daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы Йодинол Ерітіндісі 100 Мл | Татхимфармпрепараты ОАО

Астане қаласындағы Йодинол Ерітіндісі 100 Мл | Татхимфармпрепараты ОАО
Сипаттама:

Қара көк түсті, өзіне тән иісі бар, шайқағанда көбіктенетін сұйықтық. Құтының толтырылмаған бөлігінде көбіктің түзілу ізі болуы мүмкін.

Өндіруші:

Татхимфармпрепараты ОАО

Өндіруші ел:

Российская Федерация

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: поливинил спирті, тазартылған су.

Белсенді заттың дозасы:

100 мг/300 мг

Қаптамадағы саны:

1 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- созылмалы тонзиллит;

- созылмалы іріңді отит;

- созылмалы атрофиялық ринит;

- созылмалы периодонтит;

- іріңді жаралар;

- трофикалық және варикоздық тері ойықжаралары;

- I-II дәрежедегі термиялық және химиялық күйіктер.

Қарсы көрсеткіштер

- йодқа және препараттың басқа құрамдасстарына жоғары сезімталдық;

- қалқанша без функциясының бұзылуы (гипертиреоз);

- қалқанша без аденомасы;

- радиоактивті йодты бір мезгілде қолдану;

- Дюрингтік герпес формалы дерматит;

- дабыл жарғағының тесілуі;

- жүктілік, лактация кезеңі;

- 18 жасқа дейінгі балалар.

Өзара әрекеттесуі

Фармацевтикалық тұрғыдан эфир майларымен, аммиак ерітінділерімен, ақ шөгінді сынаппен үйлеспейді (жарылғыш қоспа түзіледі).

Сілтілік немесе қышқыл орта, майдың, іріңнің, қанның болуы антисептикалық белсенділігін бәсеңдетеді.

Арнайы ескертулер

Қалқанша без функциясы бұзылған кезде препаратты қолдану тек дәрігердің қатаң қадағалауымен ғана болуы мүмкін.

Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда зақымданған теріге ұдайы қолданған кезде сақ болу қажет.

Препаратты окклюзиялық таңғыш астына пайдалануға болмайды.

Үлкен ашық жараларға пайдалануға болмайды.

Жәндіктер, үй және жабайы жануарлар тістегенде пайдалануға болмайды.

Препаратты көзге тигізіп алмаңыз. Егер бұл орын алса, көзді мол сумен немесе 1% натрий тиосульфатының ерітіндісімен шаю керек.

Ұзақ қолдану үшін пайдалануға болмайды.

Педиатрияда қолдану

Препаратты балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қолдануға болмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Препаратты жүктілік кезінде және емізу кезінде қолдануға болмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралдарын басқару және аса көңіл қоюды немесе психомоторлық реакциялардың жылдамдығын талап ететін басқа да қауіпті қызмет түрлерімен айналысу қабілетіне әсер етпейді.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Жергілікті (жуу, шаю, тамызу, бадамша безді майлау); сыртқа (дәке сүрткілерді салу).

Созылмалы тонзилитте бадамша бездің қуыстарын және бадамша бездің айналасындағы кеңістіктерді жуады. 2-3 күн аралығымен 4-5 шаю жүргізіледі. Бір реттік доза – 50 мл. Жұтуға болмайды!

Созылмалы іріңді отит кезінде: күнделікті 5-8 тамшы Йодинол препаратын енгізу. Емдеу курсы – 2-4 апта.

Созылмалы атрофиялық ринитті емдеу кезінде қыртыстарды алдын ала жұмсартып, алып тастағаннан кейін мұрын мен жұтқыншақтың қуысы аптасына 2-3 рет 2-3 ай бойы суарылады.

Созылмалы периодонтит кезінде ауыз қуысын тамақтан кейін 15 мл-ден күніне 3 рет шайыңыз.

Трофикалық және варикозды ойық жаралар жағдайында Йодинол препаратына малынған (теріні алдын ала жылы сумен сабындап жуады, ал ойық жараның айналасына мырыш жақпа майын жағады) ойық жараның бетіне дәке сүрткілер (3 қабат) жабады. Таңуды тәулігіне 1-2 рет жасайды, таңу кезінде ойық жараның бетіндегі дәкені шешпейді, қайтадан препарат сіңдіреді. 4-7 күннен кейін жалпы немесе жергілікті бұлау тағайындалады, содан соң қайтадан көрсетілген емді жалғастырады.

Іріңді жараларда және инфекция жұқтырылған күйіктерде препарат сіңірілген босаң таңғыш дәке таңылады.

I-II дәрежеде жаңадан болған термиялық және химиялық күйіктерде осылайша Йодинол препараты сіңірілген дәке таңғышпен жабады, таңғыштың ішкі қабатын қажетіне қарай препаратпен ылғалдайды.

7 күн ішінде оң нәтиже болмаған жағдайда дәрігермен кеңесу керек.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

Симптомдары (жергілікті және сыртқа қолдану кезінде): «йодизм» құбылыстары - тері бөртпесі, ринит, жас ағу, гиперсаливация, ринорея, бронхорея, шырышты қабықтың ісінуі.

Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем.

Симптомдары (кездейсоқ ішке қабылдағанда): ауыз қуысының металл татуы, гиперсаливация, мұрынжұтқыншақ шырышты қабығының ісінуі, көмейдің ісінуі, тыныс алудың қиындауы (өкпе ісінуі), қатты терлеу, тахикардия, асқазан-ішек бұзылыстары (жүрек айнуы, құсу, диарея).

Емі: асқазанды алдымен натрий тиосульфатының 1% ерітіндісімен, содан кейін сумен шаю; симптоматикалық терапия.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар

Егер емдеуден кейін жақсару болмаса немесе симптомдар нашарласа немесе жаңа симптомдар пайда болса, дәрігермен кеңесу керек. Препаратты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген көрсетілімдерге, қолдану тәсіліне және дозаларға сәйкес ғана қолданыңыз.

Шығарылу түрі

100 мл-ден тығыздығы төмен полиэтилен тығындармен және тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған бұрандалы қақпақтармен тығындалған бұрандалы мойны бар қызғылт сары шыны құтыларға немесе тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған бақылау сақинасымен жүретін бұрандалы мойны бар қоңыр шыны құтыларда.

Құтыны медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада.

Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

1 жыл 6 ай.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Көлемі

100 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынадыЙодинол ерітіндісі 100 млдәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube