Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: 520,83 мг 96% парацетамол түйіршіктері (500 мг парацетамолға баламалы), 30 мг сусыз кофеин, 10 мг фенилэфрин гидрохлориді, 2 мг хлорфенирамин малеаты
Қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза РН 102, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Екі беті дөңес, капсула пішінді, ақ түсті таблеткалар, мәрмәрлігі болуына жол беріледі.