Қолдану көрсеткіштері
қалқанша маңы бездері функциясының жеткіліксіздігінде
организмнен кальцийдің көп мөлшерде шығарылуында
аллергиялық аурулар (сарысу құю ауруы, есекжем, ангионевроздық ісіну) мен дәрі-дәрмектік емнің аллергиялық асқынулары кезінде қосымша дәрі ретінде
тамыр өткізгіштігін азайту үшін шығу тегі әртүрлі патологиялық үдерістер кезінде (қабыну үдерісінің экссудатты сатысы, геморрагиялық васкулит, сәулелену ауруы)
гиперкалиемия, пароксизмальді миоплегияның гиперкалиемиялық түрінде
тері ауруларында (терінің қышынуы, экзема, псориаз)
қан тоқтататын дәрі ретінде
магний тұздарымен, қымыздық қышқылымен немесе оның еритін тұздарымен, фтор қышқылының еритін тұздарымен уланған кезде антидот ретінде