Қолдану көрсеткіштері
жоғары артериялық қысымды емдеу
бүйрек аурулары кезіндегі симптоматикалық жоғары артериялық қысымды емдеу (сондай-ақ бүйрек жеткіліксіздігінде және қант диабеті себеп болатын бүйрек функциясының бұзылуында)
жүрек жеткіліксіздігін емдеу
жүрек жеткіліксіздігінің ерте сатысындағы пациенттерде, яғни симптомдар әлі пайда болмаған кезеңде жүрек жұмысының әріқарай әлсіреуін және симптомдар дамуының баяулауын болдырмау
сол жақ қарыншаның симптомсыз дисфункциясы бар пациенттерде кенеттен болатын ауыр жүрек асқынуларының (жүректің ишемиялық ауруы) профилактикасы
Қолданудың басталуына дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
Энапты келесі жай-күйлерде қабылдамаңыз:
эналаприлге немесе осы дәрінің басқа компоненттерінің қандай да біріне аллергия болса, басқа АӨФ тежегіштерін қабылдаудан кейінгі кенеттен ерін мен беттің, мойынның, сондай-ақ аяқ пен қолдың ісінуін немесе тұншығуды немесе қарлығуды (ангионевроздық ісіну) туғызатын аса жоғары сезімталдық реакциясының анамнезде болуы
тұқым қуалайтын ангионевроздық ісіну немесе қандай да бір басқа, себебі белгісіз ангионевроздық ісіну
жүктілік, лактация кезеңі
қант диабеті немесе бүйрек функциясының бұзылуы және сіз артериялық қысымды төмендету үшін құрамында алискирен бар препарат қабылдап жүрсеңіз
балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге
галактоза жақпаушылығымен, туа біткен Lapp-лактаза жеткіліксіздігімен немесе глюкоза/галактоза сіңуінің бұзылуымен байланысты сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттер
ангионевроздық ісінудің жоғары даму қаупіне байланысты бейтарап эндопептидаза тежегіштерімен (мысалы, құрамында сакубитрил бар препараттармен) бір мезгілде қолдану (көмей аумағындағы терінің және жұмсақ тіндердің жылдам дамитын ісінуі)
Егер жоғарыда тізбеленгендердің қайсысы болса да сізге қатысты болса, өз дәрігеріңізге хабарласыңыз.