daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы Ко-Диован Таблеткалары 80 Мг/12,5 Мг №14 | Novartis Pharma AG

Астане қаласындағы Ко-Диован Таблеткалары 80 Мг/12,5 Мг №14 | Novartis Pharma AG
Сипаттама:

Сопақ пішінді, беткейі сәл дөңес, ашық-қызғылт түсті қабықпен қапталған, бір жағында «HGH» және екінші жағында «CG» өрнегі бар таблеткалар (80 мг/12.5 мг доза үшін). Сопақ пішінді, беткейі сәл дөңес, қою-қызыл түсті қабықпен қапталған, бір жағында «ННН» және екінші жағында «CG» өрнегі бар таблеткалар (160 мг/12.5 мг доза үшін).

Өндіруші:

Novartis Pharma AG

Өндіруші ел:

Италия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, кросповидон, магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, қабықтың құрамы: ақ пигментті суспензия*, қызыл пигментті суспензия**, сары пигментті суспензия*** (80 мг/12,5 мг доза үшін), гипромеллоза, тальк, макрогол 8000 / полиэтиленгликоль 8000 * гипромеллоза, титанның қостотығы (Е 171) ** гипромеллоза, темірдің қызыл тотығы (Е 172) *** гипромеллоза, темірдің сары тотығы (Е 172) Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Сопақ пішінді, беткейі сәл дөңес, ашық-қызғылт түсті қабықпен қапталған, бір жағында «HGH» және екінші жағында «CG» өрнегі бар таблеткалар (80 мг/12.5 мг доза үшін). Сопақ пішінді, беткейі сәл дөңес, қою-қызыл түсті қабықпен қапталған, бір жағында «ННН» және екінші жағында «CG» өрнегі бар таблеткалар (160 мг/12.5 мг доза үшін).

Белсенді заттың дозасы:

80мг/12,5мг

Қаптамадағы саны:

14 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Ко-Диован® дәрілік препараты пациенттерге қолданылады

- артериялық қысымы жеткіліксіз бақыланатын ауырлық дәрежесі жеңіл және орташа эссенциалдық гипертензияны валасартан немесе гидрохлоротиазид монотерапиясының көмегімен емдеу үшін

Қарсы көрсеткіштер

әсер етуші заттарға немесе «Дәрілік препараттың құрамы» бөлімінде аталған қосымша заттардың кез келген түріне немесе сульфонамидтер туындыларына аса сезімталдық

туа біткен ангионевроздық ісіну немесе АӨФ тежегішімен немесе ангиотензин II рецепторларының антагонисімен емдегенде ангионевроздық ісінуі дамыған науқастарға

жүктілік және емшекпен емізу кезеңі

билиарлық цирроз немесе холестаз

анурия

қантты диабетке шалдыққан (1-ші және 2-ші типті) науқастардың және бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар науқастардың Ко-Диован® препаратын немесе ангиотензин-өзгертуші фермент тежегіштерін (АӨФт) және алискиренді қоса алғанда, ангиотензин рецепторларының блокаторларын (АРБ) бірге қолдануы (ШСЖ<60 мл/мин)

Өзара әрекеттесуі

Екі компонентке әсер ететін өзара әрекеттесулер

Литий

Келесі өзара әрекеттесулер Ко-Диован® препаратының екі компонентін (валсартан және (немесе) гидрохлоротиазид) қолданғанда туындауы мүмкін.

Литий мен АӨФ тежегіштерін, ангиотензин II рецепторларының блокаторларын немесе тиазидтерді бірге қолданған кезде сарысудағы литий концентрациясының қайтымды артатындығы және оның уыттылығы тіркелген. Тиазидтер бүйрек клиренсін төмендететіндіктен, Ко-Диован® препаратын қабылдағаннан кейін литий уыттылығы артуы мүмкін. Сондықтан бірге қолданған кезде сарысудағы литий концентрациясын мұқият бақылау ұсынылады.

Қабынуға қарсы стероид емес дәрілер (ҚҚСД), циклооксигеназа-2 ингибиторларын қоса (ЦОГ2)

ҚҚСД немесе ЦОГ-2 тежегіштерін тағайындау ангиотензин II (АРА II) рецепторлары антагонистерінің гипотензиялық әсерін төмендетуі мүмкін. Егде жастағы науқастарда, бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар науқастарда және гиповолемиясы бар науқастарда (несеп айдайтын терапия қабылдайтындарды қоса алғанда) ҚҚСС (немесе ЦОГ-2 тежегіштерін) АРА II-мен бірге қолдану мүмкін болатын бүйрек функциясының жіті жеткіліксіздігін қоса бүйрек функциясының нашарлау қаупін арттыруы мүмкін. Сондықтан бұл препараттар мұндай науқастарға біріктіріп, тек сақтықпен және бүйрек функциясын бақылаумен қолданылуы тиіс.

Басқа гипотензиялық препараттар

Ко-Диован® препараты басқа гипотензиялық дәрілік препараттардың (мысалы, бета-блокаторлар, вазодилататорлар, кальций каналдарының блокаторлары, АӨФ тежегіштері, ангиотензин рецепторларының блокаторлары (АРБ) және рениннің тікелей тежегіштері (РТТ)) гипотензиялық әсерін потенциялайды.

Валсартан

Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің (РААЖ) АРБ және ААФ топтарындағы дәрілік препараттармен немесе алискиренмен қосарлы блокадасы. Ко-Диован® препаратын қоса, РААЖ-ға әсер ететін басқа дәрілік препараттармен бірге АРБ қолдану монотерапиямен салыстырғанда гипотензиямен, талумен, гиперкалиемиямен және бүйрек функциясының жеткіліксіздігімен (бүйрек функциясының жіті жеткіліксіздігін қоса алғанда) байланысты. Сондықтан АӨФ, АРБ немесе алискирен ингибиторларын бірлесіп қолдану арқылы РААЖ қосарлы блокадасы тағайындалмайды. Егер қосарлы блокада мүлдем қажет деп есептелсе, оны тек дәрігердің бақылауымен және бүйрек функциясын, электролиттерді және артериялық қысымды мұқият бақылаумен жүргізу керек.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар науқастарға (ШСЖ<60 мл/мин) Ко-Диован® препаратын немесе АӨФт пен алискиренді қоса, АРБ-ны бір мезгілде қабылдауға болмайды («Айрықша нұсқаулар мен сақтық шаралары» және «Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімдерін қараңыз).

1-ші және 2-ші типті қантты диабеті бар науқастарға, Ко-Диован® немесе АӨФт және алискиренді қоса алғанда, АРБ-ны бірге қолдануға болмайды. Ко-Диован® препаратын және ангиотензин рецепторының блокаторларын (АРБ) қоса алғанда, ААФ тежегіштері диабеттік нефропатиясы бар пациенттерге бірге қолданылмауы тиіс.

Калий

Ангиотензин II рецепторларының антагонистерін сарысудағы калий деңгейін арттыруға қабілетті басқа дәрілік препараттармен (мысалы, калийсақтағыш диуретиктермен, құрамында калий бар дәрілік препараттармен, гепаринмен) бірге қолдану гиперкалиемияның даму қаупін арттыруы мүмкін. Мұндай жағдайларда валсартан – Ко-Диован® препаратының әсер етуші заттарының бірі – сақтықпен және калий деңгейін бақылаумен қолданылуы тиіс.

Транспортерлер

Адам бауырының тініне жүргізілген in vitro зерттеулері валсартанның OATP1B1 бауырды қармау транспортерінің және MRP2 бауырдың эффлюкстік транспортерінің субстраты болып табылатындығын көрсетті. OATP1B1 (рифампин, циклоспорин) немесе MRP2 (ритонавир) транспортерлерінің тежегіштерін бірге қолдану валсартанның жүйелі әсерін арттыруы мүмкін.

Валсартанмен жүргізілетін монотерапия кезінде келесі дәрілік препараттармен клиникалық айтарлықтай өзара әрекеттесулер байқалмады: циметидинмен, варфаринмен, фуросемидпен, дигоксинмен, атенолололмен, индометацинмен, гидрохлоротиазидпен, амлодипинмен, глибенкламидпен.

Гидрохлоротиазид

Сарысудағы калий мен магний деңгейіне әсер ететін дәрілік препараттар.

Калийдің және/немесе магнийдің жоғалуы калийурездік диуретиктермен (мысалы, фуросемидпен), глюкокортикоидтармен, АКТГ, В амфотерицинімен, карбеноксолонмен, G пенициллинімен, салицилаттармен және антиаритмиялық препараттармен бірге қолданған кезде күшеюі мүмкін.

Жүрек гликозидтері (оймақгүл)

Тиазид индукциялаған гипокалиемия немесе гипомагниемия жүректің дигиталис индукциялаған аритмияларының туындауына әсер етуі мүмкін.

Миорелаксанттар

Гидрохлоротиазидті қоса алғанда, тиазидтік диуретиктер қураре тәрізді миорелаксанттардың әсерін потенциялайды.

Диабетке қарсы препараттар

Тиазидтік диуретиктер глюкозаға төзімділікке әсер етуі мүмкін. Мұндай жағдайларда инсулин немесе қантты төмендететін пероральдық препараттың дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Аллопуринол

Гидрохлоротиазидті қоса алғанда, тиазидтік диуретиктерді бірге қолдану аллопуринолға гипертензиялық реакциялардың жиілігін арттыруы мүмкін.

Амантадин

Гидрохлоротиазидті қоса алғанда, тиазидтік диуретиктерді бірге қолдану амантадин туындатқан жағымсыз реакциялардың даму қаупін арттыруы мүмкін.

Диазоксид

Тиазидтік диуретиктер диазоксидтің гипергликемиялық әсерін күшейтуі мүмкін.

Ісікке қарсы препараттар (мысалы, циклофосфамид, метотрексат)

Тиазидтік диуретиктерді бірге қолдану цитоуытты препараттардың бүйрек арқылы экскрециясын төмендетуі және олардың миелосупрессиялық әсерлерін күшейтуі мүмкін.

Антихолинергиялық препараттар

Тиазидтік диуретиктердің биоқолжетімділігі антихолинергиялық препараттармен (мысалы, атропин, бипериден) бірге қолданған кезде, асқазан-ішек жолы моторикасының нашарлауы және асқазанның босатылу баяулауы салдарынан артуы мүмкін. Прокинетиктер (мысалы, цисаприд), керісінше, тиазидті диуретиктердің биоқолжетімділігін төмендетуі мүмкін.

Метилдопа

Метилдопа мен гидрохлоротиазидті бірлесіп тағайындаған кезде гемолиздік анемия туралы жеке хабарламалар болды.

Ион алмастырғыш шайырлар

Гидрохлоротиазидті қоса алғанда, тиазидтік диуретиктердің сіңуі холестирамин немесе колестиполдың әсерінен төмендейді. Сондықтан гидрохлоротиазид пен ион алмастырғыш шайырды тағайындау өзара әрекеттесуді барынша азайту үшін олардың арасындағы барынша мүмкін уақыт аралығын қалдырып, кезекпен болуы тиіс.

D витамині

Гидрохлоротиазидті қоса алғанда, тиазидтік диуретиктерді D витамині немесе кальций тұздарымен бірге қолдану сарысудағы кальций деңгейінің көтерілуін потенциялауы мүмкін.

Циклоспорин

Циклоспоринді бірге қолдану гиперурикемияның даму қаупін арттыруы және подагра симптомдарын күшейтуі мүмкін.

Кальций тұздары

Тиазидтік диуретиктерді бірге қолдану кальцийдің түтікшелік реабсорбциясын күшейту есебінен гиперкальциемияны туындатуы мүмкін.

Сарысудағы натрий деңгейіне әсер ететін дәрілік препараттар Диуретиктердің гипонатриемиялық әсері антидепрессанттар, нейролептиктер немесе эпилепсияға қарсы препараттар сияқты дәрілік препараттармен бірге қолданған кезде күшеюі мүмкін. Осы дәрілік препараттарды ұзақ уақыт бойы қолданған кезде сақ болу ұсынылады.

Алкоголь, барбитураттар, есірткілер

Тиазидтік диуретиктерді алкогольмен, барбитураттармен немесе есірткілермен бірге қолдану ортостаздық гипотензияны потенциялауы мүмкін.

Прессорлық аминдер

Гидрохлоротиазид норадреналин сияқты прессорлық аминдерге жауапты азайтуы мүмкін. Алайда, осы әсердің клиникалық маңыздылығы оларды қолданбау үшін жеткіліксіз.

Арнайы ескертулер

Егде жастағы науқастар

Ко-Диован® препаратын кез келген жастағы науқастарға қабылдауға болады.

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар науқастарға дәрілік препарат дозасын азайту қажет болуы мүмкін. Гидрохлоротиазид құрамында болуы салдарынан Ко-Диован® препараты бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар науқастарға сақтықпен қолданылуы тиіс. Валсартан құрамында болуы салдарынан Ко-Диован® препаратын билиарлық циррозы және холестазы бар науқастарға қолдануға болмайды.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар науқастарға дәрілік препарат дозасын азайту қажет болуы мүмкін. Құрамында гидрохлоротиазидтің болуы салдарынан Ко-Диован® препараты ануриямен ауыратын науқастарға қабылдауға болмайды («Қарсы көрсетілімдер» бөлімін қараңыз) және бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар науқастарға (ШСЖ<30 мл/мин) аса сақтықпен қолданылуы тиіс.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігінің соңғы сатысы (ШСЖ<10 мл/мин) бар науқастарда немесе гемодиализдегі науқастарда валсартанды қолдану тәжірибесі жоқ.

Педиатрияда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді емдеу үшін Ко-Диован® препаратының тиімділігі мен қауіпсіздігі бойынша зерттеулер жүргізілген жоқ.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Ко-Диован® препараты тікелей РААЖ-ға әсер етеді, сондықтан жүктілік кезінде немесе жүктілікті жоспарлап жүрген әйелдер қолданбауы тиіс. РААЖ-ға әсер ететін қандай да бір препараттарды тағайындайтын дәрігерлер бала көтере алатын әйелдерді жүктілік кезінде осы препараттарды қолданудың ықтимал қаупі туралы хабардар етуі тиіс.

Ангиотензин II рецепторлары антагонистерінің әсер ету механизміне байланысты осы препараттарды пайдаланған кезде эмбрион мен ұрық үшін қауіпті алып тастауға болмайды. Ретроспективті деректер негізінде жүктіліктің I триместрінде АӨФ ингибиторларын қолдану туа біткен даму ақауының ықтимал қаупімен байланысты болды. Бұдан басқа, ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесіне (РААЖ) тікелей әсер ететін дәрілік препараттарды II және III триместрлерде қолданғанда ұрықтың зақымданғаны және ұрықтың өлімі туралы хабарланды. Адамдарда РААЖ-дың дамуына байланысты ұрықтың бүйрек перфузиясы II триместрде басталады. Сондықтан валсартанмен жүктіліктің II және III триместрінде емдеу қаупі жоғары. Жүкті әйелдер валсартанды кездейсоқ қабылдаған кезде нәрестелерде түсіктің өздігінен түсуі, су аздық және бүйрек функциясының жеткіліксіздігі туралы хабарламалар болды.

Препараттың құрсақтық әсеріне ұшыраған барлық нәрестелерде диурездің жеткіліктілігін, гиперкалиемияның және артериялық қысымның бар-жоғын мұқият тексеру қажет. Қажет болған жағдайда дәрілік препаратты қантамыр арнасынан алып тастау үшін медициналық шаралар (регидратация сияқты) қабылдануы тиіс.

Гидрохлоротиазидті қоса алғанда, тиазидтік диуретиктердің құрсақтық әсері ұрықтың немесе нәрестелердің сарғаюын немесе тромбоцитопенияны туындатуы мүмкін және ересектерде туындаған жағдайда басқа да жағымсыз реакциялармен байланысты болуы мүмкін.

Егер жүктілік емдеу кезінде анықталса, Ко-Диован® препаратын қабылдауды тоқтату қажет.

Бала емізетін әйелдердің қатысуымен зерттеулер жүргізілген жоқ, сондықтан Ко-Диован® препараты бала емізетін әйелдерде қолданылмауы тиіс.

Препараттың көлік құралын немесе аса қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Басқа гипотензиялық препараттар сияқты, Ко-Диован® препараты реакцияны, автокөлікті басқару қабілетін және құралдар мен механизмдерді пайдалану қабілетін бұзуы мүмкін. Сақ болу ұсынылады.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ко-Диован® препаратының тәуліктік ұсынылған дозасы 80 мг/12.5 мг дозасындағы үлбірлі қабықпен қапталған 1 таблетка. 3-4аптадан кейін артериялық қысым жеткіліксіз төмендеген кезде 160 мг/12.5 мг тәуліктік дозада үлбірлі қабықпен қапталған 1 таблетканы құрайтын Ко-Диован ® препаратымен емдеуді жалғастыру қажет болуы мүмкін. Ко-Диован® препаратын 160 мг/25 мг тәлікті дозада 1 таблетканы 160 мг/12.5 мг Ко-Диован® препаратын қабылдағанда артериялық қысымы адекватты төмендемейтін науқастар ғана қабылдау керек. Ең жоғары гипотензиялық әсер емнің 2-4 аптасында көрінеді.

Енгізу әдісі мен жолы

Ко-Диован® препаратын сұйықтықпен ішу керек.

Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі

Ко-Диован® препаратын тамақ ішуге қарамастан қабылдауға болады.

Емдеу ұзақтығы

Емдеуші дәрігермен кеңесу қажет.

Артық дозаланғанда қолдану қажет шаралар

Валсартанның артық дозалануы айқын гипотензиямен көрінуі мүмкін, ол сананы нашарлатуы, тамыр коллапсын және (немесе) шокты туындатуы мүмкін.

Келесі белгілер мен симптомдар гидрохлоротиазидпен артық дозаланғанда да орын алуы мүмкін: жүрек айнуы, ұйқышылдық, гиповолемия және аритмиялар мен бұлшықет түйілулерімен байланысты электролиттік бұзылыстар.

Артық дозаланудың барлық жағдайларында жалпы қолдау шараларын қолдану қажет. Олар мұқият бақылауды және жүрек-қантамыр функциясын тұрақтандыру шараларын қамтуы мүмкін.

Валсартан гемодиализдің көмегімен оның қан плазмасының ақуыздарымен айтарлықтай байланысуы салдарынан шығарылмайды, сонымен бірге организмнен гидрохлоротиазидтің шығуы үшін гемодиализ тиімді.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозаларын өткізіп алғанда қолданылатын қажетті шаралар

Қолданылмайды

Тоқтату симптомдары қатерінің бар-жоғын көрсету

Қолданылмайды

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес беру үшін ұсынымдар

Дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігеріңізбен кеңесіңіз.

Шығарылу түрі

14 таблеткадан поливинилхлорид/поливинилиденхлорид үлбірден және лакталған баспалы алюминий фольгадан жасалған ұяшықты пішінді қаптамаға салынған.

1 пішінді қаптамадан (80 мг/12,5 мг доза үшін) немесе 2 пішінді қаптамадан (160 мг / 12,5 мг доза үшін) қазақ және орыс тілдеріндегі медицинада қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Ылғалдан қорғау үшін түпнұсқалық қаптамасында 30° С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Ылғалдан қорғау үшін түпнұсқалық қаптамасында 30° С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынадыКо-Диован таблеткалары 80 мг/12,5 мг №14дәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube