daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы Фобос Капсулалары 150 Мг №1 | Реплек Фарм Лтд

Астане қаласындағы Фобос Капсулалары 150 Мг №1 | Реплек Фарм Лтд

Халықаралық атауы:

Флуконазол

Өндіруші:

Реплек Фарм Лтд

Өндіруші ел:

Республика Северная Македония

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, натрий лаурилсульфаты, қабығы: желатин, патенттелген көк V (Е131), хинолинді сары (Е104), темірдің (III) қызыл тотығы (Е172), титанның қостотығы (Е171), темірдің (III) сары тотығы (Е172) (50 мг доза үшін), қабығы: желатин, титанның қостотығы (Е171) (150 мг доза үшін), қабығы: желатин, титанның қостотығы (Е171) (200 мг доза үшін). Сыртқы түрінің иісінің, дәмінің сипаттамасы Өлшемі №2, корпусы және күңгірт-жасыл түсті қақпақшасы бар қатты желатинді капсулалар (50 мг доза үшін). Өлшемі №1, корпусы және ақ түсті қақпақшасы бар қатты желатинді капсулалар (150 мг доза үшін). Өлшемі №0, корпусы және ақ түсті қақпақшасы бар қатты желатинді капсулалар (200 мг доза үшін). Капсуланың ішінде - ақ гомогенді ұнтақ. Шығарылу түрі және қаптамасы 7 капсуладан (50 мг және 200 мг доза үшін) немесе 1 капсуладан (150 мг доза үшін) поливинилхлорид/поливинилиденхлорид үлбірінен және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады. 1 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Белсенді заттың дозасы:

150 мг

Қаптамадағы саны:

1 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Фобос ересектердегі келесі ауруларды емдеу үшін көрсетілген:

- криптококкты менингит

- кокцидиоидомикоз

- инвазивті кандидоз

- шырышты қабықтың кандидозы, соның ішінде орофарингеальды кандидоз, өңеш кандидозы, кандидурия және созылмалы тері-шырышты кандидоз

- ауыз қуысының гигиенасын сақтау немесе жергілікті емдеу жеткіліксіз болғанда ауыз қуысының созылмалы атрофиялық кандидозы (тіс протездерін пайдаланумен байланысты)

- қынаптық кандидоз, жедел немесе қайталанатын (жергілікті ем қолданылмаса)

- кандидоздық баланит (жергілікті ем қолданылмаса)

- дерматомикоздар, соның ішінде табанның дерматофитиясы, дененің тегіс терісінің дерматофитиясы, шап дерматофитиясы, түрлі-түсті теміреткі және терінің кандидозды инфекциялары (жүйелі ем көрсетілген кезде); тырнақтың дерматофитиясы (онихомикоз), басқа препараттармен емдеу қолайсыз болған кезде.

Фобос ересектердегі келесі аурулар профилактикасы үшін көрсетілген:

- орофарингеальді кандидоздың қайталану қаупі жоғары пациенттерде, АИТВ жұқтырған науқастарда криптокококкты менингиттің қайталануы

- қынаптық кандидоздың қайталану жиілігін төмендету үшін (жылына 4 немесе одан көп жағдайлар)

- ұзақ нейтропениясы бар пациенттерде кандидоздық инфекциялардың профилактикасы үшін (мысалы, гематологиялық қатерлі жаңа түзілімдерде, химиотерапия немесе гемопоэтикалық дің жасушаларын трансплантациялайтын пациенттерге)

Қарсы көрсеткіштер

- препарат компоненттерінің кез келгеніне немесе флуконазолға ұқсас құрылымы бар азольді заттарға жоғары сезімталдық;

- Фобос препаратының 400 мг және одан көп тәуліктік дозасын көп рет қолданған кезде терфенадинді бір мезгілде қабылдау;

- QT аралығын ұзартатын және цизаприд, астемизол, пимозид, хинидин, амиодарон және эритромицин сияқты CYP3A4 ферменті арқылы метаболизденетін дәрілік препараттарды бір мезгілде қабылдау;

- тұқым қуалайтын галактоза көтере алмаушылығы, лактоза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы;

- жүктілік және бала емізу кезеңі;

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.

Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары

Егде жастағылар: бүйрек жағдайын ескере отырып, дозаны түзету қажет.

Бүйрек жеткіліксіздігі: препараттың бір реттік дозасын түзету қажет емес. Фобос препаратын бірнеше рет қабылдау қажет болғанда және бүйрек жұмысы бұзылған кезде осы аурудың ұсынылған тәуліктік дозасына сүйене отырып, 50 мг-ден 400 мг-ға дейінгі бастапқы доза жеке таңдалады. Бастапқы, жүктемелік дозаны қабылдағаннан кейін одан әрі қолдану үшін қолданылуы мен бүйрек жұмысын ескере отырып тәуліктік доза таңдалады.

Диализді тұрақты жүргізген кезде диализдің әрбір сеансынан кейін толық ұсынылатын доза қабылдануы тиіс. Диализ жүргізілмеген күндерде пациенттер бүйрек жұмысын ескере отырып, азайтылған дозаны қабылдауы керек.

Бауыр жеткіліксіздігі: Фобос препаратын бауыр жұмысы бұзылған кезде сақтықпен қолдану қажет.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Төменде атап көрсетілген дәрілік препараттармен бір мезгілде қолдануға болмайды

Цизаприд: жүрек-қантамыр бұзылулары, соның ішінде жүрек ырғағы бұзылуы мүмкін, сондықтан Фобос препаратымен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Терфенадин: жүрек ырғағының күрделі бұзылуы мүмкін, Фобос препаратының 400 мг тәуліктік және одан да көп дозасымен бір мезгілде қолдануға болмайды. Фобос препаратының күніне 400 мг-ден төмен дозасын бір мезгілде қолданғанда дәрігердің бақылауы қажет.

Астемизол: өмірге қауіп төндіретін аритмия дамуы мүмкін, сондықтан Фобос препаратымен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Пимозид: өмірге қауіп төндіретін аритмияның дамуы мүмкін, сондықтан Фобос препаратымен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Хинидин: аритмия дамуы мүмкін, Фобос препаратымен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Эритромицин: ауыр жүрек аурулары дамуы мүмкін (жүректің тоқтап қалуынан бастап кенеттен қайтыс болғанға дейін), фобоспен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Мынадай дәрілік препараттармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды

Галофантрин: өмірге қауіп төндіретін аритмия дамуы мүмкін (жүректің тоқтап қалуына дейін), сондықтан Фобос препаратымен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Сақтықпен қолдану керек біріктірілімдер

Амиодарон: аритмия дамуы мүмкін, егер бір мезгілде қолдану қажет болса, әсіресе Фобос (800 мг) препаратының жоғары дозаларында сақтық қажет.

Сақтық шараларын ұстануды және қажет болған жағдайда Фобос препаратының дозасын түзетуді талап ететін дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдану

Гидрохлоротиазид: Фобос препараты әсерінің күшеюі мүмкін, оның дозасын өзгерту талап етілмейді.

Рифампицин: Фобос препаратының әсері төмендеуі мүмкін, сондықтан оның дозасын арттыру қажет болуы мүмкін.

Тамақтану, циметидинді, антацидтерді қабылдау, сондай-ақ сүйек кемігін ауыстырып салғаннан кейін дененің жалпы сәулеленуі Фобос препаратының әсеріне айтарлықтай әсер етпейді.

Фобос препаратының басқа дәрілік препараттарға әсері.

Альфентанил: альфентанилдің әсері күшеюі мүмкін, сондықтан альфентанилдің дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Амитриптилин, нортриптилин: амитриптилин мен нортриптилиннің әсері күшеюі мүмкін, олардың дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Амфотерицин B: қалыпты және әлсіреген иммунитеті бар пациенттерде келесі өзара әрекеттесулер болуы мүмкін: ішкі ағзалардың зеңдік зақымдануы кезінде азғана қосымша зеңге қарсы әсер; криптококк тудырған бассүйекішілік инфекция кезінде өзара әрекеттесудің болмауы; ішкі ағзалардың зеңдік зақымдануы кезінде препараттардың қарама-қарсы әсері.

Варфарин: қан ұюы төмендеуі, қан кету дамуы мүмкін (гематомалар, мұрыннан қан кету, асқазан-ішектен қан кету, несептегі қан және қанды нәжіс) мүмкін. Қанның ұю көрсеткіштерін (протромбиндік уақыт) мұқият бақылау, қажет болған жағдайда варфарин дозасын түзету қажет.

Бензодиазепиндер (қысқа әсер ететін), яғни мидазолам, триазолам: психикалық және қозғалыс реакциялары түрінде көрінетін олардың әсері күшеюі мүмкін, бензодиазепиндердің дозасын азайту және жағдайды бақылау қажет болуы мүмкін.

Карбамазепин: карбамазепин әсері күшеюі мүмкін, оның дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Кальций өзекшелері блокаторлары (нифедипин, исрадипин, амлодипин, верапамил және фелодипин): олардың әсері күшеюі мүмкін, емдеу кезеңінде ықтимал жағымсыз әсерлерді бақылау қажет.

Целекоксиб: целекоксиб әсері күшеюі мүмкін, целекоксиб дозасын 2 есе азайту қажет болуы мүмкін.

Циклофосфамид: қан сарысуындағы билирубин мен креатинин деңгейі жоғарылайды, қандағы билирубин мен креатинин деңгейін қатаң бақылау қажет.

Фентанил: тыныс алу функциясының бәсеңдеуімен фентанил әсерінің күшеюі байқалады, сондай-ақ фентанил дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Аторвастатин, симвастатин: қаңқа бұлшықеттерінің атрофиясы, бұзылуы және жедел некроз қаупі артады. Оларды уақтылы анықтау үшін креатинкиназа деңгейін бақылау және қадағалау қажет. Креатинкиназа деңгейінің едәуір жоғарылауы кезінде, бұлшықеттердің бұзылуына/атрофиясына күдік туындағанда аторвастатин, симвастатин қабылдауды тоқтату керек.

Ибрутиниб: ибрутиниб әсері күшеюі мүмкін, ибрутиниб дозасын күніне бір рет (екі капсула) 280 мг-ға дейін азайту және пациенттің жағдайын мұқият клиникалық бақылау қажет болуы мүмкін.

Олапариб: олапариб әсері күшеюі мүмкін, бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Егер біріктіру қажет болса, олапариб дозасы күніне екі рет 200 мг-ға дейін шектеледі.

Иммуносупрессанттар (циклоспорин, эверолимус, сиролимус және такролимус және басқалар)

Циклоспорин: циклоспориннің әсері күшейеді. Мұндай біріктірілім циклоспорин дозасын төмендету кезінде ғана қолданылуы мүмкін.

Эверолимус: эверолимустың әсері күшеюі мүмкін.

Сиролимус: сиролимустың әсері күшеюі мүмкін. Мұндай біріктірілім сиролимустың дозасын төмендету кезінде ғана қолданылуы мүмкін.

Такролимус: такролимустың әсері күшеюі мүмкін. Қандағы концентрациясына байланысты пероральді қабылданған такролимустың дозасын азайту қажет.

Лозартан: лозартанның әсері күшеюі мүмкін, емдеу кезеңінде артериялық қысымды тұрақты бақылау қажет.

Метадон: метадонның әсері күшеюі мүмкін, оның дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

ҚҚСП (напроксен, лорноксикам, мелоксикам, диклофенак): ҚҚСП әсері күшеюі мүмкін. Жағымсыз жанама әсерлерді ерте анықтау үшін жағдайды жиі бақылау ұсынылады, олардың дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Фенитоин: фенитоиннің әсері күшеюі мүмкін, оның деңгейін бақылау қажет.

Преднизолон: препаратты ұзақ уақыт қолданғаннан кейін тоқтатқан кезде бүйрекүсті безі қыртысының жедел жеткіліксіздігі дамуы мүмкін. Флуконазолмен және преднизолонмен ұзақ мерзімді ем алатын науқастарға Фобос қабылдауды тоқтатқаннан кейін бүйрекүсті безі қыртысының функциясын мұқият бақылау қажет.

Рифабутин: көздің тамырлы қабығы қабынуының дамуымен рифабутин әсері күшеюі мүмкін, жағдайды мұқият бақылау қажет.

Саквинавир: саквинавирдің әсері күшеюі мүмкін, оның дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Сульфонилмочевина препараттары (хлорпропамид, глибенкламид, глипизид, толбутамид): олардың әсері күшеюі мүмкін, қандағы глюкоза деңгейін жиі бақылау және қажет болған жағдайда сульфонилмочевина дозасын азайту ұсынылады.

Теофиллин: теофиллиннің әсері күшеюі мүмкін, теофиллиннің артық дозалану симптомдарын анықтау және оның дозасын түзету үшін жағдайды бақылау қажет.

Қабіршөп алкалоидтары (винкристин және винбластин): қабіршөп алкалоидтарының әсері күшеюі және жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз әсерлер дамуы мүмкін.

А дәрумені: орталық жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз әсерлерді анықтау үшін пациенттердің жағдайын бақылау қажет.

Вориконазол: вориконазол әсері күшеюі мүмкін, жағымсыз жанама әсерлерді уақтылы анықтау үшін жай-күйге мониторинг жүргізу ұсынылады.

Зидовудин: зидовудиннің әсері күшеюі мүмкін. Пациенттерге зидовудинді қабылдаумен байланысты жағымсыз реакцияларды анықтау мақсатында жағдайды бақылау қажет (кейбір жағдайларда оның дозасын азайту қажет болуы мүмкін).

Азитромицин: өзара әрекеттесу анықталған жоқ.

Пероральді контрацептивтер: өзара әрекеттесу анықталған жоқ.

Ивакафтор: ивакафтор әсері күшеюі мүмкін, ивакафтор дозасын күніне бір рет 150 мг-ға дейін азайту ұсынылады.

Тофацитиниб: тофаситиниб күшеюі мүмкін.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Фобос препараты тек ересектерде қолданылады. Дозаны таңдағанда зеңдік инфекцияның түрі мен ауырлығы ескеріледі. Көп реттік дозаларды қабылдауды талап ететін инфекцияларды емдеуді жай-күйі және/немесе зеңдік инфекцияың белсенділігін айқындайтын зертханалық зерттеулер көрсеткіштері жақсарғанға дейін жалғастыру қажет. Емдеу ұзақтығының жеткіліксіздігі аурудың қайталануына әкелуі мүмкін.

Криптококкты менингит: емдеуді 1-ші күні 400 мг жүктеме дозасынан бастайды, келесі күндері күніне 200-400 мг қабылдайды. Өмірге қауіп төндіретін жағдайларда тәуліктік дозаны 800 мг - ға дейін арттыруға болады. Әдеттегі емдеу ұзақтығы 6-8 аптаны құрайды. Криптококкты менингиттің қайталануын болдырмау үшін демеуші ем тағайындалады: тәуліктік доза - күніне 200 мг. Күніне 200 мг препарат дозасын ұзақ қабылдау көрсетілуі мүмкін.

Өкпені зақымдайтын немесе қан арқылы таралатын зеңдік ауру (кокцидиоидомикоз): тәуліктік дозасы күніне 200 - 400 мг. Емдеу ұзақтығы 11-24 ай және одан да көп (пациенттің жағдайына байланысты). Кейбір инфекцияларда, әсіресе менингитте күніне 800 мг-ға дейінгі дозалар қолданылуы мүмкін.

Күрделі, ауыр, ішкі ағзаларға таралатын және әлеуетті өлімге әкелетін зеңдік инфекциы (инвазивті кандидоз): 1-ші күні жүктеме дозасы 800 мг, келесі күндері күніне 400 мг құрайды. Егер қанда зеңдер табылса, емдеудің ұсынылатын ұзақтығы - қан сеппесінің алғашқы теріс нәтижесінен және аурудың белгілері мен симптомдары жоғалғаннан кейін 2 апта.

Шырышты қабықтардың зеңдік зақымдануы

Жұтқыншақтың шырышты қабығының зеңдік зақымдануы: 1 - ші күні жүктеме дозасы 200 - 400 мг, келесі күндері күніне 100-200 мг. Емдеу ұзақтығы 7-21 күн (жақсарғанға дейін). Неғұрлым ұзақ қолдану иммунитеті қатты әлсіреген пациенттерге көрсетіледі.

Өңештің шырышты қабығының зеңдік зақымдануы: 1 - ші күні жүктеме дозасы 200-400 мг, келесі күндері күніне 100-200 мг. Емдеу ұзақтығы 14-30 күн (өңеш кандидозының ремиссиясы басталғанға дейін). Неғұрлым ұзақ қолдану иммунитеті қатты әлсіреген пациенттерге көрсетіледі.

Несептегі зеңдік инфекциясының қоздырғышын анықтау: күніне 200-400 мг, емдеу ұзақтығы 7-21 күн. Неғұрлым ұзақ қолдану иммунитеті қатты әлсіреген пациенттерге көрсетіледі.

Ауыз қуысының созылмалы атрофиялық кандидозы (тіс протездерін қолданумен байланысты): күніне 50 мг, емдеу ұзақтығы-14 күн.

Тері мен шырыштардың созылмалы зеңдік зақымдануы: күніне 50 - 100 мг, емдеу ұзақтығы 28 күнге дейін (аурудың ауырлығына немесе инфекцияға бастапқы төзімділігіне байланысты).

Қайталанудың даму қаупі жоғары АИТВ жұқтырған пациенттерде шырышты қабықтың зеңдік инфекциясы қайталануының профилактикасы.

Жұтқыншақ пен өңештің шырышты қабығының зеңдік зақымдануы: күніне 100-200 мг немесе аптасына 3 рет 200 мг. Иммунитеттің созылмалы төмендеуі бар пациенттер үшін емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.

Жыныс мүшелерінің зеңдік зақымдануы

Қынаптың, жыныс мүшесі басының жедел зеңдік зақымдануы: бір реттік доза 150 мг.

Қынаптың қайталанатын зеңдік зақымдануын емдеу және профилактикасы (жылына 4 және одан да көп эпизод): әр үшінші күні 150 мг, барлығы 3 доза (1, 4 және 7 күн), содан кейін аптасына бір рет 150 мг дозаны қолдайды. Қабылдау ұзақтығы 6 айды құрайды

Тері мен тырнақтың зеңдік зақымдануы

Табанның, қолдың, аяқтың, дененің, шап аймақтары мен қолтықтың тегіс терілері зеңдік зақымдануы: аптасына бір рет 150 мг немесе күніне бір рет 50 мг. Емдеу ұзақтығы 2 - 4 апта, табанның зеңдік зақымдануын емдеу үшін 6 аптаға дейін уақыт қажет болуы мүмкін.

Кебек тәрізді (түрлі - түсті) теміреткі: аптасына бір рет 300 - 400 мг, емдеу ұзақтығы 1-3 апта немесе күніне бір рет 50 мг, емдеу ұзақтығы 2 - 4 апта.

Тырнақтың зеңдік зақымдануы (онихомикоз): аптасына бір рет 150 мг-ден. Емдеуді зақымданған тырнақтың орнына жаңа тырнақ шыққанша жалғастыру керек. Қолдағы тырнақтың өсуіне әдетте 3-тен 6 айға дейін, аяқтағы тырнақтың өсуіне 6-дан 12 айға дейін уақыт қажет. Өсу қарқыны кең ауқымда өзгеруі мүмкін (бұл адамға, оның жасына байланысты). Ұзақ созылмалы инфекцияларды сәтті емдегеннен кейін, кейде тырнақтардың сиқы бұзылады.

Иммунитеттің (нейтрофильді лейкоциттердің) ұзақ уақыт төмендеуі кезінде зеңдік инфекциялар профилактикасы: 200-400 мг, емдеуді нейтрофилдердің болжамды төмендеуіне дейін бірнеше күн бұрын бастау керек және нейтрофилдердің жеткілікті саны қалпына келтірілгеннен кейін 7 күн бойы жалғастыру керек (олардың саны мм3 - ге 1000 жасушадан жоғары көтерілгенде).

Енгізу әдісі мен жолы

Капсулаларды ас ішуге қарамастан, ішке қабылдайды (тұтастай жұту керек).

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Симптомдары: елестеулер, параноидтық мінез-құлық.

Емі: симптоматикалық, асқазанды шаю, қарқынды диурез. Флуконазол негізінен несеппен шығарылады; қарқынды көлемді диурез шығарылу жылдамдығын арттыруы мүмкін. Гемодиализ 3 сағат ішінде плазмадағы концентрацияны шамамен 50 % төмендетеді.

Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алуға жүгіну жөніндегі нұсқаулар

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін емдеуші дәрігерден кеңес алуға жүгіну ұсынылады.

Шығарылу түрі

7 капсуладан (50 мг және 200 мг доза үшін) немесе 1 капсуладан (150 мг доза үшін) поливинилхлорид/поливинилиденхлорид үлбірінен және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.

1 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Астана қаласындағы «Фобос капсулалары 150 мг №1» бағасының өзгеру диаграммасы

040080012001600200012-0217-0222-0227-0204-0309-0314-0319-0324-0329-033-048-0413-0418-0423-0428-043-058-0513-05
Орташа баға
Ең төменгі баға

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынадыФобос капсулалары 150 мг №1дәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
1650

-ден

Сіздің үнемдеуіңіз: 99

i

Жақсы іздеудің арқасында пайда:

Орташа баға Астане:

Daribar-дан тапсырыс бергенде:

Сіздің үнемдеуіңіз:

1749

1650

99

Себетке

Құрамы

Тауар туралы қысқашабойынша дәріханалардағы бағаларды салыстыруАналогтарыНұсқаулықСатып алу мәліметтеріАстана қаласындағы «Фобос капсулалары 150 мг №1» бағасының өзгеру диаграммасы

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube