daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы Клавам Суспензиясы 228,5 Мг 5 Мл 100 Мл | Indchemie Health Specialities Pvt. Ltd.

Астане қаласындағы Клавам Суспензиясы 228,5 Мг 5 Мл 100 Мл | Indchemie Health Specialities Pvt. Ltd.
Сипаттама:

Ақтан ақшылдау түске дейінгі түйіршіктелген ұнтақ, сумен сұйылтылған кезде жалбыз дәмі бар біртекті ақ суспензия түзеді.

Өндіруші:

Indchemie Health Specialities Pvt. Ltd.

Өндіруші ел:

Индия

Белсенді ингредиент:

200.000 мг амоксициллинге баламалы калий клавуланаты 28.500 мг клавулан қышқылына баламалы қосымша заттар: маннитол, натрий цитраты, лимон қышқылы моногидраты, натрий бензоаты, ксантан шайыры, коллоидты кремнийдің қостотығы, жалбыз хош иістендіргіші DC 117, аспартам. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Ақтан ақшылдау түске дейінгі түйіршіктелген ұнтақ, сумен сұйылтылған кезде жалбыз дәмі бар біртекті ақ суспензия түзеді.

Белсенді заттың дозасы:

228.5 мг/5 мл

Қаптамадағы саны:

1 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- жедел бактериялық синусит (расталған диагноз кезінде)

- ортаңғы құлақтың жедел қабынуы (жедел отит)

- созылмалы бронхиттің өршуі (расталған диагноз кезінде)

- ауруханадан тыс пневмония

- несеп-жыныс жолының инфекциялары (цистит, пиелонефрит)

- тері мен жұмсақ тіндерінің инфекциялары (атап айтқанда, целлюлит, жәндіктердің шағуы, жедел абсцесстер және жақсүйек-бет аумағының флегмондары)

- сүйектер мен буындар инфекциялары (атап айтқанда, остеомиелит)

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- амоксициллинге немесе клавулан қышқылына немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

- инфекциялық мононуклеоз

- лимфолейкоз

- бауыр жеткіліксіздігі

- пенициллиндер тобының антибиотиктерін қабылдаудан туындаған сарғаю немесе бауыр функциясының бұзылуы (соның ішінде амоксициллин/клавулан қышқылының біріктірілімі)

- бронх демікпесі, пішенді поллиноз

- фенилкетонурия (препарат құрамында аспартамның болуына байланысты)

Өзара әрекеттесуі

Пероральді антикоагулянттар

Пероральді антикоагулянттар мен пенициллинді антибиотиктер өзара әрекеттесу туралы есеп берусіз тәжірибеде кеңінен пайдаланылды. Алайда, әдебиетте амоксициллин курсы тағайындалған аценокумарол немесе варфаринмен емделген пациенттерде халықаралық қалыптастырылған қатынастың жоғарылауы жағдайлары бар. Егер бірлескен ем қажет болса, протромбин уақыты немесе қалыптастырылған арақатынас кейіннен амоксициллин қосылуымен немесе алынуымен мұқият бақылануы керек. Сонымен қатар, пероральді антикоагулянттардың дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Басқа бактерияға қарсы препараттар сияқты, Клавам препараты ішек микрофлорасына әсер етуі мүмкін, бұл асқазан-ішек жолынан эстрогендер сіңуінің төмендеуіне және біріктірілген пероральді контрацептивтер тиімділігінің төмендеуіне әкеледі.

Метотрексат

Пенициллиндер уыттылықтың жоғарылау ықтималдығын туындата отырып, метотрексаттың экскрециясын төмендетуі мүмкін.

Пробенецид

Пробенецидті бірге қабылдау ұсынылмайды. Пробенецид амоксициллиннің бүйрек өзекшелік секрециясын азайтады. Пробенецидті бір мезгілде қабылдау клавулан қышқылы емес, қандағы амоксициллин деңгейінің ұлғаюына және ұзаруына әкелуі мүмкін.

Аллопуринол

Аллопуринол мен амоксициллинді бір мезгілде қолдану тері аллергиялық реакцияларының пайда болу қаупін арттыруы мүмкін. Амоксициллиннің клавулан қышқылымен және аллопуринолмен біріктірілімін бір мезгілде қолдану туралы деректер жоқ.

Микофенолят мофетил

Микофенолят мофетил қабылдайтын пациенттерде амоксициллинге қосылған клавулан қышқылын қабылдауды бастағаннан кейін микофенол қышқылының белсенді метаболиті (MPA) доза алдындағы концентрациясының 50%-ға төмендеуі байқалды. Доза алдындағы деңгейдің өзгеруі жалпы MPA экспозициясының өзгеруін дәл көрсетпеуі мүмкін. Сондықтан, мофетил микофенолатының дозасын өзгерту, әдетте, трансплантат дисфункциясының белгілері болмаған кезде қажет емес. Дегенмен, біріктірілім кезінде және антибиотиктермен емдеуден кейін көп ұзатпай мұқият мониторинг жүргізген жөн.

Арнайы ескертулер

Инфекциялық мононуклеозға күмән туындаған кезде амоксициллин/клавулан қышқылынан аулақ болу керек, өйткені амоксициллинді пайдаланғаннан кейін қызылша тәрізді бөртпелер пайда болған.

Клавам препаратының бұл дәрілік түрі болжамды патогендердің бета-лактамды агенттерге төзімділігі жоғары қаупі бар, яғни клавулан қышқылының тежелуіне сезімтал бета-лактамазалармен байланысты болмайтындай жоғары қаупі бар кезде пайдалануға жарамсыз. Препараттың бұл түрі пенициллинге төзімді S. pneumoniaeемдеу үшін пайдаланылмауы тиіс.

Ұзақ мерзімді пайдалану кейде сезімтал емес микроорганизмдердің шамадан тыс өсуіне әкелуі мүмкін.

Клавам препаратын қабылдау аясында антибиотикпен астасқан колиттің даму жағдайлары хабарланды, оның дәрежесі мардымсыз және өмірге қауіп төндіретін болды. Осыған байланысты антибиотиктерді қабылдау кезінде немесе одан кейін дамыған диареясы бар пациенттерде колиттің даму мүмкіндігін қарастыру қажет. Колит диагнозы расталған кезде Клавам препаратын дереу тоқтату керек; пациент қажетті ем жүргізу үшін дәрігермен кеңесуі тиіс. Бұл жағдайда антиперистальтикалық препараттарды қолдануға болмайды.

Емдеудің басында пустуламен байланысты қызбалық жайылған эритеманың пайда болуы жедел жайылған экзантематозды пустулездің (AGEP) симптомы болуы мүмкін (4.8 бөлімін қараңыз). Бұл реакция Клавам препаратын енгізуді тоқтатуды талап етеді және амоксициллиннің кез келген кейінгі енгізілу болмауын көрсетеді.

Кейінірек Aspergillus инфекциясы табылмаған амоксициллин/ клавулан қышқылын қабылдайтын пациенттерде Platelia Aspergillus EIA Bio-Rad Laboratories тестін қолдана отырып, сынақтың оң нәтижелері туралы есептер болған. Aspergillus емес полисахаридтермен және Plateia Aspergillus EIA био-Rad Laboratories тестімен полифураноздармен айқаспалы реакциялар туралы хабарламалар болды. Демек, амоксициллин/ клавулан қышқылын қабылдайтын пациенттерде тесттің оң нәтижелерін абайлап интерпретациялау және басқа диагностикалық әдістермен растау керек.

Қан айналымының бұзылуы

Бүйрек, бауыр және қан түзу функцияларын қоса, ағзалар жүйесінің функцияларын мерзімді бағалау ұзақ ем кезінде ұсынылады.

Протромбин уақытын ұзарту амоксициллин / клавулан қышқылын қабылдаған пациенттерде сирек хабарланды. Антикоагулянттар бір уақытта тағайындалған кезде тиісті мониторинг қажет. Пероральді антикоагулянттардың дозасын түзету антикоагуляцияның қажетті деңгейін ұстап тұру үшін қажет болуы мүмкін.

Клавам препаратында клавулан қышқылының болуы IgG мен альбуминді эритроциттердің мембраналарымен спецификалық емес байланыстыруды тудыруы мүмкін, бұл жалған оң Кумбс тестін беруі мүмкін.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде дозаны сақтықпен тағайындау, сондай-ақ бауыр функциясын тұрақты бақылау керек. Амоксициллин / клавулан қышқылын бауыр жеткіліксіздігі белгілері бар пациенттерде сақтықпен пайдалану керек.

Бауыр зақымдануының белгілері мен симптомдары әдетте емдеу басталған кезде немесе одан кейін бірден пайда болады, бірақ кейбір жағдайларда ем тоқтағаннан кейін бірнеше апта ішінде байқалмауы мүмкін. Олар әдетте қайтымды. Бауырдың бұзылуы өте ауыр болуы мүмкін және өте сирек жағдайларда өліммен аяқталуы туралы хабарланды. Олар әрдайым дерлік күрделі негізгі ауруы бар пациенттерде немесе бауырға әсер етуі мүмкін екендігі белгілі препараттарды бір уақытта қабылдаған адамдарда тіркелді.

Бауыр оқиғалары негізінен ерлер мен егде пациенттерде тіркелген және ұзақ емделумен байланысты болуы мүмкін. Бұл оқиғалар балаларда өте сирек кездескен.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде доза бұзылу дәрежесіне сәйкес түзетілуі тиіс.

Несеп бөлінуінің төмендеуі бар пациенттерде кристаллурия өте сирек, негізінен парентеральді еммен байқалды. Амоксициллиннің жоғары дозаларын енгізген кезде амоксициллин кристаллуриясының мүмкіндігін азайту мақсатында сұйықтықты талапқа сай қабылдауды және несеп шығаруды демеген жөн. Қуық катетері бар пациенттерде өткізгіштігін үнемі тексеріп отыру керек.

Амоксициллинмен емдеу кезінде несептегі глюкозаның бар-жоғын тексеру үшін ферментативті глюкоза оксидазасын қолдану керек, өйткені ферментативті емес әдістермен жалған оң нәтиже алынуы мүмкін.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде немесе жоғары дозаларды қабылдағанда құрысулар пайда болуы ықтимал.

Басқа жай-күйлер

Клавам препараты 228,5 мг/5 мл, ішуге арналған суспензия дайындауға арналған ұнтақ, құрамында фенилаланин көзі аспартам (E951) бар. Бұл дәрі фенилкетонуриямен ауыратын пациенттерде сақтықпен пайдаланылуы тиіс.

Ауыз қуысына күтім жасау препаратты қабылдаумен байланысты тіс түсінің өзгеруін болдырмауға көмектеседі, өйткені бұл үшін тісті тазалау жеткілікті.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік

Клиникаға дейінгі зерттеулер жүктіліктің, эмбрионның/шарананың дамуына, босануға немесе босанғаннан кейінгі дамуға тікелей немесе жанама зиянды әсерін көрсетпеген. Амоксициллин/клавулан қышқылын жүктілік кезінде пайдалану бойынша шектеулі деректер адамдарда туа біткен кемістіктердің жоғарғы қаупін көрсетпеді. Ұрық жарғақшаларының мерзімінен бұрын жарылуы бар әйелдерде жүргізілген бір зерттеуде амоксициллин/клавулан қышқылымен профилактикалық ем жаңа туған нәрестелерде некроздық энтероколиттің даму қаупі жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін екендігі анықталды. Препаратты дәрігер тағайындаған жағдайларды қоспағанда, жүктілік кезінде қолдануға болмайды.

Бала емізу

Екі әсер етуші зат та емшек сүтіне шығарылады. Клавам препараты әсер етуші заттары ізі мөлшерінің емшек сүтіне енуімен байланысты ауыз қуысы шырышты қабығы сенсибилизациясының, диареясының немесе кандидозының даму мүмкіндігін қоспағанда, емшек еметін балаларда басқа жағымсыз әсерлер байқалған жоқ. Емшек сүтімен қоректенетін балаларда жағымсыз әсерлер пайда болған жағдайда емшек емізуді тоқтату қажет. Клавам препаратын, егер ана үшін болжамды пайдасы балаға төнетін ықтимал қауіптен асып кетсе, емшек емізу кезінде қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат бас айналуды тудыруы мүмкін болғандықтан, пациенттерге көлік құралын басқару немесе қозғалатын механизмдермен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шаралары туралы ескерту қажет.

Қолдану бойынша ұсынымдар

Дозалау режимі

Дозаның әрбір компоненті үшін жеке көрсетілетін жағдайларды қоспағанда, доза амоксициллин мен клавулан қышқылының құрамына қатысты біріктірілімде көрсетіледі.

Жеке инфекцияны емдеу үшін таңдалған Клавам препаратының дозасын таңдау кезінде назарға алу қажет:

• күтілетін патогендер және олардың бактерияға қарсы агенттерге ықтимал сезімталдығы

• жұқтырудың ауырлық дәрежесін мен орнын

• төменде көрсетілгендей пациенттің жасы, салмағы және бүйрек функциясы.

Клавам препаратын шығарудың альтернативті түрлерін (мысалы, амоксициллиннің неғұрлым жоғары дозаларын және/немесе амоксициллиннің клавулан қышқылына әртүрлі арақатынасын қамтамасыз ететіндерді) қажет деп қарастыру керек.

Төмендегі кестелерде дозалау бойынша балаларға арналған ұсынымдар берілген.

2 жас және одан асқан балалар

Ересектер мен балалар > 40 кг ересектерге арналған Клавам дозасымен емделуі тиіс.

Пациенттердің ерекше топтары

Салмағы 40 кг кем емес балалар үшін Клавам препаратының бұл құрамы төмен ретінде енгізілген кезде 1000-2800 мг амоксициллин/143-400 мг клавулан қышқылының ең жоғары тәуліктік дозасын қамтамасыз етеді. Егер амоксициллиннің неғұрлым күнделікті дозасы қажет етілсе, клавулан қышқылының жоғары тәуліктік дозасын енгізбеу үшін басқа препаратты таңдау ұсынылады.

˂40 кг балалар: балаларды суспензия түрінде шығарылатын дәрілік түрлерімен емдеуге болады.

Ұсынылатын дозалар:

екіге бөлінген доза түрінде қабылданатын тәулігіне 25 мг/ 3,6 мг/кг-ден тәулігіне 45 мг/ 6,4 мг/кг дейін (тері мен жұмсақ тіндердің инфекциясы, сондай-ақ қайталанатын тонзиллит сияқты);

екіге бөлінген доза түрінде қабылданатын күніне 70 мг/10 мг/кг (ортаңғы отит, синусит және төменгі тыныс жолдарының, несеп шығару жолдарының инфекциялары, сүйек және буын инфекциялары сияқты).

Амоксициллиннің клавулан қышқылына қатынасы 7:1 болатын Клавам препаратын 2 жасқа дейінгі балаларда тәулігіне 45 мг/ 6,4 мг-ден жоғары дозаларға қатысты қолдануды ұсыну үшін клиникалық деректер жеткіліксіз.

Жасы 2 айлықтан кіші пациенттер үшін Клавам препаратының 7: 1 құрамына ешқандай деректер жоқ. Сондықтан пациенттердің осы тобында дозалау бойынша ұсынымдар жоқ.

Егде жастағы пациенттер

Дозалау режимін түзету талап етілмейді, ересек пациенттердегідей дозалау режимі қолданылады. Бүйрек функциясы бұзылған егде жастағы пациенттерде бүйрек функциясы бұзылған ересек пациенттер үшін тиісті дозалар тағайындалады.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Сақтықпен дозалау және бауыр функциясын үнемі бақылау.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Креатинин клиренсі (CrCl) 30 мл мин астам пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді.

Креатинин клиренсі 30 мл/мин кем пациенттерде амоксициллиннің клавулан қышқылына қатынасы 7:1 болатын Клавам препаратының дәрілік түрін қолдану ұсынылмайды, өйткені дозаны түзету бойынша ұсыныстар жоқ.

Қолдану тәсілі

Клавам пероральді қолдануға арналған.

Клавам препаратын потенциалды асқазан-ішектің бітелуін азайту үшін тамақтану кезінде қабылдау керек.

Енгізер алдында дәрілік затты қалпына келтіру жөніндегі нұсқаулықтар:

Суспензия тікелей бірінші қолданар алдында сұйылтылады.

Пайдаланар алдында қақпақтың герметикалылығын тексеріңіз. Ұнтақты қопсыту үшін бөтелкені сілкіңіз. Ұнтақты бөлме температурасына дейін салқындатылған қайнаған суда біртіндеп сілкіп, құтыдағы белгіге дейін су қоса отырып, еріту керек. Дайын суспензияның көлемі 100 мл-ге тең. Құтыны төңкеріп, толық ерігенше мұқият шайқау керек. Дайындалған ұнтақ - ақ немесе ақ дерлік түсті. Құтыны пайдаланар алдында әрдайым жақсылап шайқау керек.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу клиникалық жағдайды қайта қарастырусыз 14 тәуліктен артық жалғаспауы тиіс.

Емнің ұзақтығы пациенттің жүргізілген емге реакциясымен анықталуы тиіс. Кейбір патологиялар (атап айтқанда, остеомиелит) ұзағырақ курсты керек етуі мүмкін.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

Симптомдары: асқазан-ішек бұзылыстары және су-электролиттік теңгерімнің бұзылуы мүмкін. Амоксициллин кристаллуриясы сипатталған, кейбір жағдайларда бүйрек жеткіліксіздігінің дамуына әкелді.

Клавам препаратын бүйрек функциясы төмендеген пациенттерге тағайындаған кезде немесе жоғары дозаларды пайдаланған кезде құрысулар дамуы мүмкін.

Шұғыл емшаралар: симптоматикалық ем жүргізу, су-электролиттік теңгерімін түзету. Клавам препараты қаннан гемодиализ көмегімен шығарылады.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкердің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар

Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігермен кеңесіңіз.

Шығарылу түрі

16.66 г бұралатын алюминий қақпағымен тығындалған янтарь түсті шыны құтыларда. Құтыға дозалаушы ПВХ қалпақшасы қоса беріледі.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дайындалғаннан кейін 7 күн ішінде қолдану керек.

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынадыКлавам суспензиясы 228,5 мг 5 мл 100 млдәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube