daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы Ганатон Таблеткалары 50 Мг №40 | Майлан ЕПД Г.К., Кацуяма Плант

Астане қаласындағы Ганатон Таблеткалары 50 Мг №40 | Майлан ЕПД Г.К., Кацуяма Плант

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Дөңгелек пішінді, бір жағында бөлу сызығы және екінші жағында ойып басылған «НС 803» коды бар, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Халықаралық атауы:

Итоприд

Өндіруші:

Майлан ЕПД Г.К., Кацуяма Плант

Өндіруші ел:

Япония

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар - лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, кармеллоза, сусыз кремний қышқылы (кремний диоксиді), магний стеараты. Таблетканың үлбірлі қабығының құрамы: гидроксипропилметилцеллюлоза 2910 (гипромеллоза), макрогол 8000, титанның қостотығы (Е 171), карнауб балауызы.

Белсенді заттың дозасы:

50 мг

Қаптамадағы саны:

40 шт

Аналогтары

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

ДП 18 жастан бастап ересектерде қолдануға арналған.

Асқазан моторикасы бұзылулары және функционалдық ойық жара емес диспепсия немесе созылмалы гастрит туындатқан асқазан ішіндегі баяу эвакуацияны туындатқан асқазан-ішек симптомдарын емдеуде, атап айтқанда:

- іштің кебуін сезіну

- тез тою сезімі

- постпрандиальді толып кету

- іштің жоғарғы бөлігіндегі жайсыздық немесе ауыру

- анорексия

- қыжыл

- жүрек айнуы және құсу.

Қарсы көрсеткіштер

әсер етуші затқа немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық

асқазан-ішек жолының жиырылу белсенділігі жоғарылағанда зиянды болуы мүмкін жағдайларда, мысалы, асқазан-ішектен қан кеткенде, механикалық бітелгенде немесе тесілгенде

- сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттерге:

галактозаны көтере алмау, Лаппа лактазды жеткіліксіздігі немесе

глюкоза-галактоза мальабсорбция синдромы

жүктілік және бала емізу кезеңі

18 жасқа дейінгі балалар

егер сізде галактоземия болса

Өзара әрекеттесуі

Егер сіз басқа препараттарды қабылдаған немесе қабылдап жүрген болсаңыз немесе қабылдауыңыз мүмкін болса, өз дәрігеріңізді хабардар етіңіз.

Итоприд гидрохлоридінің алғашқыда, СҮР450 цитохромы жүйесінің изоферменттерімен емес, флавин-монооксигеназамен метаболизденуіне байланысты метаболизмдік өзара әрекеттесулер күтілмейді.

Варфаринмен, диазепаммен, натрий диклофенагімен, тиклопидин гидрохлоридімен, нифедипинмен және никардипин гидрохлоридімен бір мезгілде тағайындағанда ақуыздармен байланысуында ешқандай да өзгерулер байқалған жоқ. Итоприд гидрохлоридінің асқазанның жиырылуын күшейтуіне байланысты, ол бір мезгілде тағайындаған кезде басқа да дәрілік заттардың сіңу үдерісіне ықпалын тигізуі мүмкін. Әсіресе емдік индексі төмен дәрілік затты, босап шығуы баяулаған немесе ішекте еритін қабығы бар дәрі түрлерін қолданғанда аса сақ болу қажет.

Ойық жараға қарсы, мысалы, циметидин, ранитидин, тепренон және цетраксат сияқты дәрілік заттар итоприд гидрохлоридінің прокинетикалық әсеріне ықпалын тигізбейді.

Антихолинергиялық дәрілік заттар итоприд гидрохлоридінің әсерін төмендетуі мүмкін.

Арнайы ескертулер

Итоприд гидрохлориді ацетилхолиннің әсерін күшейтеді және холинергиялық жағымсыз реакцияларды білдіруі мүмкін.

Ұзақ қолдану жөнінде деректер жоқ.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік

Итоприд гидрохлоридін жүктілік кезеңінде, препаратты қолданудан күтілетін пайда ықтимал қауіптен басым болатын жағдайлардан басқасында қолданбаған жөн.

Лактация

Итоприд гидрохлориді емшек сүтіне бөлініп шығады. Емшек еметін балаларда жағымсыз реакциялардың пайда болуына жол бермеу үшін, ана үшін емнің маңыздылығын ескере отырып, бала емізуді тоқтату немесе емдеуді тоқтату жөнінде тиісті шешім қабылдануы тиіс.

Егде жастағы пациенттер және бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Жалпы итоприд гидрохлоридін егде жастағы пациенттер арасында қолданғанда және әсер ету мониторингі кезінде сақ болу керек, ол бауыр функциясы және бүйрек функциясы төмендеуінің анағұрлым жоғары жиілігімен, сондай-ақ қатар жүретін аурулармен немесе басқа препараттармен емдеумен сипатталады.

Препараттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Автокөлікті басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу қабілеті әсеріне зерттеу жүргізілмеген.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ересектер

Ұсынылған доза тәулігіне 150 мг құрайды (тамақтану алдында 1 таблеткадан (50 мг) күніне 3 рет).

Көрсетілген доза пациенттің жасын және симптомдарын ескеріп төмендетілуі мүмкін.

Емдеу ұзақтығы

Клиникалық зерттеулерде итоприд гидрохлоридін пациенттерде қолдану ұзақтығы 8 аптаға дейінді құрайды.

Артық дозаланған жағдайда қолданылуы қажет шаралар

Егер доза тым жоғары болса, онда келесі болуы мүмкін:

Артық дозаланғанда асқазанды шаю және симптоматикалық ем бойынша қарапайым шаралар қолдану қажет.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар

Препаратты осы қосымша параққа немесе емдеуші дәрігердің және дәріхана қызметкерінің ұсынымдарына сәйкес қабылдаңыз. Күмән пайда болған жағдайда емдеуші дәрігермен немесе дәріхана қызметкерімен кеңесіңіз.

Жанама әсерлері

Жағымсыз реакциялардың пайда болу жиілігінің келесі санаттары: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100, бірақ <1/10), жиі емес (≥1/1 000, бірақ <1/100), сирек (≥1/10 000, бірақ <1/1 000), өте сирек (<1/10 000), жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес).

НР – тіркеуден кейінгі қолдану тәжірибесі

Мынадай жағымсыз реакциялар туралы тіркеуден кейінгі қолдану кезінде өздігінен ретсіз келіп түскен хабарлар болған. Қолда бар деректер бойынша туындау жиілігін дәл бағалау мүмкін емес.

Қантамырлар және лимфа жүйесінің бұзылыстары

Лейкопения және тромбоцитопения

Иммун жүйесі тарапынан бұзылулар

Анафилаксиялық реакцияны қоса, жоғары сезімталдық

Эндокриндік жүйе тарапынан бұзылулар

Қанда пролактин деңгейінің жоғарылауы

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

Бас айналу, бас ауыру және тремор

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар

Диарея, іш қату, іштің ауыруы, сілекей бөлінудің ұлғаюы және жүрек айну.

Бауыр және өт жолдары тарапынан бұзылулар

Сарғаю

Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар

Бөртпе, эритема және қышыну

Ұрпақ өрбіту жүйесі және сүт бездері тарапынан бұзылулар

Гинекомастия

Зертханалық және аспаптық деректер

Аспартат-аминотрансфераза, аланин-аминотрансфераза, гамма-глутамилтрансфераза деңгейінің жоғарылауы, қанда сілтілі фосфатаза және билирубин деңгейінің жоғарылауы.

Егер сізде қандай да бір жағымсыз реакциялар пайда болса, бұл туралы өз дәрігеріңізге немесе фармацевтке хабарлаңыз. Бұл қосымша парақта көрсетілмеген кез келген болуы мүмкін жағымсыз реакциялар болуы мүмкін

Шығарылу түрі

10 немесе 14 таблеткадан поливинилхлоридті/поливинилденхлоридті (ПВХ/ ПВДХ) үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

4 пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан немесе 5 пішінді ұяшықты қаптамада 14 таблеткадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынадыганатон таблеткалары 50 мг №40дәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
4530

-ден

Сіздің үнемдеуіңіз: 684

i

Жақсы іздеудің арқасында пайда:

Орташа баға Астане:

Daribar-дан тапсырыс бергенде:

Сіздің үнемдеуіңіз:

5214

4530

684

Себетке

Құрамы

Тауар туралы қысқашаАналогтарыНұсқаулықСатып алу мәліметтері

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube