daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы Клотримазол Жақпа 1% 25г | Борщаговский ХФЗ

Астане қаласындағы Клотримазол Жақпа 1% 25г | Борщаговский  ХФЗ
Сипаттама:

Ақ түсті, өзіне тән әлсіз иісі бар, қоюлығы біртекті жақпамай.

Халықаралық атауы:

Клотримазол

Өндіруші:

Борщаговский ХФЗ

Өндіруші ел:

Украина

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: пропиленгликоль, полиэтиленгликоль 400, полоксамер 338, цетостеарил спирті, полиэтиленгликольдің цетостеарил эфирі. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Ақ түсті, өзіне тән әлсіз иісі бар, қоюлығы біртекті жақпамай.

Белсенді заттың дозасы:

1%

Дәрілік түрі:

1 % жақпамай

Қаптамадағы саны:

1 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- терінің зеңді ауруларында, тері қатпарларының, табанның микоздарында

- кебек тәрізді теміреткі, эритразма, дерматофиттер, ашытқы (Candida тегін қоса), өңез және басқа зеңдер және клотримазолға сезімтал қоздырғыштар туғызған кандидоздар

- қайталанған пиодермиядан асқынған микоздарда.

Қарсы көрсеткіштер

- клотримазолға немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдықта

- 14 жасқа дейінгі балаларға.

Өзара әрекеттесуі

Дексаметазон жоғары дозаларда препараттың зеңге қарсы әсерін тежейді.

Амфотерицин В, нистатин, натамицинді бір мезгілде қабылдағанда клотримазолдың тиімділігін төмендетеді.

Жақпамайды қолданғанда басқа дәрілік заттармен теріс өзара әрекеттесуі белгісіз және оларды күтпеу қажет, себебі клотримазолдың резорбциялық қабілеті өте төмен.

Арнайы ескертулер

Препаратты офтальмологиялық практикада қолданбайды.

Препаратты шырышты қабыққа жағуға болмайды.

Аса жоғары сезімталдық белгілері немесе тітіркену пайда болғанда емдеуді тоқтату керек.

Препараттың құрамында қосымша заттар ретінде цетостеарил спирті мен пропиленгликоль бар, олардың әрқайсысы терінің жергілікті тітіркенуін (жанаспалы дерматит) тудыруы мүмкін.

Педиатрияда қолдану

14 жасқа дейінгі балаларға бұл препаратты қолдануға болмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Клотримазолды жүкті әйелдердің қолдануы туралы деректердің саны шектеулі. Сақтық шаралары ретінде клотримазолды жүктіліктің алғашқы триместрінде пайдаланбаған жөн.

Қолда бар фармакодинамикалық/токсикологиялық деректер клотримазолдың/метаболиттердің ана сүтіне бөлінуін көрсетті. Клотримазолмен емдеу кезінде бала емізуге болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Препаратты қолдану пациенттің автокөлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабылетіне әсер етпейді.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалану режимі

Жақпамайды терінің алдын-ала тазартылған (рН бейтарап мәні бар сабынын қолданумен) құрғақ, зақымданған жерлеріне жұқа етіп жағады және ақырындап сылайды.

Енгізу әдісі және жолы

Сыртқа.

Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі

Күніне 2-3 рет.

Жанама әсерлері

Сирек

- терінің қызаруы, күйдіруді сезіну, қышыну, тітіркенуі және қабыршықтануы

- аллергиялық реакциялар.

Шығарылу түрі

25 г-нан ішкі беті лакталған бушондармен алюминий сықпаларда.

Әр сықпа медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек, мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Салмағы

25 г

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынадыКлотримазол жақпа 1% 25гдәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube