daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы Кальций Глюконаты Таблеткалары 500 Мг №10 | Ирбитский химико-фармацевтический завод

Астане қаласындағы Кальций Глюконаты Таблеткалары 500 Мг №10 | Ирбитский химико-фармацевтический завод
Сипаттама:

Жалпақ цилиндр пішінді, ойығы мен сызығы бар ақ түсті таблеткалар. Шығарылу түрі және қаптамасы 10 таблеткадан полимерлі жабыны бар қағаздан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамада. Медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың тең санымен пішінді ұяшықсыз қаптаманы картоннан жасалған топтық қорапқа салынады.

Халықаралық атауы:

Жоқ

Өндіруші:

Ирбитский химико-фармацевтический завод

Өндіруші ел:

Российская Федерация

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: картоп крахмалы, кальций стеараты, тальк.

Белсенді заттың дозасы:

500 мг

Дәрілік түрі:

Таблеткалар, 500 мг

Қаптамадағы саны:

10 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

кальций тапшылығымен қатар жүретін жай-күйлерде

остеопороз емінде қосымша дәрі ретінде

Қарсы көрсеткіштер

– әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- гиперкальциемия

- несеп-тас ауруы

- бүйрек қызметінің ауыр жеткіліксіздігі

- тромбоздарға бейімділік

- саркоидоз

- жүрек гликозидтерін бір мезгілде қабылдау (аритмияның пайда болу қаупі)

- 6 жасқа дейінгі балаларға

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

- дегидратация

- электролиттік бұзылулар (гиперкальциемия даму қаупі)

- диарея

- мальабсорбция синдромы

- кальцийлік нефроуролитиаз (анамнезде)

- елеусіз гиперкальциурия

- орташа созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі

- созылмалы жүрек жеткіліксіздігі

- кең таралған атеросклероз

- гиперкоагуляция

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Холестираминнің ықпал етуімен кальцийдің асқазан-ішек жолынан сіңуі төмендейді. Хинидинмен бір мезгілде қолданған кезде қарыншаішілік өткізгіштік бәсеңдеуі және хинидиннің уыттылығы жоғарылауы мүмкін. Кальций глюконатын және тетрациклиндерді бір мезгілде қолданғанда соңғысының әсері олардың сіңуінің азаюына байланысты төмендеуі мүмкін. Басқа дәрілік препараттармен бір мезгілде қолдану қажет болғанда дәрігердің бақылауы қажет.

Арнайы ескертулер

Кальций препараттарын жүрек аурулары бар пациенттерге абайлап тағайындау керек. Препараттың жоғары дозаларын, әсіресе, балаларда тағайындағанда қандағы кальций мөлшерін, кальцийдің несеппен экскрециясын мұқият бақылау керек. Егер қандағы кальций деңгейі 2,625–2,75 ммоль/л мөлшерінен асып кетсе немесе егер несеппен кальций экскрециясы 5 мг/кг-ден артық болса, емдеу тоқтатылуы тиіс. Кальций емі кезінде D дәруменін көп тұтынбау керек.

Анамнезінде мардымсыз гиперкальциурия, шумақтық сүзіліс төмендеуі немесе нефролитиаз бар науқастарға тағайындау сақтықпен және несептегі кальций мөлшерінің бақылауымен жүргізілуі тиіс. Нефролитиаз даму қаупін төмендету үшін мол сұйықтық ішуге кеңес беріледі.

Педиатрияда қолданылуы

Препаратты 6 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.

Жүктілік және лактация

Жүктілік кезінде кальций глюконатын болжамдалған емдік әсері шаранаға төнетін ықтимал қауіптен басым болған жағдайда ғана сақтықпен тағайындауға болады. Лактация кезеңінде қолдану өте қажет болған жағдайда бала емізуді тоқтату керек.

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетін дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Кальций глюконаты көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.

Өзара әрекеттесуі

Шығарылу түрі

10 таблеткадан полимерлі жабыны бар қағаздан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамада.

Медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың тең санымен пішінді ұяшықсыз қаптаманы картоннан жасалған топтық қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, +15 ºС-ден +25 ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынадыкальций глюконаты таблеткалары 500 мг №10дәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube