daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы Кетонал Кремі 5% 30 Г | Салютас Фарма ГмбХ

Астане қаласындағы Кетонал Кремі 5% 30 Г | Салютас Фарма ГмбХ
Сипаттама:

Ақтан ақ дерлік түске дейінгі гомогенді крем.

Халықаралық атауы:

Кетопрофен

Өндіруші:

Салютас Фарма ГмбХ

Өндіруші ел:

Германия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: метилпарагидроксибензоат (Е 218), пропилпарагидроксибензоат (Е 216), пропиленгликоль, изопропилмиристат, ақ вазелин, полиэтиленгликоль/додецил сополимері (Elfacos ST 9), глицеролсорбитан стеараттың күрделі эфирі (Arlacel 481 V), магний сульфаттың гептагидраты, тазартылған су. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Ақтан ақ дерлік түске дейінгі гомогенді крем.

Белсенді заттың дозасы:

5%

Қаптамадағы саны:

1 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- тірек-қимыл аппаратының жедел және созылмалы қабыну ауруларында

(ревматикалық аурулардағы буындардың ауыруы және қабынуы)

- тірек-қимыл аппаратының жарақаттарында (ревматизм аурулары кезіндегі буындардың ауыруы және қабынуы)

- жарақаттан кейінгі ауыру синдромында

Қарсы көрсеткіштер

- кетопрофенге және/немесе кремнің басқа да қосымша затқа жекелей жоғары сезімталдық

- ацетилсалицил қышқылына немесе басқа ҚҚСП (анамнездегі ацетилсалицил қышқылын қабылдауға байланысты бронх демікпесі, есекжем немесе ринит туралы нұсқаулар), тиапрофен қышқылына, фенофибратқа, УК-блокаторлары немесе парфюмерияға жекелей жоғары сезімталдық

- экзема, сулы дерматит, жағу көзделген жердегі ашық немесе инфекция жұқтырылған жара (крем зақымданған теріге жағылмауы тиіс)

- жүктіліктің үшінші триместрі және лактация кезеңі

- анамнездегі фотосезімталдық реакциясы

- емдеу кезінде және оны тоқтатқаннан кейін 2 апта ішінде солярийдегі ультракүлгін жарықты қоса, күн сәулесінің (шашыраңқы болса да) әсер етуі

- 15 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Емдеудің ұсынылған ұзақтығынан асыруға болмайды, өйткені уақыт өтуімен жанаспалы дерматит және фотосенсибилизация реакцияларының даму қаупі артады.

Кетонал® кремі препаратын терінің зақымданған беткейіне, ашық жараларға, көзге, көз маңы аймағына, шырышты қабықтарға, анальді саңылауға, гениталий аймағына тиюін болдырмау керек.

Терінің тітіркенуі пайда болса, емдеуді уақытша тоқтата тұру керек; айқын тітіркенуінде емдеуді жалғастыру ұсынылмайды.

Емдеу кезінде және оны тоқтатқаннан кейін екі апта ішінде тері фотосенсибилизациясы дамуын болдырмас үшін Кетонал® крем жағылатын аумақтарды киіммен қорғау ұсынылады, тікелей күн сәулесінен, солярийге және УКС барудан аулақ болған жөн.

Қандай болсын, оның ішінде құрамында октокрилен бар өнімдерді қатар қолданумен байланысты тері реакциялары дамуында, емдеуді дереу тоқтату керек.

Сыртқа қолдануға арналған кетопрофеннің жүйелі жағымсыз әсерлері аз болуы тиіс болса да, Кетонал® кремі препаратын бүйрек, жүрек немесе бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде, анамнезде пептидтік ойық жарасы немесе ішектің қабыну ауруы, цереброваскулярлық қан кету немесе геморрагиялық диатезі бар пациенттерде сақтықпен қолданылуы тиіс.

Созылмалы ринитпен, созылмалы синуситпен және/немесе мұрын полипозымен астасқан демікпесі бар пациенттердің ацетилсалицил қышқылына және/немесе ҚҚСП аллергия туындау қаупіне шалдығуы жоғары болады.

Емдеу кезінде немесе емдеуді тоқтатқаннан кейін 2 апта бойы тікелей күн сәулесінен, солярийге және УКС барудан аулақ болған жөн.

Кетонал® кремін жағып болғаннан кейін қолды мұқият жуу қажет.

Кетонал® кремін окклюзиялық таңғыш астына жағуға болмайды.

Кетонал® кремін ашық от көздерінен алыста сақтау керек. Жандыруға болмайды.

Метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат құрамына байланысты баяу типті аллергиялық реакциялар мүмкін. Пропиленгликольдің болуына байланысты терінің тітіркенуі.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Кетонал® кремі препаратын жергілікті қолданғанда басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесу ықтималдығы аз.

Метотрексаттың жоғары дозасын кетопрофенді қоса, ҚҚСД қолданғаннан кейін, жүйелі түрде енгізгенде елеулі өзара әрекеттесулер туралы хабарланған. Басқа да ҚҚСД сияқты кетопрофен метотрексаттың шығарылу деңгейін қысқартып, осылайша осы препараттың уытты әсер етуін күшейтеді. Салицилаттарды қатар енгізу ұсынылмайды.

Құрамында кумарин бар препараттармен ем алатын пациенттердің жай-күйін бақылап отыру керек.

Арнайы ескертулер

Жүктілік

Кетопрофен жүктіліктің бірінші-екінші триместрінде, егер ана және/немесе шаранаса төнетін қауіптен күтілетін емдік әсерінің пайдасы асып түсуі күтілген жағдайда ғана тағайындалуы мүмкін. Жүктіліктің бірінші-екінші триместрінде қолданбаған дұрыс.

Жүктіліктің үшінші триместрінде кетопрофенді қоса, барлық простагландинсинтетаза тежегіштері шаранда жүрек-өкпе немесе бүйрек уыттылығын индукциялауы мүмкін. Жүктіліктің соңында қан кету уақытының ұзаруы анада, балада туындауы мүмкін. ҚҚСД босану мерзімін ұзартуы ықтимал. Сондықтан кетопрофенді жүктіліктің үшінші триместрі кезінде қолдануға болмайды.

Емшек емізу

Кетопрофеннің іздік мөлшері емшек сүтінде бөлінеді; сондықтан кетопрофенді бала емізу кезінде қолдануға болмайды.

Дәрілік препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Өзара әрекеттесуі

Кетонал® кремі препаратын жергілікті қолданғанда басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесу ықтималдығы аз.

Метотрексаттың жоғары дозасын кетопрофенді қоса, ҚҚСД қолданғаннан кейін, жүйелі түрде енгізгенде елеулі өзара әрекеттесулер туралы хабарланған. Басқа да ҚҚСД сияқты кетопрофен метотрексаттың шығарылу деңгейін қысқартып, осылайша осы препараттың уытты әсер етуін күшейтеді. Салицилаттарды қатар енгізу ұсынылмайды.

Құрамында кумарин бар препараттармен ем алатын пациенттердің жай-күйін бақылап отыру керек.

Арнайы ескертулер

Жүктілік

Кетопрофен жүктіліктің бірінші-екінші триместрінде, егер ана және/немесе шаранаса төнетін қауіптен күтілетін емдік әсерінің пайдасы асып түсуі күтілген жағдайда ғана тағайындалуы мүмкін. Жүктіліктің бірінші-екінші триместрінде қолданбаған дұрыс.

Жүктіліктің үшінші триместрінде кетопрофенді қоса, барлық простагландинсинтетаза тежегіштері шаранда жүрек-өкпе немесе бүйрек уыттылығын индукциялауы мүмкін. Жүктіліктің соңында қан кету уақытының ұзаруы анада, балада туындауы мүмкін. ҚҚСД босану мерзімін ұзартуы ықтимал. Сондықтан кетопрофенді жүктіліктің үшінші триместрі кезінде қолдануға болмайды.

Емшек емізу

Кетопрофеннің іздік мөлшері емшек сүтінде бөлінеді; сондықтан кетопрофенді бала емізу кезінде қолдануға болмайды.

Дәрілік препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ересектер және 15 жастан асқан жасөспірімдер: Кетонал® кремі препаратын теріге қабыну ошағының үстіне тәулігіне 2 – 3 рет жұқа қабатпен жағады және абайлап сылайды.

Дозасы зақымдалған жердің ауданына сәйкес таңдалуы тиіс: 2,5 см кремге (2 г) 100 мг кетопрофен сәйкес келеді.

Кетонал® кремі препаратын Кетонал® препаратының басқа дәрілік түрлерімен (капсуламен, таблеткамен, суппозиториймен) біріктіріп қолдануға болады. Бұл кезде кетопрофеннің жиынтық тәуліктік дозасы 200 мг аспауы тиіс.

Пациенттердің арнайы топтары

Балалар

Балаларда тағайындалмайды, өйткені балалардағы қауіпсіздік орнатылмаған.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерге арнайы дозалау ұсыныстары жоқ.

Енгізу әдісі мен жолы

Кетонал® кремі препаратын теріге жағу үшін сыртқа қолдануға арналған.

Окклюзиялық таңғыш қажет етілмейді.

Кремді қолданғаннан кейін бірден қолды мұқият жуу керек.

Көзге және басқа да шырышты қабықтарға тигізбеген дұрыс.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу ұзақтығын дәрігер анықтайды.

Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар

Симптомдары: сыртқа қолданғанда кетопрофенмен артық дозалану ықтималдығы аз. Кетонал® кремі препаратын кездейсоқ жұтып қойған кезде айқындылығы жұтылған кремнің мөлшеріне байланысты болатын жүйелі жағымсыз әсерлер дамуы мүмкін.

Емі: осындай жағдайда симптоматикалық және демеуші ем жүргізу қажет. Теріні ағып тұрған сумен мұқият шайып тастаңыз және дәрігермен кеңесіңіз.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне консультацияға жүгіну бойынша ұсынымдар

Егер сізде инфекция болса және қызба және ауырсыну сияқты инфекция белгілері сақталса немесе нашарласа, дереу дәрігерге барған жөн.

Шығарылу түрі

30 г кремнен қорғаныш жарғақшасы және бұрандалы пластик қақпақшасы бар, іші лакпен қапталған алюминий сықпаға салынған.

1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Салмағы

30 г

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынадыкетонал кремі 5% 30 гдәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube