daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы Эффералган Тік Ішек Суппозиторийлері 150 Мг №10 | UPSA SAS

Астане қаласындағы Эффералган Тік Ішек Суппозиторийлері 150 Мг №10 | UPSA SAS
Сипаттама:

Беткейі тегіс және жылтыр ақ суппозиторийлер.

Халықаралық атауы:

Парацетамол

Өндіруші:

UPSA SAS

Өндіруші ел:

Французская Республика

Белсенді ингредиент:

қосымша зат –қатты май (соя лецитинін қоса). Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Беткейі тегіс және жылтыр ақ суппозиторийлер.

Белсенді заттың дозасы:

150 мг

Қаптамадағы саны:

10 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- жеңілден орташа қарқындылыққа дейін ауыру және/немесе қызба жағдайларында симптоматикалық ем.

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- гепатоцеллюлярлық жеткіліксіздік немесе белсенді фазадағы бауырдың декомпенсацияланған ауруы;

- анамнезінде жақында болған проктит, анусит немесе ректальді қан кету;

- 3 айға дейінгі балалар.

Бұл препараттың құрамына соя лецитині кіреді, сондықтан жержаңғаққа немесе сояға аллергиясы болғанда қолдануға болмайды.

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Парацетамолды мынадай жағдайлар болған кезде сақтықпен тағайындау керек:

ауырлық дәрежесі жеңіл және орташа гепатоцеллюлярлық жеткіліксіздік;

бүйрек жеткіліксіздігі;

Жильбер синдромы (гемолитикалық емес отбасылық сарғаю);

глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа ферментінің тапшылығы (гемолитикалық анемияны тудыруы мүмкін);

созылмалы алкоголизм, алкогольді шамадан тыс пайдалану (күн сайын алкогольдің 3 немесе одан да көп порциясы);

анорексия, булимия немесе кахексия;

созылмалы жеткіліксіз тамақтану (бауырдағы глутатионның жеткіліксіз қоры);

сусыздандыру, гиповолемия.

Жедел вирустық гепатит анықталған жағдайда емдеуді тоқтату қажет.

Өзара әрекеттесуі

Пероральді антикоагулянттар

Парацетамол пероральді антикоагулянттардың әсерін күшейтеді және 4 күннен кем емес уақыт бойы ең жоғарғы дозада (күніне 4 г) қабылдаған жағдайда қан кетудің пайда болу қаупі артады, сондықтан протромбин индексін тұрақты бақылау қажет.

Парацетамолды қабылдау кезінде және оны тоқтатқаннан кейін қажет болған жағдайда антикоагулянттарды дозалау режимін түзету қажет.

Флуклоксациллин

Парацетамол мен флуклоксациллинді аниондық айырмашылығы жоғары метаболизмдік ацидоздың даму қаупінің артуына байланысты, әсіресе ауыр бүйрек жеткіліксіздігі, сепсис, тамақтанудың бұзылуы және созылмалы алкоголизмі бар пациенттерді қоса, глутатион тапшылығының қауіп факторы бар пациенттерде бір мезгілде қолданған кезде сақ болу керек. Несептегі 5-оксопролинді анықтауды қоса, жоғары аниондық айырмашылығы бар метаболизмдік ацидоз белгілерін анықтау мақсатында мұқият мониторинг жүргізу ұсынылады.

Зертханалық тест нәтижелеріне әсері

Парацетамолды қабылдау концентрация өте жоғары болған жағдайда глюкозооксидаза-пероксидаза реакциясына негізделген әдіспен қандағы глюкоза құрамын анықтау кезінде зертханалық талдаулар нәтижелерін дұрыс көрсетпеуі мүмкін.

Парацетамолды қабылдау фосфорвольфрамдық қышқылды пайдалану әдісімен қандағы мочевина концентрациясын анықтау кезінде зертханалық талдаулар нәтижелерін дұрыс көрсетпеуі мүмкін.

Арнайы ескертулер

Артық дозалану қаупінен аулақ болу үшін парацетамолдың басқа дәрілік заттың құрамында болмауын тексеру керек. Ең жоғарғы ұсынылған дозадан асырмаңыз.

Ең жоғарғы ұсынылған дозалар:

- дене салмағы 40 кг дейін балаларда парацетамолдың ең жоғарғы тәуліктік дозасы күніне 80 мг/кг аспауы тиіс;

- дене салмағы 41-ден 50 кг дейін балаларда парацетамолдың ең жоғарғы тәуліктік дозасы күніне 3 г аспауы тиіс;

- дене салмағы 50 кг асатын ересектер және балаларда парацетамолдың ең жоғарғы тәуліктік дозасы күніне 4 г аспауы тиіс.

Парацетамолдың күніне 60 мг/кг алатын балалар үшін басқа ыстықты түсіретін заттардың біріктірілімі тек қана тиімсіздік жағдайында мақұлданған.

Диарея жағдайында суппозиторийлерді тағайындау ұсынылмайды.

Суппозиторийлерді пайдалану кезінде, әсіресе жиі және ұзақ қолданғанда жергілікті уыттылық қаупі бар.

Парацетамол жедел жайылған экзантематозды пустулез, Стивенс-Джонсон синдромы, өлімге әкелуі мүмкін уытты эпидермальді некролиз сияқты күрделі тері реакцияларын тудыруы мүмкін. Осы ауыр тері реакцияларының алғашқы белгілерінде, сондай-ақ бөртпе немесе жоғары сезімталдықтың басқа реакциялары пайда болған кезде препаратты қолдануды тоқтату керек.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бауырдың белсенді немесе компенсацияланған созылмалы ауруы, әсіресе гепатоцеллюлярлық жеткіліксіздігі бар пациенттерде, созылмалы алкоголизммен, созылмалы жеткіліксіз тамақтанумен (бауырдағы глутатионның жеткіліксіз қоры), Жильбер синдромымен (гемолитикалық емес отбасылық сарғаю) және сусыздануымен ауыратын пациенттерде парацетамол дозасы тәулігіне 60 мг/кг-нан аспауы керек.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек жеткіліксіздігі болған кезде дәрігерге барудан басқа, дозаны азайту және екі қолдану арасындағы уақыт аралығын арттыру ұсынылады, төмендегі кестені қараңыз:

Парацетамолдың жиынтық дозасы күніне 60 мг/кг аспауы тиіс.

Ерекше клиникалық жағдайлар

Мынадай аурулар болған кезде тәулігіне 60 мг/кг аспайтын ең төменгі тиімді тәуліктік дозаны тағайындау қажет:

ауырлық дәрежесі жеңіл және орташа гепатоцеллюлярлық жеткіліксіздік;

Жильбер синдромы (гемолитикалық емес отбасылық сарғаю);

созылмалы алкоголизм;

созылмалы жеткіліксіз тамақтану;

сусыздандыру.

Педиатрияда қолдану

3 айдан 10 жасқа дейінгі балаларда қолданылады.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Парацетамолды жүктілік кезінде клиникалық қажеттілікке қарай қабылдауға жол беріледі, алайда оны ең аз тиімді дозада, қысқа мерзімде және ең аз жиілікпен қолдану керек.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Балаларда сәбидің дене салмағына сәйкес дозалануын сақтау қажет. Жасы және соған сәйкес дене салмағы болжамды келтірілген.

Дене салмағы 4-тен 10 кг дейін балаларға (3-тен 6 айға дейін) 1 свечадан (80 мг) тәулігіне 4 реттен асырмай 6 сағат сайын тәулігіне 4 суппозиторийден асырмай енгізеді.

Дене салмағы 10-нан 14 кг дейін балаларға (6 айдан 4 жасқа дейін) 1 свечадан (150 мг) тәулігіне 4 реттен асырмай 6 сағат сайын тәулігіне 4 суппозиторийден асырмай енгізеді.

Дене салмағы 14-тен 24 кг дейін балаларға (4 жастан 10 жасқа дейін) 1 свечадан (300 мг) тәулігіне 4 реттен асырмай 6 сағат сайын тәулігіне 4 суппозиторийден асырмай енгізеді.

Диарея жағдайында суппозиторийді тағайындау ұсынылмайды.

Тәулігіне 4 свечадан артық қолдануға болмайды.

Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі жағдайында (креатинин клиренсі 10 мл/мин төмен) екі қабылдау арасындағы аралық 8 сағаттан кем болмауы тиіс.

Жергілікті уыттылық белгілерінің қаупіне байланысты ректальді емдеу ұзақтығы қысқа болуы тиіс.

Балалар үшін парацетамолдың ең жоғары тәуліктік дозасы күніне 80 мг/кг аспауы тиіс.

Енгізу жолы және тәсілі

Ректальді.

Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі

Парацетамолдың ұсынылған тәуліктік дозасы 4 қабылдауға бөлінген, баланың дене салмағына байланысты есептелген күніне 60 мг/кг құрайды.

Бір реттік доза – 6 сағат сайын 15 мг/кг, қабылдау, соның ішінде түнде бірдей аралықпен болуы тиіс.

Шығарылу түрі

5 суппозиторийден пішінді ұяшықты қаптамада.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

30 °С-ден аспайтын температурада жарықтан қорғалған, құрғақ жерде

сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынадыЭффералган тік ішек суппозиторийлері 150 мг №10дәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube