daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Астане қаласындағы Ларингал Таблеткалары 8,75 Мг №20 | Вива Фарм ТОО

Сипаттама:

Дөңгелек пішінді, ортасына қарай ойылған, түсі ақ немесе ақ дерлік таблеткалар, теңбілдері болуына жол беріледі.

Халықаралық атауы:

Флурбипрофен

Өндіруші:

Вива Фарм ТОО

Өндіруші ел:

Республика Казахстан

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: маннитол, коповидон, калий ацесульфамы, глицерол дибегенаты, жалбыз хош иістендіргіші. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Дөңгелек пішінді, ортасына қарай ойылған, түсі ақ немесе ақ дерлік таблеткалар, теңбілдері болуына жол беріледі.

Белсенді заттың дозасы:

8,75 мг

Қаптамадағы саны:

20 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Дәрілік препарат ересектерде, 12 жастан асқан балаларда қолдануға көрсетілген

ауыз қуысы мен жұтқыншақтың инфекциялық-қабыну аурулары кезінде тамақтың ауыруын симптоматикалық емдеу

Қарсы көрсеткіштер

әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

анамнезінде ацетилсалицил қышқылын немесе басқа ҚҚСП қолдануға жауап ретінде аса жоғары сезімталдық реакциялары (бронх демікпесі, бронх түйілуі, ринит, Квинке ісінуі, есекжем) болуы

асқазан-ішек жолы ағзаларының эрозиялы-ойық жара аурулары немесе өршу фазасында немесе анамнезде ойық жарадан қан кетуі (ойық жара ауруының немесе ойық жарадан қан кетудің екі немесе одан көп расталған көріністері)

ҚҚСП қолдану түрткі болған, анамнезінде асқазан-ішек жолы тарапынан қан кету немесе ойық жараның тесілуі (соның ішінде ауыр дәрежедегі ауыр колит, геморрагиялық және гемопоэздік бұзылыстар)

ауыр дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігі немесе бауырдың белсенді фазадағы ауруы

ауыр дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі

теңгерілмеген жүрек жеткіліксіздігі; аортокоронарлық шунттау жүргізгеннен кейінгі кезең

жүктілік және лактация кезеңі

12 жасқа дейінгі балалар

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Егер препаратты 3 күн бойы қабылдаған кезде симптомдар сақталса немесе күшейтілсе, емдеуді тоқтатып, дәрігерге қаралу керек.

Ауызда тітіркену пайда болған кезде емдеуді тоқтатқан жөн.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Флурбипрофенді келесі дәрілік заттармен бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек:

Циклооксигеназа-2 селективті тежегіштерін қоса алғанда, басқа ҚҚСП

Екі немесе одан да көп ҚҚСП-ны бірлесе қолданудан аулақ болыңыз, себебі бұл жағымсыз құбылыстар қаупін арттыруы мүмкін (мысалы, ойық жаралар мен қан кету сияқты асқазан-ішек жолының жағымсыз құбылыстары).

Ацетилсалицил қышқылы (төмен доза)

Дәрігер тағайындаған ацетилсалицил қышқылының төмен дозаларын (тәулігіне 75 мг-ден артық емес)  қоспаған жағдайда, бір мезгілде қабылдауды болдырмау керек, себебі бірге қабылдау  жағымсыз әсерлердің туындау қаупін арттыруы мүмкін.

Келесі дәрілік заттармен бір мезгілде сақтықпен қолдану керек:

Антикоагулянттар. ҚҚСП антикоагулянттардың әсерін күшейтуі мүмкін, варфарин сияқты.

Антитромбоцитарлы агенттер. Асқазан-ішек жаралары немесе қан кету қаупі жоғары.

Антигипертензиялық препараттар (диуретиктер, АӨФ тежегіштері, ангиотензин-II антагонистері). ҚҚСП диуретиктер мен басқа да антигипертензиялық препараттардың әсерін төмендетуі мүмкін, циклооксигеназаны тежеуден туындаған, әсіресе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде нефроуыттылықты күшейтуі мүмкін.

Алкоголь. Жағымсыз реакциялардың, әсіресе асқазан-ішек жолдарында қан кету қаупін арттыруы мүмкін.

Жүрек гликозидтері. ҚҚСП жүрек жеткіліксіздігін өршітуі, ШСЖ- ны төмендетуі және плазмадағы гликозид деңгейін арттыруы мүмкін-адекватты бақылау және қажет болған жағдайда, дозаны түзету ұсынылады.

Циклоспорин. Нефроуыттылық қаупі жоғары.

Кортикостероидтар. Асқазан-ішек жаралары немесе қан кету қаупі жоғары.

Литий. Сарысудағы литий деңгейін арттыруы мүмкін-қажет болған жағдайда дозаны түзету, адекватты бақылау жүргізу ұсынылады.

Метотрексат. Метотрексатты қолданғанға дейін немесе одан кейін 24 сағат ішінде ҚҚСП қабылдау метотрексат концентрациясын арттыруы және уытты әсерін арттыруы мүмкін.

