Құрамы
бір ампуланың (1 мл) ішінде
белсенді зат – кофеин-натрий бензоаты – 200 мг
қосымша заттар: натрий гидроксидінің 0.1 М ерітіндісі, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір, түссіз немесе сәл сарғыш түсті сұйықтық
Шығарылу түрі және қаптамасы
1 мл-ден шыны ампулада.
Әр ампулаға өздігінен жабысатын заттаңба жапсырылады немесе мәтін ампулаға тез бекітілетін бояумен терең басып шығару әдісімен басылады.
10 ампула пышақпен немесе ампуланы ашатын скарификатормен бірге гофралауға арналған қағаздан жасалған гофрланған қосымшасы бар макулатуралық немесе полиграфиялық, хром-эрзац картон қорапқа салынады.
Қорап офсеттік қағаздан немесе көп бояулы баспаға арналған қағаздан жасалған бандероль-заттаңбамен желімделеді.
10 ампула пышақпен немесе ампуланы ашатын скарификатормен және медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге хром-эрзац картоннан немесе целлюлоза картоннан жасалған ампулаларды бекітетін картон қосымшасы бар картон қорапшаға салынады. Сындыратын сақинасы немесе кертігі және сындыру нүктесі бар ампулаларды пайдаланғанда пышақ немесе ампуланы ашатын скарификатор салу қарастырылмайды.
Нұсқаулықтың мәтінін қазақ және орыс тілдерінде артқы жағымен бір параққа орналастыру бойынша техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда, нұсқаулықты қазақ немесе орыс тілінде қорапшаға салуға жол беріледі.
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.