Қолдану көрсеткіштері
Препарат ингаляциялық глюкокортикостероидтарды (ГКС) қабылдау арқылы жеткіліксіз бақыланатын, сондай-ақ қысқа әсер ететін β-агонистерді «қажет болған жағдайда» қолдану БД-ны жеткілікті клиникалық бақылауды қамтамасыз етпейтін, 2 жастан 5 жасқа дейінгі персистерлейтін БД-ға шалдыққан пациенттерде бронх демікпесін (БД) (қосымша ем ретінде) емдеу үшін көрсетілген.
Препарат 2 жастан 5 жасқа дейінгі персистирлейтін жеңіл дәрежелі БД бар пациенттерде, соңғы уақытта пероральді ГКС қолдануды талап ететін БД ауыр ұстамалары болмаған пациенттерде, сондай-ақ ингаляциялық ГКС пайдалана алмайтын пациенттерде ингаляциялық ГКС төмен дозаларының орнына таңдау емі болуы мүмкін.
Препарат сонымен қатар 2 жастағы және одан үлкен пациенттерде БД профилактикасы үшін көрсетілген, оларда басым компонент физикалық белсенділіктен туындаған бронх түйілуі болып табылады.