daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы Ибуфен Д Форте Құлпынай 200 Мг / 5 Мл 40 Мл | Фармацевтический завод «ПОЛЬФАРМА» АО

Астане қаласындағы Ибуфен Д Форте Құлпынай 200 Мг / 5 Мл 40 Мл | Фармацевтический завод «ПОЛЬФАРМА» АО
Сипаттама:

Құлпынай иісі бар, түсі ақ немесе ақ дерлік біртекті суспензия.

Халықаралық атауы:

Ибупрофен

Өндіруші:

Фармацевтический завод «ПОЛЬФАРМА» АО

Өндіруші ел:

Республика Казахстан

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: гипромеллоза, ксантан шайыры, глицерин, натрий бензоаты, сұйық мальтитол, натрий цитраты, лимон қышқылы моногидраты, натрий сахаринаты, натрий хлориді, құлпынай хош иістендіргіші: хош иістендіргіш компоненттер, пропиленгликоль (Е1520), су; тазартылған су. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Құлпынай иісі бар, түсі ақ немесе ақ дерлік біртекті суспензия.

Белсенді заттың дозасы:

200мг/5мл

Қаптамадағы саны:

1 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Мына жағдайлардағы шығу тегі әртүрлі дене температурасының жоғарылауында:

суық тию аурулары

жедел респираторлық вирустық инфекциялар

тұмау

баспа, фарингит

дене температурасының жоғарылауымен қатар жүретін балалар инфекциялары

Мына жағдайлардағы әлсіз және орташа қарқындылықтағы шығу тегі әртүрлі ауыру синдромы:

ортаңғы құлақтағы қабыну үдерісінде болатын құлақтағы ауыру

тіс ауырғанда, тіс жарып шыққандағы ауырсыну

бас ауыруы, бас сақинасы

невралгиялар

бұлшықет ауырғанда

қозғалыс мүшелерінің жарақаттары салдарынан сүйек пен буындағы ауыру (зақымданулар, созылулар)

жұмсақ тіндердің жарақатына байланысты ауыру, операциядан кейінгі ауыру

Қарсы көрсеткіштер

ибупрофенге немесе препараттың басқа компоненттеріне, сондай-ақ басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға (ҚҚСП) аса жоғары сезімталдық

ацетилсалицил қышқылын (салицилаттар) немесе басқа ҚҚСП қабылдау түрткі болған бронх демікпесі, есекжем, ринит

асқазан-ішек жолының ойық жаралы зақымдануы (асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы)

анамнезінде ҚҚСП емімен байланысты асқазан-ішектен қан кетудің немесе тесілудің болуы

цереброваскулярлық немесе басқа жедел қан кету

геморрагиялық диатез, этиологиясы анықталмаған қан түзілуінің бұзылуы

ауыр сусыздану (құсу, іш өтуі немесе сұйықтықты жеткіліксіз қабылдаудан туындаған)

циклооксигеназа-2 спецификалық тежегіштерін қоса, басқа ҚҚСП бір мезгілде қолдану

бүйректің немесе бауырдың ауыр жеткіліксіздігі

жүректің ауыр жеткіліксіздігі (NYHA бойынша IV класс – Нью-Йорк кардиологтары ассоциациясының жіктемесі)

жүктіліктің III триместрі

7 жасқа дейінгі балалар, дене салмағы 20 кг кем балалар

Өзара әрекеттесуі

Ибуфен® Д Форте (ҚҚСП тобындағы басқа дәрілік заттар сияқты) төменде аталған препараттармен бір мезгілде қолдануға болмайды:

ацетилсалицил қышқылы: дәрігер тағайындаған төмен дозаларды (тәулігіне 75 мг асырмай) қоспағанда, себебі бірге қолдану жағымсыз әсерлердің пайда болу қаупін арттыруы мүмкін

басқа ҚҚСП, әсіресе циклооксигеназа-2 селективті тежегіштерімен: екі немесе одан да көп ҚҚСП бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек, өйткені бұл жағымсыз әсерлердің пайда болу қаупін арттыруы мүмкін.

Көрсетілген препараттармен бір мезгілде қолданған кезде сақ болу керек:

антигипертензивті препараттар: себебі олардың тиімділігі төмендейді

диуретиктер: себебі олар ҚҚСП нефроуытты әсерін арттыруы мүмкін

антикоагулянттар: ҚҚСП-мен тағайындағанда, варфарин сияқты қанның ұюын төмендететін препараттар әсерін күшейтуі

литиймен және метотрексатпен, фенитоинмен, жүрек гликозидтерімен: ҚҚСП осы препараттардың плазмадағы концентрациясын арттыруы мүмкін (оларды сарысуда мерзімді бақылау жүргізу ұсынылады)

зидовудинмен: ибупрофен және зидовудинмен бір мезгілде емделген пациенттерде қан кету уақытының ұзаруы туралы деректер бар

антиагреганттық дәрілік препараттармен және серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштерімен (СКҚСТ), кортикостероидтармен: асқазан-ішектен қан кету қаупі дамуының жоғарылауы мүмкін

мифепристон: ҚҚСП мифепристонды қабылдағаннан кейін 8-12 күн ішінде қолдануға болмайды, өйткені ҚҚСП оның әсерін әлсіретуі мүмкін

такролимус, циклоспорин: бұл препараттарды бір мезгілде қолданғанда нефроуытты әсерінің қаупі артады

хинолонді антибиотиктерімен: ҚҚСП және хинолондарды біріктіріп қабылдаған пациенттер құрысулардың пайда болу қаупіне ұшырауы мүмкін

ритонавирмен: ҚҚСП плазмалық концентрациясының жоғарылауы

аминогликозидті антибиотиктермен: ҚҚСП аминогликозидтердің шығарылуын төмендетуі мүмкін

пероральді диабетке қарсы дәрілермен: сульфонилмочевина туындылары метаболизмінің төмендеуі, жартылай шығарылу кезеңінің ұзаруы және гипогликемия қаупінің артуы мүмкін

пробенецид және сульфинпиразонмен: ибупрофеннің шығарылуын баяулатуы мүмкін

холестираминмен: ибупрофеннің сіңірілу дәрежесін баяулатуы немесе азайтуы мүмкін (25%). Осыған байланысты ибупрофенді холестираминді қабылдаудан кемінде бір сағат бұрын немесе 4-6 сағаттан кейін тағайындау ұсынылады

вориконазол немесе флуконазол: вориконазол мен флуконазолды (CYP2C9 тежегіштері) бір мезгілде қолданған кезде S(+)-ибупрофен экспозициясының шамамен 80-100%-ға жоғарылауы байқалды. CYP2C9 күшті тежегіштерімен бір мезгілде тағайындағанда, әсіресе препарат вориконазолмен немесе флуконазолмен жоғары дозаларда тағайындалған жағдайларда ибупрофен дозасын төмендету қажеттігін қарастырған жөн.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Препарат симптоматикалық емдеуге арналған.

Егер сізде инфекция болса, симптомдар (мысалы, безгек және ауырсыну) сақталса немесе нашарласа, дереу дәрігерге жүгініңіз.

Егер препаратты қысқа уақыт аралығында, симптомдарды жою үшін қажетті ең аз тиімді дозада қабылдаса, жағымсыз әсерлердің пайда болу қаупін барынша азайтуға болады.

Препаратты дәрігердің бақылауынсыз 3 күннен артық қолдануға болмайды.

Дозалар

Препараттың тәуліктік дозасы бөлінген дозаларда дене салмағының 20-30 мг/кг құрайды. Ұсынылған дозалау сызбасы:

Қолдану тәсілі

Ішке, ас ішкеннен кейін, сұйықтықты іше отырып қабылдайды.

Қолданар алдында біртекті суспензия алынғанша шайқау керек.

Препараттың дозаларын 6-8 сағат аралықпен қолданады (немесе қажет болса, қабылдау арасындағы кем дегенде 4 сағаттық аралықты сақтау керек).

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Балаларда 400 мг-ден жоғары дозаны бір рет қабылдау артық дозалану симптомдарын тудыруы мүмкін. Ересектерде мұндай симптомдарды тудыруы мүмкін доза нақты анықталмаған. Артық дозаланғанда жартылай шығарылу кезеңі 1,5-тен 3 сағатқа дейін болады.

Симптомдары: іштің ауыруы, жүрек айнуы, құсу, диарея, бас ауыруы, құлақтағы шуыл, бас ауыруы, АІЖ қан кету. Ауыр уыттану кезінде орталық жүйке жүйесіне әсер етуі мүмкін: ұйқышылдық, қозу, бағдарсыздану, құрысулар, метаболизмдік ацидоз, кома. Жедел бүйрек жеткіліксіздігінің дамуы, бауырдың зақымдануы, бронх демікпесінің асқынуы мүмкін.

Емі: асқазанды шаю (препаратты қабылдағаннан кейін бір сағат ішінде ғана), белсендірілген көмір қабылдау, сілтілік сусындар ішу, симптоматикалық және демеуші ем. Қажет болса, жүрек қызметі мен өмірлік маңызды функцияларына мониторинг жүргізу. Спецификалық антидоты жоқ.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар

Препараттың келесі дозасын өткізіп алған кезде оны мүмкіндігінше тезірек қабылдау керек. Егер келесі дозаны қабылдауға аз уақыт қалса, оны жоспарланған уақытта қабылдау керек. Өткізіп алған препараттың орнын толтыру үшін препараттың қос дозасын қабылдауға болмайды.

Дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігерге немесе фармацевтке кеңес алуға барыңыз.

Шығарылу түрі

100 мл немесе 40 мл препараттан балаларға қауіпсіз ашылатын бақылау сақинасы бар бұралатын полиэтилен қақпақпен жабылған адаптері бар ПЭТФ-тен жасалған құтыларға. Әр құтыға заттаңба жапсырылады. 1 құтыдан картон қорапшаға салынған. Қорапшаға медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулық пен пероральді енгізуге арналған шприц салынады.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Ашылған құтыны 6 ай ішінде пайдалану керек.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Ашылған құтыны 6 ай ішінде пайдалану керек.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Көлемі

40 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынадыибуфен Д Форте құлпынай 200 мг / 5 мл 40 млдәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube