daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы Эвфиллин Ампуласы 24 Мг / Мл 5 Мл №10 | Борисовский ЗМП

Астане қаласындағы Эвфиллин Ампуласы 24 Мг / Мл 5 Мл №10 | Борисовский ЗМП
Сипаттама:

Мөлдір түссіз немесе аздап сарғыш сұйықтық

Халықаралық атауы:

Аминофиллин

Өндіруші:

Борисовский ЗМП

Өндіруші ел:

Республика Беларусь

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: инъекцияға арналған су. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Мөлдір түссіз немесе аздап сарғыш сұйықтық

Белсенді заттың дозасы:

24 мг/мл 5 мл

Дәрілік түрі:

Вена ішіне енгізуге арналған ерітінді, 24 мг/мл

Қаптамадағы саны:

10 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- бронх демікпесі, бронхит, өкпенің эмфиземасы, жүрек демікпесі кезінде бронх обструкциялық синдромда (негізінен ұстамаларды басу үшін)

демікпелік статуста (қосымша емде)

Қарсы көрсеткіштер

әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық (оның ішінде метилксантиндерге)

миокард инфарктісінің жедел фазасы, ауыр коронарлық жеткіліксіздік

гипертрофиялық обструктивті кардиомиопатия

айқын артериялық гипотензия және гипертензия

пароксизмальді тахикардия, экстрасистолия

геморрагиялық инсульт

көз торқабығына қан құйылу

бауыр және/немесе бүйрек функциясының ауыр бұзылуы

эпилепсия

тиреотоксикоз, өкпенің ісінуі

14 жасқа дейінгі балалар

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Сақтықпен: дәрігердің тұрақты қадағалауымен: бауыр мен бүйрек функциясының айқын бұзылулары (бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі); анамнездегі асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы; анамнездегі асқазан-ішек жолынан қан кету; ауыр коронарлық жеткіліксіздік; қантамырлардың кең таралған атеросклерозы; жиі қарыншалық экстрасистолия; жоғары құрысу дайындығы; бақыланбайтын гипотиреоз (кумуляция мүмкіндігі) немесе тиреотоксикоз; сепсис, ұзақ гипертермия; гастроэзофагеальды рефлюкс; қуық асты безінің гипертрофиясы.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Эфедрин, β-адреностимуляторлар, кофеин және фуросемид препараттың әсерін күшейтеді.

Фенобарбиталмен, фенитоинмен, рифампицинмен, изониазидпен, карбамазепинмен және сульфинпиразонмен біріктірімде эуфиллиннің метаболизмінің жеделдеуі байқалады, бұл оның әсерінің төмендеуімен қатар жүріп, препараттың қолданылатын дозаларын ұлғайтуды қажет етуі мүмкін.

Темекі шегетін адамдарда (күніне 20-40 темекі) сондай-ақ эуфиллин метаболизмінің жеделдеуі байқалады.

Макролидтер тобындағы антибиотиктермен, линкомицинмен, аллопуринолмен, циметидинмен, изопреналинмен, біріктірілген ішке қабылдайтын контрацептивтермен, дисульфираммен, флувоксаминмен, вилоксазинмен, тұмауға қарсы вакциналармен және β-адреноблокаторлармен біріктірімде тағайындаған кезде препараттың шығарылуы баяулайды, бұл оның плазмадағы концентрациясының ұлғаюымен қатар жүріп, дозаны төмендету қажет болуы мүмкін.

Эуфиллинді фторхинолондармен бірге пайдаланған жағдайда, эуфиллиннің дозасын кәдімгі ұсынылатын дозаның 1/4-не дейін азайтады.

Ксантиндерді бензилпенициллинмен бірге енгізгенде, оның химиялық белсенділігі жойыла бастайды.

Эуфиллин литий тұздарының, пиридоксин және β-адреноблокаторлар емдік әсерлерін әлсіретеді. Өз кезегінде, β- адреноблокаторларды тағайындау эуфиллиннің бронхты кеңейтетін әсерін әлсіретеді. Эуфиллинді β-адреномиметиктермен, глюкокортикостероидтармен және диуретиктермен бірге қабылдағанда, гипогликемияның даму қаупі ұлғаяды.

Эуфиллин минералокортикостероидтардың (гипернатриемия), наркозға арналған фторланған туынды дәрілердің (қарыншалық аритмия), ОЖЖ қоздыратын дәрілердің (нейроуытты) жағымсыз әсерлерінің даму ықтималдығын арттырады.

Ксантиндерді жүрек гликозидтерімен бірге тағайындау соңғылармен уыттанудың дамуымен қауіпті.

Спазмолитиктермен үйлеседі, ксантиннің басқа туындыларымен бірге қабылдамайды. Этанолдың шағын дозаларымен, дисульфираммен, фторхинолонмен, альфа рекомбинантты интерферонымен, метотрексатпен, мексилетинмен, пропафенонмен, тибеабендазолмен, тиклопидинмен, верапамилдермен бір мезгілде қабылдағанда және тұмауға қарсы вакцинациялау кезінде аминофиллиннің әсерінің қарқындылығы ұлғаюы мүмкін, бұл оның дозасын төмендетуді қажет етуі мүмкін.

Фармацевтикалық тұрғыдан қышқыл ерітінділерімен, глюкоза, фруктоза және левулоза ерітінділерімен үйлеспейді. Инфузияға дайындау кезінде пайдаланылатын ерітінділердің рН-ын ескеру қажет.

Арнайы ескертулер

Эуфиллинді жасы 55-тен асқан тұлғаларға қолдану препараттардың төмен дозаларымен жүргізілуі тиіс.

Эуфиллин ксантиннің басқа туындыларымен бір мезгілде қолданылмайды.

Емделу барысында құрамында ксантиннің туындылары бар тамақ өнімдері мен сусындар (қою шай, кофе, шоколад, какао, мате) пайдалануды болдырмау керек.

Жүктілік және лактация

Эуфиллинді жүктілік кезінде қолдану жаңа туылған сәби мен шарананың организмінде теофиллин мен кофеиннің зор қауіпті концентрацияларының пайда болуына әкелуі мүмкін. Аналары жүктілік кезінде (әсіресе, III триместрде) эуфиллин қабылдаған жаңа туылған сәбилер метилксантиндерден улану симптомдарының болу мүмкіндігін бақылау үшін медициналық бақылауды қажет етеді. Жүктілік және лактация кезеңінде препаратты тағайындау сәбиге төнетін зор қауіп-қатерді бағалауды қажет етіп, экстремальді өмірлік көрсеткіштер бойынша ғана жүргізіледі. Препаратты қабылдағанда, емшек емізуді тоқтатқан жөн.

Дәрілік препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың жағымсыз әсерлерін ескере отырып, емделу кезеңінде автокөлікті жүргізуден және ерекше назар аудару мен психомоторлық реакциялардың жылдамдығын қажет ететін әлеуетті қауіпті қызмет түрлерімен шұғылданудан бас тартқан жөн.

Өзара әрекеттесуі

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі, енгізу әдісі және жолы

Ересектерге: алдын ала натрий хлоридінің 10-20 мл изотониялық ерітіндісінде сұйылтып, вена ішіне 24 мг/мл ерітіндіні (0,12-0,24 г) 5-10 мл-ден баяу (4-6 минут ішінде) енгізеді. Жүрек қағысы, бас айналу, жүрек айну байқалған кезде енгізу жылдамдығын баяулатады немесе тамшылатып енгізуге көшеді, ол үшін 24 мг/мл ерітіндінің (0,24-0,48 г) 10-20 мл натрий хлоридінің 100-150 мл изотониялық ерітіндісінде сұйылтады; минутына 30-50 тамшы жылдамдықпен енгізеді. Эуфиллинді тәулігіне 3 ретке дейін, 14 күннен асырмай парентеральді енгізеді.
Эуфиллиннің ересектерге арналған жоғары дозалары: бір реттік - 0,25 г, тәуліктік - 0,5 г. Жедел жағдайларда ересектерге вена ішіне 6 мг/кг дозада енгізеді, NаСI-дың 0,9%-дық ерітіндісінің 10-20 мл-де сұйылтып, кемінде 5 минут ішінде баяу енгізеді. Демікпелік статуста вена ішіне 720-750 мг тамшылатып енгізу көрсетілген.

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар

Жағымсыз әсерлеріне орай препаратты 14 жасқа дейінгі балаларға пайдалану ұсынылмайды.

Вена ішіне енгізу үшін балаларға арналған жоғары дозалары: бір реттік – 3 мг/кг, тәуліктік – 0,25-0,5 г.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажетті шаралар

Симптомдары: препараттың плазмада 20 мкг/мл-ден аса концентрациясында туындайды. Ұзақ құсу, диарея, беттің гиперемиясы, аритмия, қозу, көз қарығуы, тремор және құрысу, гипервентиляция, артериялық қысымның кенеттен төмендеуі тән болып келеді. Қанның 40 мкг/мл-ден аса деңгейінде кома дамиды.

Емі: көмектесу шарасына препаратты қолданудан бас тарту, ілмекті диуретиктерді: фуросемидті, тросемидті, 50 мкг/мл-ден жоғары деңгейде - гемосорбцияны, плазмаферезді пайдалана отырып, қарқынды диурез кіреді. Гемодиализ немесе перитонеальді диализдің әсері аз. Құрысу синдромында - диазепамды бұлшықет ішіне енгізеді (барбитураттарды қолдануға болмайды!) Аритмияны басу үшін, лидокаин немесе верапамилді вена ішіне енгізу пайдаланылады. Құсу кезінде метоклопрамидті немесе ондансетронды вена ішіне енгізу пайдаланылады. Құсуға қарсы дәрілер ретінде этаперазин немесе басқа да нейролептиктерді пайдалануға болмайды! Эуфиллинмен уланған кезде спецификалық антидот ретінде натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісіндегі рибоксинді (инозитолды) вена ішіне сорғалатып енгізуді пайдаланады (сұйылту үшін глюкоза немесе декстроза ерітіндісін пайдаланбаған жөн).

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар

Шығарылу түрі

Шыныдан жасалған ампулаларға 5 мл.

10 ампуладан ампулаларды ашуға арналған пышағымен немесе скарификаторымен бірге гофрлауға арналған қағаздан жасалған гофрланған қосымша парағымен картоннан жасалған қорапқа салынады.

Қорапты офсеттік қағаздан немесе көп бояулы баспа қағазынан жасалған заттаңба-бандерольмен желiмдейдi.

Қораптар медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге топтық қаптамаға салынған.

Медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың саны қораптардың санына сәйкес келуі тиіс.

10 ампуладан ампулаларды ашуға арналған пышақпен немесе скарификатормен және медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картонынан жасалған ампулаларды бекітуге арналған бір немесе екі қосымшасы бар картоннан жасалған қорапшаға салынған.

Сындыратын сақинасы немесе сындыру кертігі мен нүктесі бар ампулаларды пайдаланған жағдайда ампулаларды ашуға арналған пышақтың немесе скарификатордың салынуы қарастырылмайды.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Көлемі

5 мл (ампула)

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынадыЭвфиллин ампуласы 24 мг / мл 5 мл №10дәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube