Құрамы
Көлемі 5 мл бір құтының ішінде
белсенді заттар: 125 мг гидрокортизон ацетаты және 26.66 мг лидокаин гидрохлориді моногидраты (25 мг лидокаин гидрохлоридіне баламалы)
қосымша заттар: пропилпарагидроксибензоат, метилпарагидроксибензоат, натрий хлориді, динатрий фосфатының додекагидраты, натрий дигидрофосфатының дигидраты, повидон, полисорбат 80, N,N-диметилацетамид, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ немесе ақ түсті дерлік, сілкігенде оңай ресуспензияланатын, өзіне тән иісі бар суспензия.