Қолдану көрсеткіштері
артериялық гипертензияда (монотерапия ретінде немесе гипертензияға қарсы басқа препараттармен бірге) артериялық гипертензиясы бар пациенттердегі жүрек-қантамырлық және коронарлық аурулардан болатын өлімді (соның ішінде, кенеттен болатын өлімнің жиілігін) азайтады
тұрақты және тұрақсыз стенокардияда (монотерапия ретінде немесе жүрек қыспасына қарсы басқа дәрілермен бірге, сондай-ақ, стенокардия ұстамаларының профилактикасы үшін)
миокард инфарктісінен кейінгі екінші профилактика үшін (демеуші ем)
жүрек ырғағының бұзылуларында (синустық тахикардияда, суправентрикулярлық тахикардияда, қарынша экстрасистолаларында)
бас сақинасы ұстамаларының профилактикасы үшін
жүрек қызметінің жүрек қағуымен қатар жүретін функционалдық бұзылуларында (соның ішінде, гипертиреоз кезінде).