daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы 250 Мг/5 Мл 70 Мл Суспензия Кабелі | АО «Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика»

Сипаттама:

Құлпынай мен ванильге тән иісі бар крем реңдес - ақ түсті түйіршікті ұнтақ.

Халықаралық атауы:

Кларитромицин

Өндіруші:

АО «Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика»

Өндіруші ел:

Казахстан

Белсенді ингредиент:

(кларитромицин, 3.675 гр) қосымша заттар: мальтодекстрин, коллоидты кремнийдің қостотығы (Аэросил 200), ксантан шайыры, калий сорбаты, сусыз лимон қышқылы, титанның қостотығы (E 171), қант (ұнтақ қант) **, құлпынай хош иістендіргіші, ваниль хош иістендіргіші. * кларитромицин түйіршіктері 5% артығымен қосылады ** қант ұнтағының мөлшері түйіршіктегі кларитормицин мөлшеріне сәйкес түзетіледі. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Құлпынай мен ванильге тән иісі бар крем реңдес - ақ түсті түйіршікті ұнтақ.

Белсенді заттың дозасы:

250 мг/5 мл

Дәрілік түрі:

Ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға арналған ұнтақ, 250 мг/5 мл, 70 мл

Қаптамадағы саны:

1 шт
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

Бір құтының ішіндегі құрамы, граммен

белсенді зат – кларитромицин түйіршіктері* 11.136 гр

(кларитромицин, 3.675 гр)

қосымша заттар: мальтодекстрин, коллоидты кремнийдің қостотығы (Аэросил 200), ксантан шайыры, калий сорбаты, сусыз лимон қышқылы, титанның қостотығы (E 171), қант (ұнтақ қант) **, құлпынай хош иістендіргіші, ваниль хош иістендіргіші.

* кларитромицин түйіршіктері 5% артығымен қосылады

** қант ұнтағының мөлшері түйіршіктегі кларитормицин мөлшеріне сәйкес түзетіледі.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Құлпынай мен ванильге тән иісі бар крем реңдес - ақ түсті түйіршікті ұнтақ.

Қолдану көрсеткіштері

КЛАБЕЛ® 6 айдан 12 жасқа дейінгі балалардағы сезімтал микроорганизмдерден туындаған инфекцияларды емдеуге арналған.

Мұндай инфекцияларға жататындар:

- төменгі тыныс алу жолдарының инфекциясы (мысалы, бронхит, пневмония)

- жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциясы (мысалы, синусит, фарингит)

- тері және жұмсақ тіндердің инфекциясы (мысалы, фолликулит, целлюлит/флегмона, тілмелі қабыну)

- ортаңғы жедел отит

Бактерияға қарсы препараттарды тиісті түрде қолдану жөніндегі ресми ұлттық нұсқаулықтарды ескерген дұрыс.

Қарсы көрсеткіштер

Макролидтік антибиотиктерге немесе қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық.

Кларитромицинді және қастауыш алкалоидтарын (мысалы, эрготаминді немесе дигидроэрготаминді) бір мезгілде қабылдауға болмайды, өйткені бұл қастауыштың уыттылығына әкелуі мүмкін.

Кларитромицинді және мидазоламды ішу арқылы бір мезгілде қабылдауға болмайды.

Кларитромицинді және келесі препараттардың кез келгенін бір мезгілде қолдануға болмайды: астемизолды, цизапридті, домперидонды, пимозидті және терфенадинді, өйткені бұл QT аралығының ұзаруына және қарыншалық тахикардияны, жүрекшелердің фибрилляциясын және «пируэт» типті полиморфты қарыншалық тахикардияны қоса, жүрек аритмияларына әкеліп соғуы мүмкін.

Кларитромицинді анамнезінде QT аралығының ұзаруы бар (туа біткен немесе жүре пайда болған QT аралығының ұзаруы) немесе «пируэт» типті полиморфты қарыншалық тахикардияны қоса, жүректің қарыншалық аритмиясы бар пациенттерге тағайындамау керек.

Тикагрелормен немесе ранолазинмен бір мезгілде қабылдауға болмайды.

Кларитромицинді CYP3A4 арқылы қарқынды метаболизденетін (ловастатин немесе симвастатин) ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерімен (статиндермен) бір мезгілде қолдануға болмайды, рабдомиолизді қоса, миопатия қаупі бар.

Басқа да CYP3A4 күшті тежегіштері сияқты, кларитромицинді колхицин қабылдайтын пациенттерге тағайындамау керек.

Кларитромицинді электролиттік бұзылыстары бар (гипокалиемия немесе гипомагниемия, QT аралығының ұзару қаупіне байланысты) пациенттерге тағайындамау керек.

Кларитромицинді бүйрек жеткіліксіздігімен ұштасқан бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолданбау керек.

Кларитромицин мен ломитапидті бір мезгілде қабылдауға болмайды.

Тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға қолдануға болмайды.

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

КЛАБЕЛ® препаратын жүкті әйелдерге, әсіресе жүктіліктің алғашқы үш айында пайда мен қауіптің арақатынасын мұқият бағаламай тағайындауға болмайды. Басқа антибиотиктер жағдайындағыдай, ұзақ мерзімді қолдану, препаратқа сезімтал бактериялар мен зеңдердің шамадан тыс көбеюіне әкелуі мүмкін. Асқын инфекция туындаған кезде тиісті емді бастау керек. КЛАБЕЛ® негізінен бауыр арқылы шығарылады. Сондықтан, бауыр функциясы бұзылған пациенттерде, сондай-ақ орташа немесе ауыр дәрежедегі бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде препаратты қолданған кезде сақ болу керек.

Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде препаратты сақтықпен қолдану керек. КЛАБЕЛ® қабылдаған кезде бауыр функциясының бұзылғандығы, оның ішінде бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы, гепатоцеллюлярлық және/немесе сарғаюы бар немесе сарғаю белгісі жоқ холестаздық гепатит туралы айтылды. Бауырдың функциясының мұндай бұзылуы ауыр болуы мүмкін және әдетте қайтымды. Бауыр жеткіліксіздігінің өліммен аяқталатын ауыр жағдайлары, сонымен қатар, қатар жүретін ауру және/немесе дәрі-дәрмектерді бір мезгілде қолданумен байланысты болды. Гепатит белгілері, мысалы, анорексия, сарғаю, несептің күңгірттенуі, қышыну немесе іштің сезімталдығы болса, KЛAБEL® препаратын қолдануды дереу тоқтатыңыз.

Жеңіл дәрежеден өмірге қауіп төндіретін ауыр дәрежедегі жалған жарғақшалы колит туралы мәлімдемелер макролидтерді қоса, барлық дерлік бактерияға қарсы препараттарды қабылдаған кезде келіп түсіп жатты. Барлық дерлік бактерияға қарсы препараттарды, соның ішінде КЛАБЕЛ® қолданған кезде, Clostridium difficile (CDAD) туындаған және жеңіл дәрежелі диареядан өліммен аяқталатын колитке дейінгі диареяның дамуы туралы айтылды. Бактерияға қарсы препараттарды қабылдау қалыпты ішек флорасын өзгертеді, бұл Clostridium difficile жоғары өсуіне әкеледі. Антибиотиктерді қабылдағаннан кейін диареямен ауыратын барлық пациенттерде CDAD туындау мүмкіндігін ескеру керек. Анамнезді мұқият жинау керек, өйткені CDAD пайда болу жағдайлары бактерияға қарсы препараттарды қабылдағаннан кейін екі айдан кейін болған жағдайлар тіркелген.

Жүрек-қантамыр оқиғалары.

Макролидтермен, оның ішінде кларитромицинмен емдеу кезінде жүрек аритмиясының және «пируэт» түріндегі қарыншалық тахикардияның (torsades de pointes) даму қаупімен байланысты миокардтың реполяризациясының жоғарылауы және QT аралығы байқалды («Жағымсыз әсерлері» бөлімін қараңыз). Келесі жағдайлар вентрикулярлы аритмия қаупінің жоғарылауына әкелуі мүмкін («пируэт» түріндегі қарыншалық тахикардияны қоса) болғандықтан, келесі пациенттерде КЛАБЕЛ® сақтықпен қолданылуы керек:

Макролидтерді қолдану салдарынан қолайсыз жүрек-қантамыр нәтижелерінің даму қаупін зерттейтін эпидемиологиялық зерттеулер өзгермелі нәтижелер көрсетті. Кейбір эксперименттік емес зерттеулер макролидтерді, соның ішінде кларитромицинді қолдану салдарынан аритмия, миокард инфарктісі және жүрек-қантамыр ауруларынан болатын өлімнің сирек қысқа мерзімді даму қаупін анықтады. Осы нәтижелерді қарастыру кларитромицинмен емдеудің артықшылықтарымен теңдестірілуі керек.

Пневмония. Макролидтерге Streptococcus pneumoniae дамып келе жатқан төзімділігіне байланысты, КЛАБЕЛ® препаратын ауруханалық емес пневмонияны емдеуге тағайындау кезінде сезімталдыққа тест жүргізу маңызды. Ауруханалық пневмония жағдайында КЛАБЕЛ® препаратын басқа сәйкес антибиотиктермен бірге қолдану керек.

Терінің және жұмсақ тіндердің жеңіл және орташа дәрежедегі инфекциялары. Мұндай инфекциялардың ең көп тараған қоздырғышы – Staphylococcus aureus және Streptococcus pyogenes, олар да макролидтерге төзімді болуы мүмкін. Сондықтан сезімталдыққа зерттеу жүргізу қажет. Бета-лактамдық антибиотиктерді қолдану мүмкін болмаған жағдайда (мысалы, аллергияға байланысты), клиндамицин сияқты басқа антибиотиктер бірінші таңдалуы мүмкін. Қазіргі уақытта макролидтер терінің және жұмсақ тіндердің кейбір инфекцияларының, мысалы, Corynebacterium minutissimum, кәдімгі безеу және тілмелі қабыну тудыратын инфекцияларды емдеу үшін және пенициллинмен емдеу мүмкін емес жағдайларда қолданылады. Егер анафилаксия, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз немесе эозинофилиямен және жүйелі көріністермен қатар жүретін дәрілік тері реакциялары сияқты күрделі жедел аса жоғары сезімталдық реакциялары байқалса, КЛАБЕЛ® препаратын дереу тоқтатып, тиісті емді дереу бастау керек. КЛАБЕЛ® CYP3A4 цитохромы ферментінің индукторларымен бір уақытта сақтықпен қолдану керек («Дәрілермен өзара әрекеттесу» бөлімін қараңыз). Кларитромицин мен басқа макролидті препараттардың, сондай-ақ линкомицин мен клиндамицин арасындағы мүмкін болатын айқаспалы төзімділікті ескеру керек.

Пероральді гипогликемиялық дәрілер/инсулин. КЛАБЕЛ® және пероральді гипогликемиялық дәрілерді (сульфонилмочевина туындылары сияқты) және / немесе инсулинді бір мезгілде қолданғанда айтарлықтай гипогликемия пайда болуы мүмкін. Глюкоза деңгейін мұқият бақылау ұсынылады.

Пероральді антикоагулянттар. Варфаринмен бірге КЛАБЕЛ® препаратын бір мезгілде қолданғанда, күрделі қан кету және ХҚҚ (халықаралық қалыптасқан қатынас) көрсеткішінің және протромбин уақытының едәуір арту қаупі бар. КЛАБЕЛ® және пероральді антикоагулянттарды бір мезгілде қолданғанда, көбінесе ХҚҚ жылдамдығы мен протромбин уақытын жиі бақылау қажет. Егер сіз варфарин немесе кез келген басқа антикоагулянтты, мысалы дабигатран, ривароксабан, апиксабан (қанды сұйылту үшін пайдаланылады) қабылдап жүрсеңіз, дәрігеріңізге немесе фармацевтке хабарлаңыз.

Егер сіз құрамында ломитапид бар дәріні қабылдап жүрсеңіз, КЛАБЕЛ® қабылдамаңыз.

Егер сізде қандағы калийдің немесе магнийдің аномальді төмен деңгейі болса (гипокалиемия немесе гипомагниемия) КЛАБЕЛ® қабылдамаңыз.

Қосымша заттар. Ішуге арналған суспензия КЛАБЕЛ® түйіршіктері құрамында сахароза бар. Фруктозаға жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахароза-изомалтаза жеткіліксіздігінің сирек кездесетін тұқым қуалайтын проблемалары бар пациенттерге бұл препаратты қабылдауға болмайды. Сахарозаның мөлшерін қант диабетімен ауыратын пациенттерге қолданған кезде ескеру қажет.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Төмендегі препараттарды қолдану өзара әрекеттесудің ауыр салдарының ықтимал дамуына байланысты қатаң түрде қарсы көрсетілімді

Цизаприд, пимозид, астемизол және терфенадин.

Бір мезгілде КЛАБЕЛ® және цисапридті қабылдаған пациенттерде цизаприд деңгейінің жоғарылағаны байқалды. Бұл QT аралығының ұзаруына және аритмияның, оның ішінде қарыншалық тахикардияның, қарыншалық фибрилляцияның және «пируэт» (torsades de pointes) типтіі қарыншалық тахикардияның пайда болуына әкелуі мүмкін. Осыған ұқсас әсерлер КЛАБЕЛ® және пимозидті бір мезгілде қабылдаған пациенттерде байқалды.

Ұқсас әсерлер астемизолды және басқа макролидтерді бір мезгілде қолданғанда байқалды.

Қастауыш алкалоидтары. Кларитромицин мен эрготаминді немесе дигидроэрготаминді бір мезгілде қолдану, орталық жүйке жүйесін қоса, қантамырлардың тарылуы, аяқ-қолдардың және басқа тіндердің ишемиясы түрінде білінетін қастауыштардың уытты әсеріне әкеледі. КЛАБЕЛ® мен қастауыш алкалоидтарын бір мезгілде тағайындау қарсы көрсетілімді.

Пероральді қабылдауға арналған мидазолам

Таблетка түріндегі мидазолам мен кларитромицинді бір мезгілде қолдану кезінде (тәулігіне екі рет 500 мг), мидазоламды пероральді қабылдағаннан кейін мидазолам AUC 7 есе ұлғайды. Мидазолам мен кларитромицинді бір мезгілде ішу арқылы қабылдауға болмайды.

ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері (статиндер). КЛАБЕЛ® ловастатинмен немесе симвастатинмен бір мезгілде қолдануға болмайды, өйткені олар айтарлықтай дәрежеде CYP3A4 метаболизденеді, ал кларитромициннің болуы олардың плазмадағы концентрациясының жоғарылауын туындатады, осының нәтижесінде миопатия және рабдомиолиздің даму қаупі артады. Кларитромицинді аталған статиндермен бір мезгілде қолданған пациенттерде рабдомиолиздің пайда болу жағдайлары туралы деректер бар. Егер КЛАБЕЛ® препаратын міндетті түрде қолдану керек болса, ловастатинді немесе симвастатинді қабылдауды КЛАБЕЛ® қолдану кезінде тоқтатады. КЛАБЕЛ® препаратын статиндермен бір мезгілде қолдануды сақтықпен тағайындау керек. Егер КЛАБЕЛ® және статиндерді бір мезгілде қолдану мүмкін болмаса, статиннің ең төменгі тіркелген дозасын тағайындау ұсынылады. Флувастатин сияқты CYP3A-мен метаболизденбеген статинді тағайындау мүмкіндігін қарастырған дұрыс. Миопатияның белгілері мен симптомдарын анықтау үшін пациенттердің жағдайын бақылау қажет.

Басқа дәрілік препараттардың КЛАБЕЛ® әсері

CYP3A индукциялайтын препараттар (мысалы, рифампицин, фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал, шайқурай) кларитромициннің метаболизмін жеделдетуі мүмкін. Бұл кларитромициннің субтерапиялық деңгейіне және оның тиімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Бұдан басқа, кларитромициннің CYP3A-ны тежейтін әсерінің салдарынан жоғарылауы мүмкін (сондай-ақ CYP3A4 сәйкес тежегішінің медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулығын қара) CYP3A индукциялайтын басқа дәрілік заттардың деңгейін байқап отыру қажет болуы мүмкін.

Рифабутин мен КЛАБЕЛ® бір мезгілде қолданылуы рифабутиннің деңгейінің жоғарылауына және кларитромициннің қан сарысуындағы концентрациясының төмендеуіне, сондай-ақ увеит қаупінің артуына әкеледі.

Төменде көрсетілген препараттар қан сарысуында  кларитромициннің  концентрациясына ықпал етеді, немесе ықпал етеді деп болжанады. КЛАБЕЛ® дозасын түзету немесе емдеудің балама нұсқаларын қарастыру қажет болуы мүмкін.

Эфавиренц, невирапин, рифампицин, рифабутин және рифапентин. P450 цитохромының метаболикалық жүйесінің күшті индукторы ретінде, бір мезгілде оның белсенді метаболитінің (14-OH-кларитромицина) концентрациясын жоғарылатып олар кларитромициннің метаболизмін жеделдетуі мүмкін, осылайша оның қан плазмасындағы концентрациясын төмендетеді. Кларитромицин мен 14-OH-кларитромициннің әртүрлі бактерияларға микробиологиялық әсерінің айырмашылығы болғандықтан, онда Р450 цитохрома ферменттерінің индукторлары бір мезгілде қабылдау қажетті емдік әсерге қол жеткізуге кедергі етуі мүмкін.

Этравирин. Этравиринді қабылдағанда, кларитромициннің экспозициясы төмендейді, ал оның белсенді метаболиті 14-OH-кларитромициннің концентрациясы жоғарылайды. Өйткені 14-OH-кларитромицин микобактериялық кешенге (MAC) қарсы тиімділігі төмен дәрі болып табылатындықтан, аталған патогенге қатысты препараттың жалпы тиімділігі өзгеруі мүмкін. Осы себепті, MAC емдеу үшін емнің баламалы нұсқаларын қарастыру керек.

Флуконазол. 21 дені сау еріктілерде күніне бір рет 200 мг флуконазол мен күніне екі рет 500 мг кларитромицинді бір мезгілде қолдану кларитромициннің (Cmin) тепе-тең ең төменгі концентрациясының және қисық астындағы ауданының (AUC) сәйкесінше 33% және 18% өсуіне әкелді. Флуконазолды бір мезгілде қолдану кезінде 14-OH-кларитромициннің белсенді метаболитінің тепе-теңдік концентрациясы айтарлықтай өзгерген жоқ. КЛАБЕЛ® дозасын түзету қажет емес.

Ритонавир. 200 мг ритонавирді әрбір сегіз сағатта және 500 мг КЛАБЕЛ® әрбір 12 сағатта бір мезгілде қолдану фармакокинетикасын зерттеулер көрсеткендей, кларитромициннің метаболизмінің айтарлықтай төмендеуіне әкеледі. Бұл кезде кларитромициннің Cmax 31%-ға, Cmin 182%-ға жоғарыласа, AUC 77%-ға жоғарылады. 14-OH-кларитромициннің түзілуінің іс жүзінде толық тежелуі байқалды. Бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде кең емдік диапазонына байланысты КЛАБЕЛ® дозасын азайту қажет етілмейді. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны түзету керек: креатинин клиренсі (КК) 30–60 мл/мин болғанда КЛАБЕЛ® дозасын 50 %-ға төмендету, КК < 30 мл/мин болғанда –75 %-ға төмендету керек. КЛАБЕЛ® күніне 1 гр асатын дозаларын ритонавирмен бірге қолдануға болмайды.

Атазанавир мен саквинавирді қоса, басқа да АИВ-протеаза тежегіштерімен («Дәрілік препараттармен екібағытты өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз) бірге ритонавирді фармакокинетикалық күшейткіш ретінде қолданғанда бүйрек функциясының бұзылуымен пациенттерде дозаны осылайша түзету жүргізу керек.

КЛАБЕЛ® басқа дәрілік препараттарға әсері

Аритмияға қарсы препараттар. Маркетингтен кейінгі тәжірибеде кларитромицинді хинидинмен немесе дизопирамидпен бір мезгілде қолданғанда «пируэт» (torsades de pointes) типті қарыншалық тахикардияның жағдайлары анықталған.

КЛАБЕЛ® аталған препараттармен бір мезгілде қолданғанда QT аралығының ұзаруын уақытылы анықтау үшін, ЭКГ-мониторинг жүргізу ұсынылады. КЛАБЕЛ® емдеу кезінде аталған препараттардың қан сарысуындағы концентрациясын бақылап отыру керек. Кларитромицин мен дизопирамидті бір мезгілде қолданғанда гипогликемия жағдайлары туралы да хабарлар бар. КЛАБЕЛ® пен дизопирамидті бір мезгілде қолданғанда қандағы глюкоза деңгейін бақылау керек.

Пероральді гипогликемиялық дәрілер мен инсулин. КЛАБЕЛ® натеглинид пен репаглинид секілді белгілі гипогликемиялық дәрілермен бір мезгілде қолданғанда CYP3A энзимінің тежелуі байқалуы мүмкін, ол гипогликемияны туындатуы мүмкін. Глюкоза деңгейін мұқият мониторингілеу ұсынылады.

CYP3A-байланысты өзара әрекеттесу. CYP3A ферментінің тежегіші ретінде белгілі КЛАБЕЛ® және CYP3A алғашқы метаболизденетін кез келген басқа препаратты бір мезгілде қолдану соңғысының қан плазмасындағы концентрациясының жоғарылауына әкелуі мүмкін, ол, өз кезегінде, оның емдік әсерін және жағымсыз реакцияларын күшейтуі немесе ұзартуы мүмкін.

Дәрілік заттар – CYP3A субстраттарын қабылдайтын пациенттерде, КЛАБЕЛ® қабылдағанда әсіресе егер соңғыларының емдік диапазоны тар болса (мысалы, карбамазепин) және/немесе осы энзиммен экстенсивті метаболизденсе сақтық шараларын сақтау керек. КЛАБЕЛ® бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде CYP3A метаболизденетін дәрілік заттардың сарысулық концентрациясын мониторингілеу және дозасын өзгерту қажет болуы мүмкін.

Келесі дәрілік препараттар немесе препараттар тобы бірдей CYP3A изоферментімен метаболизденетіні белгілі немесе болжанады: альпразолам, астемизол, карбамазепин, цилостазол, цизаприд, циклоспорин, дизопирамид, қастауыш алкалоидтары, ловастатин, метилпреднизолон, мидазолам, омепразол, пероральді антикоагулянттар (мысалы, варфарин, ривароксабан, апиксабан), пимозид, хинидин, рифабутин, силденафил, симвастатин, такролимус, терфенадин, триазолам мен винбластин, бірақ бұл тізім толық емес. Осындай өзара әрекеттесу механизмі Р450 цитохромы жүйесінің басқа изоферментімен метаболизденетін фенитоинді, теофиллин және вальпроатты қолданғанда, байқалған.

Тікелей әсер ететін пероральді антикоагулянттар (DOAC). Дабигатран DOAC P-gp ағып кету тасымалдаушысы үшін субстрат болып табылады. Ривароксабан және апиксабан CYP3A арқылы метаболизденеді және олар да P-gp үшін субстраттар болып табылады. КЛАБЕЛ® аталған агенттермен бір мезгілде, әсіресе қан кету қаупі жоғары пациенттерге қолданғанда сақтық таныту керек.

Омепразол. Дені сау ересек еріктілерді КЛАБЕЛ® (500 мг әрбір 8 сағатта) және омепразолды (40 мг күнделікті) бір мезгілде қолданғанда зерттеу нәтижелері бар. КЛАБЕЛ® препаратымен бір мезгілде қолданғанда омепразолдың плазмадағы (сәйкесінше Cmax, AUC0-24 және t1/2 30%, 89% және 34%-ға жоғарылауы) тепе тең концентрациясының жоғарылауы байқалды. Асқазандағы pH көрсеткішінің орташа мәні омепразолды жеке қабылдағанда 5.2 және омепразолды КЛАБЕЛ® препаратымен бір мезгілде қабылдағанда 5.7 құрады.

Силденафил, тадалафил және варденафил. Осы фосфодиэстераза тежегіштерінің әрқайсысы CYP3A қатысуымен ең болмағанда ішінара метаболизденеді, ал CYP3A кларитромицинді қатар қолдану арқылы тежелуі мүмкін. КЛАБЕЛ® және силденафил, тадалафил немесе варденафилді қатар қолдану фосфодиэтераза тежегіші әсерінің жоғарылауына әкелуі мүмкін. Оларды КЛАБЕЛ® бір мезгілде қолданғанда силденафил, тадалафил және варденафил дозасын азайту туралы мәселені қарастырған дұрыс.

Теофиллин, карбамазепин. Клиникалық зерттеулер нәтижелері, КЛАБЕЛ® аталған препараттардың кез келгенін бір мезгілде қабылдағанда теофиллин мен карбамазепиннің айналымдағы концентрациясының статистикалық мәнді (p≤0,05) жоғарылауының орны алғандығын көрсетеді.

Толтеродин негізінен Р450 цитохромының (CYP2D6) 2D6-изоформасымен метаболизденеді. Алайда CYP2D6-сыз пациенттерде метаболизм CYP3A арқылы жүреді. Аталған популяцияда CYP3A бәсеңдеуі толтеродиннің плазмалық концентрациясының айтарлықтай жоғарылауына әкеледі. Осындай пациенттер үшін толтеродиннің дозасын төмендету оны КЛАБЕЛ® секілді CYP3A тежегіштерімен қолданғанда қажет болуы мүмкін.

Триазолобензодиазепиндер (мысалы, алпразолам, мидазолам, триазолам).

Мидазолам мен кларитромицин таблеткаларын бір мезгілде қабылдаумен (тәулігіне екі рет 500 мг) мидазоламның AUC мөлшері мидазоламның вена ішіне енгізілуімен 2,7 есе артты. Мидазоламды КЛАБЕЛ® вена ішілік қолданғанда дозаны уақытылы түзету үшін, пациенттің жағдайын мұқият мониторингілеу керек.

Мидазоламды қабылдаудың оромукозалды жолымен препаратты жүйеалды элиминациясын жоққа шығаруға болады, бұл, мүмкін, мидазоламның пероральды емес, вена ішіне енгізілуімен байқалатындай өзара әрекеттесуіне әкелуі мүмкін.

Триазолам мен альпразоламды қоса, CYP3A метаболизденетін басқа бензодиазепиндерді қолданғандағыдай сақтық шараларын сақтау керек. Элиминациясы CYP3A-ға (темазепам, нитразепам, лоразепам) байланысты емес, бензодиазепиндер үшін КЛАБЕЛ® клиникалық мәні бар өзара әрекеттесудің даму мүмкіндігі төмен.

Кларигет пен триазоламды бір мезгілде қолданғанда орталық жүйке жүйесі тарапынан дәрілік өзара әрекеттесу мен жағымсыз құбылыстардың дамуы (ұйқышылдық және сананың шатасуы секілді) туралы постмаркетингтік хабарлар бар. ОЖЖ тарапынан фармакологиялық әсерлердің жоғарылау мүмкіндігін ескеріп, пациентті бақылауға алу керек.

Колхицин. Колхицин CYP3A үшін де және сондай-ақ p-гликопротеиннің (Pgp) эффлюксті тасымалдаушысы үшін субстрат болып табылады. КЛАБЕЛ® мен басқа макролидтер CYP3A және p-гликопротеиннің тежегіштері болып табылатыны белгілі. КЛАБЕЛ® мен колхицинді бір мезгілде қолданған жағдайда, p-гликопротеин мен CYP3A-ны кларитромицинмен тежелуі колхициннің экспозициясының артуына әкелуі мүмкін. КЛАБЕЛ®мен колхицинді бір мезгілде қабылдау қарсы көрсетілімді.

Дигоксин. Дигоксин P-гликопротеиннің (Pgp) эффлюксті тасымалдаушысы субстраты болып саналады. Кларитромициннің Pgp бәсеңдетуге қабілеті бары белгілі. Кларитромицин мен дигоксинді бір мезгілде қолданғанда, Pgp бәсеңдеуі дигоксиннің экспозициясының жоғарылауына әкелуі мүмкін. Постмаркетингтік бақылауда КЛАБЕЛ® дигоксинмен бір мезгілде қабылдайтын пациенттердің қан сарысуында дигоксин концентрациясының жоғарылауы анықталды. Кейбір пациенттерде дигиталисті уыттану белгілері, оның ішінде әлеуетті фатальді аритмиялар дамыды. Оны КЛАБЕЛ® қолданғанда дигоксиннің пациенттердің қан сарысуындағы концентрациясын мұқият бақылау керек.

Зидовудин. Ересек АИТВ-жұқтырған пациенттермен КЛАБЕЛ® таблеткасын және зидовудинді бір мезгілде пероральді қабылдау зидовудиннің тепе-тең концентрациясының төмендеуіне әкелуі мүмкін. КЛАБЕЛ® оларды бір мезгілде пероральді қабылдаған жағдайда зидовудиннің сіңірілуіне әсер етуі мүмкін, одан КЛАБЕЛ® пен зидовудинді 4-сағаттық қабылдау аралығын сақтау жолымен айтарлықтай дәрежеде аулақ болуға болады. Аталған өзара әрекеттесу зидовудинмен және дидеоксиинозинмен бір мезгілде КЛАБЕЛ® суспензиясын қабылдаған жағдайда АИТВ жұқтырған пациент-балаларда байқалмайды. Кларитромицинді вена ішіне инфузия түрінде тағайындаған жағдайда мұндай өзара әрекеттесудің болу ықтималдығы аз.

Фенитоин мен вальпроат. Кларитромицинді қоса, CYP3A тежегіштері мен CYP3A метаболизміне іс жүзінде қатыспайтын препараттар (мысалы, фенитоин және вальпроат) арасында өзара әрекеттесулер туралы өздігінен келіп түскен немесе жарияланған хабарламалар болды. Осындай препараттарды КЛАБЕЛ® бір мезгілде тағайындағанда олардың қан сарысуындағы деңгейіне талдау жүргізу ұсынылады. Осы препараттардың қан сарысуындағы концентрациясының жоғарылауы туралы деректер бар.

Ломитапид. Трансаминазалар деңгейі жоғарылауы ықтимал болғандықтан, кларитромицинді ломитапидпен бір мезгілде қабылдауға болмайды.

Дәрілік препараттармен екі бағыттағы өзара әрекеттесуі

Атазанавир мен кларитромицин CYP3A-ның субстраты және тежегіштері болып табылады. Осы препараттар арасында екібағыттағы өзара әрекеттесу дәлелденген. КЛАБЕЛ® (500 мг күніне екі рет) пен атазанавирді (400 мг күніне бір рет) бір мезгілде қолдану кларитромициннің экспозициясының екі есе жоғарылауына, 14-OH-кларитромициннің экспозициясының 70%-ға төмендеуіне және атазанавирдің AUC 28%-ға жоғарылауына әкеледі. Кларитромицин айтарлықтай емдік ауқымымен сипатталатындықтан, бүйректің қалыпты функциясымен пациенттерде КЛАБЕЛ® дозасын төмендету талап етілмейді. Орташа дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігімен (КК от 30 до 60 мл/мин) пациенттер үшін, КЛАБЕЛ® дозасы 50%-ға төмендетілуі керек. КК 30 мл/минуттан төмен пациенттер үшін КЛАБЕЛ® дозасы сәйкес дәрілік түрін қолдану жолымен 75%-ға төмендетілуі керек. Тәулігіне 1000 мг-ден жоғары КЛАБЕЛ® дозасын протеаза тежегіштерімен бір мезгілде қабылдамаған жөн.

Кальций өзекшелерінің блокаторлары. Артериялық гипотензияның даму қаупіне байланысты КЛАБЕЛ® CYP3A4 метаболизденетін (мысалы, верапамил, амлодипин, дилтиазем) кальций өзекшелерінің блокаторларымен бір мезгілде сақтықпен қолдану керек. Өзара әрекеттескенде кларитромициннің де, сондай-ақ кальций өзекшелерінің блокаторларының плазмалық концентрациясы жоғарылауы мүмкін. Кларитромицинді верапамилмен бірге қабылдаған пациенттерде артериялық гипотензия, брадиаритмия және лактоацидоз байқалды.

Итраконазол. Итраконазол мен кларитромицин CYP3A-ның субстраттары және тежегіштері болғандықтан, екі бағытты өзара әрекеттесуге алып келеді. Кларитромицин итраконазолдың плазмалық деңгейін жоғарылатуы мүмкін, бұл кезде итраконазол да плазмада кларитромицин деңгейін жоғарылатуы мүмкін. Итраконазолды және КЛАБЕЛ® бірге қолданылғанда пациенттер күшейтілген немесе ұзартылған фармакологиялық әсердің білінулері мен симптомдарын анықтау үшін дәрігердің мұқият бақылануында болуы керек.

Саквинавир. Саквинавир мен кларитромицин CYP3A субстраттары мен тежегіштері болып табылады, және осы препараттар арасында екібағытты өзара әрекеттесу дәлелденген. 12 дені сау еріктілерді зерттеулер көрсеткендей, КЛАБЕЛ® (500 мг күніне екі рет) пен саквинавирді (1200 мг күніне үш рет жұмсақ желатинді қапсулаларда) бір мезгілде қолдану саквинавирді жеке қолданумен салыстырғанда саквинавирдің тепе-тең көрсеткіштері AUC және Cmax 177% және 187%-ға жоғарылауын туындатады. Кларитромициннің AUC және Cmax көрсеткіштері КЛАБЕЛ® жеке қабылдаумен салыстырғанда шамамен 40%-ға жоғарылады. Егер екі дәрілік зат бір мезгілде шектеулі уақыт аралығында және зерттелген дозаларда/ дәрілік түрлерде қолданылса, дозаларды түзетудің қажеті жоқ. Жұмсақ желатинді капсулаларды қолданумен дәрілік өзара әрекеттесуді зерттеу нәтижелері саквинавирді қатты желатинді капсулалар түрінде қолданған кезде байқалатын әсерлерге сәйкес келмеуі мүмкін. Тек саквинавирді қолданумен дәрілік өзара әрекеттесуді зерттеу нәтижелері саквинавир/ритонавирмен емдеу кезінде байқалған әсерлерге сәйкес келмеуі мүмкін. Саквинавирді ритонавирмен бірге қабылдағанда ритонавирдің кларитромицинге болуы мүмкін өзара әсерін ескеру қажет.

Оральді контрацептивтерді қабылдайтын пациенттерге диарея, құсу немесе кенеттен қан кету болған жағдайда контрацепцияның тиімді болмауы ықтимал екенін ескерту керек.

Арнайы сақтандырулар

Қосымша заттар

Ішуге арналған суспензия КЛАБЕЛ® түйіршіктері құрамында сахароза бар. Фруктозаға жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахароза-изомалтаза жеткіліксіздігінің сирек кездесетін тұқым қуалайтын проблемалары бар пациенттерге бұл препаратты қабылдауға болмайды. Сахарозаның мөлшерін қант диабетімен ауыратын пациенттерге қолданған кезде ескеру қажет.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Кларитромицинді жүктілік кезінде қолдану қауіпсіздігі анықталмаған. Осы себепті, жүктілік кезінде пайда мен қауіптің арақатынасын мұқият талдаусыз КЛАБЕЛ® қолдану ұсынылмайды.

Емшекпен емізу кезінде КЛАБЕЛ® қолдану қауіпсіздігі анықталған жоқ. Кларитромицин ана сүтімен шығарылады.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Кларитромициннің көлік құралдары мен механизмдерді басқару қабілетіне әсері туралы деректер жоқ. Көлік құралдары мен механизмдерді басқарар алдында КЛАБЕЛ® қолдану кезінде пайда болуы мүмкін бас айналу, вертиго, сананың шатасуы және бағдарсызданудың пайда болу мүмкіндігін назарға алу керек.

Сақтық шаралары

Колхицин. Маркетингтен кейінгі есептерде кларитромицин мен колхицинді қабылдау кезінде колхициннің уыттылығы туралы айтылған, әсіресе егде жастағы науқастарда, олардың кейбіреулері бүйрек қызметі бұзылған пациенттерде кездеседі. Осындай пациенттердің кейбірінде өліммен аяқталған жағдайлары тіркелген («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз). КЛАБЕЛ® және колхицинді бір мезгілде қолдануға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз). КЛАБЕЛ® триазолобензодиазепиндермен, мысалы, триазолам және мидазоламмен вена ішіне немесе оромукозалды енгізуді сақтықпен тағайындаған дұрыс.

Жүрек-қантамыр оқиғалары.

Макролидтермен, оның ішінде кларитромицинмен емдеу кезінде жүрек аритмиясының және «пируэт» түріндегі қарыншалық тахикардияның (torsades de pointes) даму қаупімен байланысты миокардтың реполяризациясының жоғарылауы және QT аралығы байқалды («Жағымсыз әсерлері» бөлімін қараңыз). Келесі жағдайлар вентрикулярлы аритмия қаупінің жоғарылауына әкелуі мүмкін («пируэт» түріндегі қарыншалық тахикардияны қоса) болғандықтан, келесі пациенттерде КЛАБЕЛ® сақтықпен қолданылуы керек:

- жүректің ишемиялық ауруы, жүректің ауыр жеткіліксіздігі, өткізгіштік қабілетінің бұзылуы немесе клиникалық маңызды брадикардиямен ауыратын пациенттерде; электролит теңгерімнің бұзылыстары бар пациенттерде. КЛАБЕЛ® препаратын гипокалиемиямен ауыратын («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз); QT жоғарылауына әкелуі мүмкін басқа дәрілік препараттарды бір уақытта қабылдаған пациенттерде қолдануға болмайды («Дәрілермен өзара әрекеттесу» бөлімін қараңыз); КЛАБЕЛ® астемизолмен, цизапридпен, пимозидпен және терфенадинмен бір мезгілде қабылдауға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз). КЛАБЕЛ® анамнезде туа біткен немесе жүре пайда болған белгіленген QT аралығының ұзаруы немесе қарыншалық аритмиясы бар пациенттерде қолдануға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).

Макролидтерді қолдану салдарынан қолайсыз жүрек-қантамыр нәтижелерінің даму қаупін зерттейтін эпидемиологиялық зерттеулер өзгермелі нәтижелер көрсетті. Кейбір эксперименттік емес зерттеулер макролидтерді, соның ішінде кларитромицинді қолдану салдарынан аритмия, миокард инфарктісі және жүрек-қантамыр ауруларынан болатын өлімнің сирек қысқа мерзімді даму қаупін анықтады. Осы нәтижелерді қарастыру кларитромицинмен емдеудің артықшылықтарымен теңдестірілуі керек.

Пневмония. Макролидтерге Streptococcus pneumoniae дамып келе жатқан төзімділігіне байланысты, КЛАБЕЛ® препаратын ауруханалық емес пневмонияны емдеуге тағайындау кезінде сезімталдыққа тест жүргізу маңызды. Ауруханалық пневмония жағдайында КЛАБЕЛ® препаратын басқа сәйкес антибиотиктермен бірге қолдану керек.

Терінің және жұмсақ тіндердің жеңіл және орташа дәрежедегі инфекциялары. Мұндай инфекциялардың ең көп тараған қоздырғышы – Staphylococcus aureus және Streptococcus pyogenes, олар да макролидтерге төзімді болуы мүмкін. Сондықтан сезімталдыққа зерттеу жүргізу қажет. Бета-лактамдық антибиотиктерді қолдану мүмкін болмаған жағдайда (мысалы, аллергияға байланысты), клиндамицин сияқты басқа антибиотиктер бірінші таңдалуы мүмкін. Қазіргі уақытта макролидтер терінің және жұмсақ тіндердің кейбір инфекцияларының, мысалы, Corynebacterium minutissimum, кәдімгі безеу және тілмелі қабыну тудыратын инфекцияларды емдеу үшін және пенициллинмен емдеу мүмкін емес жағдайларда қолданылады. Егер анафилаксия, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз немесе эозинофилиямен және жүйелі көріністермен қатар жүретін дәрілік тері реакциялары сияқты күрделі жедел аса жоғары сезімталдық реакциялары байқалса, КЛАБЕЛ® препаратын дереу тоқтатып, тиісті емді дереу бастау керек. КЛАБЕЛ® CYP3A4 цитохромы ферментінің индукторларымен бір уақытта сақтықпен қолдану керек («Дәрілермен өзара әрекеттесу» бөлімін қараңыз). Кларитромицин мен басқа макролидті препараттардың, сондай-ақ линкомицин мен клиндамицин арасындағы мүмкін болатын айқаспалы төзімділікті ескеру керек.

ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері (статиндер). КЛАБЕЛ® ловастатин немесе симвастатинмен бір мезгілде қолдануға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз). КЛАБЕЛ® препаратын басқа статиндермен бірге тағайындағанда сақ болу керек. Бір мезгілде КЛАБЕЛ® және статиндерді қабылдаған пациенттерде рабдомиолиздің пайда болуының дәлелдері бар. Миопатияның белгілері мен симптомдарын анықтау үшін пациенттердің жағдайын мониторингілеу қажет. Егер кларитромицин мен статиндерді бір мезгілде қолданбау мүмкін болмаса, статиннің тіркелген ең төменгі дозасын тағайындау ұсынылады. Флувастатин сияқты CYP3A метаболизміне тәуелсіз статинді тағайындауды қарастыру керек. («Дәрілермен өзара әрекеттесу» бөлімін қараңыз).

Пероральді гипогликемиялық дәрілер/инсулин. КЛАБЕЛ® және пероральді гипогликемиялық дәрілерді (сульфонилмочевина туындылары сияқты) және / немесе инсулинді бір мезгілде қолданғанда айтарлықтай гипогликемия пайда болуы мүмкін. Глюкоза деңгейін мұқият бақылау ұсынылады.

Пероральді антикоагулянттар. Варфаринмен бірге КЛАБЕЛ® препаратын бір мезгілде қолданғанда, күрделі қан кету және ХҚҚ (халықаралық қалыптасқан қатынас) көрсеткішінің және протромбин уақытының едәуір арту қаупі бар. КЛАБЕЛ® және пероральді антикоагулянттарды бір мезгілде қолданғанда, көбінесе ХҚҚ жылдамдығы мен протромбин уақытын жиі бақылау қажет. Егер сіз варфарин немесе кез келген басқа антикоагулянтты, мысалы дабигатран, ривароксабан, апиксабан (қанды сұйылту үшін пайдаланылады) қабылдап жүрсеңіз, дәрігеріңізге немесе фармацевтке хабарлаңыз.

Егер сіз құрамында ломитапид бар дәріні қабылдап жүрсеңіз, КЛАБЕЛ® қабылдамаңыз.

Егер сізде қандағы калийдің немесе магнийдің аномальді төмен деңгейі болса (гипокалиемия немесе гипомагниемия) КЛАБЕЛ® қабылдамаңыз.

Қосымша заттар. Ішуге арналған суспензия КЛАБЕЛ® түйіршіктері құрамында сахароза бар. Фруктозаға жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахароза-изомалтаза жеткіліксіздігінің сирек кездесетін тұқым қуалайтын проблемалары бар пациенттерге бұл препаратты қабылдауға болмайды. Сахарозаның мөлшерін қант диабетімен ауыратын пациенттерге қолданған кезде ескеру қажет.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Төмендегі препараттарды қолдану өзара әрекеттесудің ауыр салдарының ықтимал дамуына байланысты қатаң түрде қарсы көрсетілімді

Цизаприд, пимозид, астемизол және терфенадин.

Бір мезгілде КЛАБЕЛ® және цисапридті қабылдаған пациенттерде цизаприд деңгейінің жоғарылағаны байқалды. Бұл QT аралығының ұзаруына және аритмияның, оның ішінде қарыншалық тахикардияның, қарыншалық фибрилляцияның және «пируэт» (torsades de pointes) типтіі қарыншалық тахикардияның пайда болуына әкелуі мүмкін. Осыған ұқсас әсерлер КЛАБЕЛ® және пимозидті бір мезгілде қабылдаған пациенттерде байқалды.

Макролидтер терфенадиннің қандағы деңгейінің жоғарылауына әкеле отырып, терфенадиннің метаболизміне әсер етеді, кейде QT аралығының жоғарылауы, қарыншалық тахикардия, «пируэт» (torsades de pointes) типті қарыншалық тахикардия сияқты аритмиялармен қатар жүреді («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).

Ұқсас әсерлер астемизолды және басқа макролидтерді бір мезгілде қолданғанда байқалды.

Қастауыш алкалоидтары. Кларитромицин мен эрготаминді немесе дигидроэрготаминді бір мезгілде қолдану, орталық жүйке жүйесін қоса, қантамырлардың тарылуы, аяқ-қолдардың және басқа тіндердің ишемиясы түрінде білінетін қастауыштардың уытты әсеріне әкеледі. КЛАБЕЛ® мен қастауыш алкалоидтарын бір мезгілде тағайындау қарсы көрсетілімді.

Пероральді қабылдауға арналған мидазолам

Таблетка түріндегі мидазолам мен кларитромицинді бір мезгілде қолдану кезінде (тәулігіне екі рет 500 мг), мидазоламды пероральді қабылдағаннан кейін мидазолам AUC 7 есе ұлғайды. Мидазолам мен кларитромицинді бір мезгілде ішу арқылы қабылдауға болмайды.

ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері (статиндер). КЛАБЕЛ® ловастатинмен немесе симвастатинмен бір мезгілде қолдануға болмайды, өйткені олар айтарлықтай дәрежеде CYP3A4 метаболизденеді, ал кларитромициннің болуы олардың плазмадағы концентрациясының жоғарылауын туындатады, осының нәтижесінде миопатия және рабдомиолиздің даму қаупі артады. Кларитромицинді аталған статиндермен бір мезгілде қолданған пациенттерде рабдомиолиздің пайда болу жағдайлары туралы деректер бар. Егер КЛАБЕЛ® препаратын міндетті түрде қолдану керек болса, ловастатинді немесе симвастатинді қабылдауды КЛАБЕЛ® қолдану кезінде тоқтатады. КЛАБЕЛ® препаратын статиндермен бір мезгілде қолдануды сақтықпен тағайындау керек. Егер КЛАБЕЛ® және статиндерді бір мезгілде қолдану мүмкін болмаса, статиннің ең төменгі тіркелген дозасын тағайындау ұсынылады. Флувастатин сияқты CYP3A-мен метаболизденбеген статинді тағайындау мүмкіндігін қарастырған дұрыс. Миопатияның белгілері мен симптомдарын анықтау үшін пациенттердің жағдайын бақылау қажет.

Басқа дәрілік препараттардың КЛАБЕЛ® әсері

CYP3A индукциялайтын препараттар (мысалы, рифампицин, фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал, шайқурай) кларитромициннің метаболизмін жеделдетуі мүмкін. Бұл кларитромициннің субтерапиялық деңгейіне және оның тиімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Бұдан басқа, кларитромициннің CYP3A-ны тежейтін әсерінің салдарынан жоғарылауы мүмкін (сондай-ақ CYP3A4 сәйкес тежегішінің медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулығын қара) CYP3A индукциялайтын басқа дәрілік заттардың деңгейін байқап отыру қажет болуы мүмкін.

Рифабутин мен КЛАБЕЛ® бір мезгілде қолданылуы рифабутиннің деңгейінің жоғарылауына және кларитромициннің қан сарысуындағы концентрациясының төмендеуіне, сондай-ақ увеит қаупінің артуына әкеледі.

Төменде көрсетілген препараттар қан сарысуында  кларитромициннің  концентрациясына ықпал етеді, немесе ықпал етеді деп болжанады. КЛАБЕЛ® дозасын түзету немесе емдеудің балама нұсқаларын қарастыру қажет болуы мүмкін.

Эфавиренц, невирапин, рифампицин, рифабутин және рифапентин. P450 цитохромының метаболикалық жүйесінің күшті индукторы ретінде, бір мезгілде оның белсенді метаболитінің (14-OH-кларитромицина) концентрациясын жоғарылатып олар кларитромициннің метаболизмін жеделдетуі мүмкін, осылайша оның қан плазмасындағы концентрациясын төмендетеді. Кларитромицин мен 14-OH-кларитромициннің әртүрлі бактерияларға микробиологиялық әсерінің айырмашылығы болғандықтан, онда Р450 цитохрома ферменттерінің индукторлары бір мезгілде қабылдау қажетті емдік әсерге қол жеткізуге кедергі етуі мүмкін.

Этравирин. Этравиринді қабылдағанда, кларитромициннің экспозициясы төмендейді, ал оның белсенді метаболиті 14-OH-кларитромициннің концентрациясы жоғарылайды. Өйткені 14-OH-кларитромицин микобактериялық кешенге (MAC) қарсы тиімділігі төмен дәрі болып табылатындықтан, аталған патогенге қатысты препараттың жалпы тиімділігі өзгеруі мүмкін. Осы себепті, MAC емдеу үшін емнің баламалы нұсқаларын қарастыру керек.

Флуконазол. 21 дені сау еріктілерде күніне бір рет 200 мг флуконазол мен күніне екі рет 500 мг кларитромицинді бір мезгілде қолдану кларитромициннің (Cmin) тепе-тең ең төменгі концентрациясының және қисық астындағы ауданының (AUC) сәйкесінше 33% және 18% өсуіне әкелді. Флуконазолды бір мезгілде қолдану кезінде 14-OH-кларитромициннің белсенді метаболитінің тепе-теңдік концентрациясы айтарлықтай өзгерген жоқ. КЛАБЕЛ® дозасын түзету қажет емес.

Ритонавир. 200 мг ритонавирді әрбір сегіз сағатта және 500 мг КЛАБЕЛ® әрбір 12 сағатта бір мезгілде қолдану фармакокинетикасын зерттеулер көрсеткендей, кларитромициннің метаболизмінің айтарлықтай төмендеуіне әкеледі. Бұл кезде кларитромициннің Cmax 31%-ға, Cmin 182%-ға жоғарыласа, AUC 77%-ға жоғарылады. 14-OH-кларитромициннің түзілуінің іс жүзінде толық тежелуі байқалды. Бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде кең емдік диапазонына байланысты КЛАБЕЛ® дозасын азайту қажет етілмейді. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны түзету керек: креатинин клиренсі (КК) 30–60 мл/мин болғанда КЛАБЕЛ® дозасын 50 %-ға төмендету, КК < 30 мл/мин болғанда –75 %-ға төмендету керек. КЛАБЕЛ® күніне 1 гр асатын дозаларын ритонавирмен бірге қолдануға болмайды.

Атазанавир мен саквинавирді қоса, басқа да АИВ-протеаза тежегіштерімен («Дәрілік препараттармен екібағытты өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз) бірге ритонавирді фармакокинетикалық күшейткіш ретінде қолданғанда бүйрек функциясының бұзылуымен пациенттерде дозаны осылайша түзету жүргізу керек.

КЛАБЕЛ® басқа дәрілік препараттарға әсері

Аритмияға қарсы препараттар. Маркетингтен кейінгі тәжірибеде кларитромицинді хинидинмен немесе дизопирамидпен бір мезгілде қолданғанда «пируэт» (torsades de pointes) типті қарыншалық тахикардияның жағдайлары анықталған.

КЛАБЕЛ® аталған препараттармен бір мезгілде қолданғанда QT аралығының ұзаруын уақытылы анықтау үшін, ЭКГ-мониторинг жүргізу ұсынылады. КЛАБЕЛ® емдеу кезінде аталған препараттардың қан сарысуындағы концентрациясын бақылап отыру керек. Кларитромицин мен дизопирамидті бір мезгілде қолданғанда гипогликемия жағдайлары туралы да хабарлар бар. КЛАБЕЛ® пен дизопирамидті бір мезгілде қолданғанда қандағы глюкоза деңгейін бақылау керек.

Пероральді гипогликемиялық дәрілер мен инсулин. КЛАБЕЛ® натеглинид пен репаглинид секілді белгілі гипогликемиялық дәрілермен бір мезгілде қолданғанда CYP3A энзимінің тежелуі байқалуы мүмкін, ол гипогликемияны туындатуы мүмкін. Глюкоза деңгейін мұқият мониторингілеу ұсынылады.

CYP3A-байланысты өзара әрекеттесу. CYP3A ферментінің тежегіші ретінде белгілі КЛАБЕЛ® және CYP3A алғашқы метаболизденетін кез келген басқа препаратты бір мезгілде қолдану соңғысының қан плазмасындағы концентрациясының жоғарылауына әкелуі мүмкін, ол, өз кезегінде, оның емдік әсерін және жағымсыз реакцияларын күшейтуі немесе ұзартуы мүмкін.

Дәрілік заттар – CYP3A субстраттарын қабылдайтын пациенттерде, КЛАБЕЛ® қабылдағанда әсіресе егер соңғыларының емдік диапазоны тар болса (мысалы, карбамазепин) және/немесе осы энзиммен экстенсивті метаболизденсе сақтық шараларын сақтау керек. КЛАБЕЛ® бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде CYP3A метаболизденетін дәрілік заттардың сарысулық концентрациясын мониторингілеу және дозасын өзгерту қажет болуы мүмкін.

Келесі дәрілік препараттар немесе препараттар тобы бірдей CYP3A изоферментімен метаболизденетіні белгілі немесе болжанады: альпразолам, астемизол, карбамазепин, цилостазол, цизаприд, циклоспорин, дизопирамид, қастауыш алкалоидтары, ловастатин, метилпреднизолон, мидазолам, омепразол, пероральді антикоагулянттар (мысалы, варфарин, ривароксабан, апиксабан), пимозид, хинидин, рифабутин, силденафил, симвастатин, такролимус, терфенадин, триазолам мен винбластин, бірақ бұл тізім толық емес. Осындай өзара әрекеттесу механизмі Р450 цитохромы жүйесінің басқа изоферментімен метаболизденетін фенитоинді, теофиллин және вальпроатты қолданғанда, байқалған.

Тікелей әсер ететін пероральді антикоагулянттар (DOAC). Дабигатран DOAC P-gp ағып кету тасымалдаушысы үшін субстрат болып табылады. Ривароксабан және апиксабан CYP3A арқылы метаболизденеді және олар да P-gp үшін субстраттар болып табылады. КЛАБЕЛ® аталған агенттермен бір мезгілде, әсіресе қан кету қаупі жоғары пациенттерге қолданғанда сақтық таныту керек.

Омепразол. Дені сау ересек еріктілерді КЛАБЕЛ® (500 мг әрбір 8 сағатта) және омепразолды (40 мг күнделікті) бір мезгілде қолданғанда зерттеу нәтижелері бар. КЛАБЕЛ® препаратымен бір мезгілде қолданғанда омепразолдың плазмадағы (сәйкесінше Cmax, AUC0-24 және t1/2 30%, 89% және 34%-ға жоғарылауы) тепе тең концентрациясының жоғарылауы байқалды. Асқазандағы pH көрсеткішінің орташа мәні омепразолды жеке қабылдағанда 5.2 және омепразолды КЛАБЕЛ® препаратымен бір мезгілде қабылдағанда 5.7 құрады.

Силденафил, тадалафил және варденафил. Осы фосфодиэстераза тежегіштерінің әрқайсысы CYP3A қатысуымен ең болмағанда ішінара метаболизденеді, ал CYP3A кларитромицинді қатар қолдану арқылы тежелуі мүмкін. КЛАБЕЛ® және силденафил, тадалафил немесе варденафилді қатар қолдану фосфодиэтераза тежегіші әсерінің жоғарылауына әкелуі мүмкін. Оларды КЛАБЕЛ® бір мезгілде қолданғанда силденафил, тадалафил және варденафил дозасын азайту туралы мәселені қарастырған дұрыс.

Теофиллин, карбамазепин. Клиникалық зерттеулер нәтижелері, КЛАБЕЛ® аталған препараттардың кез келгенін бір мезгілде қабылдағанда теофиллин мен карбамазепиннің айналымдағы концентрациясының статистикалық мәнді (p≤0,05) жоғарылауының орны алғандығын көрсетеді.

Толтеродин негізінен Р450 цитохромының (CYP2D6) 2D6-изоформасымен метаболизденеді. Алайда CYP2D6-сыз пациенттерде метаболизм CYP3A арқылы жүреді. Аталған популяцияда CYP3A бәсеңдеуі толтеродиннің плазмалық концентрациясының айтарлықтай жоғарылауына әкеледі. Осындай пациенттер үшін толтеродиннің дозасын төмендету оны КЛАБЕЛ® секілді CYP3A тежегіштерімен қолданғанда қажет болуы мүмкін.

Триазолобензодиазепиндер (мысалы, алпразолам, мидазолам, триазолам).

Мидазолам мен кларитромицин таблеткаларын бір мезгілде қабылдаумен (тәулігіне екі рет 500 мг) мидазоламның AUC мөлшері мидазоламның вена ішіне енгізілуімен 2,7 есе артты. Мидазоламды КЛАБЕЛ® вена ішілік қолданғанда дозаны уақытылы түзету үшін, пациенттің жағдайын мұқият мониторингілеу керек.

Мидазоламды қабылдаудың оромукозалды жолымен препаратты жүйеалды элиминациясын жоққа шығаруға болады, бұл, мүмкін, мидазоламның пероральды емес, вена ішіне енгізілуімен байқалатындай өзара әрекеттесуіне әкелуі мүмкін.

Триазолам мен альпразоламды қоса, CYP3A метаболизденетін басқа бензодиазепиндерді қолданғандағыдай сақтық шараларын сақтау керек. Элиминациясы CYP3A-ға (темазепам, нитразепам, лоразепам) байланысты емес, бензодиазепиндер үшін КЛАБЕЛ® клиникалық мәні бар өзара әрекеттесудің даму мүмкіндігі төмен.

Кларигет пен триазоламды бір мезгілде қолданғанда орталық жүйке жүйесі тарапынан дәрілік өзара әрекеттесу мен жағымсыз құбылыстардың дамуы (ұйқышылдық және сананың шатасуы секілді) туралы постмаркетингтік хабарлар бар. ОЖЖ тарапынан фармакологиялық әсерлердің жоғарылау мүмкіндігін ескеріп, пациентті бақылауға алу керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Колхицин. Колхицин CYP3A үшін де және сондай-ақ p-гликопротеиннің (Pgp) эффлюксті тасымалдаушысы үшін субстрат болып табылады. КЛАБЕЛ® мен басқа макролидтер CYP3A және p-гликопротеиннің тежегіштері болып табылатыны белгілі. КЛАБЕЛ® мен колхицинді бір мезгілде қолданған жағдайда, p-гликопротеин мен CYP3A-ны кларитромицинмен тежелуі колхициннің экспозициясының артуына әкелуі мүмкін. КЛАБЕЛ®мен колхицинді бір мезгілде қабылдау қарсы көрсетілімді.

Дигоксин. Дигоксин P-гликопротеиннің (Pgp) эффлюксті тасымалдаушысы субстраты болып саналады. Кларитромициннің Pgp бәсеңдетуге қабілеті бары белгілі. Кларитромицин мен дигоксинді бір мезгілде қолданғанда, Pgp бәсеңдеуі дигоксиннің экспозициясының жоғарылауына әкелуі мүмкін. Постмаркетингтік бақылауда КЛАБЕЛ® дигоксинмен бір мезгілде қабылдайтын пациенттердің қан сарысуында дигоксин концентрациясының жоғарылауы анықталды. Кейбір пациенттерде дигиталисті уыттану белгілері, оның ішінде әлеуетті фатальді аритмиялар дамыды. Оны КЛАБЕЛ® қолданғанда дигоксиннің пациенттердің қан сарысуындағы концентрациясын мұқият бақылау керек.

Зидовудин. Ересек АИТВ-жұқтырған пациенттермен КЛАБЕЛ® таблеткасын және зидовудинді бір мезгілде пероральді қабылдау зидовудиннің тепе-тең концентрациясының төмендеуіне әкелуі мүмкін. КЛАБЕЛ® оларды бір мезгілде пероральді қабылдаған жағдайда зидовудиннің сіңірілуіне әсер етуі мүмкін, одан КЛАБЕЛ® пен зидовудинді 4-сағаттық қабылдау аралығын сақтау жолымен айтарлықтай дәрежеде аулақ болуға болады. Аталған өзара әрекеттесу зидовудинмен және дидеоксиинозинмен бір мезгілде КЛАБЕЛ® суспензиясын қабылдаған жағдайда АИТВ жұқтырған пациент-балаларда байқалмайды. Кларитромицинді вена ішіне инфузия түрінде тағайындаған жағдайда мұндай өзара әрекеттесудің болу ықтималдығы аз.

Фенитоин мен вальпроат. Кларитромицинді қоса, CYP3A тежегіштері мен CYP3A метаболизміне іс жүзінде қатыспайтын препараттар (мысалы, фенитоин және вальпроат) арасында өзара әрекеттесулер туралы өздігінен келіп түскен немесе жарияланған хабарламалар болды. Осындай препараттарды КЛАБЕЛ® бір мезгілде тағайындағанда олардың қан сарысуындағы деңгейіне талдау жүргізу ұсынылады. Осы препараттардың қан сарысуындағы концентрациясының жоғарылауы туралы деректер бар.

Ломитапид. Трансаминазалар деңгейі жоғарылауы ықтимал болғандықтан, кларитромицинді ломитапидпен бір мезгілде қабылдауға болмайды.

Дәрілік препараттармен екі бағыттағы өзара әрекеттесуі

Атазанавир мен кларитромицин CYP3A-ның субстраты және тежегіштері болып табылады. Осы препараттар арасында екібағыттағы өзара әрекеттесу дәлелденген. КЛАБЕЛ® (500 мг күніне екі рет) пен атазанавирді (400 мг күніне бір рет) бір мезгілде қолдану кларитромициннің экспозициясының екі есе жоғарылауына, 14-OH-кларитромициннің экспозициясының 70%-ға төмендеуіне және атазанавирдің AUC 28%-ға жоғарылауына әкеледі. Кларитромицин айтарлықтай емдік ауқымымен сипатталатындықтан, бүйректің қалыпты функциясымен пациенттерде КЛАБЕЛ® дозасын төмендету талап етілмейді. Орташа дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігімен (КК от 30 до 60 мл/мин) пациенттер үшін, КЛАБЕЛ® дозасы 50%-ға төмендетілуі керек. КК 30 мл/минуттан төмен пациенттер үшін КЛАБЕЛ® дозасы сәйкес дәрілік түрін қолдану жолымен 75%-ға төмендетілуі керек. Тәулігіне 1000 мг-ден жоғары КЛАБЕЛ® дозасын протеаза тежегіштерімен бір мезгілде қабылдамаған жөн.

Кальций өзекшелерінің блокаторлары. Артериялық гипотензияның даму қаупіне байланысты КЛАБЕЛ® CYP3A4 метаболизденетін (мысалы, верапамил, амлодипин, дилтиазем) кальций өзекшелерінің блокаторларымен бір мезгілде сақтықпен қолдану керек. Өзара әрекеттескенде кларитромициннің де, сондай-ақ кальций өзекшелерінің блокаторларының плазмалық концентрациясы жоғарылауы мүмкін. Кларитромицинді верапамилмен бірге қабылдаған пациенттерде артериялық гипотензия, брадиаритмия және лактоацидоз байқалды.

Итраконазол. Итраконазол мен кларитромицин CYP3A-ның субстраттары және тежегіштері болғандықтан, екі бағытты өзара әрекеттесуге алып келеді. Кларитромицин итраконазолдың плазмалық деңгейін жоғарылатуы мүмкін, бұл кезде итраконазол да плазмада кларитромицин деңгейін жоғарылатуы мүмкін. Итраконазолды және КЛАБЕЛ® бірге қолданылғанда пациенттер күшейтілген немесе ұзартылған фармакологиялық әсердің білінулері мен симптомдарын анықтау үшін дәрігердің мұқият бақылануында болуы керек.

Саквинавир. Саквинавир мен кларитромицин CYP3A субстраттары мен тежегіштері болып табылады, және осы препараттар арасында екібағытты өзара әрекеттесу дәлелденген. 12 дені сау еріктілерді зерттеулер көрсеткендей, КЛАБЕЛ® (500 мг күніне екі рет) пен саквинавирді (1200 мг күніне үш рет жұмсақ желатинді қапсулаларда) бір мезгілде қолдану саквинавирді жеке қолданумен салыстырғанда саквинавирдің тепе-тең көрсеткіштері AUC және Cmax 177% және 187%-ға жоғарылауын туындатады. Кларитромициннің AUC және Cmax көрсеткіштері КЛАБЕЛ® жеке қабылдаумен салыстырғанда шамамен 40%-ға жоғарылады. Егер екі дәрілік зат бір мезгілде шектеулі уақыт аралығында және зерттелген дозаларда/ дәрілік түрлерде қолданылса, дозаларды түзетудің қажеті жоқ. Жұмсақ желатинді капсулаларды қолданумен дәрілік өзара әрекеттесуді зерттеу нәтижелері саквинавирді қатты желатинді капсулалар түрінде қолданған кезде байқалатын әсерлерге сәйкес келмеуі мүмкін. Тек саквинавирді қолданумен дәрілік өзара әрекеттесуді зерттеу нәтижелері саквинавир/ритонавирмен емдеу кезінде байқалған әсерлерге сәйкес келмеуі мүмкін. Саквинавирді ритонавирмен бірге қабылдағанда ритонавирдің кларитромицинге болуы мүмкін өзара әсерін ескеру қажет.

Оральді контрацептивтерді қабылдайтын пациенттерге диарея, құсу немесе кенеттен қан кету болған жағдайда контрацепцияның тиімді болмауы ықтимал екенін ескерту керек.

Арнайы сақтандырулар

Қосымша заттар

Ішуге арналған суспензия КЛАБЕЛ® түйіршіктері құрамында сахароза бар. Фруктозаға жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахароза-изомалтаза жеткіліксіздігінің сирек кездесетін тұқым қуалайтын проблемалары бар пациенттерге бұл препаратты қабылдауға болмайды. Сахарозаның мөлшерін қант диабетімен ауыратын пациенттерге қолданған кезде ескеру қажет.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Кларитромицинді жүктілік кезінде қолдану қауіпсіздігі анықталмаған. Осы себепті, жүктілік кезінде пайда мен қауіптің арақатынасын мұқият талдаусыз КЛАБЕЛ® қолдану ұсынылмайды.

Емшекпен емізу кезінде КЛАБЕЛ® қолдану қауіпсіздігі анықталған жоқ. Кларитромицин ана сүтімен шығарылады.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Кларитромициннің көлік құралдары мен механизмдерді басқару қабілетіне әсері туралы деректер жоқ. Көлік құралдары мен механизмдерді басқарар алдында КЛАБЕЛ® қолдану кезінде пайда болуы мүмкін бас айналу, вертиго, сананың шатасуы және бағдарсызданудың пайда болу мүмкіндігін назарға алу керек.

Өзара әрекеттесуі

Арнайы нұсқаулар

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Балаларда КЛАБЕЛ® педиатриялық суспензиясының ұсынылған тәуліктік дозасы күніне екі рет 7.5 мг/кг құрайды, ең жоғары дозасы күніне екі рет 500 мг дейін. Емдеу ұзақтығы әдетте патогеннің түріне және жағдайдың ауырлығына байланысты 5-10 күнді құрайды.

Кестеде баланың дене салмағына және суспензия концентрациясына негізделген дозаны анықтау бойынша нұсқаулар бар

Артық дозалану

Симптомдары

Қолданыстағы есептер кларитромициннің көп мөлшерін ішке қабылдау асқазан-ішек жолдарының жағымсыз симптомдарын тудыруы мүмкін екенін көрсетеді. 8 г кларитромицин қабылдаған, биполярлық бұзылыс болған бір пациентте, содан кейін психикалық жағдайының өзгергені, параноидты мінез-құлық, гипокалиемия мен гипоксемия пайда болғаны туралы мәлімет бар.

Емі:

Артық дозаланумен қатар жүретін жағымсыз реакцияларды сіңірілмеген дәрілік препаратты дереу шығару және демеуші ем арқылы емдеу керек. Басқа макролидтердегідей, гемодиализ немесе перитонеальді диализдің қан сарысуындағы кларитромициннің мөлшеріне айтарлықтай әсер ету ықтималдығы аз.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алу жөніндегі ұсынымдар

Препаратты қабылдау бойынша сұрақтар туындаған жағдайда дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медициналық қызметкерден кеңес алу ұсынылады.

Жанама әсерлері

а. Қауіпсіздік бейінінің түйіндемесі

Кларитромицинмен емге байланысты ең жиі жағымсыз реакциялар, ересектерде де, балаларда да, іштің ауыруы, диарея, жүрек айну, құсу және дәм сезудің бұзылуы болып табылады. Бұл жағымсыз реакциялар әдетте онша айқын емес әрі макролидтік антибиотиктердің белгілі қауіпсіздік бейініне сәйкес келеді.

Бұрын микобактериялық инфекциялары болған немесе болмаған пациенттер популяциясы арасында асқазан-ішек жолы тарапынан осы жағымсыз реакциялардың жиілігінде елеулі айырмашылықтар болған жоқ.

б. Жағымсыз реакциялардың жиынтық кестесі

Кестеде дереу босап шығатын кларитромицин таблеткаларымен, пероральді суспензияға арналған түйіршіктермен, инъекция үшін ерітіндіге арналған ұнтақпен, босап шығуы ұзартылған таблеткалармен және босап шығуы модификацияланған таблеткалармен клиникалық сынақтар және постмаркетингтік тәжірибе барысында хабарланған жағымсыз реакциялар көрсетілген.

Кларитромицинмен, кем дегенде, ықтимал байланысы бар деп саналатын реакциялар ағзалар жүйесінің кластары бойынша және жиілігіне қарай мынадай келісімдерді пайдаланып көрсетілген: өте жиі (> 1/10), жиі (> 1/100 ден <1/10 дейін), жиі емес (> 1/1000 -ден <1/100 дейін), және белгісіз (постмаркетингтік тәжірибедегі жағымсыз реакциялар; қолда бар деректер негізінде баға беру мүмкін емес). Әрбір жиілік тобында жағымсыз реакциялар күрделілігі бағаланатын жағдайда күрделілігінің кему ретімен ұсынылған.

Өте жиі

- енгізген жердегі флебит1

Жиі

- Ұйқысыздық

– дисгевзия, бас ауыру

– тамырлардың кеңеюі1

- диарея, құсу, диспепсия, жүрек айну, іштің ауыруы

- бауыр функциясы тестісінің қалыпты болмауы

- бөртпе, гипергидроз

- инъекция орнының ауыруы 1 , инъекция орнының қабынуы 1

Жиі емес

- целлюлит1, кандидоз, гастроэнтерит2, инфекция3, қынаптық инфекция

-лейкопения, нейтропения4, тромбоцитемия3, эозинофилия4

- анафилактоидты реакция1, аса жоғары сезімталдық

-анорексия, тәбеттің төмендеуі

- мазасыздық, күйгелектік3

- естен тану1, дискинезия1, бас айналу, ұйқышылдық5, тремор

- бас айналу, естудің бұзылуы, құлақтағы шуыл

- жүректің тоқтауы1, жүрекшенің фибрилляциясы1, электрокардиограммада QT аралығының ұзаруы, экстрасистолия1, жүрек қағуы

- демікпе1, мұрыннан қан кету2, өкпе артериясының тромбоэмболиясы1

- эзофагит1, гастроэзофагеальды рефлюкс ауруы2, гастрит, прокталгия2, стоматит, глоссит, іштің кебуі4, іш қату, ауыздың құрғауы, кекіру, метеоризм

- холестаз4, гепатит4, аланинаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы, аспартатаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы, глутамилтрансфераза4 деңгейінің жоғарылауы

- буллезді дерматит1, тері қышынуы, есекжем, таңдақты-папулезді бөртпе3

- бұлшықет түйілулері3, қаңқа-бұлшықет сіресуі1, миалгия2

- қанда креатининнің артуы1, қандағы мочевина артуы1

- дімкәстану4, гипертермия3, астения, кеуденің ауыруы4, қалтырау4, қажу4

-  альбумин-глобулин қатынасының өзгеруі1, қандағы сілтілік фосфатаза деңгейінің жоғарылауы4, қандағы лактатдегидрогеназа деңгейінің жоғарылауы4

Белгісіз*

- жалған жарғақшалы колит, тілме

- агранулоцитоз, тромбоцитопения

- анафилаксиялық реакциялар, ангионевроздық ісіну

- психоздық бұзылыстар, сананың шатасу жағдайы5, өзін-өзі танымау, депрессия, бағдардан айрылу, елестеулер, әдеттен тыс түстер көру, мания

- құрысулар, агевзия , паросмия, аносмия, парестезия

- кереңдік

- torsades de pointes, қарыншалық тахикардия, қарыншалар фибриляциясы

- қан кету

- жедел панкреатит, тіл түсінің өзгеруі, тіс түсінің өзгеруі

- бауыр жеткіліксіздігі, гепатоцеллюлярлы сарғаю

- терінің ауыр жағымсыз реакциялары (SCAR) (мысалы, жедел жайылған экзантематозды пустулез (AGEP), Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз, эозинофилия және жүйелі симптомдармен дәрілік бөртпе (DRESS)), акне

-рабдомиолиз2,6, миопатия

- бүйрек жеткіліксіздігі, интерстициальді нефрит

- халықаралық қалыптасқан қатынастың жоғарылауы, протромбин уақытының ұзаруы, несеп түсінің бұзылуы

1 Жағымсыз реакциялар туралы хабарламалар тек инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ шығарылу түрі үшін ғана болды.

2 Жағымсыз реакциялар туралы хабарламалар тек босап шығуы ұзартылған таблеткалар шығарылу түрі үшін ғана болды.

3 Жағымсыз реакциялар туралы хабарламалар тек ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға арналған түйіршіктер шығарылу түрі үшін ғана болды.

4 Жағымсыз реакциялар туралы хабарламалар тек дереу босап шығатын таблеткалар шығарылу түрі үшін ғана болды.

* Осы реакциялар туралы көлемі белгісіз популяциядан ерікті түрде хабарланатындықтан, олардың жиілігіне сенімді баға беру немесе препараттардың әсерімен себептік байланысын анықтау үнемі мүмкін бола бермейдіБағалаулар бойынша, кларитромициннің пациентке әсері 1 миллиардтан астам емдеу күнін құрайды.

c. Таңдаулы жағымсыз реакциялардың сипаттамасы

Инъекция орнындағы флебит, инъекция орнының ауыруы және инъекция орнының қабынуы вена ішілік кларитромицин препараты үшін спецификалы болып табылады.

Рабдомиолиз туралы кейбір хабарламаларда кларитромицин статиндермен, фибраттармен, колхицинмен немесе аллопуринолмен бір мезгілде тағайындалған.

Кларитромицин мен триазоламды бір мезгілде қолданған кезде дәрілік өзара әрекеттесулер және орталық жүйке жүйесіне (ОЖЖ) әсері (мысалы, ұйқышылдық және сананың шатасуы) туралы постмаркетингтік хабарламалар болды.  ОЖЖ фармакологиялық әсерінің күшеюін білу үшін пациентті бақылау ұсынылады.

Кларитромицин ER таблеткаларының нәжістен табылғаны туралы сирек хабарламалар болды, олардың көпшілігі АІЖ арқылы өту уақыты қысқарған анатомиялық (илеостомияны немесе колостомияны қоса) немесе функционалдық асқазан-ішек бұзылыстары бар пациентерде орын алған. Бірнеше хабарламаларда таблеткалардың қалдықтары диареяға байланысты байқалған. Таблеткалардың қалдықтары нәжістен байқалатын және жағдайларының жақсаруы байқалмайтын пациенттерге кларитромициннің басқа препаратына (мысалы, суспензияға) немесе басқа антибиотикке көшу ұсынылады.

Тұрғындардың ерекше тобы: иммунитеті әлсіреген пациенттердегі жағымсыз реакциялар.

d. Педиатриялық популяциялар

12 жасқа дейінгі балаларға кларитромициннің педиатриялық суспензиясын қолданған жөн.

Балаларда жағымсыз реакциялардың жиілігі, типі және ауырлығы ересектердегімен бірдей болады деп күтіледі.

е. Тұрғындардың басқа да ерекше топтары

Иммунитеті әлсіреген пациенттер

Микобактериялық инфекцияларға байланысты кларитромициннің жоғарырақ дозаларын ұзақ уақыт кезеңі бойы қабылдаған ЖИТС-пен ауыратын науқастарда және иммунитеті әлсіреген басқа пациенттерде кларитромицинді енгізумен байланысты болуы мүмкін жағымсыз реакцияларды адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған аурудың немесе қатар жүретін аурудың негізгі белгілерінен ажырату көбінесе қиын болды. Кларитромициннің тәуліктік 1000 мг және 2000 мг дозаларын қабылдаған ересек пациенттерде ең жиі кездесетін жағымсыз әсерлер: жүрек айну, құсу, дәмнің бұзылуы, іштің ауыруы, диарея, бөртпе, метеоризм, бас ауруы, іш қату, естудің бұзылуы, сарысулық глутаминдік оксалосірке трансаминазасының (SGOT) және сарысулық глутаминдік пируваттрансаминазаның (SGPT) жоғарылауы болды. Жиілігі төмен қосымша құбылыстар ентігуді, ұйқысыздықты және ауыздың құрғауын қамтыды. Иммунитеті әлсіреген осы пациенттерде зертханалық көрсеткіштерді бағалау аталған тест үшін осы мәндерді қалыптан тыс күрделі деңгейден (яғни, аса жоғарғы немесе төмен шектен) тыс талдау арқылы жүргізілді. Осы критерийлердің негізінде күн сайын 1000 мг немесе 2000 мг кларитромицин қабылдаған шамамен 2%-дан 3%-ға дейін пациенттерде SGOT және SGPT деңгейлерінің аномальді күрделі жоғарылауы және лейкоциттер мен тромбоциттер санының аномальді төмендеуі болды. Осы екі дозалау топтарында пациенттердің азырақ пайызында да қандағы азот мочевинасы деңгейі жоғары болды. Күн сайын 4000 мг қабылдаған пациенттерде лейкоциттерден басқа барлық параметрлер бойынша аномальді мәндердің біршама жоғары жиілігі байқалды.

Шығарылу түрі

Алғашқы ашылуы бақыланатын бұрандалы полипропилен қақпағымен тығындалған, белгісі бар күңгірт шыныдан жасалған құтыға 49.35 г ұнтақтан салынған.

1 құты өлшеуіш қасығымен және медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Препараттың қолдануға жарамсыздық белгілері туралы ескертулер (сәйкес жағдайларда)

Қолдану үшін жарамсыздықтың көрінетін белгілерін байқаған жағдайда препаратты қолдануға болмайды: жарамдылық мерзімінің өтіп кетуі, түсі мен консистенциясының өзгеруі.

Препаратты кәрізге немесе тұрмыстық қоқысқа тастамаңыз. Дәріхана қызметкерінен енді қажет емес дәрі-дәрмектерден қалай құтылуға болатындығын сұраңыз. Бұл шаралар қоршаған ортаны қорғауға көмектеседі.

Көлемі

70 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынады250 мг/5 мл 70 мл суспензия кабелідәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube