daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы 500 Мг 500 Таблетка №14 | АО «Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика»

Астане қаласындағы 500 Мг 500 Таблетка №14 | АО «Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика»

Халықаралық атауы:

Кларитромицин

Өндіруші:

АО «Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика»

Өндіруші ел:

Республика Казахстан

Белсенді заттың дозасы:

500 мг

Қаптамадағы саны:

14 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Кларитромицин ересектер мен 12 жастан үлкен жасөспірімдерде кларитромицинге сезімтал микроорганизмдер туғызған инфекцияларды емдеу үшін көрсетілген:

- төменгі тыныс жолдарының инфекциялары (бронхит, пневмония)

- жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары (фарингит, синусит)

- терінің және жұмсақ тіндердің инфекциялары (фолликулит, целлюлит, тілме)

- жедел ортаңғы отит

- Mycobacterium avium немесе Mycobacterium intracellulare туғызған диссеминацияланған немесе оқшауланған микобактериялық инфекциялар, Mycobacterium chelonae, Mycobacterium fortuitum, Mycobacterium kansasii туғызған бір жерде шоғырланған инфекциялар

- CD4 лимфоциттерінің саны ≤ 100/мм3 аз немесе тең АИТВ инфекциясын жұқтырған пациенттерде Mycobacterium avium кешені тудырған диссеминацияланған инфекция профилактикасы үшін

- 12 елі ішектің ойық жаралы ауруы қайталануларының азаюына ықпал етумен H. Pylori эрадикациясы үшін

Қарсы көрсеткіштер

- макролидті антибиотиктерге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- кларитромицин мен қастауыш алкалоидтарын (мысалы, эрготамин немесе дигидроэрготамин) бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді, өйткені бұл қастауыш алкалоидтарымен улануға әкелуі мүмкін

- кларитромицин мен келесі препараттардың қандай да бірін бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді: астемизол, цизаприд, домперидон, пимозид немесе терфенадин, өйткені бұл QT аралығының ұзаруына және қарыншалық тахикардияны, қарыншалар фибрилляциясы мен «пируэт» типті қарыншалық тахикардияны (torsades de pointes) қоса, жүрек ырғағының бұзылуларына әкелуі мүмкін

- кларитромицин мен пероральді мидазоламды бір мезгілде қабылдау қарсы көрсетілімді

- кларитромицинді анамнезінде QT аралығының ұзаруы (туа біткен немесе жүре пайда болғаны анықталған QT аралығының ұзаруы) немесе «пируэт» типті қарыншалық тахикардияны (torsades de pointes) қоса, жүректің вентрикулярлы аритмиясы бар пациенттерге тағайындауға болмайды

- тикагрелормен немесе ранолазинмен бір мезгілде қабылдау қарсы көрсетілімді

- кларитромицинді, рабдомиолизді қоса, миопатияның жоғары даму қаупіне орай, елеулі дәрежеде CYP3A4 арқылы метаболизденетін (ловастатин немесе симвастатин) ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерімен (статиндермен) бір мезгілде пайдалануға болмайды

- кларитромицинді (және басқа CYP3A4 күшті тежегіштерін) колхицинмен бір мезгілде пайдалануға болмайды

- кларитромицинді электролиттік бұзылулары бар (гипокалиемия немесе гипомагниемия, QT аралығының ұзару қаупі салдарынан) пациенттерге тағайындауға болмайды

- кларитромицинді қатарлас бүйрек жеткіліксіздігімен бауырдың ауыр жеткіліксіздігінен зардап шегетін пациенттерге тағайындауға болмайды

- кларитромицин мен ломитапидті бір мезгілде қабылдау

- 12 жасқа дейінгі балалар (250 мг доза)

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер (500 мг доза)

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

H. Pylori инфекциясын емдеуге кез келге микробқа қарсы емді, атап айтқанда, кларитромицинді пайдалану төзімді микроорганизмдер селекциясын туғызуы мүмкін.

Жүкті әйелдерге, әсіресе, жүктіліктің алғашқы үш айында пайда/қауіп арақатынасын мұқият бағалап алмай, КЛАБЕЛ® препаратын тағайындауға болмайды.

Ұзақ уақыт қолдану, басқа антибиотиктермен жағдайдағы сияқты, препаратқа сезімтал емес бактериялар мен зеңдердің шамадан тыс көбеюін туындатуы мүмкін. Асқын инфекция туындағанда тиісті емді бастау қажет. КЛАБЕЛ®, ең алдымен, бауырмен шығарылады. Сондықтан препаратты бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде, сондай-ақ бүйрек функциясының орташа немесе ауыр дәрежедегі бұзылуы бар пациенттерде қолдану кезінде сақ болу керек. Препаратты бүйрек жеткіліксіздігі ауыр пациенттерде сақтықпен қолдану керек.

Кларитромицин қабылдағанда, бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауын, гепатоцеллюлярлы және/немесе сарғаюмен немесе онсыз холестаздық гепатитті қоса, бауыр функциясының бұзылуы мәлімделді. Бауырдың осындай дисфункциясы ауыр және әдетте қайтымды болуы мүмкін. Сонымен қатар, өліммен аяқталған бауыр жеткіліксіздігінің жағдайлары тіркелді, олар күрделі қатарлас аурулармен және/немесе дәрілік препараттарды бір мезгілде қабылдаумен байланысты болды. Анорексия, сарғаю, несептің қараюы, қышыну немесе іштің сезімталдығы сияқты гепатит симптомдары туындағанда кларитромицин қолдануды дереу тоқтату керек.

Ауырлығы жеңіл дәрежеден өмірге қатер төндіруге дейін өзгеріп отыратын жалған жарғақшалы колит туралы хабарламалар, макролидтерді қоса, бактерияға қарсы препараттардың бәрін дерлік қолдану кезінде келіп түсті. Бактерияға қарсы препараттардың бәрін дерлік, оның ішінде кларитромицинді пайдаланғанда Clostridium difficile (CDAD) туғызған және ауырлығы жағынан жеңіл дәрежедегі диареядан өліммен аяқталатын колитке дейін өзгеріске түсетін диареяның дамуы хабарланды. Бактерияға қарсы препараттарды қабылдау ішектің қалыпты флорасын өзгертеді, бұл C. difficile көбеюінің артуына алып келеді. Антибиотиктерді қабылдаудан кейінгі диареядан зардап шегіп жүрген пациенттердің бәрінде CDAD туындау мүмкіндігін ескеру қажет. Мұқият анамнез жинақтау қажет, өйткені бактерияға қарсы препараттарды қабылдаудан кейін екі ай өткен соң CDAD туындау жағдайлары тіркелді.

Колхицин

Маркетингтен кейінгі есептерде кларитромицин мен колхицинді бір мезгілде қабылдау кезінде, әсіресе, егде жастағы пациенттерде колхицин уыттылығы мәлімделді, осындай жағдайлардың кейбіреуі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде туындады. Осындай пациенттердің кейбірінде өліммен аяқталған жағдайлар тіркелген. Кларитромицин мен колхицинді бір мезгілде қабылдау қарсы көрсетілімді.

Кларитромицин вена ішіне немесе оромукозальді енгізуге арналған триазолам және мидазолам сияқты триазолобензодиазепиндермен бір мезгілде сақтықпен тағайындалу керек.

Жүрек-қантамырлық оқиғалар

Жүрек аритмиясы мен екі бағытты тахикардияның (torsades de pointes) даму қаупін айғақтайтын миокард реполяризациясы мен QT аралығының ұзаруы, кларитромицинді қоса, макролидтермен емдеу кезінде байқалды. Келесі жағдайлардың қарыншалық аритмиялар қаупінің (екі бағытты тахикардияны қоса (torsades de pointes) артуына алып келуі мүмкін екеніне орай, кларитромицинді пациенттердің келесі топтарына сақтықпен қолдану керек:

• Коронарлық артериялар аурулары, ауыр жүрек жеткіліксіздігі, өткізгіштік бұзылулары және клиникалық мәнді брадикардия бар пациенттер

• Электролиттік теңгерім бұзылуы бар пациенттер. Кларитромицинді гипомагниемия бар пациенттерге тағайындауға болмайды.

• QT аралығының ұзаруымен әсері бірге жүретін медициналық препараттарды қатар қабылдайтын пациенттер

- кларитромицинді Astemizole, Cisapride, Pimozide және Terfenadine дәрілік заттарымен бір мезгілде қабылдау қарсы көрсетілімді.

- кларитромицинді анамнезінде туа біткен немесе жүре пайда болған QT аралығының ұзаруы бар пациенттерде қолдануға болмайды.

Жүрек-қантамырлық аурулардың қолайсыз аяқталу қаупін бағалау бойынша эпидемиологиялық зерттеулер ауытқымалы нәтижелер көрсетті. Кейбір бақылау зерттеулерінде, кларитромицинді қоса, макролидтер қолданумен байланысты аритмия, миокард инфарктісі және жүрек-қантамыр өліміне ұшыраудың даму қаупі анықталды. Кларитромицин тағайындалғанда алынған ақпаратты назарға алу және емдеу артықшылықтарын ескеру қажет.

Пневмония

Макролидтерге Streptococcus pneumoniae төзімділігінің дамуына байланысты, кларитромицин ауруханалық емес пневмонияны емдеу үшін тағайындалғанда сезімталдыққа тест өткізу маңызды. Ауруханалық пневмония жағдайында кларитромицинді басқа сәйкес антибиотиктермен біріктірілімде қолдану керек.

Ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі терінің және жұмсақ тіндердің инфекциялары

Осындай инфекциялардың ең көп жиі қоздырғыштары Staphylococcus aureus және Streptococcus pyogenes болып табылады, олар да макролидтерге төзімді болуы мүмкін. Демек, сезімталдығына зерттеу жүргізу қажет. Егер бета-лактамды антибиотиктерді пайдалану мүмкін болмайтын жағдайларда (мысалы, аллергияға салдарынан), клиндамицин сияқты басқа антибиотиктер алғашқы таңдау препараты болуы мүмкін. Қазіргі уақытта макролидтер тек Corynebacterium minutissimum туғызған инфекциялар сияқты терінің және жұмсақ тіндер инфекцияларының жекелеген түрлерін, кәдімгі безеу және тілмелі қабынуды емдеу үшін және пенициллинмен емдеу мүмкін болмаған жағдайларда ғана пайдаланылады.

Егер анафилаксия, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз және эозинофилиямен және жүйелі көріністермен қатар жүретін терінің дәрілік реакциясы (DRESS) сияқты аса жоғары сезімталдықтың жедел ауыр реакциялары байқалған жағдайда КЛАБЕЛ® препаратын қолдануды дереу тоқтату және тиісті емдеуді шұғыл бастау керек.

СYP3A4 цитохромы ферментінің индукторларымен бір мезгілде КЛАБЕЛ® препаратын сақтықпен тағайындау керек.

Сонымен қатар, линкомицин мен клиндамицин арасындағы сияқты, кларитромицин мен басқа макролидті препараттар арасында да айқаспалы төзімділік болуы мүмкін екенін ескеру керек.

ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері

КЛАБЕЛ® препаратын ловастатинмен немесе симвастатинмен бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді. КЛАБЕЛ® препаратын басқа статиндермен тағайындағанда сақ болу керек. Кларитромицин мен статиндерді бір мезгілде қабылдаған пациенттерде рабдомиолиз туындауы туралы мәліметтер бар. Миопатия белгілері мен симптомдарын анықтау мақсатында пациенттердің жай-күйіне мониторинг өткізу қажет. Егер кларитромицин мен статиндерді бір мезгілде қолданбауға болмаған жағдайда, статиннің ең төмен тіркелген дозасын тағайындау ұсынылады. CYP3A метаболизміне тәуелсіз статин, мысалы, флувастатин тағайындау мүмкіндігін қарастыру керек

Пероральді гипогликемиялық дәрілер/инсулин

КЛАБЕЛ® препараты мен пероральді гипогликемиялық дәрілерді (сульфонилмочевина туындылары сияқты) және/немесе инсулинді бір мезгілде қолданғанда елеулі гипогликемия туындауы мүмкін. Глюкоза деңгейін мұқият бақылау ұсынылады.

Пероральді антикоагулянттар

КЛАБЕЛ® препаратын варфаринмен бір мезгілде қолданғанда күрделі қан кетудің туындауы және ХҚҚ (халықаралық қалыптасқан қатынас) көрсеткіші мен протромбин уақытының елеулі арту қаупі бар. КЛАБЕЛ мен пероральді антикоагулянттарды бір мезгілде қолданғанда ХҚҚ көрсеткіші мен протромбин уақытын жиі бақылап отыру қажет.

Кларитромицинді, әсіресе, қан кету қаупі жоғары пациенттерде тікелей әсер ететін пероральді препараттар - дабигатран, ривароксабан, апиксабан сияқты антикоагулянттармен бір мезгілде қолдану кезінде сақтық таныту керек.

Сақтық шаралары

Өзара әрекеттесуі

Өзара әрекеттесудің ауыр зардаптарының даму мүмкіндігіне орай, келесі дәрілік препараттарды қолдану қатаң түрде қарсы көрсетілімді

Астемизол, цизаприд, домперидон, пимозид және терфенадин. Кларитромицин мен цизапридті бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерде цизаприд деңгейлерінің артуы хабарланды. Бұл QT аралығының ұзаруына және аритмиялардың, оның ішінде қарыншалық тахикардия, қарыншалар фибрилляциясы және «пируэт» типті қарыншалық тахикардияның (torsades de pointes) пайда болуына әкелуі мүмкін. Осындай әсерлері кларитромицин мен пимозидті бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерде білінді.

Макролидтер терфенадиннің қандағы деңгейлерінің артуын туғыза отырып, терфенадин метаболизміне ықпал етеді, бұл кейде QT аралығының ұзаруы, қарыншалық тахикардия, қарыншалар фибрилляциясы және «пируэт» типті қарыншалық тахикардия (torsades de pointes) сияқты аритмиялармен қатар жүрген. Дені сау 14 еріктінің қатысуымен зерттеу жүргізгенде кларитромицин мен терфенадинді бір мезгілде қолдану терфенадиннің қан сарысуындағы қышқылды метаболиті деңгейінің 2-3 есе артуына және QT аралығының ұзаруына алып келді, бұл қандай да бір клиникалық мәнді әсерін туындатпады.

Осындай әсерлері астемизол мен басқа макролидтерді бір мезгілде қолдану кезінде де білінген.

Эрготамин/дигидроэрготамин. Маркетингтен кейінгі зерттеулер кларитромицин мен эрготамин немесе дигидроэрготаминді бір мезгілде қабылдаудың тамырлар түйілуі, орталық жүйке жүйесін қоса, аяқ-қолдар мен басқа тіндердің ишемиясы түрінде көрініс беретін қастауыштың уытты әсеріне әкелетінін көрсетеді. КЛАБЕЛ® препараты мен қастауыш алкалоидтарын бір мезгілде тағайындау қарсы көрсетілімді.

Пероральді қолдануға арналған мидазолам. Мидазолам мен таблеткалар түріндегі кларитромицинді (тәулігіне екі рет 500 мг) бір мезгілде қолданғанда мидазоламды пероральді қабылдаудан кейін мидазолам AUC 7 есе артты. Пероральді қолдануға арналған мидазолам мен кларитромицинді бір мезгілде тағайындау қарсы көрсетілімді.

ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері. КЛАБЕЛ® препаратын ловастатинмен немесе симвастатинмен бір мезгілде қабылдау қарсы көрсетілімді, өйткені олар елеулі дәрежеде CYP3A4 арқылы метаболизденеді, ал кларитромицинмен бір мезгілде емдеу олардың плазмадағы концентрациясының жоғарылауын тудырады, соның салдарынан миопатия мен рабдомиолиздің даму қаупі артады. Кларитромицинді аталған статиндермен бір мезгілде қабылдаған пациенттерде рабдомиолиз туындаған жағдайлар жөнінде мәліметтер бар. Егер КЛАБЕЛ® препаратын қолданбау мүмкін болмаса, онда КЛАБЕЛ® препаратын қолдану кезінде ловастатин немесе симвастатин қабылдауды тоқтата тұру қажет.

КЛАБЕЛ® статиндермен абайлап тағайындалу керек. Егер КЛАБЕЛ® мен статиндерді бір мезгілде қолданбау мүмкін болмаған жағдайда, статиннің тіркелген ең аз дозасын тағайындау ұсынылады. CYP3A арқылы метаболизденбейтін статин, мысалы, флувастатин тағайындау мүмкіндігін қарастыру керек. Миопатияның белгілері мен симптомдарын анықтау мақсатында пациенттердің жай-күйін мониторингтеу қажет.

Ломитапид

Трансаминазалар деңгейінің едәуір жоғарылау мүмкіндігіне орай, кларитромицинді ломитапидпен бір мезгілде қабылдау қарсы көрсетілімді.

Басқа дәрілік препараттардың КЛАБЕЛ® препаратына әсері

CYP3A индукциялайтын препараттар (мысалы, рифампицин, фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал, шайқурай) кларитромицин метаболизмін жеделдетуі мүмкін. Бұл кларитромициннің қосалқы емдік деңгейлеріне және оның тиімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Бұдан бөлек, CYP3A индукциялайтын басқа дәрілік заттардың кларитромициннің CYP3A тежеу әсерінің салдарынан артуы мүмкін деңгейлерін қадағалау қажет болуы мүмкін (тиісті CYP3A4 тежегішін медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты да қараңыз). Рифабутин мен кларитромицинді бір мезгілде қабылдау рифабутин деңгейінің артуына және увеит қаупінің артуымен сарысуда кларитромицин концентрациясының төмендеуіне әкелді.

Төменде көрсетілген препараттар қан сарысуында кларитромицин концентрациясына әсер етеді немесе әсер етуі жорамалданады. КЛАБЕЛ® препаратының дозасын түзету немесе баламалы емдеу нұсқаларын қарастыру қажет болуы мүмкін.

Эфавиренз, невирапин, рифампицин, рифабутин және рифапентин. Эфавиренз, невирапин, рифампицин, рифабутин және рифапентин сияқты P450 цитохромының метаболизмдік жүйесінің күшті индукторлары кларитромицин метаболизмін жеделдетуі, осылайша оның белсенді метаболитінің (14-OH-кларитромицин) концентрациясын бір мезгілде арттырып, оның плазмадағы концентрациясын төмендетуі мүмкін. Кларитромицин мен 14-OH-кларитромицин микробиологиялық белсенділігі түрлі бактерияларға қатысты өзгешеленетіндіктен, КЛАБЕЛ® препараты мен Р450 цитохромы ферменттерінің индукторларын бір мезгілде қабылдау қалаулы емдік әсерге жетуге кедергі келтіруі мүмкін.

Этравирин. Этравиринді қабылдағанда кларитромицин экспозициясы төмендейді, ал оның белсенді метаболиті 14-OH-кларитромицин концентрациясы жоғарылайды. Mycobacterium avium кешеніне (MAC) қатысты 14-OH-кларитромицин белсенділігі аз болғандықтан, препараттың аталған патогенге қатысты жалпы тиімділігі өзгеруі мүмкін. Сол себепті, MAC емі үшін баламалы емдеу нұсқаларын қарастыру керек.

Флуконазол. Дені сау 21 еріктіде күніне 200 мг флуконазол мен күніне екі рет 500 мг кларитромицинді бір мезгілде қабылдау кларитромициннің орташа тепе-тең ең төмен концентрациясының (Cmin) және қисық астындағы ауданының (AUC), тиісінше, 33% және 18% артуына алып келді.

14-ОН-кларитромицин белсенді метаболитінің тепе-тең концентрациялары флуконазолды бір мезгілде қолданғанда елеулі өзгермеді. КЛАБЕЛ® препаратының дозасын түзету қажет емес.

Ритонавир. Фармакокинетика зерттеуі, 200 мг ритонавирді әр сегіз сағат сайын және 500 мг кларитромицинді әр 12 сағат сайын бір мезгілде қабылдау кларитромицин метаболизмінің елеулі төмендеуіне әкелетінін көрсетті. Осы орайда ритонавир бір мезгілде тағайындалғанда кларитромицин Cmax 31% жоғарылады, Cmin 182% артты, AUC 77% ұлғайды. 14-OH-кларитромицин түзілуінің толық дерлік тежелуі білінді. Кең ауқымды емдік диапазонына орай, бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде КЛАБЕЛ® препаратының дозасын азайту қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны түзету қажет: креатинин клиренсі (КК) 30-60 мл/мин пациеттерде КЛАБЕЛ® препаратының дозасын 50% төмендету қажет. КК <30 мл/минут пациенттер үшін КЛАБЕЛ® препаратының дозасын 75% төмендету қажет. КЛАБЕЛ® препаратының 1 г/күннен артық дозасын ритонавирмен бірге қолдануға болмайды. Осыған ұқсас доза түзетулерін бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде ритонавирді, атазанавир мен саквинавирді қоса, АИТВ протеазасының басқа тежегіштерімен бірге фармакокинетикалық күшейткіш ретінде қолдану кезінде жүргізген жөн.

CYP3A-байланысты өзара әрекеттесулері. CYP3A ферментінің тежегіші ретінде белгілі КЛАБЕЛ® препараты мен CYP3A арқылы бастапқы метаболизденетін препаратты бір мезгілде қолдану соңғысының қан плазмасындағы концентрациясының артуына алып келуі мүмкін, өз кезегінде, бұл оның емдік әсері мен жағымсыз реакцияларын күшейтуі немесе ұзартуы мүмкін.

КЛАБЕЛ® препаратын дәрілік заттарды – CYP3A субстраттарын қабылдап жүрген пациенттерде қолданғанда, әсіресе, егер соңғыларының емдік диапазоны тар (мысалы, карбамазепин) және/немесе осы энзиммен экстенсивті метаболизденетін болса, сақ болу керек.

Бір мезгілде КЛАБЕЛ® қолданып жүрген пациенттерде CYP3A арқылы метаболизденетін дәрілік заттардың дозасын өзгерту және мүмкіндігінше, сарысудағы концентрациясына мұқият мониторинг өткізу керек болуы мүмкін.

Келесі дәрілік препараттар немесе препараттар топтары бір ғана CYP3A изоферментімен метаболизденетіні белгілі немесе болжанады: альпразолам, астемизол, карбамазепин, цилостазол, цизаприд, циклоспорин, дизопирамид, қастауыш алкалоидтары, ловастатин, метилпреднизолон, мидазолам, омепразол, пероральді антикоагулянттар (мысалы, варфарин, ривароксабан, апиксабан), психозға қарсы атипті препараттар (мысалы, кветиапин), пимозид, хинидин, рифабутин, силденафил, симвастатин, такролимус, терфенадин, триазолам және винбластин, бірақ бұл тізім толық емес. Осындай өзара әрекеттесу механизмі Р450 цитохромы жүйесінің басқа изоферментімен метаболизденетін фенитоин, теофиллин және вальпроатты қолдану кезінде болды.

Тікелей әсер ететін пероральді антикоагулянттар (DOAC). Дабигатран DOAC P-gp ағынының тасымалдаушысы үшін субстрат болып табылады. Ривароксабан және апиксабан CYP3A арқылы метаболизденеді және олар да P-gp үшін субстраттар болып табылады. КЛАБЕЛ® аталған агенттермен бір мезгілде, әсіресе, қан кету қаупі жоғары пациенттерге тағайындалғанда сақтық таныту керек.

Аритмияға қарсы препараттар.

Маркетингтен кейінгі тәжірибеде кларитромицин мен хинидин немесе дизопирамидті бір мезгілде қабылдағанда «пируэт» типті қарыншалық тахикардия (torsades de pointes) жағдайлары тіркелген.

КЛАБЕЛ® препаратын осы препараттармен бір мезгілде қабылдағанда QT аралығының ұзаруын дер мезгілінде анықтау үшін ЭКГ-мониторинг өткізу ұсынылады. КЛАБЕЛ® препаратымен ем кезінде қан сарысуындағы осы препараттар концентрацияларын қадағалау керек. Сонымен қатар, кларитромицин мен дизопирамидті бір мезгілде қабылдағанда гипогликемия жағдайлары жөнінде хабарламалар бар. КЛАБЕЛ® препараты мен дизопирамидті бір мезгілде қабылдағанда қандағы глюкоза деңгейін мониторингтеу керек.

Пероральді гипогликемиялық дәрілер және инсулин. Натеглинид және репаглинид сияқты белгілі бір гипогликемиялық дәрілермен және КЛАБЕЛ® препаратын бір мезгілде қолданғанда кларитромициннің CYP3A энзимін тежеуін байқауға болады, бұл гипогликемияны тудыруы мүмкін. Глюкоза деңгейіне мұқият мониторинг ұсынылады.

Омепразол. Кларитромицин (әр 8 сағат сайын 500 мг) мен омепразолды (күніне 40 мг) бір мезгілде қабылдаған дені сау ересек еріктілерге жүргізілген зерттеу нәтижелері бар. Кларитромицинмен бір мезгілде қабылдағанда плазмадағы омепразолдың тепе-тең концентрациясының жоғарылауы болды (Cmax, AUC0-24 және t1/2, тиісінше, 30%, 89% және 34% ұлғайды). Асқазанда 24 сағат ішіндегі pH көрсеткішінің орташа мәні омепразолды бөлек қабылдағанда 5,2 және омепразолды кларитромицинмен бір мезгілде қабылдағанда 5,7 құрады.

Силденафил, тадалафил және варденафил. Фосфодиэстеразаның осы тежегіштерінің әрқайсысы, ең болмаса, ішінара CYP3A қатысуымен метаболизденеді, ал CYP3A бір мезгілде қабылданатын кларитромицинмен тежелуі мүмкін. КЛАБЕЛ® мен силденафил, тадалафил немесе варденафилді бір мезгілде қабылдау фосфодиэстераза тежегіші экспозициясының ұлғаюына әкелуі мүмкін. Бұл препараттарды КЛАБЕЛ® препаратымен бір мезгілде қолданғанда силденафил, тадалафил немесе варденафил дозасын төмендету мәселесін қарастыру керек.

Теофиллин, карбамазепин. Клиникалық зерттеулер нәтижелері теофиллин немесе карбамазепиннің айналымдағы концентрациясының, аталған препараттардың кез келгенін КЛАБЕЛ® препаратымен бір мезгілде қабылдағанда аздап, бірақ статистикалық мәнді жоғарылауы (p ≤ 0,05) болатынын көрсетеді.

Толтеродин. Толтеродин, ең алдымен, Р450 (CYP2D6) цитохромының 2D6-изотүрімен метаболизденеді. Алайда, CYP2D6 болмайтын пациенттерде метаболизм CYP3A арқылы жүреді. Аталған қауымда CYP3A бәсеңдеуі плазмалық толтеродин концентрацияларының жоғарылауына әкеледі. Осындай пациенттер үшін толтеродин дозасын төмендету оны КЛАБЕЛ® сияқты CYP3A тежегіштерімен қолданғанда қажет болуы мүмкін.

Триазолобензодиазепиндер (мысалы, алпразолам, мидазолам, триазолам). Мидазолам мен кларитромицин таблеткаларын (күніне екі рет 500 мг) бір мезгілде тағайындағанда мидазоламды вена ішіне енгізу кезінде мидазолам AUC 2.7 есе жоғарылады. Мидазоламды КЛАБЕЛ® препаратымен вена ішіне қолданғанда дозасын дер мезгілінде түзету үшін пациенттің жай-күйіне мұқият мониторинг өткізу керек.

Мидазоламды оромукозальді енгізу жолдарында препараттың жүйе алдындағы элиминациясын жоққа шығаруға болмайды, оның мидазоламды пероральді емес, вена ішіне енгізу кезінде байқалуына ұқсайтын өзара әрекеттесуге әкелу ықтималдығы зор.

Триазолам мен альпразоламды қоса, CYP3A арқылы метаболизденетін басқа бензодиазепиндерді қолдану кезінде дәл сол сақтану шараларын қадағалау керек. Элиминациясы CYP3A-ке тәуелденбейтін бензодиазепиндер (темазепам, нитразепам, лоразепам) үшін КЛАБЕЛ® препаратымен клиникалық мәнді өзара әрекеттесуінің даму ықтималдығы аз.

Кларитромицин мен триазоламды бір мезгілде қолдану кезінде дәрілік өзара әрекеттесу мен орталық жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз құбылыстардың (ұйқышылдық және сананың шатасуы сияқты) дамуы туралы маркетингтен кейінгі хабарламалар бар. ОЖЖ тарапынан фармакологиялық әсерлерінің артуы мүмкін екенін ескеріп, пациенттің жай-күйін қадағалау керек.

Колхицин. Колхицин CYP3A үшін де, Р-гликопротеин (Pgp) ақуыз тасымалдағышы үшін де субстрат болып табылады. КЛАБЕЛ® мен басқа макролидтердің CYP3A және Р-гликопротеин тежегіштері екені белгілі. КЛАБЕЛ® препараты мен колхицинді бір мезгілде қолданған жағдайда кларитромициннің Р-гликопротеин және/немесе CYP3A тежеуі колхицин экспозициясының ұлғаюына әкелуі мүмкін. КЛАБЕЛ® препараты мен колхицинді бір мезгілде қабылдау қарсы көрсетілімді.

Дигоксин. Дигоксин P-гликопротеин (Pgp) ақуыз тасымалдағышының субстраты болып саналады. Кларитромициннің Pgp бәсеңдетуге қабілетті екені белгілі. Кларитромицин мен дигоксинді бір мезгілде қолданғанда кларитромицинмен Pgp бәсеңдеуі дигоксин экспозициясының ұлғаюына әкелуі мүмкін. Маркетингтен кейінгі қадағалау кезінде дигоксинмен бір мезгілде КЛАБЕЛ® қабылдап жүрген пациенттердің қан сарысуында дигоксин концентрациясының жоғарылауы мәлімделді. Кейбір пациенттерде дигиталистік уыттану белгілері, оның ішінде өлім қаупі зор аритмиялар дамыды. Бір мезгілде дигоксин және КЛАБЕЛ® қабылдап жүрген пациенттердің қан сарысуында дигоксин концентрациясын мұқият бақылап отыру керек.

Зидовудин. АИТВ инфекциясын жұқтырған ересек пациенттердің таблеткалардағы кларитромицин мен зидовудинді бір мезгілде пероральді қабылдауы зидовудиннің тепе-тең концентрациясының төмендеуіне әкелуі мүмкін. КЛАБЕЛ® бір мезгілде пероральді тағайындалған зидовудиннің сіңірілуіне кедергі келтіруіне байланысты, оны елеулі дәрежеде кларитромицин мен зидовудинді қабылдаулар арасында 4 сағат аралықты қадағалау арқылы болдырмауға болады. Осы өзара әрекеттесу кларитромицин суспензиясын зидовудинмен немесе дидеоксиинозинмен бір мезгілде қабылдап жүрген АИТВ инфекциясын жұқтырған балаларда туындамайды. Кларитромицинді венаішілік инфузия түрінде тағайындаған жағдайда осындай өзара әрекеттесу ықтималдығы аз.

Фенитоин және вальпроат. Кларитромицинді қоса, CYP3A тежегіштерінің CYP3A арқылы метаболизденеді деп саналмайтын дәрілік заттармен (мысалы, фенитоин және вальпроат) өзара әрекеттесуі туралы өздігінен келіп түскен немесе жарияланған хабарламалар болды. Осындай препараттарды КЛАБЕЛ® препаратымен бір мезгілде тағайындағанда олардың сарысудағы деңгейін анықтау ұсынылады. Бұл препараттардың сарысудағы концентрациясының жоғарылауы мәлімделді.

Ломитапид. Трансаминазалар деңгейінің жоғарылау ықтималдығына орай, кларитромицинді ломитапидпен бір мезгілде қабылдау қарсы көрсетілімді.

Екі жақты бағытталған дәрілік өзара әрекеттесуі

Атазанавир. Атазанавир мен кларитромицин CYP3A субстраттары және тежегіштері болып табылады. Бұл препараттар арасында екі жақты бағытталған өзара әрекеттесудің расталуы бар. Кларитромицинді (күніне екі рет 500 мг) атазанавирмен бір мезгілде қолдану (күніне бір рет 400 мг) кларитромицин экспозициясының екі есе ұлғаюына,14-OH-кларитромицин экспозициясының 70% төмендеуіне және атазанавир AUC 28% артуына алып келді. Кең емдік диапазонына орай, бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде КЛАБЕЛ® препаратының дозасын төмендету қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігінің орташа дәрежесі бар пациенттер үшін (креатинин клиренсі 30-дан 60 мл/минутқа дейін) КЛАБЕЛ® препаратының дозасы 50% төмендетілуі тиіс. Креатинин клиренсі 30 мл/минуттан аз пациенттер үшін КЛАБЕЛ® препаратының дозасы тиісті дәрілік түрін пайдалану арқылы 75% төмендетілуі тиіс. Тәулігіне 1000 мг-ден жоғары КЛАБЕЛ® дозаларын протеаза тежегіштерімен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Кальций өзекшелерінің блокаторлары. Артериялық гипотензияның даму қаупіне орай, КЛАБЕЛ® CYP3A4 арқылы метаболизденетін кальций өзекшелерінің блокаторларымен (мысалы, верапамил, амлодипин, дилтиазем) бір мезгілде сақтықпен қолданылу керек. Өзара әрекеттесуі кезінде кларитромициннің де, кальций өзекшелері блокаторларының да плазмалық концентрациялары жоғарылауы мүмкін. Кларитромицин мен верапамилді бір мезгілде қабылдаған пациенттерде артериялық гипотензия, брадиаритмия және лактоацидоз байқалды.

Итраконазол. Итраконазол мен кларитромицин екі жақты бағытталған өзара дәрілік әрекеттесуге әкелетін CYP3A субстраттары және тежегіштері болып табылады. Кларитромицин итраконазолдың плазмалық деңгейлерін арттыруы мүмкін, ал итраконазол қан плазмасында кларитромицин деңгейлерін арттыруы мүмкін. Итраконазол мен КЛАБЕЛ® бір мезгілде қолданылғанда фармакологиялық әсерінің күшеюінің немесе ұзаруының көріністері мен симптомдарын анықтау үшін пациенттер дәрігердің қырағы қадағалауында болуы тиіс.

Саквинавир. Саквинавир мен кларитромицин CYP3A субстраттары және тежегіштері болып табылады, ал осы препараттар арасында екі жақты бағытталған өзара әрекеттесу расталуы бар. Дені сау 12 еріктіге жүргізілген зерттеу, кларитромицин (күніне екі рет 500 мг) мен саквинавирді (жұмсақ желатин капсулаларда, күніне үш рет 1200 мг) бір мезгілде қабылдау саквинавирдің AUC және Cmax тепе-тең көрсеткіштерінің, саквинавирді бөлек қабылдаумен салыстырғанда, 177% және 187% артуын туындататынын көрсетті. Кларитромицин AUC және Cmax, кларитромицинді бөлек қабылдағанда байқалған көрсеткіштермен салыстырғанда, шамамен 40% жоғарылады. Егер дәрілік заттың екеуі де шектеулі уақыт аралығы бойына және зерттелетін дозаларында/дәрілік түрлерінде бір мезгілде қолданылса, дозасын түзету қажет емес. Жұмсақ желатин капсулалар қолданылатын дәрілік өзара әрекеттесуін зерттеу нәтижелері саквинавирді қатты желатин капсулалар түрінде қолданғанда байқалатын әсерлерге сәйкес келмеуі мүмкін. Тек саквинавирді қолданумен дәрілік өзара әрекеттесуін зерттеу нәтижелері саквинавирмен/ритонавирмен ем кезінде байқалған әсерлерге сәйкес келмеуі мүмкін. Саквинавир ритонавирмен бірге қолданылғанда ритонавирдің кларитромицинге болуы мүмкін әсерлерін ескеру қажет.

Арнайы сақтандырулар

Жүктілік немесе лактация кезінде

Кларитромициннің жүктілік кезіндегі қауіпсіздігі анықталмаған. Сол себепті, КЛАБЕЛ® препаратын жүктілік кезінде пайда және қауіп арақатынасына мұқият талдау жасамай қолдану ұсынылмайды.

КЛАБЕЛ® препаратының бала емізу кезіндегі қауіпсіздігі туралы деректер жоқ. Кларитромицин ана сүтімен шығарылады.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Кларитромициннің көлік құралдарын және механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету деректері жоқ. Көлік құралдарын және механизмдерді басқару алдында КЛАБЕЛ® препаратын қолдану кезінде пайда болуы мүмкін бас айналу, вертиго, сананың шатасуы мен бағдардан жаңылудың болжамды туындауын ескеру керек.

Арнайы нұсқаулар

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Кларитромициннің әдетте ұсынылған дозасы – тәулігіне екі рет 250 мг. Ауырлау инфекцияларда дозаны күніне екі рет 500 мг дейін арттыруға болады. Емнің әдеттегі ұзақтығы 6-дан 14 күнге дейін.

Микобактериялық инфекциялар

Микобактериялық инфекция бар ересектерге ұсынылатын доза тәулігіне 2 рет 500 мг құрайды. ЖИТС-пен науқастарда диссеминацияланған MAC-инфекцияларын емдеу клиникалық және микробиологиялық әсері көрініс беретін сәтке дейін жалғастырылуы тиіс. Кларитромицинді микобактерияға қарсы басқа препараттармен біріктірілімде пайдалану керек.

Басқа туберкулездік емес микобактериялық инфекцияларды емдеуді емдеуші дәрігер шешімі бойынша жалғастырған жөн.

MAC профилактикасына арналған доза: ересектерде ұсынылатын кларитромицин дозасы тәулігіне 2 рет 500 мг құрайды.

H. Pylori эрадикациясы

H. Pylori инфекциясынан туындаған пептидті ойық жарасы бар пациенттерде, H.Pylori эрадикациясы бойынша ұлттық немесе халықаралық ұсынымдарға сәйкес, кларитромицинді тәулігіне 2 рет 500 мг дозада 7-14 күн бойы микробқа қарсы басқа қажетті препараттармен және протонды помпа тежегіштерімен біріктіріп тағайындауға болады.

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар

Кларитромицинді үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар түрінде 12 жасқа дейінгі балаларда қолдану зерттелмеген. Сондықтан 12 жастағы және одан кіші балаларға кларитромициннің педиатриялық суспензиясын (пероральді суспензияға арналған түйіршіктер) қолдану керек.

Құрамында бояғыш – хинолинді сары бар екенін ескерсек, КЛАБЕЛ®, 500 мг балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қарсы көрсетілімді.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Креатинин клиренсі 30 мл/минуттан аз бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде ауырлау инфекцияларда кларитромицин дозасын жартылай, яғни, күніне бір рет 250 мг немесе күніне екі рет 250 мг азайту керек.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек жеткіліксіздігі орташа дәрежедегі пациенттерге (креатинин клиренсі 30-60 мл/мин) дозаны түзету қажет емес.

Енгізу әдісі және жолы

Пероральді

Емдеу ұзақтығы

Емдеу курсының ұзақтығын дәрігер белгілейді.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Симптомдары: Қолда бар есептер кларитромициннің көп мөлшерін пероральді қабылдағанда асқазан-ішек жолы тарапынан жағымсыз реакциялар күтілетінін көрсетеді. Анамнезіндегі биполярлы бұзылысымен 8 грамм кларитромицин қабылдаған бір пациент туралы мәліметтер бар, одан кейін онда психикалық күйінің өзгеруі, параноидты мінез-құлық, гипокалиемия және гипоксемия туындаған.

Емдеу: Артық дозаланумен қатар жүретін жағымсыз реакцияларын сіңірілмеген препаратты дереу элиминациялау және демеуші ем арқылы емдеу керек. Басқа макролидтерге қатысты кезіндегідей, гемодиализ немесе перитонеальді диализдің қан сарысуындағы кларитромицин мөлшеріне елеулі ықпал ету ықтималдығы аз.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі нұсқаулар

Препаратты қабылдау жөнінде сұрақтар туындағанда дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсініп алу үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгінуге кеңес беріледі.

Артық дозалану

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынады500 мг 500 таблетка №14дәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube