Қолдану көрсеткіштері
Қуық асты безінің гиперплазиясының жеңіл түрлерінде және қуықтың әлсіздігінде зәр шығарудың бұзылуы, никтурия және толық емес зәр шығару сияқты ауыр жағдайлар.
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- белсенді компоненттерге немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық
- қалқанша без аурулары
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
- жүктілік және лактация кезеңі
- алкоголизмнен зардап шегетін немесе алкоголизменнен ем қабылдап жүрген пациенттер
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
Гомеопатиялық дәрі-дәрмектермен емдеудің басында ағзаның иммундық жүйесін ынталандыруға байланысты ағымдағы жағдайдың бастапқы нашарлауы мүмкін. Мұндай реакциялар негізінен қауіпсіз. Егер жағдай жақсармаса, препаратты қабылдауды тоқтату керек.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Қазіргі таңда басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі жөнінде ешқандай ақпарат жоқ.
Өзара әрекеттесудің басқа түрі
Гомеопатиялық дәрілік заттың әсеріне, әдетте, өмір салтындағы зиянды факторлар, стимуляциялайтын әсері бар препараттар және экзотикалық тамақ өнімдеріне кері әсер етуі мүмкін.
Арнайы ескертулер
Қауіпсіздік шаралары
Гентос® - тамшыларының бір дозасының (10 тамшы) құрамында 0.16 г этил спирті бар.
Осы дәрілік заттың 10 тамшысының мөлшері шамамен 4 мл сыраға немесе 2 мл-ден аз шарапқа тең.
Бұл дәрі-дәрмектегі алкогольдің аз мөлшері айқын әсер етпейді.
Қалқанша безінің ауруы кезінде дәрігердің кеңесінсіз қолдануға болмайды.
Егер қызба немесе несепте қан болса, жылдам дәрігерге қаралу керек.
Егер асқынулар болмаса, дәрілік затты 3 ай бойы қолдануға болады.
Балалар мен жасөспірімдер
18 жасқа дейінгі жастағыларға Гентос® тамшысын қолдану ұсынылмайды, өйткені қолдану туралы мәліметтер жеткіліксіз.
Жүктілік немесе лактация кезеңі
Препаратты жүктілік кезінде және емшек емізу кезеңінде қолдану туралы мәліметтер жоқ.
Препаратты жүктілік кезінде және емшек емізу кезеңінде қолдану ұсынылмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Препарат құрамында этил спирті болғандықтан көлікті басқару кезінде сақтық таныту керек.