Құрамы
5 мл препараттың құрамында
белсенді зат – 500.0 мг кальций хлориді гексагидраты
қосымша зат – инъекцияға арналған су
5 мл препараттың құрамында
белсенді зат – 500.0 мг кальций хлориді гексагидраты
қосымша зат – инъекцияға арналған су
- қан плазмасындағы кальций иондарының концентрациясын жылдам арттыруды қажет ететін (қалқанша маңы бездерінің функционалдық жеткіліксіздігі кезіндегі тетания, D дәрумені жеткіліксіздігі кезіндегі тетания) гипокальциемия жағдайларында
- магнийдің артық дозалануы кезінде туындайтын магниймен уыттану жағдайларында
- электрокардиограмманы бақылай отырып, ауыр гиперкалиемия кезінде кешенді ем құрамында
- әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса
жоғары сезімталдық
- гиперкальциемия, гиперкальциурия
- бүйректің созылмалы ауыр жеткіліксіздігі (БСЖ)
- қарыншалардың дірілдеуі, асистолия және электромеханикалық
диссоциациялар
- артериялық окклюзия көріністерімен жүретін атеросклероз, тромбоз
дамуына бейімділік
- несептас ауруы
- саркоидоз
- жүрек гликозидтерін бір мезгілде қабылдау
- цефтриаксонмен бір мезгілде қабылдау
- тері астына немесе бұлшықет ішіне енгізу
- 1 жасқа дейінгі балаларға
- жүктілік және емшек емізу кезеңі
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Тітіркендіргіш және некроздаушы әсеріне байланысты, кальций хлоридін тері астына немесе бұлшықетке енгізуге болмайды.
Тиімді әсер етуі үшін дәрі-дәрмектік инфильтраттың аумағына бірізді түрде бастапқыда 5-10 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісі, содан соң 10 мл 0,25% новокаин ерітіндісі (тері астына 10% кальций хлориді инъекциясы анықталғаннан кейінгі алғашқы 10-15 минут) инъекциясын енгізу, одан кейін осы аумаққа жартылай спиртті компресс қою ұсынылады.
Препараттың ерітіндісі тері астына немесе бұлшықетке түсіп кеткен жағдайда, мүмкіндігінше, кальций хлоридін шприцтің көмегімен сорып алу, ал инъекция орнына 1 % новокаин ерітіндісін егу керек.
Емдеуді қандағы кальций концентрациясын бақылай отырып жүргізеді.
Препараттың тамыр қабырғасына зақымдағыш әсер ету мүмкіндігін азайту үшін, инъекция үлкен венаға жіңішке ине арқылы жүргізілуі тиіс.
Препаратты балаларға, ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі бар пациенттерге, дегидратацияда, электролиттік теңгерім бұзылуларында (гиперкальциемия қаупі), жүрек ауруларында (аритмия қаупі), бүйрек ауруларында, "өкпелік" жүректе, респираторлық ацидозда, тыныс алу жеткіліксіздігінде (кальций хлоридінің тотығуы салдарынан уытты реакциялар қаупі) сақтықпен қолданады.
Кальцийдің асқазанның қышқыл түзу функциясына стимуляциялаушы әсеріне байланысты, кальций хлоридін қабылдау асқазан-ішек жолының тітіркену симптомдарын туғызуы мүмкін, әсіресе пероральді қабылдағанда.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Аллергиялық ауруларды емдеу үшін кальций хлориді мен гистаминге қарсы препараттарды бірге қолдану ұсынылады. Тетрациклиндердің, дигоксиннің, пероральді темір препараттарының сіңірілуін баяулатады (оларды қабылдаулар аралығы 2 сағаттан кем болмауы тиіс).
Кальций хлориді бір мезгілде қолданылғанда кальций өзекшелері блокаторларының әсерін әлсіретеді.
Хинидинмен бір мезгілде қолданғанда қарыншаішілік өткізгіштігі баяулауы және хинидиннің уыттылығы артуы мүмкін. Кальций тұздары бисфосфонаттар, фтор, фторхинолондар, тетрациклиндер сияқты дәрілік заттардың сіңірілуін төмендетеді. Бұл препараттарды қабылдау кальций тұздарын қолданғаннан кейін 3 сағаттан ерте жүргізілмеуі тиіс.
Кальций хлоридінің инфузиясы добутаминнің кардиотонустық әсерін төмендетеді. Кардиоуытты әсерінің күшеюіне және өліммен аяқталуы мүмкін жүрек аритмияларының даму мүмкіндігіне байланысты, жүрек гликозидтерімен емдеу кезінде Кальций хлоридін парентеральді қолдану ұсынылмайды.
Тиазидтік диуретиктер кальцийдің шығарылуын төмендетеді, сондықтан кальция хлоридімен немесе құрамында кальций бар басқа препараттармен қолданғанда сақ болу қажет.
Цефтриаксон-кальций преципитациясы реакциясы дамуының және өліммен аяқталатын асқынуларының қаупіне байланысты, құрамында кальций бар ерітінділерді өмірінің 1 жылындағы балаларда цефтриаксонмен бірге қолдануға болмайды.
Құрамында кальций немесе магний бар басқа препараттармен бір мезгілде қабылдау, әсіресе БСЖ бар пациенттерде сәйкесінше гиперкалиемия немесе гипермагниемия қаупін арттырады.
Деполяризацияланбайтын миорелаксанттардың тиімділігін төмендетеді. Тубокурарин хлоридінің әсер ету ұзақтығын арттыруы мүмкін.
Фармацевтикалық тұрғыдан тетрациклиндермен, магний сульфатымен, құрамында фосфаттар, карбонаттар немесе тартраттар бар дәрілік заттармен үйлесімсіз.
5% декстроза ерітіндісімен және 0,9% натрий хлоридінің ерітіндісімен үйлесімді.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолданылуы
Препаратты 1 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктілік кезінде және емшек емізу кезеңінде препаратты қолдануға болмайды.
Препаратты лактация кезеңінде тағайындау қажет болғанда емшек емізуді тоқтату керек.

Дозалану режимі
Гипокальциемияда – 1-3 күн бойы 500 мг-ден 1 г дейін (5-10 мл), қажет болса, енгізуді әр 1-3 күн сайын қайталайды.
Магниймен уыттану кезінде – 500 мг (5 мл) инъекция түрінде енгізіледі. Қосымша дозаларды енгізбес бұрын, емдік әсерге қол жеткізілгенін және кейінгі дозаны қабылдаудың мақсатқа сайлығын бағалау қажет.
Гиперкалиемиялық бұзылулар кезінде дозаны енгізу барысында ЭКГ өзгерістеріне тұрақты мониторинг жүргізу арқылы титрлеу керек.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Гипокальциемия: баяу, 0,5 мл/минуттан аз жылдамдықпен, дене салмағына 0,2 мл/кг дозада, тәулігіне ең көбі 10 мл енгізеді, қажет болса әр 4-6 сағат сайын қайталайды.
Тетания: 5-10 минут ішінде 10 мг/кг (дене салмағына 0,1 мл/кг), қажет болса әр 6 сағат сайын қайталайды немесе инфузия түрінде жалғастырады. Тәуліктік ең жоғарғы доза балалар үшін (жасқа байланысты емес) – 10 мл (1000 мг).
Енгізу әдісі және жолы
Вена ішіне сорғалатып немесе тамшылатып 0,75-1,5 мл/минуттан аспайтын жылдамдықпен енгізеді. Енгізу аяқталғаннан кейін пациент біраз уақыт "жатқан" қалыпта қалу керек.
Вена ішіне тамшылатып енгізу үшін ерітіндіні алдын ала 5% декстроза ерітіндісімен немесе 0,9% натрий хлориді ерітіндісімен сұйылтады.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсының ұзақтығы емнің көрсетілімдері мен тиімділігіне байланысты.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар
Гиперкальциемия симптомдары: әлсіздік, анорексия, іштің ауыруы, құсу, жүрек айнуы, іштің қатуы, полидипсия, полиурия, қатты қажу, ашушаңдық, өзін нашар сезіну, депрессия, дегидратация, жүрек ырғағы бұзылуы мүмкін, миалгия, артралгия, артериялық гипертензия.
Емі: елеусіз артық дозалануында (қан сарысуындағы кальций концентрациясы – 2,6-2,9 ммоль/л) енгізуді тоқтатады және құрамында кальций бар басқа дәрілік заттарды да тоқтатады. Ауыр артық дозалануында (қан сарысуындағы кальций концентрациясы 2,9 ммоль/л асады) кальцитонинді дене салмағына тәулігіне 5-10 ХБ/кг дозада парентеральді енгізу (оны 500 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде сұйылта отырып), вена ішіне 6 сағат бойы тамшылатып енгізу керек. Вена ішіне сорғалатып баяу тәулігіне 2-4 рет енгізуге болады. Тиазидтік емес диуретиктер қолданылады; сарысудағы калий және магний концентрациясына бақылау жүргізеді, қажет болса – калий және магний препараттарын енгізеді, жүрек-қантамыр жүйесі функциясына бақылау жүргізу, аритмиялардың профилактикасы үшін бета-адреноблокаторларды енгізу керек. Қажет болса гемодиализ жүргізіледі.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозаларын өткізіп алғанда қажет болатын шаралар
Өткізіп алған дозаның орнын толтыру үшін екі есе дозаны қолданбаңыз.
Тоқтату симптомдарының қаупі бар екенін көрсету
Қатысты емес
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар
Дәрілік препаратты қолданар алдында кеңес алу үшін дәрігерге жүгініңіз.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде жиілігіне баға беру мүмкін емес)
- депрессия
- ысыну сезімі, алдымен ауыз қуысының, содан кейін тұла бойдың шаншуы, бет терісінің гиперемиясы, ауыздың бор татуы, шеткері вазодилатация, артериялық қысымның төмендеуі, аритмия (соның ішінде брадикардия), вена тромбозы, жылдам енгізгенде естен тану және қарыншалардың фибрилляциясы туындауы мүмкін
- гиперкальциемия сирек (бүйрек функциясы бұзылғанда)
- жергілікті реакциялар: вена бойының тітіркенуі; тері гиперемиясы, ауыру, бөртпе, кальцификация айналасындағы тіндердің некрозына және қабыршақ түзілуіне алып келуі мүмкін экстравазацияны көрсетуі мүмкін
- аллергиялық реакциялар, есекжем.

5 мл ерітіндіден нүктесі немесе сындыру сақинасы бар шыныдан жасалған шприцпен толтырылатын ампулаларға құяды.
Әр ампулаға заттаңба жапсырылады.
5 ампуладан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.
1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Дәрілік препараты бар қорапшаларды картон қораптарға салады.
Қорапшаға салмай қаптауға жол беріледі: пішінді ұяшықты қаптамаларды медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықтармен бірге картоннан жасалған қораптарға салады, нұсқаулықтардың саны қаптамалардың саны бойынша салынады.
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынады “кальций хлориді ампуласы 10% 5 мл №5” дәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.