Показания к применению
- бактериялық блефарит
- бактериялық конъюнктивит
- трахома
- бактериялық кератит
- бактериялық блефарит
- бактериялық конъюнктивит
- трахома
- бактериялық кератит
- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
- бауыр және бүйрек функциясының ауыр бұзылыстары
- анамнездегі сарғаюы
Линкомицинмен, клиндамицинмен және хлорамфениколмен (антагонизм) үйлеспейді.
Бета-лактамдық антибиотиктердің (пенициллиндер, цефалоспориндер, карбопенемдер) бактерицидті әсерін төмендетеді.
Аминогликозидтермен фармацевтикалық тұрғыдан үйлеспейді. Глюкокортикостероидтармен пайдаланғанда олардың әсерінің ұлғаюына әкеледі.
Арнайы ескертулер
Бактерияға қарсы дәрілерді қолдану зеңдерді қоса, эритромицинге төзімді организмдердің пайда болуымен қатар жүруі мүмкін; эритромицинге төзімді организмдер пайда болғанда бактерияға қарсы дәріні қолдану тоқтатылуы және тиісті шаралар қолданылуы тиіс.
Сықпа ұштығын көз шырышымен, саусақпен немесе басқа нәрселермен зақымдап алудан аулақ болыңыз.
Педиатрияда қолдану
Нәрестелерде офтальмияның профилактикасында эритромицин көз жақпамайын көзден шайып тастау керек емес.
Аналарында клиникалық тұрғыдан айқын соз ауруы бар балаларда эритромицинді офтальмологиялық дәрі ретінде парентеральді қолдануға арналған G пенициллиннің сулы ерітіндісімен бір уақытта пайдаланады.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктілік және лактация кезеңінде препаратты қолданудың жеткілікті тәжірибесі жоқ. Егер күтілетін емдік әсер ықтимал жағымсыз әсерлердің қаупінен басым болса емдеуші дәрігердің тағайындауымен жүкті әйелдерді емдеу үшін эритромицин қолдануға болады. Лактация кезеңінде қолдану қажет жағдайда емшек емізуді тоқтату туралы мәселені шешіп алу керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Аппликациядан кейін көру айқындылығы уақытша жоғалған пациенттерге препаратты қолданғаннан кейін бірден машина жүргізу немесе күрделі техникамен, станоктармен немесе көру айқындылығын талап ететін қандай да бір күрделі жабдықпен жұмыс істеу ұсынылмайды.
Дозалау режимі
Жергілікті.
Ұзындығы 0,5-1 см жақпамай жолағын күніне 3 рет астыңғы қабыққа, ал трахоманы емдеу кезінде күніне 4-5 рет жағады. Трахома кезінде фолликулдарды жарумен үйлестіру керек. Қабыну үдерісі бәсеңдегенде препаратты күніне 2-3 рет қолданады.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу ұзақтығы аурудың түрі мен ауырлығына байланысты, бірақ 14 күннен аспауы тиіс.
Трахоманы емдеу курсының ұзақтығы 3 айдан аспауы тиіс.
Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар
Препаратпен артық дозалану бойынша деректер жоқ.
10 г алюминий сықпада.
Сықпаны медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл.
Қаптаманы алғаш ашқаннан кейін 6 аптадан асырмай сақтау керек.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Наш сайт предлагает Вам возможность приобрести “эритромицинді көзге арналған жақпа 10000 бірлік 10 г” в аптеках городв . по доступным ценам. Удобное сопоставление стоимости, а также проверка доступности в аптеках. Информация о товаре включает в себя детальные инструкции и рекомендации по применению.
от
Ваша выгода до: 3₸
Выгода за счет лучшего поиска:
Средняя цена в Астане:
При заказе на Daribar от:
Ваша выгода до:
423₸
420₸
3₸