Қолдану көрсеткіштері
Клопидогрел де, ацетилсалицил қышқылын да (АСҚ) алып жүрген ересек пациенттердегі атеротромбоздық оқиғалардың екіншілік профилактикасы. Ко-Плавикс емдеуді жалғастыру үшін өзінің құрамына кіретін белсенді заттардың бекітілген дозаларымен біріктірілген дәрілік препарат болып табылады:
- ST сегментінің көтерілуінсіз жедел ағымды коронарлық синдром (тұрақсыз стенокардия немесе Q тісшесінсіз миокард инфарктісі), тері арқылы коронарлық араласу барысында стенттеу жүргізілген пациенттерді қоса
- дәрі-дәрмекпен емделіп жүрген және тромболитикалық ем жүргізуге болатын ST сегментінің көтерілуімен жедел миокард инфарктісі бар пациенттерде.