daribar logo
Каталог
search-icon
Город
Қаз
Аптекам
Консультация

Корзина

Астане қаласындағы Ибуфен Д Форте Кола 200 Мг / 5 Мл 100 Мл | Фармацевтический завод «ПОЛЬФАРМА» АО

Астане қаласындағы Ибуфен Д Форте Кола 200 Мг / 5 Мл 100 Мл | Фармацевтический завод «ПОЛЬФАРМА» АО

Другие сервисы или самому

disadvantage

Не гарантируют цену и наличие товара

disadvantage

Товар могут раскупить

disadvantage

Нет бонусов от Daribar

disadvantage
Бесплатно

С заказом в Daribar

disadvantage

Проверим наличие и цену за 5-15 минут

disadvantage

Доставка или бронь на 24 часа

disadvantage

Бонусы от Daribar

disadvantage
Описание:

Кола иісі бар, түсі ақ немесе ақ дерлік біртекті суспензия.

Международное наименование:

Ибупрофен

Производитель:

Фармацевтический завод «ПОЛЬФАРМА» АО

Страна производитель:

Республика Казахстан

Действующее вещество:

қосымша заттар: макрогол глицеролгидроксистеараты, ксантан шайыры, глицерол,  натрий бензоаты, натрий фосфаты додекагидраты (немесе натрий фосфаты дигидраты) лимон қышқылы моногидраты, натрий сахаринаты, сұйық мальтитол, «Кола» хош иістендіргіші, тазартылған су Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Кола иісі бар, түсі ақ немесе ақ дерлік біртекті суспензия.

Дозировка активного вещества:

200мг/5мл

Количество в упаковке:

1 шт
...loading

Инструкция

Показания к применению

Мына жағдайлардағы шығу тегі әртүрлі дене температурасының жоғарылауында:

суық тию аурулары

жедел респираторлық вирустық инфекциялар

тұмау

баспа, фарингит

дене температурасының жоғарылауымен қатар жүретін балалар инфекциялары

Мына жағдайлардағы әлсіз және орташа қарқындылықтағы шығу тегі әртүрлі ауыру синдромы:

ортаңғы құлақтағы қабыну кезінде құлақ ауыруында

тіс ауырғанда, тіс жарып шыққандағы ауырсыну

бас ауыруы, бас сақинасы

невралгиялар

ревматизмдік ауырулар

бұлшықеттердегі, буындардағы ауырсыну

тірек-қимыл аппаратының жарақаттары.

Противопоказания

әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне, сондай-ақ басқа қабынуға қарсы стероидты емес дәрілік препараттарға (ҚҚСП) аса жоғары сезімталдық

ацетилсалицил қышқылын (салицилаттар) немесе басқа ҚҚСП қабылдау түрткі болған бронх демікпесі, есекжем, тұмау

асқазан-ішек жолының ойық жаралы зақымдануы (асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы)

анамнезінде ҚҚСП емімен байланысты асқазан-ішектен қан кетудің немесе тесілудің болуы

ми қантамырларынан қан кету немесе басқа жедел қан кету

геморрагиялық диатез, этиологиясы анықталмаған қан түзілуінің бұзылуы

ауыр сусыздану (құсу, іш өтуі немесе сұйықтықты жеткіліксіз қабылдаудан туындаған)

циклооксигеназа-2 спецификалық тежегіштерін қоса, басқа ҚҚСП бір мезгілде қолдану

бүйректің немесе бауырдың ауыр жеткіліксіздігі

жүректің ауыр жеткіліксіздігі (NYHA бойынша IV класс – Нью-Йорк кардиологтары ассоциациясының жіктемесі)

жүктіліктің III триместрі

дене салмағы 20 кг кем 7 жасқа дейінгі балалар

тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы

Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары

Жүрек-қантамыр жүйесі және ми қан айналымы тарапынан бұзылулар

Гипертониясы және/немесе жүректің жеңіл және орташа жеткіліксіздігі бар пациенттер бақылау мен кеңесті қажет етеді, өйткені ҚҚСП терапиясында сұйықтықтың сақталуы, қан қысымының жоғарылауы және ісіну болуы мүмкін.

Ибупрофен сияқты қабынуға қарсы/ауырсынуды басатын дәрілік заттарды қабылдау жүрек ұстамасы дамуы немесе инсульт қаупінің шамалы жоғарылауымен қатар жүруі мүмкін, әсіресе жоғары дозада қабылдаған кезде. Ұсынылған дозалар мен емдеу ұзақтығынан аспауы керек. Егер пациентте келесілер болса Ибуфен® Д Форте препаратын қабылдағанға дейін емдеуді дәрігермен немесе фармацевтпен талқылау керек:

жүрек аурулары, соның ішінде жүрек жеткіліксіздігі (NYHA II-III класы), стенокардия (кеудедегі ауырсыну), сондай-ақ егер пациентте жүрек ұстамасы, коронарлық тамырларға операция, кез-келген түрдегі инсульт (соның ішінде "мини-инсульт" немесе "ТИШ" транзиторлық ишемиялық шабуыл) немесе пациентте шеткері артерия ауруы болса (артериялардың тарылуына немесе бітелуіне байланысты аяқтың нашар айналымы);

қан қысымының бақыланбайтын жоғарылауы, қант диабеті, қандағы холестериннің жоғарылауы, жүрек ауруы немесе отбасы мүшелерінде инсульт болса, немесе пациент темекі шегетін болса.

Тері реакциялары

Терінің ауыр реакциялары, олардың кейбіреулері өлімге әкелді, соның ішінде эксфолиативті дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз ҚҚСП қолдануға байланысты сирек кездеседі. Пациенттер емдеудің алғашқы айында көп жағдайларда пайда болатын емнің ерте сатыларында осы реакциялардың ең жоғары қаупіне ұшырайды. Ибупрофен бар препараттарға қатысты жедел жайылған экзантематозды пустулез (AGEP) туралы хабарланды. Ибуфен® Д Форте тері бөртпесі, шырышты қабықтың зақымдануы немесе аса жоғары сезімталдықтың кез келген басқа белгілері сияқты күрделі тері реакцияларының белгілері мен симптомдары алғаш пайда болғанда тоқтатылуы керек.

Бронх демікпесі немесе ацетилсалицил қышқылына аллергиялық реакциялар симптомдары бар адамдарға, сондай-ақ басқа да дәрілік заттарды (әсіресе гипертензияға қарсы, диуретикалық, кардиотропты және психотропты дәрілік заттарды) қабылдайтын адамдарға препаратты қолдану зор сақтықпен ғана рұқсат етіледі.

Ибупрофенді қолдану кезінде уытты амблиопияның бірлі-жарым жағдайлары байқалған.

Ас қорыту жүйесінің бұзылуының пайда болу мүмкіндігін ескере отырып, ибупрофенді ульцерогендік әсері бар заттармен немесе дәрілік заттармен (соның ішінде ацетилсалицил қышқылымен, кортикостероидтармен) бір мезгілде қабылдаудан аулақ болу керек.

Взаимодействие

Ибуфен® Д Форте (қабынуға қарсы стероидты емес препараттар тобының басқа дәрілік заттары сияқты) төменде аталған дәрілік заттармен бір мезгілде қолдануға болмайды:

ацетилсалицил қышқылы немесе басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттар - асқазан-ішек жолы тарапынан жағымсыз реакциялардың пайда болу қаупі артады

антигипертензивті дәрілік заттармен және диуретиктермен - стероидты емес қабынуға қарсы препараттар тобындағы препараттар осы препараттардың әсер ету тиімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін

антикоагулянттар – аз санды клиникалық дәлелдер қабынуға қарсы стероидты емес препараттар қан ұюын төмендететін дәрілердің әсерін күшейтуі мүмкін екенін көрсетеді

литий және метотрексат - қабынуға қарсы стероидты емес препараттар литий мен метотрексаттың плазмадағы концентрациясының жоғарылауына әкелуі мүмкін екендігі дәлелденді

зидовудин – ибупрофен мен зидовудинді бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде қан кету уақытының ұлғаюы туралы дәлелдер бар

минералокортикоидтармен, глюкокортикоидтармен - жағымсыз әсерлер күшейеді

сульфонилмочевина туындылары - гипогликемиялық әсер күшейеді, антацидтер мен холестирамин сіңуін төмендетеді

кофеин анальгетикалық әсерді күшейтеді.

Кейбір басқа дәрілік заттар ибупрофеннің әсеріне де ықпал етуі немесе осындай әсер ету мәні болуы мүмкін. Сондықтан Ибуфен® Д Форте препаратын басқа дәрілермен бірге қабылдамас бұрын дәрігердің немесе фармацевттің кеңесіне жүгіну керек.

Рекомендации по применению

Дозалау режимі

Доза жасына және дене салмағына байланысты есептеледі.

5 мл суспензияның құрамында 200 мг ибупрофен бар.

Ибуфен Д Форте препаратының бір реттік дозасы тәулігіне 3-4 рет баланың дене салмағының 5-10 мг/кг құрайды. Суспензияның ең жоғары тәуліктік дозасы дене салмағының 20-30 мг/кг құрайды. Препарат төмендегі сызба бойынша бір реттік дозада тағайындалады:

Келесі дозалар арасындағы ең аз аралық 4-6 сағатты құрайды.

Препаратты дәрігердің бақылауынсыз 3 күннен артық қолдануға болмайды.

Ең төмен тиімді доза симптомдарды жеңілдету үшін қажетті ең қысқа уақыт кезеңі ішінде пайдаланылуы тиіс.

Егер препаратты қысқа уақыт аралығында, симптомдарды жою үшін қажетті ең аз тиімді дозада қабылдаса, жағымсыз реакциялардың пайда болу қаупін барынша азайтуға болады.

Препарат құрамында қант жоқ, сондықтан оны қант диабетімен ауыратын адамдарға қолдануға болады.

Қолдану тәсілі

Ішке қолданылады. Қолданар алдында біртекті суспензия алынғанша шайқау керек. Дәрілік препарат ас ішкеннен кейін, сұйықтықты іше отырып қабылдайды. Қаптамамен бірге берілетін шкаласы бар өлшеуіш стақан препаратты дәл дозалауға мүмкіндік береді.

Форма выпуска

100 мл препараттан кепілдік сақинасы бар бұралып жабылатын полиэтиленді қақпақпен тұмшаланған полиэтиленді құтыларға құйылған.

Құтыға өздігінен желімделетін заттаңба жапсырады.

Әр құты өлшегіш стақанымен және медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынған.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Ашылған құтыны 6 ай ішінде пайдалану керек.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Условия хранения

Түпнұсқалық қаптамасында 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Срок годности

2 жыл

Ашылған құтыны 6 ай ішінде пайдалану керек.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Объем

100 мл

Детали покупки

Оплата

При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.

Доставка

Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.

Возврат

В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.

...loading

Уникальные возможности покупки на Daribar.kz

Наш сайт предлагает Вам возможность приобрестиибуфен Д Форте кола 200 мг / 5 мл 100 млв аптеках городв . по доступным ценам. Удобное сопоставление стоимости, а также проверка доступности в аптеках. Информация о товаре включает в себя детальные инструкции и рекомендации по применению.

Проверено

Провизор

Каражанова Айгерим

Стаж: 6 лет
ОбразованиеКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Метод проверкиПроверено на соответствие официальной информации NDDA
Действителен до: Май 2025
Не является врачебной рекомедацией, служит как справочная информация
1975

от

Ваша выгода до: 206

i

Выгода за счет лучшего поиска:

Средняя цена в Астане:

При заказе на Daribar от:

Ваша выгода до:

2181

1975

206

В корзину

Содержание

Кратко о товареИнструкцияДетали покупки

Приложение

Следите за нами

Instagram

TikTok

YouTube