Құрамы
Бір ампуланың ішінде
белсенді зат - 100.0 мг кетопрофен (100 % затқа шаққанда)
қосымша заттар: пропиленгликоль, этанол, бензил спирті, натрий метабисульфиті, натрий гидроксиді, натрий гидроксиді 1 М ерітіндісі, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір, түссіз немесе аздап сарғыш сұйықтық
Шығарылу түрі және қаптамасы
2.0 мл-ден шприцпен толтырылатын сындыру нүктесі немесе сақинасы бар жарықтан қорғайтын шыны ампулаларға құйылады.
Әр ампулаға заттаңбалық немесе жазу қағазынан жасалған заттаңба жапсырылады.
5 ампуладан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамамен қапталады.
Пішінді ұяшықты қаптамаларды медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілінде бекітілген нұсқаулықтармен бірге тұтынушы ыдысына арналған немесе гофрланған картоннан жасалған қораптарға салынады
2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықтағы ақпаратты қорапшаға салуға болады.
Дәрілік препараты бар қорапшаларды тұтынушы ыдысына арналған немесе гофрланған картон қораптарға салады.
Пішінді ұяшықты қаптамаларды (қорапшаға салмай) медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықтармен бірге тұтынушы ыдысына арналған немесе гофрланған картон қораптарға салуға рұқсат етіледі.