daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы Когнум Таблеткалары 500 Мг №50 | Киевский витаминный завод АО

Астане қаласындағы Когнум Таблеткалары 500 Мг №50 | Киевский витаминный завод АО
Сипаттама:

Ақ түсті, жалпақ цилиндр пішінді, ойығы және сызығы бар таблеткалар.

Өндіруші:

Киевский витаминный завод АО

Өндіруші ел:

Украина

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: ауыр магний карбонаты, картоп крахмалы, тальк, кальций стеараты.

Белсенді заттың дозасы:

500 мг

Қаптамадағы саны:

50 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Кешенді емнің құрамында:

- мидың органикалық зақымданулары кезіндегі когнитивтік бұзылулар (соның ішінде нейроинфекциялар және бассүйек-ми жарақаттары салдарынан);

- ми қантамырларының атеросклероздық өзгерістерінен туындаған цереброваскулярлық жеткіліксіздік;

- экстрапирамидалық бұзылуларда (миоклонус-эпилепсия, Гентингтон хореясы, гепатолентикулярлық дегенерация, Паркинсон ауруы);

- психикалық үдерістер баяулайтын эпилепсияда, құрысуға қарсы дәрілік заттармен бірге кешенді емдеу үшін;

- психоэмоциональді артық жүктемелер, ақыл-ой және физикалық жұмыс істеу қабілетінің төмендеуі (зейін қоюды және есте сақтауды арттыру үшін);

- несеп шығарудың нейрогендік бұзылыстары: энурезде, поллакиурияда, императивтік қысылу, несепті императивтік ұстай алмау;

- дәрілік зат 4 жастан асқан балаларда перинатальді энцефалопатияда, айқындылығы әртүрлі дәрежедегі ақыл-ой кемістігінде, даму (психикалық, сөйлеу, моторлық) кідірісінде, балаларда церебральді салданудың алуан түрлерінде, гиперкинетикалық бұзылыстарда (зейін қою тапшылығымен аса жоғары белсенділік синдромы, тартылу), тұтықпада (көбіне клонустық түрінде), неврозға ұқсас жағдайларда қолданылады.

Қарсы көрсеткіштер

- дәрілік заттың компоненттеріне жоғары сезімталдық

- бүйректің жедел ауыр аурулары

- жүктілік және лактация кезеңі

- 4 жасқа дейінгі балалар

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Ұзақ емдеу кезеңінде басқа ноотроптық және стимуляциялайтын дәрілерді бір мезгілде тағайындау ұсынылмайды. Дәрілік заттың ноотроптық әсерін ескеріп, оны көбіне таңертеңгі және күндізгі уақыт ішінде қабылдайды.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Ұзақ емделген жағдайда Когнумды басқа ноотроптық және стимуляциялайтын дәрілермен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Дәрілік зат барбитураттардың әсерін ұзартады, құрысуға қарсы дәрілік заттардың және орталық жүйке жүйесін стимуляциялайтын дәрілердің әсерін күшейтеді, фенобарбиталдың, карбамазепиннің, психозға қарсы дәрілердің (нейролептиктердің) жағымсыз әсеріне жол бермейді, жергілікті анестетиктердің (новокаин) әсерін күшейтеді.

Дәрілік зат новокаиннің және сульфаниламидтердің белсенділігін жою механизмдерін құрайтын ацетилдену реакцияларын тежеуге қабілетті, соның арқасында соңғысының әсері ұзаққа созылады.

Когнумның әсері глицинмен, этидрон қышқылымен, ксидифонмен біріккен кезде күшейеді.

Арнайы ескертулер

Педиатрияда қолдану

4 жастан асқан балаларға қолданыңыз.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Дәрілік затты жүктілік немесе бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Дәрілік затпен емдеу кезінде автокөлік басқарғанда немесе басқа механизмдермен жұмыс жасағанда сақтық таныту керек.

Өзара әрекеттесуі

Ұзақ емделген жағдайда Когнумды басқа ноотроптық және стимуляциялайтын дәрілермен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Дәрілік зат барбитураттардың әсерін ұзартады, құрысуға қарсы дәрілік заттардың және орталық жүйке жүйесін стимуляциялайтын дәрілердің әсерін күшейтеді, фенобарбиталдың, карбамазепиннің, психозға қарсы дәрілердің (нейролептиктердің) жағымсыз әсеріне жол бермейді, жергілікті анестетиктердің (новокаин) әсерін күшейтеді.

Дәрілік зат новокаиннің және сульфаниламидтердің белсенділігін жою механизмдерін құрайтын ацетилдену реакцияларын тежеуге қабілетті, соның арқасында соңғысының әсері ұзаққа созылады.

Когнумның әсері глицинмен, этидрон қышқылымен, ксидифонмен біріккен кезде күшейеді.

Арнайы ескертулер

Педиатрияда қолдану

4 жастан асқан балаларға қолданыңыз.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Дәрілік затты жүктілік немесе бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Дәрілік затпен емдеу кезінде автокөлік басқарғанда немесе басқа механизмдермен жұмыс жасағанда сақтық таныту керек.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Когнумды кешенді ем құрамында қолдану керек.

12 жастан асқан балалар мен ересектер үшін бір реттік доза – 250 мг-1000 мг, 4 жастан 12 жасқа дейінгі балалар үшін – 250-500 мг.

12 жастан асқан балалар мен ересектер үшін тәуліктік доза – 1500-3000 мг, 4 жастан 12 жасқа дейінгі балалар үшін – 750 мг-3000 мг.

Емдеу курсы 1 айдан 4 айға дейін, кейбір жағдайларда 6 айға дейін.

3-6 айдан кейін қайта емдеу курсын жүргізуге болады.

Нейроинфекциялар мен бассүйек-ми жарақаттарының салдарында: 4 жастан асқан балаларға және ересектерге – тәулігіне 3-4 рет 250 мг.

Цереброваскулярлық жеткіліксіздік кезінде: ересектерге – тәулігіне 3-4 рет 250 мг.

Нейролептиктерді қолданудан болған экстрапирамидалық бұзылуларды емдеу үшін:

12 жастан асқан балаларға және ересектерге 500 мг-1000 мг тәулігіне 3 рет, 4-тен 12 жасқа дейінгі балаларға – 250-500 мг-ден тәулігіне 3-4 рет. Емдеу курсы 1-3 ай.

Эпилепсия кезінде құрысуға қарсы дәрілермен біріктіріп: балаларға 4 жастан бастап 12 жасқа дейін – тәулігіне 3-4 рет 250-500 мг-ден, балаларға 12 жастан бастап және ересектерге – ұзақ уақыт (6 айға дейін) бойы күн сайын, тәулігіне 3-4 рет 500 мг-1000 мг-ден.

Психоэмоциональді артық жүктемеде, ақыл-ой және дене жұмысына қабілеттілігі төмендегенде: балаларға 4 жастан бастап және ересектерге – тәулігіне 3 рет 250 мг-ден.

Несеп шығару бұзылыстарында: балаларға 12 жастан және ересектерге – тәулігіне 2-3 рет 500 мг-1000 мг-ден, балаларға 4 жастан 12 жасқа дейін – тәулігіне 2-3 рет 250-500 мг-ден (тәуліктік дозасы – дене салмағының 25-50 мг/кг). Емдеу курсы – 1-ден 3 айға дейін.

Балаларға 4-тен бастап 12 жасқа дейін перинатальді энцефалопатияда, ақыл-ой кемістігінде, церебральді салдануда Когнумды 3 ай бойы күн сайын тәулігіне 4-6 рет 500 мг-ден тағайындайды, сөйлеудің дамуы кідіргенде – 2-3 ай бойы тәулігіне 3-4 рет 500 мг.

Гиперкинетикалық бұзылыстарда, тартылуларда, тұтыққанда, неврозға ұқсас жағдайларда дәрілік затты балаларға 4 жастан 12 жасқа дейін – 1-4 ай бойы күн сайын, тәулігіне 3-6 рет 250-500 мг-ден, балаларға 12 жастан және ересектерге – 1-5 ай бойы күн сайын, тәулігіне 1500-3000 мг-ден тағайындайды.

Дәрілік заттарды тағайындау тактикасы: 7-12 күн бойы дозаны арттыру, 15-40 күн бойы ең жоғары дозаны қабылдау және 7-8 күн ішінде Когнумды қолдануды тоқтатқанға дейін біртіндеп төмендетеді. Емдеу курсының арасындағы үзіліс 1-ден 3 айға дейін.

Енгізу жолы және тәсілі

Таблетканы тамақтан кейін 15-30 минуттан соң қабылдау керек.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

Жағымсыз реакциялар симптомдарының күшеюі.

Емі: белсендірілген көмір, асқазанды шаю, симптоматикалық терапия.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алған кезде қажетті шаралар

Жіберіп алған препарат дозасының орнын толтыру үшін қосарлы дозаны қабылдамаңыз. Келесі таблетканы әдеттегі уақытта қабылдаңыз.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне консультацияға жүгіну бойынша нұсқаулар

Препаратты қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз.

Шығарылу түрі

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

5 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынадыКогнум таблеткалары 500 мг №50дәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube