Қолдану көрсеткіштері
Тұрақты стенокардия
Синустық ырғағы қалыпты және ЖЖЖ минутына кемінде 70 рет соғатын ересек пациенттерде ЖИА кезіндегі тұрақты стенокардияны симптоматикалық емдеу:
– бета-блокаторларды қолдануға қарсы көрсетілімдер болғанда немесе олардың жақпаушылығында;
– бета-блокаторлардың оңтайлы дозасын қабылдаумен жай-күйі толық бақыланбайтын пациенттерде бета-блокаторлармен біріктірілімде.
Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі:
Бета-блокаторларды қолдануға қарсы көрсетілімдер болғанда немесе олардың жақпаушылығында немесе бета-блокаторлармен емді қамтитын стандартты еммен біріктірілімде синустық ырғағы және ЖЖЖ минутына кемінде 75 рет соғатын пациенттерде систолалық дисфункциямен жүретін NYHA жіктеуі бойынша жүректің II-IV класты созылмалы жүрек жеткіліксіздігін емдеуде.
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- Белсенді затқа немесе қосымша заттардың біріне жоғары сезімталдық.
- Емдеу басталғанша минутына 70 рет соғудан төмен тыныш күйдегі жүректің жиырылу жиілігі.
- Кардиогенді шок
- Жедел миокард инфарктісі
- Ауыр гипотензия ( 90/50 мм сын.бағ.)
- Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі
- Синустық түйіннің әлсіздік синдромы
- Синоатриальді блокада
- Тұрақсыз немесе жедел жүрек жеткіліксіздігі
- Электрокардиостимуляторға тәуелділік (жүрек ырғағы тек қана электрокардиостимулятормен берілсе)
- Тұрақсыз стенокардия
- ІІІ дәрежедегі атриовентрикулярлық блокада
- Зеңге қарсы азол препараттары (кетоконазол, итраконазол), макролидті антибиотиктер (кларитромицин, ішуге арналған эритромицин, джозамицин, телитромицин) сияқты Р450 3А4 цитохромының күшті тежегіштерімен, АИТВ-протеаза тежегіштерімен (нелфинавир, ритонавир) және нефазодонмен біріктірілген ем.
- ЖЖЖ төмендететін CYP3A4 орташа тежегіштері болып табылатын верапамилмен немесе дилтиаземмен біріктіру.
- Жүктілік, бала емізу және контрацепцияның тиімді құралдарын қолданбайтын бала туу жасындағы әйелдер.
- 18 жасқа дейінгі балалар