Мифепристон. ҚҚСП мифепристонды қолдануды аяқтаған соң 8 - 12 күннен ерте емес қолдануды бастау керек, өйткені ҚҚСП мифепристонның тиімділігін азайтуы мүмкін.

Пероральді антидиабетиктер. Қандағы глюкоза деңгейі өзгеруі мүмкін, сондықтан қандағы глюкоза деңгейін бақылау жиілігін арттыру ұсынылады.

Фенитоин. Фенитоиннің сарысу деңгейінің артуы мүмкін, сондықтан фенитоиннің сарысу деңгейін бақылауға және қажет болса, дозасын түзету ұсынылады.

Калий жинақтаушы диуретиктер. Бірге қолдану гиперкалиемияға әкелуі мүмкін.

Пробенецид немесе сульфинпиразон. Құрамында пробенецид немесе сульфинпиразон бар дәрілік препараттар флурбипрофен шығарылуын тежеуі мүмкін.

Антибиотиктер. ҚҚСП хинолон текті антибиотиктермен бірге ем алып жүрген пациенттерде құрысудың пайда болу қаупін арттыруы мүмкін.

Серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштер (СКҚСТ). Асқазан-ішек жолы ағзаларының эрозиялы-ойық жара ауруларын немесе ойық жарадан қан кетуінің жоғары қаупін тудыруы мүмкін.

Такролимус. ҚҚСП және такролимусты бірге қолдану кезінде нефроуыттылықтың қаупін арттыруы мүмкін.

Зидовудин. ҚҚСП және зидовудинді бір мезгілде қолдану гематоуыттылықтың артуына әкелуі мүмкін.

Осы уақытқа дейін жүргізілген зерттеулер флурбипрофен мен толбутамидпен немесе антацидтермен өзара әсерін айқындаған жоқ.

Арнайы ескертулер

Препаратты барынша қысқа курспен және симптомдарды жою үшін қажетті ең аз тиімді дозада қолдану ұсынылады.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерде АІЖ тарапынан қан кету мен және тесілуді қоса, өлімге әкеп соқтыратын жағдайды жағымсыз құбылыстар дамуының жоғары қауіптілігі байқалады.

Тыныс алу жолдары

Бронх демікпесі немесе аллергиялық аурулары бар пациенттерде бронх түйілуі дамуы мүмкін, сондықтан оларға флурбипрофенді аса сақтықпен тағайындау керек.

Басқа ҚҚСП

Флурбипрофенді ҚҚСП, циклооксигеназа-2 селективті тежегіштерімен қоса, бірге тағайындаудан аулақ болу керек.

Жүйелі қызыл жегі және дәнекер тіннің аралас зақымдануы

Жүйелі қызыл жегісі бар және дәнекер тінінің аралас зақымдануы бар пациенттерде асептикалық менингиттің даму қаупі жоғарылауы мүмкін, алайда бұл әсер әдетте флурбипрофен сияқты препараттарды қысқа мерзімді шектеулі қолдану кезінде байқалмайды.

Жүрек-қантамыр, бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі

ҚҚСП интерстициальді нефритті, нефроздық синдромды және бүйрек жеткіліксіздігін қоса алғанда, әртүрлі түрінде нефроуыттылықты тудырады деп хабарланған. ҚҚСП қабылдау простагландиндер түзілуінің дозаға тәуелді төмендеуіне және бүйрек жеткіліксіздігінің нашарлауына әкелуі мүмкін. Осы реакцияның даму қаупі жоғары пациенттерге бүйрек функциясы, жүрек қызметі, бауыр функциясы бұзылған пациенттер жатады, сондай-ақ диуретиктерді қабылдайтын пациенттер, егде жастағы адамдар, бірақ бұл әсер әдетте флурбипрофен сияқты препараттарды қысқа мерзімді шектеулі қолдану кезінде байқалмайды.

Жүрек-қан тамырлары және цереброваскулярлық әсерлер

Анамнезінде гипертензиясы және / немесе жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде емдеуді сақтықпен (дәрігермен немесе фармацевтпен талқылау) бастаған жөн, өйткені ҚҚСП қабылдау аясында организмде сұйықтықтың тежелуі, гипертензия және ісіну туралы хабарланған.

Клиникалық сынақтар мен эпидемиологиялық деректер кейбір ҚҚСП қолдану (әсіресе жоғары дозаларда және ұзақ емдеу кезінде) артериялық тромболитикалық құбылыстардың даму қаупін сәл арттыра алатынын (мысалы, миокард инфарктісі немесе инсульт) куәландырады. Флурбипрофенді тәуліктік дозада 5 реттен асырмай қабылдағаннан кейін мұндай қауіпті болдырмау үшін деректер жеткіліксіз.

Бауыр аурулары

Жеңіл және орташа бауыр дисфункциясы.

Жүйке жүйесі тарапынан әсерлер

Анальгетиктерден туындаған бас ауруы. Анальгетиктерді ұзақ уақыт қолданған немесе көрсетілімдері бойынша қолданбаған жағдайда бас ауыруы туындауы мүмкін, оны дәрілік заттың жоғары дозаларымен емдеуге болмайды.

Асқазан-ішек жолы

ҚҚСП анамнезінде асқазан-ішек жолдарының аурулары (ойық жара колиті, Крон ауруы) бар пациенттерге сақтықпен тағайындаған жөн, өйткені бұл жағдайлар асқынуы мүмкін.

Емдеу барысында кез келген уақытта сақтандыру симптомдары бар немесе оларсыз, сондай-ақ АІЖ елеулі құбылыстарының алдыңғы анамнезі бар немесе онсыз барлық ҚҚСП қабылдағаннан кейін өлімге әкеп соғуы мүмкін, асқазан-ішектен қан кетулер, ойық жаралар немесе тесілулер туралы хабарланды.

Анамнезінде ойық жарасы бар пациенттерде, әсіресе егер олар қан кетумен немесе тесілумен асқынған болса және егде жастағы пациенттерде ҚҚСП дозалары ұлғайған кезде АІЖ-ның қан кету, ойық жарасының немесе тесілу қаупі жоғары, алайда, бұл әсер әдетте соруға арналған таблеткаларда флурбипрофен сияқты препараттарды қысқа мерзімді шектеулі қолдану кезінде байқалмайды.

Анамнезінде асқазан - ішек жолдары (АІЖ) тарапынан патологиясы бар пациенттер, әсіресе егде жастағы адамдар, кез келген ерекше абдоминалдық симптомдар (әсіресе АІЖ қан кетулері) туралы өз дәрігеріне хабарлауы тиіс.

Ойық жараның немесе қан кету қаупін арттыруы мүмкін қатарлас препараттарды, мысалы, пероральді кортикостероидтер, варфарин, серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштері немесе антитромбоцитарлы агенттер сияқты антикоагулянттар, мысалы, ацетилсалицил қышқылын қабылдайтын пациенттерде сақтық таныту керек.

Егер флурбипрофен қабылдайтын пациенттерде қан кету немесе АІЖ ойық жарасы орын алса, емдеуді тоқтату керек.

Дерматологиялық әсерлер

Эксфолиативті дерматитті, Стивенс-Джонсон синдромын және кейбіреуі өлімге әкеп соққан, уытты эпидермальды некролизді қоса алғанда, ҚҚСП қабылдау аясында елеулі тері реакцияларының жағдайлары туралы өте сирек хабарланған. Флурбипрофенді емдеуді тері бөртпесі, шырышты қабықтың зақымдануы немесе аса жоғары сезімталдықтың кез келген басқа белгілері алғаш пайда болған кезде тоқтату керек.

Инфекциялар

Бактерияға қарсы емді тағайындау мүмкіндігін қарастыру керек, жеке жағдайларда, жүйелік ҚҚСП қолданумен байланысты инфекциялық қабынулардың (мысалы, некроздық фасцииттің дамуы) сипатталғандықтан, пациентке соруға арналған таблетка түрінде флурбипрофенмен емделу кезінде бактериялық инфекция белгілері туындаған кезде немесе асқынған кезде бірден дәрігерге қаралу ұсынылады. Бактерияға қарсы инфекцияға қарсы емді бастаудың орындылығы туралы мәселені қараған жөн.

Қантты көтере алмау

Бұл дәріні сирек кездесетін тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмау, глюкоза-галактоза мальабсорбция немесе сахароза-изомальтоза жеткіліксіздігі бар пациенттерге қабылдауға болмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Препаратты жүктілік кезінде және емізу кезінде қолдану ұсынылмайды.

Жүктілікті жоспарлайтын әйелдерге арналған ақпарат: препарат циклооксигеназаны және простагландиндердің синтезін тежейді де, әйелдің ұрпақ өрбіту функциясын бұзып, аналық жасушаның жетілуіне әсер етуі мүмкін (емделуді тоқтатқан соң қайтымды).

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлікті басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілеттілігі әсеріне зерттеу жүргізілген жоқ. Бас айналу, ұйқышылдық және көру бұзылыстары ҚҚСП қабылдағаннан кейін қолайсыз жағымсыз әсерлер болып табылады. Осы симптомдар пайда болған кезде көлік құралдарын басқаруға және механизмдермен жұмыс істеуге болмайды.

Өзара әрекеттесуі

Шығарылу түрі

8 немесе 10 таблеткадан поливинилхлорид/поливинилиденхлорид (ПВХ/ ПВдХ) үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

1, 2 (10 таблетка) немесе 3 (8 таблетка) пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамада, құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамада, құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сатып алудың бірегей мүмкіндіктері

Біздің сайт сізге сатып алу мүмкіндігін ұсынадыЛарингал таблеткалары 8,75 мг №20дәріханаларда . қолжетімді бағамен. Құнын ыңғайлы салыстыру, сондай-ақ дәріханаларда қолжетімділігін тексеру. Тауар туралы ақпарат егжей-тегжейлі нұсқаулар мен қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube