе мультиформалы эритема дамыған жағдайда флуконазолды қолдануды тоқтату қажет.

Аса жоғары сезімталдық. Өте сирек жағдайларда анафилаксиялық реакциялардың дамығаны туралы хабарланған.

Р450 цитохромы. Флуконазол СYР2С9 ферментінің күшті тежегіші және СYР3А4 ферментінің орташа тежегіші болып табылады. Сондай-ақ флуконазол СYР2С19 ферментінің де тежегішіне жатады. Флуконазолды және СYР2С9, СYР2С19 және СYР3А4 қатысуымен метаболизденетін емдік аясы тар препараттарды бір мезгілде қабылдайтын пациенттердің жай-күйін бақылау керек.

Препарат құрамында лактоза бар. Қант диабеті бар пациенттерге сақтықпен тағайындалады.

Препараттың құрамындағы E 110 сары күн батуы аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін.

Педиатрияда қолдану

18 жасқа дейінгі балаларды қолдануға қарсы.

Жүктілік және лактация кезеңі 

Бірінші триместрде енгізілген флуконазолдың ≤ 150 мг кумулятивтік дозасын алған бірнеше мың жүкті әйелдердің деректері ұрықтың даму кемістіктерінің жалпы қаупінің артуын көрсетпейді. Бір ірі бақылау когортты зерттеуінде бірінші триместрде пероральді флуконазолдың әсері тірек-қимыл аппаратының даму ақауларының даму қаупінің шамалы жоғары болуымен байланысты болды, бұл топикалық азолдарды алған әйелдерге қарағанда ≤ 450 мг дозасын кумулятивтік ем алған 1000 әйелге шамамен 1 қосымша жағдайға және 450 мг астам кумулятивтік доза алған 1000 әйелге шамамен 4 қосымша жағдайға сәйкес келеді. Түзетілген салыстырмалы тәуекел 150 мг пероральді флуконазол үшін 1,29 (95% ДИ 1,05 - 1,58) және 450 мг астам флуконазол дозалары үшін 1,98 (95% ДИ 1,23-3,17) құрады. Обсервациялық зерттеу нәтижелері жүктіліктің бірінші триместрі кезінде флуконазол қабылдаған әйелдерде өздігінен түсік тастау қаупі жоғарылағанын көрсетті. Аналары кокцидиоидомикозды емдеу үшін флуконазолды жоғары дозаларда (күніне 400-800 мг) үш ай немесе одан ұзақ қабылдаған жаңа туған нәрестелердегі көптеген туа біткен даму ақаулары туралы (брахицефалияны, құлақ қалқанының дисплазиясын, алдыңғы еңбектің шектен тыс ұлғаюын, жамбастың қисаюын, иық-шынтақ синостозын қоса) баяндалды. Флуконазолды қолдану мен осы жағдайлардың арасындағы себеп-салдарлық байланыс анық емес.

Өмірге зор қауіп төндіретін инфекция жағдайларын қоспағанда, флуконазол стандартты және жоғары дозаларда, қысқа мерзімдік ем үшін де, ұзақ қолдану үшін де, жүктілік кезінде пайдаланылмауы тиіс.

Флуконазол емшек сүтіне өтеді және қан плазмасындағыға қарағанда неғұрлым төмен концентрацияға жетеді. Флуконазолдың 200 мг немесе одан аз болатын әдеттегі дозасын бір рет қолданғаннан кейін емшек емізуді жалғастыруға болады.

Флуконазолды көп рет қолданған кезде немесе жоғары дозаларда қолданған кезде емшек емізу ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Флуконазолдың көлік құралдарын басқару немесе басқа механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне ықпалына зерттеу жүргізілмеген. Флуконазолды қолданған кезде бас айналудың немесе құрысулардың дамуы мүмкін екені жөнінде пациенттерге мәлімдеу керек. Мұндай симптомдар дамыған кезде көлік құралдарын басқару немесе басқа механизмдермен жұмыс істеу ұсынылмайды.

Арнайы нұсқаулар

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Флуконазолдың тәуліктік дозалары зеңдік инфекцияның сипаты мен ауырлығына байланысты. Препаратты қайталап қолдануды қажет ететін инфекцияларда, емдеуді белсенді зеңдік инфекцияның клиникалық немесе зертханалық белгілері жоғалғанға дейін жалғастыру керек. Емді мезгілінен бұрын тоқтату инфекцияның қайталануына әкеліп соғуы мүмкін.

Балалар

18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.

Егде жастағы пациенттер

Дозаны бүйрек функциясының күйіне қарай түзету керек.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Флуконазолды бауыр функциясы бұзылған пациенттерге сақтықпен қолдану керек, өйткені флуконазолды пациенттердің бұл санатына қолдану туралы ақпарат жеткіліксіз.

Дозалар мен емдеу ұзақтығы жеке анықталады.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін бір реттік қабылдауда дозаны өзгерту қажет емес. Флуконазолды қайталап тағайындаған бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастар үшін препарат белгілі бір көрсеткішке ұсынылған дозаға байланысты 50-ден 400 мг-ға дейінгі бастапқы дозада тағайындалады. Бастапқы дозаны қолданғаннан кейін тәуліктік доза кестеге сәйкес анықталады:

Тұрақты диализдегі пациенттер әрбір диализден кейін 100 % ұсынылған дозаны алуы тиіс. Диализ жүргізілмеген күні, пациент креатинин клиренсіне байланысты түзетілген дозаны алуы тиіс.

Енгізу әдісі мен жолы

Ішке қабылдау үшін.

Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі

Препаратты тамақтануға байланыссыз тағайындайды, капсулаларды тұтастай жұту керек.

Емдеу ұзақтығы

Әр адамға жекелей, зең инфекцияларының сипаты мен ауырлығына байланысты.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Симптомдары: елестеулер және параноидальді мінез-құлық.

Емі: симптоматикалық ем (асқазанды шаю, демеуші ем). Флуконазол елеулі дәрежеде несеппен шығарылады; жеделтетілген диурез препараттың шығарылуын жылдамдатуы мүмкін. 3 сағатқа созылған гемодиализ сеансы флуконазолдың қан плазмасындағы деңгейін шамамен 50 % төмендетеді.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған жағдайда қолданылуы қажет шаралар

Деректер жоқ.

Тоқтату симптомдары қаупінің болуына нұсқау

Деректер жоқ.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар

Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.

Артық дозалану

Жанама әсерлері

Жиі

бас ауыру

іштің ауыруы, диарея, жүректің айнуы, құсу

сілтілік фосфатаза деңгейінің, сарысулық аминотрансфераза (АЛТ және АСТ) деңгейінің клиникалық тұрғыдан маңызды жоғарылауы

тері бөртпесі

Жиі емес

ұйқысыздық, ұйқышылдық, жалпы әлсіздік, қатты қажығыштық

бас айналу

парестезиялар, құрысулар

астения, гипертермия

вертиго

тәбеттің нашарлауы

ауыз қуысының шырышты қабығының құрғауы, дәмнің өзгеруі, диспепсия, метеоризм, іш қату

холестаз, сарғаю, қан плазмасындағы жалпы билирубиннің клиникалық тұрғыдан маңызды жоғарылауы

анемия

миалгия

шамадан тыс терлеу, дәрілік дерматит, есекжем, қышу

Сирек

«пируэт» типті аритмия, QT аралығының ұзаруы

тремор

агранулоцитоз, лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения

гипертриглицеридемия, гиперхолестеринемия, гипокалиемия

бауыр функциясының бұзылулары, гепатоцеллюлярлы некроз, гепатит, бауырдың зақымдануы

алопеция

эксфолиативті дерматит, токсикалық эпидермальды некролиз (Лайелл синдромы), экссудативті эритема көп формалы (соның ішінде Стивенс-Джонсон синдромы), жедел жалпыланған экзантематозды пустулярлы бөртпе, ангиодема, бет ісінуі

Жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде орнату мүмкін емес)

эозинофилия және жүйелік белгілері бар дәрілік реакциялар (DRESS)

Шығарылу түрі

10 капсуладан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

10 капсуладан пішінді ұяшықты 1 қаптама медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

5 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынадыФлуконазол-капсула денсаулығы 100 мг №10дәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube