daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы Ко-Валодип Таблеткалары 5 Мг/160 Мг/12,5 Мг №30 | ООО КРКА-РУС

Астане қаласындағы Ко-Валодип Таблеткалары 5 Мг/160 Мг/12,5 Мг №30 | ООО КРКА-РУС
Сипаттама:

Ақ түсті немесе ақ дерлік түсті үлбірлі қабықпен қапталған, таблетканың бір жақ бетінде К1 өрнегі бар, екі жағы дөңес, сопақша пішінді таблеткалар (5 мг/160 мг/12,5 мг дозасы үшін). Қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған, таблетканың бір жақ бетінде К2 өрнегі бар, екі жағы дөңес, сопақша пішінді таблеткалар (10 мг/160 мг/12,5 мг дозасы үшін). Қоңыр-сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған, таблетканың бір жақ бетінде К4 өрнегі бар, екі жағы дөңес, сопақша пішінді таблеткалар (10 мг/160 мг/25 мг дозасы үшін).

Өндіруші:

ООО КРКА-РУС

Өндіруші ел:

Россия

Белсенді заттың дозасы:

5 мг/160 мг/12,5 мг

Қаптамадағы саны:

30 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- артериялық қысымы жекелеген үш дәрілік препарат түрінде, немесе, олардың біреуі біріктірілген, қалғаны екі препарат түрінде қабылданатын амлодипин, валсартан және гидрохлоротиазид біріктірілімімен бақыланатын, ересектерде эссенциальді артериялық гипертензияны емдеу үшін орнын басатын ем ретінде

Қарсы көрсеткіштер

- амлодипиннің, валсартанның, гидрохлоротиазидтің белсенді субстанцияларына, сульфонамидтің басқа туындыларына, дигидропиридиннің туындыларына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- бауыр жеткіліксіздігі, бауыр циррозы немесе өт холестазы

- тұқым қуалайтын ангионевроздық ісіну немесе АӨФ тежегіштерімен немесе ангиотензин ІІ рецепторларының антагонисімен алдында емдеу кезіндегі ангионевроздық ісіну

- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (шумақтық сүзіліс жылдамдығы <30 мл/мин/1,73 м2), анурия, гемодиализдегі пациенттер

- қант диабеті немесе бүйрек жеткіліксіздігі (ШСЖ <60 мл/мин/ 1,73 м2) бар пациенттерде Ко-Валодип препаратын ангиотензин II рецепторларының блокаторларымен (АРБ ІІ) немесе құрамында алискирен бар препараттармен бір мезгілде қолдану

- рефрактерлі гипокалиемия, гипонатриемия, гиперкальциемия және симптоматикалық гиперурикемия

- ауыр артериялық гипотензия

- шок (кардиогенді шокты қоса)

- сол жақ қарыншадан шығу жолының шығарылу обструкциясы (гипертрофиялық обструктивті кардиомиопатияны және клиникалық елеулі аорта стенозын қоса)

- жедел миокард инфарктісінен кейін гемодинамикалық тұрақсыз жүрек жеткіліксіздігі

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ко-Валодиптің ұсынылатын дозасы тәулігіне, дұрысы таңертең, бір таблетканы құрайды.

Ко-Валодип препаратын қолдануға ауысу алдында пациенттің жағдайы тәуліктің белгілі бір уақытында қабылданатын монопрепараттардың тұрақты дозаларын қабылдаумен бақылануы тиіс. Ко-Валодип препаратының дозасы препаратты ауыстыру сәтінде қолданылатын біріктірілімнің жекелеген компоненттерінің дозаларына негізделуі тиіс.

Амлодипиннің/валсартанның/гидрохлоротиазид ұсынылатын ең жоғары дозасы 10 мг/320 мг/25 мг құрайды.

Пациенттердің ерекше топтары

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Препараттың құрамына гидрохлоротиазид кіретін болғандықтан, Ко-Валодип препаратын ануриясы және ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар (шумақтық сүзілу жылдамдығы (ШСЖ) <30 мл/мин/ 1,73 м2) пациенттерге қолдануға болмайды.

Ауырлығы жеңіл және орташа дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін бастапқы дозаны түзетудің қажеті жоқ.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Препараттың құрамына валсартан кіретін болғандықтан, Ко-Валодип препаратын ауыр бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдануға болмайды. Холестазбен қоса жүрмейтін, ауырлығы жеңіл және орташа дәрежелі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін валсартанның ұсынылатын ең жоғары дозасы 80 мг құрайды, сол себепті Ко-Валодип препараты пациенттердің осы тобында қолданылмайды. Бауыр функциясының ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі бұзылулары бар пациенттер үшін амлодипинді дозалау жөніндегі нұсқаулар анықталған жоқ. Артериялық гипертензиясы бар және бауыр функциясы бұзылған пациенттерді Ко-Валодип препаратын қабылдауға ауыстырғанда амлодипин компонентінің ең төмен дозасын қолдану керек.

Жүрек жеткіліксіздігі және жүректің ишемиялық ауруы

Амлодипин/валсартан/гидрохлоротиазид препаратын, әсіресе ең жоғары дозаларда қолдану тәжірибесі жүрек жеткіліксіздігі және жүректің ишемиялық ауруы бар пациенттерде шектеулі. Препаратты жүрек жеткіліксіздігі және жүректің ишемиялық ауруы бар пациенттерде, препараттың әсіресе ең жоғары 10 мг/320 мг/25 мг дозасын сақтықпен қолдану ұсынылады.

Егде жастағы (65 жастағы және одан үлкен) пациенттер

Егде жастағы пациенттерде препаратты, әсіресе препараттың ең жоғары 10 мг/320 мг/25 мг дозаларын сақтықпен қолдану ұсынылады, өйткені препаратты пациенттердің осы тобында қолдануға қатысты деректер шектеулі. Мұндай пациенттерде артериялық қысымды жиі бақылау қажет. Артериялық гипертензиясы бар егде жастағы пациенттерді Ко-Валодип препаратын қабылдауға көшірген кезде амлодипин компонентінің ең төмен дозасын қолдану керек.

Балалар

Ко-Валодип препаратын көрсетілімдері бойынша эссенциальді артериялық гипертензиясы бар 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдану туралы деректер жоқ.

Енгізу әдісі және жолы

Ішке қабылдауға арналған.

Ко-Валодипті тамақ ішу уақытына қарамай-ақ қабылдай беруге болады.

Таблетканы тәуліктің белгілі бір уақытында, дұрысы таңертең, аздаған су мөлшерімен ішіп, тұтастай жұту керек.

Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар

Ко-Валодип препаратының дозасын әдетте тағайындағаннан артық қабылдаған жағдайда тез арада дәрігерге қаралу керек. Мүмкін медициналық көмек қажет болуы ықтимал.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алғанда қажетті шаралар

Препаратты қабылдауды өткізіп алған кезде, пациент есіне түскен бойда дозаны қабылдауы керек, содан кейін келесі дозаны әдеттегі уақытта қабылдау керек. Егер келесі дозаны қабылдау уақыты болса, таблетканы әдеттегі уақытта қабылдау керек. Өткізіп алған дозаның орнын толтыру үшін препараттың екі реттік дозасын (бір уақытта 2 таблетка) қабылдауға болмайды.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну жөніндегі ұсынымдар

Осы дәрілік препаратты қолдану туралы қосымша сұрақтар пайда болса, дәрігерден немесе фармацевттен кеңес алу керек.

Шығарылу түрі

Ламинацияланған полиамид/алюминий/поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынады.

Пішінді ұяшықты 3 қаптама медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынадыко-Валодип таблеткалары 5 мг/160 мг/12,5 мг №30дәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube