Қолдану көрсеткіштері
- жүрек жеткіліксіздігінде
- суправентрикулярлық ырғақ бұзылуларында (мысалы, жүрекшелердің жыпылықтауы)
Қолдану тәсілі мен дозалары
Ішке қабылдауға арналған. Дозасын сақтықпен, әр пациент үшін жекелей белгілейді.
Емдеу үдерісінде екі кезеңді бөліп қаралады: бастапқы дигитализация кезеңі (қанығу) және демеуші ем кезеңі.
Бастапқы дигитализация кезеңінде ағзаның оңтайлы емдік әсеріне жеткенше біртіндеп жүрек гликозидіне қанығуы жүреді. Жекелей қанықтырғыш дозасы (ЖҚД) белгілі бір науқастың қалыпты дигитализациясына алып келеді және орташа алынған толық дозасынан (ОТД) 50 %-дан 200 %-ға дейін ауытқып тұрады, ол науқастардың көпшілігінде толық емдік әсерін тудырады.
Жылдамдығы орташа дигитализация кезінде ішке тәулігіне 4 рет 0,25 мг немесе 0,5 мг тәулігіне 2 рет тағайындайды. Дигитализациясына орташа алғанда 2-3 тәуліктен кейін жетеді, содан кейін пациентті демеуші дозасына көшіреді, ол әдетте тәулігіне 0,25-0,5 мг құрайды.
Егер пациентке мұндай жылдам дигитализация қажет болмаса, тәулігіне 1-2 рет 0,25 мг қабылдауға болады. Қан плазмасындағы тұрақты концентрациясына әдетте 7 күн ішінде жетеді. Әдеттегі демеуші дозасы – тәулігіне 0,125-0,25 мг.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерге препараттың азғантай дозаларын, емдеуді баяу дигитализациясынан бастап қолдану керек. Егде жастағы пациенттерде қан сарысуындағы дигоксин құрамын бақылау және гипокалиемияны болдырмау керек.
Бүйрек жеткіліксіздігінде препараттың дозасын гломерулярлық сүзілу жылдамдығына (GFR) сәйкес азайту керек.